rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Жаңа меморандум

Жаңа меморандум

Бүгін Павлодар облысының әкімдігі мен ERG компаниясының  арасында Жаңа меморандумға қол қойылды. ERG компаниялар тобы 2017-2018 жылдары Павлодар облысында түрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 3,7 миллиард теңге бөліп отыр. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен «Еуразия Тобы» ЖШС басқармасының төрағасы Алдияр Қазтаев өзара әрекеттестік туралы тиісті құжатқа қол қойды.
Құжатқа қол қою рәсімінде облыс әкімі соңғы 5 жылдың ішінде  ERG компаниялар тобы облысымыздың дамуына 10 млрд. теңге бөлгенін атап өтті.   
Өткен жылы Еуразия тобы қаражатының есебінен Екібастұз қаласында 255 орындық бала бақша қалпына келтіріліп, облыс орталығындағы Ворушин-Лесная-Амангелді-Гагарин көшелерінің шаршысындағы тынымбағы, Ворушин паркіндегі Металлургтер аллеясы, тұрғын үйлер мен балалардың ойын алаңдары абаттандырылды, - деді Болат Бақауов. - Сондай-ақ, жергілікті түсті металлургия колледжінің 200 орындық жатақхананың құрылысы аяқталуға жақын.  
Меморандум шеңберінде өңірімізде тұрғындардың спортпен шұғылдануына жағдай туғызу үшін біршама спорт нысандарын салуға қаржы бөлінеді. Бірінші кезектегі жобалардың қатарында Усолка шағын ауданында 50-метрлік бассейннің құрылысы, облыс орталығындағы екі күрес залының жаңғыртылуы, Павлодар мен Ақсу қалаларында 32 стрит-воркаут тренажерлері және ойын алаңдарын орнату жоспарлары бар. Болашақта бассейннің жанында күрес залы бар Олимпиялық дайындық орталығы бой көтереді. Аймақ тұрғындары серуендейтін орындардың санын көбейту үшін Ақсу қаласында Орталық Жағажай және Екібастұз қаласындағы «Шахтер» саябағы абаттандырылады.
- Дәстүр бойынша демеушілер қаражатының бір бөлігі жергілікті футбол және волейбол командаларының облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қолдауға бағытталады, - деді аймақ басшысы. – Осы маусымда да біздің спортшылар барлық күш-жігерін жеңіске жету үшін жұмсап, жоғары жүлделерге ие болады деп сенемін.
«Еуразия Тобы» ЖШС-і басқармасының төрағасы Алдияр Қазтаевтың айтуынша меморандумда көрсетілген жобаларды жүзеге асыру өткен жылдың ортасында басталған.
Құжатқа қол қойғаннан кейін Болат Бақауов тараптар облыстық шағын және орта бизнес өкілдерінің ERG кәсіпорындарын сатып алуға қатысуы бойынша келісімге келгенін хабарлады.
- Егер біздің кәсіпкерлер қажетті жабдықтарды құрып, зауыттар өндіретін сапалы өнімді сатып алуға дайын болса, компания бұл мәселені қарастыруға әзір, - деді әкім. – Бұл келісімшарттарды ұзақ мерзімге жоспарлап, бизнесті дамытуға мүмкіндік  аламыз.
Ресми бөлімнен кейін Болат Бақауов пен Алдияр Қазтаев Усолка шағын ауданында салынатын 50-метрлік бассейннің құрылыс орнын қарап шықты. Бұдан кейін аймақ басшысы мен «Еуразия Тобы» ЖШС-ің басшысы Қазақстан электролиз зауытының аумағында теректердің көшеттерін отырғызды.
- Меморандумға қол қойғаннан кейін ағаш отырғызуды дәстүрге айналдыру керек деп ойлаймын, - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, Болат Бақауов пен Алдияр Қазтаев электролиз зауытында жұмыс істейтін жастармен кездесті. Аймақ басшысы жас мамандарға жетістіктер тіледі, ал мамандар әкімге алюминий құймасын сыйлады.

13.04.2017 Просмотров: 598

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_