rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Ардагерлердің өтініші

Ардагерлердің өтініші

Павлодар облысының әкімі Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде жергілікті ақсақалдармен кездесті.  
Жұмыс сапары барысында, аймақ басшысы ең алдымен  «Энергоспецстрой» ЖШС-де болып, кәсіпорындағы қазандықтар өндірісімен танысты. Бұдан кейін ол «Greenhouse KZ» ЖШС-е барды. Мұндағы жылыжайларда биылдан бастап раушан гүлдерінен бөлек көкөністер өсіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, облыс әкімі «R.W.S. Wheelset», «R.W.S. Concrete» және «Проммашкомплект» ЖШС-терін аралап көрді. Бұдан кейін әкім «Замандас» клубында жергілікті ақсақалдармен кездесті.
- Биылғы жылы Екібастұз қаласының дамуына бюджеттен 4,8 миллиард теңге бөлінді. Мұдай қаржы көп уақыт бөлінбеген еді, - деді Болат Бақауов кездесу барысында. – Бұл қаражатқа қалада тұрғын үйлер салынып, жолдар жөнделетін болады. Екібастұздың аулаларын жөндеуге 400 миллион теңге, көшелерді жарықтандыруға – 100 миллион теңге бөлінеді. Строительная көшесінің бойындағы су құбыры жөнделетін болады. Сонымен қатар, осы жазда Орталық қалалық аурухананың корпустарын жалғайтын галерея салынады.
Кездесу барысында ардагерлер аймақ басшысын қаладағы «Шахтер» футбол стадионын жөндеуге көмектесуін өтінді. Әкім осы жылы Екібастұзда толық көлемді футбол алаңы салынатыны туралы айтты.    
- Біздің қаламызға мұз айдыны қажет. Қыстыгүні қала аулаларында мұз алаңдары құйылады, ал жазда коньки тебетін жер жоқ, - деді ақсақалдар.  
Болат Бақауов Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкеновке осы жоба бойынша тиісті құжаттама әзірлеп, жобаны қаржыландыру көздерін қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, ардагерлер аймақ басшысының барлық бала бақшаларда жаппай қазақ тілінде оқыту туралы идеясына оң баға берді. Естеріңізге сала кетейік, бұл ұсынысты Болат Бақауов екі ай бұрын Павлодар облысының активімен өткізген кездесуінде айтқан болатын.  

06.04.2017 Просмотров: 775

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_