rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Бос тұрған ғимарат қалмауы керек

Бос тұрған ғимарат қалмауы керек

Болат Бақауов облыстық коммуналдық меншіктегі бос тұрған нысандарды жеке меншікке беруді тапсырды. Өңірде жүргізілген инвентаризацияның қорытындысы бойынша мұндай нысандардың саны елуден асатыны анықталды.
Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде ведомство басшысы Хасенов Илдар мәлімдеді.
- Облыстық коммуналдық меншікте 1159 нысан бар, олардың жалпы аумағы 1,1 миллион шаршы метрді құрайды, - деді ол. – Осы нысандардың 56-ы қаңырап тұр. Ал, олардың жалпы көлемі – 15 мың шаршы метр. Мәселен, Павлодар ауданында облыстық коммуналдық меншіктегі 82 нысан болса, олардың сегізі бос тұр. Олардың ішінде Мичурин балалар үйінің балансында тұрған екі жатын корпустары мен Красноармейка агротехникалық колледжінің балансындағы бірнеше нысан – қазандық, зертханалық кешен, гараж және басқалар бар. Новоямышево ауылында гараж бен шеберхана ғимараттары бос тұр. Олардың жағдайы да мәз емес.   
Білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова балалар үйінің жатын корпустары тәрбиеленушілердің саны аз болғандықтан бос тұрғанын айтып, бұл мекемені жабу жоспарланғанын айтты. Балалар үйінің ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол жерде балаларға арналған сауықтыру лагері ашылады. Агротехникалық колледждің нысандарына келер болсақ, зертханалық кешенді қалпына келтіріп, мақсатты түрде қолдану көзделсе, колледждің қазандығын аудан меншігіне беру жоспарланып отыр.    
- Неліктен бос тұрған нысандарды саудаға қоймайсыздар? – деп сұрады Павлодар облысының әкімі. – Екі жылдан кейін олар мүлдем керексіз болып қалады. Бос тұрған ғимараттарды кәсіпкерлерге берсек, олар нысандарды қалпына келтіріп, қажетіне жаратар еді. Егер, бұл нысандар мемлекетке қажетсіз болса, оларды жекешелендіруге немесе сенімгерлікпен басқаруға беру керек.

04.04.2017 Просмотров: 891

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
    Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_