rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Әкімдік жаңалықтары

Әкімдік жаңалықтары

Жұмыстың қарқыны жақсы

Жұмыстың қарқыны жақсы

Баянауыл ауданында абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Ауданға жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы Болат Бақауов жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты.
Аудан басшысы Оразгелді Қайыргелдиновтың айтуынша осы жазда Баянауылда 6 шақырым жол жөнделіп, 3,5 километр тротуарлар кеңейтіледі және 5 мың шаршы метр аумаққа қырлы тастар төселіп, 500-ден астам жаңа жарық шамдары орнатылады. Сонымен бірге, аудан орталығына кіре берістегі стела да жаңартылып жатыр.
- Аудан орталығының сыртқы келбетін жақсарту және көріктендіруге байланысты барлық мәселені сәулетшілермен келісіп отыру керек, - деді аймақ басшысы. – Сонымен бірге, жөндеу жұмыстарының мерзімге сәйкес және сапалы жасалуын қадағалаңыздар.  
Болат Бақауов су құбырының құрылыс барысымен де танысты. Мердігерлер 600 метр құбырды төсеп, бір айдан кейін ұңғыманы бұрғылауды бастайды. Нәтижесінде, ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Жобаға сәйкес, Баянауылда су құбырының құрылысы 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталады.
- Баянауылға дейін 1,8 километр магистраль тарту керек, - дейді «ҚазҚұрылысСервис-7» ЖШС-ің учаске бастығы Сағадат Тұрсынбаев. – Бұл жұмыс бір айдан кейін аяқталады. 
Бұдан бөлек аймақ басшысы Мырзашоқы тауында орналасатын тау-шаңғы кешенінің жобасын жүзеге асыру барысымен танысты. Анықталғандай, жобаның концепциясы алдағы 2-3 апта ішінде таныстырылады. Бұдан кейін мамандар арқанды жолды құруды бастайды. Жұмыстар қазан айында аяқталып, желтоқсанда шаңғышылар осы жолмен тау басына көтеріле алады.
- Таудың потенциалы мұнда орналасатын тау-шаңғы базасына күніне 5 мыңға жуық адамды қабылдауға мүмкіндік береді, - дейді Сербиядан шақырылған тау-шаңғы курортын дамытудың маманы Славенко Бадюра. – Бұл тауда 6 арқанды, 3 орындықты және 3 бугельді жол орналастырып, ұзындығы 15 километр болатын шаңғы трассасын құруға болады. Бұл деңгейі орташа жақсы курорттың көрсеткіштеріне сәйкес. Барлық жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтап, кешенді пайдалануға беруге әбден болады.
Облыс әкімі тау басына электр желісін тартуға тапсырма беріп, кешеннің даму барысын өзі бақылайтынын айтты.

18.05.2017 Просмотров: 401

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_