Басты бет      Сайт картасы 2010 жылғы 9 қыркүйек, бейсенбі
Виртуалды қабылдау бөлмесі
русскийenglish
Фотогалерея
Сауалдама
Павлодар сіз үшін:
Әлемдегі ең жақсы жер
Өнеркәсіптік орталық
Қазақстандағы ең әдемі қала
Кіші Отан
сайт бойынша іздеу...
Жаңалықтарға жазылу
E-mail

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ


ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   1 2 345
6 7 8 9 101112
13141516171819
20212223242526
27282930

  2010
  2009
  2008
 
Виртуалды қабылдау бөлмесі
Ескертпе* 
Құрметті Павлодар облысы әкімдігі ресми web-сайтының қонақтары!
2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.
Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.
Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.
Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
 
Құрметпен, Б.Сағынтаев
 
Қарау үшін тақырып таңдаңыз
Аты*
E-Mail*
Хабарлама*
Белгілер саны: 0
Сұраққа жауабы іздеу *
6.09.2010 Төлеш Ибадилова
Сәлеметсізбе құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Біз Екібастұз қаласы Абай көшесі 91 үйдің тұрғындары сізге осымен екі рет хат жазып отырмыз. Біздің үйіміз 8 жыл болды асты суға толып тұр. Өтінішпен бармаған жеріміз қалмады, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Бірі-біріне сілтейді. Жертөлемізде (подвал) ағып жатқан жер жоқ. Таза су трасса бойымен ағып келіп жатыр. Ақша жинап сорғызамыз, келесі күні қайта толады. Осы себептен КСК-да шыдамайды. Жылына ауысып отырады. Қала әкімшілігі түгелі біледі, үйіміз қала бойынша бірінші "аварийный" үй деп тіркелінуде. Осыған біз сізден көмек сұраймыз. Арызданушылар Абай көшесі 91 үй тұрғандары: Калиев К.З.-4пәтер, Дюсекеева М.-5 пәтер, Увалиев Р.В.-7пәтер, Ибадилова Т.И.-25пәтер, Калиев К.С.-30-пәтер, Кыстаубаева З.Р.-39пәтер
Құрметті Төлеш! Сіздің арызыңыз мәліметке алынып, қарастырылуға жіберілді. Нәтижесі жөнінде тағы да қосымша хабарлаймыз.
24.08.2010 Смакова Сұлушаш
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Аймағымызға өзіңіз басшы болып келгеннен бері қыруар іс-шаралар атқарылып, облысымыз гүлденіп, халықтың еңсесі көтеріліп қалды. Сізге өтінуімнің себебі, осыдан 3 жыл бұрын Ақкөл ауылынан Екібастұз қаласына көшіп келдік. Үй алуға қаражат болмағандықтан, жер алып, шағын үй салдық. Бүгінде салынған үй көмірмен жылытылады. Орталықтанған жылу жүйесін қостыру үшін техникалық шарт (техусловие) алуға 3 ай уақыт еш нәтижесіз өтті. Себебі, Екібастұз қаласының жылу беру орталығы және Екібастұз қалалық әкімшілігі еш көмек көрсетпейді. Қыс мезгілі жақындаған кезде су тасу, үй жылыту мәселесі қиынға соғады. Тұрмыстың ауырлығын көтеруге денсаулығы болатындай жас емеспіз. Жасым 63-те, жолдасым болса, 70 жастан асты. Қыс бойы көретін бейнетімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осыған байланысты, біз шеше алмаған мәселе бойынша тек Сіздің ғана шешу мүмкіндігіңіз бар екендігін білеміз. Биылғы мерейлі жыл аясында, көп балалы ана және жолдасым алғашқы тың игеруші болғандықтан, тілегіміз аяқ асты қалмайды деп сенеміз. Алдын ала шынайы алғысымызды білдіреміз. Халықтың игілігіне еткен ерен еңбегіңіз үшін Сізге Алланың нұры жаусын!!! Байланыс телефондарым: 8-71837-40834, 8-777-652-9983, мекенжайым: Екібастұз қаласы, Пионерская көшесі, 9А Ізгі ниетпен Сіздің тілегіңізді тілеуші 10 баланың анасы, «Алтын алқа» иег
Құрметті Сұлушаш Сіздің арызыңыз мәліметке алынып, қарастырылуға жіберілді. Нәтижесі жөнінде тағы да қосымша хабарлаймыз.
23.08.2010 Рустемов Алихан Рустемұлы
Мен Рустемов Алихан Рустемұлы 1 март 1938 ж. Алғабас ауылының тұрғындарының сұрауы бойынша сіздің көмектесуіңізді сұраймыз. Алғабас ауылының көшесін асфальттауға және ауыл мен зираттың арасындағы қоқысты бульдозермен итеріп, 200 метр жерге үйіп қоюға көмектесіңіз. Мен 2009 жылы октябрь айында сіздің көмекшіңіз Закерьяновқа хат жолдап едім, жауабын Ақсу ауданының әкімі Қайыргельдинов берді. Қоқысты тазалап бөлінген 647 мың теңгені түгел «освояны». Биыл 3 июнь 2010 ж. екінші рет хат жолдадым Закерьяновқа ол кісі тағы Ақсуға жіберіпті тағы 86 мың теңгені «освоены». Мен Закерьянов бір шара қолданар деп ойлағам, ол кісі почтаның рөлін атқарды. Барлығы 733 мың теңге ақшаны Қайыргелдиновтың тілімен айтқанда «освоены» көң қоқыс 30 жылдан бері қозғалмай сол орнында жатыр. Көшені асфальттау жөнінде биылғы хатында ештеңе айтпады. ГКП Аксу-коммунсервис ақшасын алып жатыр ма кім білсін? Уақытыңыз болса 30-40 минут көзіңізбен көріп қайтуға болады, мен керек болсам әр уақытта дайынмын апарып көрсетуге. Ақсу ауданында Алғабас аулындай қанша ауыл бар, олардың халі Қайыргелдиновтай әкім тұрғанда не болады? Сәлеммен Алихан Рустемов Павлодар қаласы Катаев к. 89 үй, 8 пәтер, Тел.57-19-34
Құрметті Алихан Рустемұлы! Сіздің арызыңыз мәліметке алынып, қарастырылуға жіберілді. Нәтижесі жөнінде тағы да қосымша хабарлаймыз.
23.08.2010 Мейрам Мұқыш
Ассалаумағалейкум Бақытжан Абдірұлы! Баянауыл ауданы мен Қарағанды облысына қарасты Үміткер ауылы арасындағы жолды жөндеу жоспарда барма екен? Егер жөнделетін болса Жасыбай демалыс орнына қазіргіден де көп демалушылар келер еді. Туристер дегеніміз ауданға келетін жыл сайынғы қаражат. Сол жолдын жөнделуіне үлес қоссаныз.
Құрметті Мейрам! Ағымдағы жылы осы жол бөлігінде, шақырым 140-148, 148-149, 149-166, 166-168, 168-173,4 (жалпы ұзындығы 32,8 шақырым), жабынның жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру және кедір-бұдырлы үстіңгі өңдеу құрылғысымен орташа жөндеу жұмыстары орындалуда. Сондай-ақ, шұңқыр жөндеу, жарықшаларды құю және жол белгілерін орнатумен ағымдық жөндеу жұмыстары орындалуда. 2011 жылы қаржыландыру шегінде орташа жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарланған.
4.06. 2010 Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлы
Ассалаумағалейкум Бақытжан аға! Ел-жұртыңыз аман ба? Сіздің қабылдауыңызда осы жылдың шілде-тамыз айларында болсам деп едім. Алдын ала қабылдау күніңізді білуге бола ма? Сәлеммен Тараздан Шилібек Кенжеғали
Құрметті Кенжеғали Қошқарбайұлы! Рахмет.Менің қабылдауым әр айдың үшінші дүйсенбісі өтеді. Ол үшін 8 (7182) 2-25-40 телефонына хабарласып, қабылдауға жазылуыңызға болады (110 кабинет).
14.05.2010 Бейбіт БӨЖЕН
Ассалаумағалейкүм Бақытжан аға! Біздің қалада Жүсіпбек Аймауытов атындағы театр алдына сол бабамыздың ескерткішін қою мәселесі ара-тұра айтылып қалады. Әрине, қазір дағдарыстан бюджет дағдарып қалды. Бірақ Жүсіпбектің ескерткішін театр алдына орнату мәселесін бір жақты шешудің амалы бар ма? Ол жер де ескерткішке сұранып-ақ тұр. Сол секілді орталық көше.
ЖҚұрметті Бейбіт!Аймауытов ескерткішін орнатуға облыстық бюджеттен 2010 жылы қаражат қарастырылмаған. Бірақ, қазіргі уақытта Ж.Аймауытов ескерткіші эскизін және оны Павлодар қаласында орнату орнын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
5.05.2010 Мергенбаева Меруерт Толеубайкызы
Курметтi Бакытжан Абдiрулы! Менi толгандыратын туган ауылымнын казiргi жагдайы. Баянаул ауданынын Жанажол ауылы Екiбастуз каласынан 90 шакырым жерде орналаскан. Кыстыгунi, коктемде тура жолмен Екiбастузга, Павлодарга жету мумкiн емес, жолды кар басып калады, тас жол жок. Екiбастузга бару ушiн Баянаул аркылы айналып журу керек, бул 220 шакырым жер. Ата- аналар студент балаларына, туыскандарына бару ушiн 2-3 есеге дейiн артык жол акысын толейдi. Сiзден сурайтынымыз Жанажолдан Машhур-Жусiп атамыздын кесенесiне дейiн тас жол (грейдер) кашан салынады(18км).Кесенеден Карасу(Бескауга) ауылына дейiнгi жол кашан котерiлiп дурысталады. Бул жол туризм саласын дамыту багдарламасына кiреме? д.тел.(87187) 37-11-47
Құрметті Меруерт Төлеубайқызы! Басқарма Сіздің МәшҺүр Жүсіп Көпеев кесенесінен Жаңажол ауылына дейін автомобиль жолын салу туралы “Виртуалық қабылдау” облыс әкімінің ресми сайтына түскен үндеуіңізді қарастырып, мынаны хабарлайды. Осы автомобиль жолы аудандық маңызы бар автомобиль жолының мәртебесіне ие, оның баланс ұстаушысы Баянауыл ауданының әкімдігі болып табылады. Осы автожол учаскесінің құрылысына Баянауыл ауданының әкімдігімен 2007 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, бірақ аудандық бюджетте қаражаттың шектелуіне байланысты осы жолдың құрылысы жүзеге асырылған жоқ. Осыған байланысты басқармамен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қаржы департаментімен бірлесіп осы автожол құрылысын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2011-2013 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізіміне енгізу бойынша жұмыс жүргізіледі.
25.12.2009 Бауыржан Иманғазин
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Біздің облысымыздағы оқушылардың заман талабына сай, жақсы білім алуына облыс басшысы ретінде сіздің де ықпалыңыздың мол екенін білеміз. Сол үшін сізге және ел ертеңі болар жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып отырған Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының ұжымына ата-аналар атынан шексіз ризашылығымды білдіремін. Иә, сандаған дарынды балалардың алтын ұясына айналған аталмыш гимназия-интернаты қандай құрметке де лайық. Олай дейтінім, мұнда менің екі балам білім алады. Қазір ол екеуі де сабақтарын жақсы оқып, түрлі шараларға қатысып, жеңімпаз атануда. Балаларымның осындай жетістікке жетуі гимназия-интернатындағы білікті ұстаздардың зор еңбегінің арқасы деп білемін. Әр ата-ана үшін баласының білімді, талантты да тәрбиелі болып өскенін көргеннен артық қуаныш жоқ. Сондықтан да, қаламызда осындай білім ордасының бар екенін біз мақтан тұтамыз. Әсіресе, мектеп директоры Айгүл Ахметниязова, оқу ісінің меңгерушісі Гүлмира Хасенова, тәрбие ісінің меңгерушісі Ерғазы Қайыркенұлы және Айгүл Қабжапарова, Күләтай Оразбайқызы, математика пәнінің мұғалімдері Арыстан Анатольевич, Күләзи Қабдолқызы, биология пәнінің мұғалімі Мұхит Серікұлы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Елеукенова, физика пәнінің мұғалімі Сәуле Баймаханова сынды м
Құрметті Бауыржан! Cіздің облыс әкімінің виртуалды қабылдауына жолдаған сауалыңыз назарға алынды.
9.12.2009 Майқайын кеңтіндегі крим. жағдайларды
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Соңғы уақытта Баянауыл ауданың Майқайын кеңтінде үйлерді тонау, ұрлыққа түсу оқиғалары жиелеп кетті. Дүкендер, кафелер мен жолаушылар көлігінің бекеті бірнеше рет тоналды. Үйлерге ұрлыққа түсу оқиғалары орын алып отыр. Зардап шегушілер жергілікті және аудандық құқық қорғау органдарына өтініш жасағанымен, олардың тарапынан нақты іс – шаралар қабылданбай отыр. Жергілікті тұрғындар күндіз – түні үйлерінде жалғыз қалуға немесе жас балаларын қалдыруға қорқады, жеке мүліктері үшін де үлейлі. Сізден, осындай келеңсіл жағдайды тоқтату жөнінде аудан басшылары мен құқық қорғаушы органына нақты тапсырмалар беріп, бақылауға алуыңызды сұраймын. Баймурзина Б.Ж. Байланыс тел. 8 777 642 99 36
Құрметті Баймурзина Б.Ж! 2009 жылдың 27 қарашасында 09 сағат 00 минутта жергілікті Майкайың полиция бөлімшесінің кезекші бөлімшесіне Майқайың кенті Ленин көшесі 51-үй 38-пәтерде орналасқан «Шұғала» дүкенінің иесі (Б.Ж. Баймурзиннің жұбайы) Молдаханова Сәуле Төлетайқызынан 2009 жылдың қараша айының 26-нан 27-не қараған түні белгісіз біреулер дүкенің қабырғасын тесу арқылы дүкенге кіріп, жалпы құны 8,455 теңге болатын азық-түлік пен 25.000 теңге ақша ұрлап кеткені жөнінде телефон арқылы хабарлама түсті. Көрсетілген факті бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, осы құжат бойынша Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175-бабы 2 бөлімі «А,В» тармақтары – Ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын түрде адамдар тобының алдын ала сөз байланысуы бойынша қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық фактісі бойынша № 09553603100100 санды қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша Майқайың полиция бөлімшесінің қызметкерлерінің күшімен тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, жоғарыда көрсетілген уақиға болған «Шұғыла» дүкеніне жақын маңда орналасқан дүкендер, үй-жайлардың тұрғындарынан жауап алынып, сонымен қатар бұрын қылмыстық жауапқа тартылған тұлғалар, қылмыс жасауға бейімді кәмелетке толмаған жасөспірімдер, Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған тұлғалар, осы фактіні көрген-білген тұлғаларды анықтау туралы жедел іздестіру шаралары және осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтап, оларды заңға сәйкес қылмыстық жауапқа тарту үшін жұмыстары жүргізіліп жатыр. Майқайың полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен кент бойынша орналасқан өндіріс орындарына, дүкендердің иелері мен қоғамға бағдар беріліп, түнгі уақытта профилактикалық шаралар, яғни қылмыстың алдын алу, қылмысты болдырмау мақсатында патрульдік рейдтер жүргізілуде. Хатта көрсетілген басқа да фактілер бойынша полиция қызметкерлері табанды жұмыс жүргізуде. і
24.11.2009 Такуова Шолпан Такуовна
Мен, Такуова Шолпан Такукызы 10 баланың анасымын. Мына хатты берген күнім 2009жылы 28 қыркүйек. Бірінші хатым жауапсыз кетті. Екінші өтінішімнің жауабын 8 қазан 2009 ж. күні алдым. Бұл жауап өтінішімді қанағаттандыра алған жоқ. Мен өзім жалғыз басты анамын, бір жылын анасы барда төлеген, енді жағдайым келмейді. Менің Т-08/609 өтінішіме Баянауыл әкімінің берген жауабы; "Сіздің атыңызға Жаяу-Мұса ауылының тұрғыны Ш.Тахуованың 2009 жылдың 28 қыркүйегі күні жолдаған өтінішін қарап төмендегіні баяндаймын: Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек үшін қаралған бағдарламада оқу ақысын төлеуге тек қана Облыс әкімінің грантымен жоғарғы оқу орнында оқитын аз қамтамасыз етілген немесе ата-анасы жоқ біреудің қамқорлығындағы балаларға ғана қаралған, ал басқа арнайы орта оқу орындарына бөлінген қаражат жоқ, сондықтан өтініш иесінің сұранысын қанағаттандыра алмаймыз."
Құрметті Шолпан Такукызы ! Сіздің облыс әкімінің ресми web-сайтындағы «Виртуалды қабылдауына» түскен немере қызыңыздың оқуын төлеуге көмек көрсету мәселесі бойынша өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлаймыз. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі бойынша Сіздің немере қызыңыз Мәдина Екібастұз қаласының Инновациялық Еуразиялық Университеті колледжінің 2 курсында оқиды. Оқу ақысы жылына 99,0 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, Жаңатілек ауылдық округі әкімдігінің мәліметіне сай жеке аула шаруашылығыңызды есептей келе Сіздің отбасы аз қамтамасыз етілген отбасылар қатарына жатпайды. Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 4 маусымдағы «Аз қамтылған отбасыларынан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған орта мектеп бітірушілеріне жоғары оқу орындарында оқуын төлеуге әлеуметтік көмек тағайындау» туралы №169/5 Қаулысына сәйкес берілген көмек мектеп түлектеріне біріңғай ұлттық тестілеу кезінде 45 және одан жоғары балл алған және мемлекеттік грантқа өтпеген түлектерге беріледі. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес Сіздің немере қызыңыз Мәдинаның колледждегі оқуын төлеуге көмек берудің еш заңды негізі жоқ.
Беттер: 1234»
Облыс жөніндеМемлекеттік рәміздерПрезидентОрталық мемлекеттік органдарМемлекеттік сатып алуларӘкім блогыВиртуалды қабылдау бөлмесіХалыққа қызмет көрсету
© "Павлодар облысы әкімінің аппараты" ММ, 2006-2010
"АқпаратТехСервис" КМК сүйемелдеуі Тел. (7182) 32-16-80, 32-89-03. E-mail: web@pavlodar.gov.kz
Страница сгенерирована за 0.37 секунды