rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Бауырлас қала қонаққа келді

Бауырлас қала қонаққа келді

Бүгін Павлодар облысына губернатор Виктор Назаров бастаған Омбы облысының ресми делегациясы келді. Делегацияның құрамында мемлекеттік мекемелердің, бизнес қауымдастықтың  өкілдері бар.
Делегация ең алдымен Омбы облысына көршілес жатқан Железин ауданындағы «Пахарь» ЖШС-ің агроқалашығында болды. Қонақтар 4200 бас асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтың жұмысымен танысты. Қазіргі кезде мұнда өндірістік және мәдени-сауық кешені, 12000 тонналық көкөніс қоймасы бар, жақында кәсіпорын шетелден 1200 бас асыл тұқымды мал сатып алды.   
Күннің екінші жартысында Достық Үйінің үлкен залында аймақ басшыларының ресми кездесуі өтті. Омбы делегациясы этномәдени орталықтардың әрқайсысында болып, олардың белсенділемен танысты. «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Омбы облысының губернаторына ойыншық түйе сыйлады. Ақ жаулықты әжелер қонақтарға сәт сапар тілеп, өңірімізге жиірек келуге шақырды.
- 2016 жылы біздің кәсіпорындар Ресей нарығына 618 миллион доллар тұратын өнімдер шығарса, облысымызға 500 миллион доллар тұратын ресейлік өнімдер енгізілді, - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өзінің алғы сөзінде. – Омбы облысымен арадағы сауда-экономикалық әрі тату көршілер қарым-қатынастарын құруда және сақтауда 2015 жылы Сочи қаласында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы шарттың ролі аса маңызды. Біз екі жақты іскерлік және мәдени байланысты нығайту мақсатында ары қарайғы әрекеттестіктің негізгі бағыттарын айқындадық. Бұл әсіресе шағын және орта бизнес саласы, жаңа өнеркәсіптік өнімдер туралы ақпарат алмасу, инновациялық жұмыстар және инвестициялық жобаларға қатысты.
Аймақ басшысы Павлодар мен Омбы арасындағы көлік саласын дамыту және өзара әрекеттестікті дамыту үшін екі қаланы байланыстыратын авиажеліні іске қосу аса тиімді болатынын атап өтті. Қазіргі кезде Павлодардан Омбыға күн сайын 6 автобус қатынайды. Бұл дегеніміз шамамен 250-300 жолаушы екі араға жол жүреді. Жазғы маусымда осы бағыттарда жол жүргісі келетіндердің саны арта түседі.
Ресей делегациясының бағдарламасы бойынша Назарбаев зияткерлік мектебіне, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-не, «Нефтехим ЛТД», «Казэнергокабель» АҚ-на бару көзделген. Ең соңында делегация «Павлодар» арнайы экономикалық аймағына барады.   
Омбы мен Павлодар облыстарының арасындағы шекара 265 километрді құрайды. Біздің аймағымыз көршілес облыстың сенімді сауда серіктесі болып табылады. Екі өңірдің арасындағы сауда айналымы жылына шамамен 100 млн. долларға жетеді. 
Омбы және Павлодар қалалары 2015 жылы Павлодар қаласының ресми сапары кезінде бауырлас қалалар боп танылды. Сәуір айында Омбыда Павлодар облысының күндері өтеді. Шекаралас әрекеттестіктің шеңберінде Павлодар қаласы шығармашылық ұжымдарының концерті мен уретшілер көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Тараптардың айтуы бойынша осы сапар екі жаққа да тиімді әрекеттестікті одан сайын дамытуға мүмкіндік береді.

15.03.2017 Просмотров: 861

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_