rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Ғарыштан бәрі жақсы көрінеді

Ғарыштан бәрі жақсы көрінеді

Павлодар облысында пайдалы қазба байлықтарды өз бетімен өндіретіндерді ғарыштық мониторинг арқылы анықтайтын болады. Бұл туралы облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының алқалы жиынында ведомство басшысы хабарлады.
Басқарма басшысы Әлібек Несіпбековтің айтуынша облыс аумағында қазба байлықтарды арнайы рұқсатсыз өндіру фактілері жиілеп кеткен.  
- Мысалы, «Eurasia Copper Miyaly» ЖШС-ің мыс кендерінің орнын анықтауға ғана рұқсаты болғанымен, олар өз өкілеттілігін шамадан тыс пайдаланып, мыс кенін өндіре бастаған. Осының нәтижесінде кәсіпорын мемлекетке 500 миллион теңгенің көлемінде шығын келтірді, - деді ол. – Қазіргі кезде Инвестицияларды дамыту министрлігі бұл компаниямен жасалған келісімшартты бұзу мәселесін қарастырып жатыр.  
Ағымдағы жылы мұндай заңсыздықтардың алдын алу үшін кен орындарына ғарыштық зондтау жүйесінің көмегімен мониторинг жасаудың пилоттық жобасы іске қосылады. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен тиісті келісімшарт жасалды.  
- Кен барлау жұмыстарының маусымдық сипатын есепке алсақ, бақылау жұмыстары сәуірден қарашаға дейін жүргізіледі, - деді басқарма басшысы.
Жер қойнауы пайдалану басқармасы жүйелі жұмыстың нәтижесінде кен өндірумен айналысатын кәсіпорындардың бюджетке төлейтін әлеуметтік төлемдерінің көлемін арттыруға қол жеткізді. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бұл туралы осыған дейін айтқан болатын. Мысалы, егер «Павлодартұз» ЖШС-і бұған дейін бюджетке 700 млн теңге аударып келсе, үстіміздегі жылы әлеуметтік төлемдердің көлемі 10 миллион теңгені құрайды. Жалпы алғанда, биыл облыстық кен өндірушілер бюджетке аударын әлеуметтік төлемдердің көлемі 140 миллион теңгеге дейін артады деп күтіліп отыр.
Сонымен қатар, алқа жиынында Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында құрамында сынап бар шамдарды жинау үшін 200 котейнер қойылатыны мәлім болды.
- Жыл сайын мекемелерден құрамында сынап бар шамдар мен құралдарды жинау және жою шаралары жүргізіледі, - деді ведомство басшысы Әлібек Несіпбеков. – Қазіргі кезде бұл қалдықтарды тұрғындардан жинауды жүйеге қою жұмыстары қолға алынды. Бұл үшін «Оператор РОП» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.
Серіктестік жобаны жүзеге асыруды тікелей өз мойнына алады.  Яғни, ол контейнерлерді өз қаржысына орнатып, екі айдың ішінде оларды қалалық ТҮКШ бөлімдерінің балансына береді.

15.03.2017 Просмотров: 1122

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_