rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Павлодарлық делегация Гомель облысын аралады

Павлодарлық делегация Гомель облысын аралады

Облыс әкімі Болат Бақауов бастаған делегация Жлобин, Рогачев және Гомель қалаларында болып, олардың инфрақұрылымымен танысты.
Әр қалада қонақтарды дәстүрлі нан-тұзбен қарсы алды. Жлобин қаласында делегацияға кішігірім концерт ұйымдастырылды. Бұдан кейін Гомель облыстық атқарушы комитетінің төрағасы Владимир Дворник бастаған делегация Беларусь металлургия зауытын аралады. 11 мың адам жұмыс істейтін зауыттың әкімшілігі кәсіпорынға саяхат ұйымдастырып, өздері жасап шығаратын өніммен таныстырды. Сонымен қатар, делегация Жлобин қаласындағы олимпиялық резерв орталығында болды.
Бұдан кейін қонақтар Рогачев ауданында орналасқан «Тихиничи» агроқалашығының өндірісімен танысты. Аталмыш шаруашылық 10 мың гектар алқапта орналасқан. Агроқалашықта 10 мыңға жуық ірі қара мал бар. Павлодарлықтар Рогачев сүт-консерві комбинатында болып, қойытылған сүт, ірімшік басқа да сүт өнімдерінің өндірісімен танысты.
Гомель қаласында делегация «Гомсельмаш» зауытында болып,  «ПАЛЕССЕ» бренді бойынша шығарылатын астық жинаушы комбайндар, шалғылар және басқа да ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін қарап шықты. Ауыл шаруашылығы техникасын өндірушіден тікелей сатып алу тиімді екені бесенеден белгілі. Сондықтан, Болат Бақауов облысымыздағы фермерлерге ауыл шаруашылығы техникасын «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы  Белоруссиядан сатып алу жолдарын қарастыру қажет екендігін атап өтті. Сонымен бірге, делегация Гомель облысының орталығындағы  «Спартак» кондитер фабрикасында болды.
20-шы сәуір күні павлодарлық делегация Павлодар және Гомель облыстарының өкілдері бас қосатын өңіраралық кеңеске қатысады деп күтілуде. Кездесу барысында қос тарап екі жақты әріптестік туралы құжаттарға қол қояды.

20.04.2017 Просмотров: 158

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_