rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда

Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда

Жергілікті полиция қызметі өткен жылдағы жұмыстың қорытындысын жасады. Кездесуде төраға болған Павлодар облысының әкімі өңірлік жергілікті полиция қызметі жеке әкімшілік ғимаратына қоныстанып, әкімдік тарапынан барынша қолдауға ие болатынын атап өтті.
- 2017 жылы учаскелік полицейлер үшін тағы да 40 автомобиль сатып алынады, - деді Болат Бақауов. – Қалалар мен аудандардың әкімдері учаскелік инспекторларды тұрғын үймен қамтамасыз етумен айналысса, осы жылы біз тірек елді мекендерде учаскелік полицейлер үшін екі пәтерлі үйлердің құрылысын бастаймыз. Сіздерден нақты жұмыс нәтижесін күтеміз.
Аймақ басшысы қазіргі кезде ішкі істер департаментінің ғимаратында орналасқан жедел басқару орталығын да жеке ғимаратқа көшіруді ұсынды. Сонымен қатар, облыс орталығындағы медициналық айықтырғышта орын жетіспейтіні анықталды.
- Орталықта 24 жатын орын бар, - деді облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы Юрий Колесников. – Сондықтан жатын орындардың санын 60-қа дейін көбейтуді немесе азаматтарды айықтырғыштан үйлеріне жеткізу жолдарын қарастыру қажет.
Полицейлер айықтыру процедурасын облыстық наркологиялық диспансерде жүргізуді ұсынды. Юрий Колесниковтың айтуынша өңірлік денсаулық сақтау басқармасы олардың ұсыныстарын қолдап, қазіргі кезде тиісті жоба әзірленіп жатыр.
Жиналыс барысында облыс әкімі жергілікті полиция қызметкерлеріне барлық күшті қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдыруды тапсырды.
- Статистикалық есептер мен сандық манипуляциялар қызу жұмыстың көрінісін жасауға көмектеседі, - деді Болат Бақауов. – Шындығына келгенде біздің ведомстволар жылдық есептеріндегі сандық көрсеткіштерді ұлғайтумен айналысатыны жасырын емес. Біз өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне қарапайым азаматтардың көзімен қарауымыз қажет. Аймағымызда қандай шешілмеген проблемалар бар? Оларды жабық күйінде қалдыруға кімдер мүдделі? Өңірімізде тұратын азаматтар мен облыс қонақтары өзінің және жақындарының өмірі мен денсаулығына алаңдамауы үшін не істеуіміз қажет?   
Өзінің қорытынды сөзінде аймақ басшысы жергілікті полиция және атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде полицияның жұмысы жақсарып, облыстағы қоғамдық қауіпсіздік деңгейі арта түсетініне сенім білдірді.

05.01.2017 Просмотров: 1066

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_