rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Жаңғыру жолында

Жаңғыру жолында

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Мұхтар Құл-Мұхаммед аймақ басшысы Болат Бақауовпен бірге еңбек ұжымдарымен кездесіп, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне бас сұқты. Сондай-ақ, партияның облыстық активінің алдында сөз сөйлеп, Жолдаудың негізгі басымдықтары туралы айтып берді. Ол өзінің жұмыс сапарының басты мақсаты Елбасының халыққа жолдауын түсіндіру екендігін атап өтті.  
Арнайы экономикалық аймақта орналасқан қыздырылған мұнай коксын өндіретін зауыттың жұмысшыларымен кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде бастау алған Үшінші жаңғыртудың негізгі бағыттарын айқындап берді. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік жылдарында бизнестің аяққа тұруы мен дамуы үшін барлық жағдай жасалды. Енді оған технологиялық жаңғырту жүргізу керек» деген сөздерін еске салды.   Партия төрағасының бірінші орынбасары Елбасының отандық экономиканы дамыту үшін кәсіпкерліктің ерекше роль атқаратыны туралы үнемі айтатынын еске салды.
- Павлодардағы арнайы экономикалық аймақ секілді алаңдар біздің экономикамыздың жаһандық бәсекелестікке қауқарлығын арттыруға бағытталған заманауи өндіріс деңгейіне көшудің аса тиімді жолы, - деп қорытынды жасады ол.
Қыздырылған мұнай коксын өндіретін зауыт 2015 жылы құрылған еді. Кәсіпорын Павлодар облысының мұнай-химия кешенінің құрамына еніп отыр. Зауытқа 23 миллиард теңге инвестиция салынды. Қазіргі кезде мұнда 300 адам жұмыс істейді. Зауыт алдыңғы қатарлы экологиялық стандарттарға сәйкес салынды. Өндіріс барысында пайда болатын түтін газдардың 95 пайызына дейін тазартылады, қалдықтарды  гипс қоспасына айналдырады. Бұл қоспалар құрылыс саласында жоғары сұранысқа ие. Сонымен қатар, кәсіпорын облысымызға 95 мың мегаватт электроэнергия береді.
Мұхтар Құл-Мұхаммед үй құрылысы комбинатында да болды. Комбинат 80-ші жылдардан қалған ескі цехтың орнында құрылған. Өндіріс ұзақ уақыт шалажансар қалыпта тұрды. 2013 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шеңберінде зауытта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, темір мен бетоннан жасалған құрамалар мен үй құрылысында қажетті басқа да бұйымар шығарыла бастады. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 80 мың шаршы метр тұрғын үйді құрайды. Зауыттың потенциалы аса жоғары. Кәсіпорын басшылығы Қазақстанның үшінші жаңғыруы шеңберінде бұл секторға жаңа инвестициялар тартылып, отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады деп үміттенеді. Мұхтар Құл-Мұхаммед зауыт жұмысшыларына Елбасының жолдауында қазақстандық зауыттарды дамыту мәселесі туралы айтылғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол заман ағымымен бірге  дамып, экспортқа бағытталған өнім шығара алатын кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау кең көлемде жүргізілетінін айтты.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде зиялы қауыммен және студенттермен кездескен Мұхтар Құл-Мұхаммед «Үшінші жаңғыртудың» бес басты бағыттары туралы айтып берді. Ол сапалы білім мемлекет дамуына бағытталған стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудың басты кепілі екендігін және Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі отандық университтерді жаңғыртудан басталатынын атап өтті.  
Республика бойынша жүргізілетін ауқымды өзгерістерді іске асыруда «Нұр Отан» партиясының ролі аса жоғары. Партияластарымен кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар облысы экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша  республикамызда көш бастап тұрғанын атап өтті. Мәселен, біздің өңіріміз елімізде балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі бойынша бірінші орында тұр.   Қазіргі таңда, облысымызда 3 жас пен 6 жас аралығындағы балалардың барлығы бала бақшаға барады. Ал 2 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың бала бақшалармен қамтылу деңгейі 80 пайызды құрайды, - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Біз бұл көрсеткішке кезінде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар жекешелендіріп алған бала бақша ғимараттарын мемлекет қарауына қайтарып, нысанның мақсатын қалпына келтіру арқылы қол жеткіздік.
Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық өңірлерге нақты міндеттер жүктелгені туралы айтып, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына Мемлекет басшысының тапсырмаларының жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алып, оларды аймақ тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндетін жүктеді.

08.02.2017 Просмотров: 1237

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_