rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бетӘкімдердің есеп беру кездесулері → Облыс әкімінің тезистері

Облыс әкімінің тезистері

Павлодар облысының әкімі Қ.А.Бозымбаевтың
2016 жылғы 17 ақпандағы облыс халқы алдындағы есептік кездесуіне арналған баяндама тезистері
2015 жылы Павлодар облысы әкімдігінің жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталды.
 
ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ
2015 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 0,9%-ға артып, 1254,8 млрд. теңгені құрады. Облыстың ЖӨӨ жалпы республикалық көлемдегі үлес салмағы – 4,5%.
ЖӨӨ көлемі халықтың жан басына шаққанда – 1658,2 мың теңге, бұл респуб-лика бойынша орташа деңгейден 4,4%-ға жоғары (1588,5 мың теңге).
 
ӨНЕРКӘСІП
2015 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1031,3 млрд. теңгені, НКИ 95,8%-ды құрады.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 115,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе 2014 жылғы кезеңге қарағанда 112,3%, оның ішінде: түсті металл кендерін өндіру – 413,6%, металл кендерін өндіру – 311,7%, өзге салалар – 119,3%.
Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 666,3 млрд. теңгені, немесе 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға 96,9%-ды құрады.
Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жедел шаралар жоспарын орындау есебінен келесі салаларда өндіріс көлемдерінің өсімі қамтамасыз етілді: жеңіл өнеркәсіп – 115,4%, тамақ өнімдерін өндіру – 109,9%, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру – 108,0%, металлургия өнеркәсібі - 102,2% (оның ішінде: қара металлургия – 101,4%, негізгі асыл және түсті металл өндірісі – 104,2%).
Өндірістің өскені келесіде байқалады: бензин – 0,3%-ға, отынды мазут –13,4%-ға, өңделмеген алюминий – 5,5%-ға, алюминий оксиді –2,1%-ға, жіксіз құбырлар – 0,6%-ға, хлор – 13,9%-ға, каустикалық сода – 10,9%-ға, метилтретбутил эфирі – 24,6%-ға, натрий гипохлориті – 33,6%-ға, полипропилен – 1,0%-ға, тауарлы бетон – 8,7%-ға.
Электр жабдықтауда, газ, бу беру және ауаны алмастыруда өндіріс көлемі 238 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 86,3%.
Облыстың электр станцияларымен сағатына 34,7 млрд. кВт. электр энергиясы өндірілді, бұл 2014 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 15%-ға төмен.
Жылу энергиясын өндіру 13,4 млн. Гкал құрады (2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға – 94,9%).
 
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
Индустрияландыру картасы шеңберінде 2015 жылы 443,2 млрд. теңгеге 5 жоба енгізілді, 1992 жұмыс орны ашылды.
1. «Полимер бұйымдарының өндірісі» («Компания Нефтехим LTD» ЖШС). Инвес-тициялар көлемі – 3,1 млрд. теңге, жұмыс орны саны – 18. Жобалық қуаттылығы – жылына 51,5 млн. полипропиленді қап.
2. «3-ЖЭО №2 ст. ПТ-65/75-130/13 турбинасын орнату» («Павлодарэнерго» АҚ). Инвес-тициялар көлемі – 7,9 млрд. теңге, жұмыс орны саны – 5. Жобалық қуаттылығы – 65 МВт.
3. «Кернеуалды темірбетонды қырлы бөрене өндіретін цех ашу» («R.W.S. Concrete» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 3,3 млрд. теңге, жұмыс орны саны – 50. Жобалық қуаттылығы – кернеуалды темірбетонды қырлы бөрененің жылына 850 жинағы.
4. «Бозшакөл КБК құрылысы» («KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС). Инвестициялар көлемі – 406 млрд. теңге, жұмыс орны саны – 1500. Жобалық қуаттылығы – жылына 30 млн. тонна кен, катодты эквивалентте 100 мың тонна мыс.
5. «Мұнай коксын қайта өңдеу бойынша мұнай-химия өндірісі» («УПНК-ПВ» ЖШС).
Инвестициялар көлемі – 22,9 млрд. теңге, жұмыс орны саны – 250. Жобалық қуаттылығы – жылына 205 мың тонна қыздырылған кокс.
Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы (2015-2019 жылдар) шеңберінде 1191 млрд. теңге инвестиция көлемімен 24 жобаны іске қосу жоспарланып отыр (5817 жұмыс орны).
 
ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Облыста Инвестицияларды тарту жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған жол картасы әзірленді және іске асуда.
2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 448,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 22,9%-ға артық.
Инвестициялар құрылымында ең көп үлес салмағын меншікті қаражат иеленуде – 40,4%. Кәсіпорындардың меншікті қаражаты көлемі 180,9 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы деңгейден 4,1%-ға жоғары.
Салалық құрылымда ең үлкен көлемге өңдеу өнеркәсібі ие – 52%, немесе 233 млрд. теңге. Облыс аталған инвестициялар бойынша республикада 1-орында.
Жаңа инвесторларды тарту мақсатында Инвестициялар тарту агенттігі құрылды, облыстық Инвесторлар кеңесі жасақталды.
Қазан айында Павлодар қаласында «Eртіс Инвест-2015» екінші халықаралық инвестициялық форумы өткізілді, оның шеңберінде 500 млрд. теңгеден астам сомаға 15 коммерциялық құжатқа қол қойылды.
 
КӘСІПКЕРЛІК
2016 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта кәсіпкерліктің әрекет ететін субъектілерінің саны 2014 жылға қарағанда 1,7%-ға өсті және 44,3 мың бірлікті құрады.
2015 жылғы 1 қазанға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 425,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе 2014 жылғы кезеңге қарағанда 121,3%. Жұмыспен қамтылғандар саны 132,4 мың адамды құрады (104,5%).
2015 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерден 4,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 1,4 млрд. теңге – индустриялық инфрақұрылымды дамытуға арналған.
Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері барлығы 99,3 млрд. теңгеге 1164 жоба мақұлданды.
 
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 128,4 млрд. теңгені немесе 2014 жылға 112,9%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 124,3%, мал шаруашылығында – 103,4%.
Өсімдік шаруашылығында 2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс ауданы 1145,0 мың гектарды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 102,5 мың гектарға ұлғайды. Жарма, майлы және азық дақылдарының егісі кеңейді.
380,2 мың га жерде ылғал ресурс жинақтау технологиясы қолданылды, бұл дәнді және майлы дақылдар егісі ауданының 48%-ын құрайды.
Облыста 37,9 мың га суарылатын жер пайдаланылады, оның ішінде 4,3 мың га 2015 жылы енгізілді.
294 га ауданда жерді тамшылатып және себелеп суару қолданылады. Сонымен қатар, облыста жаңбырлы машинаның 341 бірлігі қолданылады.
Дәнді дақылдардың жалпы орағы 575,5 мың тоннаны құрады, бидайдың орташа шығымы – гектардан 8,7 центнер.
411,8 мың тонна картоп (орташа егін шығымы – 241,4 ц/га), 175,8 мың тонна көкөніс (324,6 ц/га), 53,9 мың тонна бақша дақылдары (253,9 ц/га), 76,5 мың тонна майлы дақылдар (5,4 ц/га) жиналды.
Астықты сақтау және өңдеу мақсатында 10 элеватор және астық қабылдау пункті жұмыс істейді. Егіннің сақталуын қамтамасыз ету үшін 107 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді, оның ішінен 85%-ы заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған.
1084 мың тонна шөп, 43,7 мың тонна пішендеме, 115 мың тонна сүрлем, 250,7 мың тонна сабан дайындалды.
4,5 млрд. теңгеге ауылшаруашылық техникасының 536 бірлігі сатып алынды.
Мал шаруашылығында қожалықтардың барлық санаттарында 85,9 мың тонна тірідей салмақтағы ет (104,4%), 359,1 мың тонна сүт (101,8%), 138,9 млн. дана жұмыртқа (111,8%), 992,6 мың тонна жүн (103,3%) өндірілді.
Ірі қара мал басы 379,8 мыңды құрады, бұл шамамен өткен жылғы деңгейде (100,1%).
Облыста селекциялық-тұқымдық жұмыс жүргізілуде. Тұқымдық өзгеріске тауарлық төлдейтін мал басының 23,4%-ы тартылды (2014 жылғы қамту – 20%). Железин ауданының «Пахарь» ШҚ» ЖШС шетелдік селекцияның өнімділігі жоғары ірі қара малының 1202 басын әкелді.
«Еттің экспорттық мүмкіндігін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 1127 тонна ет пен ет өнімі экспортталды, бұл жоспарға қарағанда 125%-ды құрайды.
2015 жылы келесі бағдарламалар бойынша: «Сыбаға» – 5118 ІҚМ басы (2015 жылғы жоспарға қарағанда 102,4%), «Алтын Асық» – 5061 қой басы (101,2%), «Құлан» – 2490 жылқы басы (125,0%) сатып алынды.
«Ырыс» сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша 4 тауарлы сүт фермасы іске қосылды.
236 дайындау пункті және 364 өңдеу нысаны жұмыс жасауда. 2015 жылы 26 өңдеу нысаны іске қосылды, оның ішінен 6-уы жаңартылды.
121,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі және оның өңделген өнімі экспортталды.
Облыс жергілікті жерде өндірілген негізгі тамақ өнімдерімен 80%-ға қамтамасыз етілген (ұнмен, жармалармен, макарон бұйымдарымен, сүт және ет өнімімен, өсімдік майымен).
Жыл қорытындысы бойынша салада 6,8 млрд. теңгеге 61 инвестициялық жоба іске асырылды, 1902 жұмыс орны ашылды.
Ауыл шаруашылығын дамытуға құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 7,7 млрд. теңгені (83,5%), тамақ өнімдерін өндіруге – 4,2 млрд. теңгені (141,9%) құрады.
 
СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ
Сыртқы сауда айналымының көлемі 2015 жылғы қаңтар-қараша ішінде 2491,8 млн. АҚШ долларын құрады (2014 жылғы қаңтар-қарашаға – 95%), оның ішінде экспорт – 1115 млн. АҚШ доллары (79,8%), импорт – 1376,8 млн. АҚШ доллары (112,3%). Сауда теңгерімінің сальдосы теріс болып қалыптасты және 261,8 млн. АҚШ долларын құрады.
Машина жасау өнімінің импорты 23%-ға, металлургияның – 39,3%-ға, минералды өнімдердің 11,8%-ға артқаны байқалады.
Минералды өнімдер (36,4%-ға) мен металлургия (21,4%-ға) тауарларының негізгі топтары бойынша экспорттың қысқарғаны орын алды.
Сонымен қатар, глинозем жеткізілімінің артуы (18,8%-ға) есебінен химия өнеркәсібі өнімінің экспорттық жеткізілімдері (13,9%-ға) өсті.
Павлодар облысы әлемнің 75 елімен сауда операцияларын жүзеге асырады.
Еуразия экономикалық одағының елдерімен өзара сауда жасау көлемі 2015 жылғы қаңтар-қарашада 1189,2 млн. АҚШ долларын құрады (2014 жылғы сәйкес кезеңге – 68,6%), оның ішінде экспорт – 652,1 млн. АҚШ доллары, импорт – 537,1 млн. АҚШ доллары.
 
САУДА
Облыстың сауда желісі 4591 стационарлық дүкеннен құралған. 4451 сауда орны бар 32 базар жұмыс істейді.
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда айналымы 253,9 млрд. теңгені құрады.
Тұрғындардың сатып алу қабілетінің төмендеуіне байланысты тауарларды өткізу 2,1%-ға азайды. Көтерме сауда көлемі 591,8 млрд. теңгені, немесе 2014 жылға 90,6%-ды құрады.
Бұл ретте, сауда кәсіпорындардың тауарларды бөлшектеп өткізуі 2014 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға өсті.
 
ИНФЛЯЦИЯ
2015 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 112,6%-ды құрады (ҚР – 113,6%).
Азық-түлік тауарларының бағасы 9,8%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 22,7%-ға, ақылы қызметтерге 6,3%-ға көтерілді.
Инфляциялық үдерістерді тежеу мақсатында облыста 2015 жылға арналған Іс-шаралар жоспары іске асырылды.
Статистикалық деректерге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы айтарлықтай барлық тауарлық топтар бойынша (33-тен 31) республикалық орташа деңгейден төмен болып сақталуда.
Облыста 230 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді.
Азық-түлік қауіпсіздігін және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 215 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, 1260,5 млн. теңгеге өнім сатылды.
 
БАЙЛАНЫС
Байланыс қызметтерінен түскен кіріс 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда 5,3%-ға өсіп, 12,8 млрд. теңгені құрады. Облыста 401 елді мекен телефондандырылған (100%), оның ішінде 378-і Интернет желісіне кіру мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.
2015 жылы LTE сымсыз кіру желісінің 14 базалық станциясы салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Баянауыл-Егіндібұлақ бағытында Жаңатілек және Күркелі ауылдарына тармақтарымен талшықты-оптикалық байланыс желісі салынды.
Облыстың 1000 және одан асатын тұрғыны бар барлық елді мекендері ұялы байланыспен қамтылған.
 
КӨЛІК
2015 жыл ішінде облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі (т/ж көлігін есепке алмағанда) 128,5 млн. тоннаны құрады (2014 жылға қарағанда 100,3%), жүк айналымы – 31,8 млрд. ткм (103,5%). 1,2 млрд. жолаушы тасымалданды (103,8%), жолаушы айналымы 3,6%-ға артты.
62 облыстық ішкі, 55 қалалық, 34 аудандық ішкі маршруттан тұратын жолаушы маршрутының желісі қолданылады. Бұған қоса, 11 облысаралық және 12 халықаралық маршрут қолданыста.
2015 жылы облыстық ішкі маршруттардың автотасымалдаушылары автокөлік құрал-дарының 91 бірлігін немесе тұрақты маршруттарда жұмылдырылған автокөлік құралдарының жалпы санының 32%-ын жаңартты.
Облыстың барлық қалалары мен аудандық орталықтарында автовокзалдар мен автостанциялар жұмыс істейді (3 автовокзал, 7 автостанция және 6 жолаушыларға қызмет көрсету пункті).
Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы 11 жолаушыларға қызмет көрсету пункті салынды.
 
АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ
2015 жылы облыстың автожолдарын және елді мекендердің көшелерін қайта реконструкциялауға, күрделі, орташа жөндеуге және күтіп-ұстауға барлық деңгейдегі бюджеттерден 5,9 млрд. теңге бағытталды.
Жергілікті маңызы бар жолдарда 233,7 км қашықтықта жөндеу-қалпына келтіру жұмыс-тары орындалды. 2015 жылғы жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 76%-ды немесе 3153 км құрады (жалпы қашықтығы – 4148,3 км).
2015 жылы су тасқыны кезеңінің салдарынан бұзылған жол учаскелерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына Үкіметтің және облыстың жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен 953 млн. теңге бағытталды.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Астана – Павлодар – Өскемен» бағыты бойынша қашықтығы 86 шақырым «Павлодар – Ленин кенті» автожол учаскесін салу және реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, қашықтығы 59 шақырым Омбы – Павлодар – Майқапшағай автомобиль жолының (Байқоныс және Новочерноярка ауылдары арасындағы) учаскесін реконструкциялау аяқталды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Май ауданында Қызыл Октябрь – Жаңа Ақшиман аудандық маңыздағы автожолдың ағымдағы жөндеуі жүргізілді.
«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы шеңберінде Ақсу және Екібастұз моноқалаларында 8,9 шақырым жолда орташа жөндеу және реконструкциялау жұмыстары атқарылды.
 
ҚҰРЫЛЫС
2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының көлемі 173,9 млрд. теңгені немесе 2014 жылғы кезеңге қарағанда 148,7%-ды құрады.
2015 жылы облыста 1244 объекті пайдалануға берілді, оның ішінде 498-і – жаңа ғимараттар.
 
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 164,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2014 жылғы деңгейге қарағанда 81,8% (оның ішінде 25,7 мың ш.м. – коммерциялық тұрғын үй, 112,9 мың ш.м. – ЖТҮҚ, 11,1 мың ш.м. – «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі арқылы баспана, 14,8 мың ш.м. – несиелік баспана).
«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы шеңберінде Тұрғынүйқұрылыс-жинақ желісі бойынша 14,8 мың шаршы метр несиелік баспана пайдалануға енгізілді.
«ҚИК» ИҰ» АҚ желісі арқылы тұрғын үй құрылысы бойынша Майра көшесі, 27-үй бойындағы 180 пәтерлік тұрғын үй 11,1 мың шаршы метр жалпы ауданымен пайдалануға берілді.
Коммерциялық тұрғын үй құрылысы шеңберінде жалпы ауданы 25,7 мың шаршы метр болатын 8 тұрғын үй іске қосылды. Жеке құрылысшылармен 112,9 мың шаршы метр пайдалануға берілді.
Жалпы, 2015 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 12,4 млрд. теңгені құрады (2014 жылға қарағанда 145,2%), оның ішінен 28%-ы – бюджет қаражаты, 43,1%-ы – құрылысшылардың меншікті қаражаты, 28,9%-ы – басқа қарыз қаражаты.
«Сарыарқа» тұрғын үй кешенінде 5 үйдің құрылысы жалғасуда.
 
КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
2015 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» және «Нұрлы жол» бағдарламалары шеңберінде 6,7 млрд. теңге бағытталды.
327,7 км желіні жаңарту бойынша барлығы 11 жоба іске асырылды, оның ішінде: 270,9 км – электрмен жабдықтау, 18,1 км – жылумен жабдықтау, 21,5 км – сумен жабдықтау, 17,2 км – су бұру желілері. 6 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы 3183,5 млн. теңгеге 8 жоба іске асырылды. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде облыс бойынша орташа табиғи тозуы 60%-дан асқан желілердің ұзындығы:
- сумен жабдықтау бойынша 2%-ға төмендеді және 527,1 км құрады (жалпы ұзындығынан 49%);
- су бұру бойынша 2%-ға төмендеді және 282,8 км құрады (жалпы ұзындығынан 33%).
Сонымен қоса, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 37%-дан 33%-ға дейін төмендеді.
 
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
Кешенді жекешелендіру жоспары шеңберінде Павлодар облысында 1,4 млрд. теңгеге 9 объекті сатылды («Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы» ЖШС, «Павлодар облысы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» КМҚК, «Ақпараттық-техникалық сервис» ЖШС, «№1 Автобус паркі» ЖШС, «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС, «Майсорское» ЖШС, «Wind energy pavlodar» ЖШС, «Павлодаршина» ЖШС, «Павлодар Брокерлік компаниясы» ЖШС).
Жекешелендіру үдерісі ақпараттық сүйемелденді: 158 материал облыстық БАҚ-та жарияланды, оның ішінен 97-сі – баспасөз БАҚ-тарда, 61-і – электронды БАҚ-тарда. 20-дан аса материал интернет-сайттарда орналастырылды. Сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламалар баспасөз БАҚ-тарда және Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланды.
 
ЗАҢДАСТЫРУ
Заңдастыру науқаны басталғалы бері (2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 28 қаңтар аралығында) Павлодар облысы бойынша 4257,8 млн. теңге сомаға жылжымайтын мүліктің 2123 нысанын заңдастыруға 1011 өтініш және 456,1 млн. теңге сомасында ақша қаражатын заңдастыруға 5 өтініш қабылданды.
3582,7 млн. теңгеге 1782 нысан заңдастырылды, оның ішінен 582 тұрғын үй нысаны, 1541 – тұрғынжай емес нысан.
Комиссиялар 649,4 млн. теңге сомаға 186 өтінішті қайтарды.
1249 нысан мемлекеттік тіркеуден өтті.
Заңдастырудың өту барысын ақпараттық ілгерілету және хабарландыру мақсатында облыс бойынша шамамен 4706 іс-шара өткізілді, оның ішінде баспасөз БАҚ-тарында 778 мақала жарияланды, облыстық телеарналарда 1216 хабар көрсетілді және жаңалықтар топтамасы шығарылды, 1042 «дөңгелек үстел», семинарлар, брифингтер, кеңестер және радиохабар құралдары арқылы хабарлар өткізілді, интернет-ресурстар арқылы 1670 материал жарияланды.
 
БЮДЖЕТ
2015 жылы мемлекеттік бюджетке 164,7 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе жоспарға қарағанда 105,5%, республикалық бюджетке 84,9 млрд. теңге (жоспарға қарағанда 115%), жергілікті бюджетке – 79,8 млрд. теңге (96,9%) қаражат аударылды.
 
АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Облыста 79 ауыл (19,4%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, 81 ауыл – кешенді блок модулі қондырғыларынан тазартылған суды қолданады, 236 ауыл – құбырлы шахталық құдықтардан, ұңғымалардан алынатын ауыз суды пайдаланады. 10 ауыл әкелінетін сумен қамтамасыз етілуде.
2015 жылы іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 455,6 млн. теңге бөлінді (100% игерілді). 41 ауылдық елді мекенде жерасты суларының қоры бекітілді және тағы 41 ауылда жерасты суларының қорын қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды.
2015 жылы облыстағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету бойынша 2 жоба аяқталды:
- Ертіс ауылында су құбыры желілерін реконструкциялау;
- Жолқұдық ауылында су құбырын реконструкциялау.
 
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
2015 жылы 16 табиғат қорғау іс-шарасын іске асыруға облыстық бюджет қаражатынан 1,2 млрд. теңге бағытталды. Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 14,9 млрд. теңге сомаға табиғат қорғау іс-шараларын орындады.
Атмосфераға ластайтын заттарды шығару 8,4%-ға қысқарды (568,3 мың тонна).
Облыста Қоршаған орта аясының жай-күйін мониторингілеу бағдарламасы қабылданды. Шығарылатын қалдықтары өзгеше 8 өнеркәсіптік объектінің санитариялық-қорғау аймақтарының шекарасындағы сынамаларды іріктеу бойынша жұмыстар атқарылды («Қазақстан Алюминийі», «ҚЭЗ», «ПМХЗ», «Каустик», «Нефтехим-LTD», АФЗ, «ЕЭК», «Гранулпласт», қосымша «KSP Steel» өтініші бойынша).
Қоршаған ортаның сапасын кезең-кезеңімен жақсарту үшін облыста Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілді.
Облыстың 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы шеңберінде Экологиялық технологиялар жөніндегі құзірет орталығы құрылды. Орталық облыстың 4 кәсіпорнымен («ЕЭК» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ және «ҚЭЗ» АҚ) өзара ынтымақтастық туралы келісімге отырды және халықаралық ұйымдармен (таза технологиялар кластері CleanTech Latvia и FiW – Research Institute for Water and Waste Management at the RWTH Aachen (Германия)) өзара ынтымақтастық туралы 2 меморандум жасасты.
Табиғат қорғау іс-шаралары шеңберінде 2 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, бұл – Усолка өзенінің арнасын жаңғырту және Сабындыкөл көлін реконструкциялау.
Сонымен қатар, Ақсу қаласының кәріздік тазарту имараттарын күрделі жөндеу бойынша жұмыс аяқталды және Ақсу мен Екібастұз қалаларының 3 ауруханасына зарарсыздандыру станциялары салынып, кәріз жүйесін реконструкциялау жүргізілді.
Ертіс өзеніне көктемде жіберілетін суға жыл сайын мониторинг жүргізіледі. 2015 жылы арнаға 6,7 текше шақырым су ығыстырылды және жайылма алқаптың 90,1%-ына немесе 305,3 мың гектарына су жайылды.
Бұған қоса, Шідерті өзеніне жыл сайынғы өтемдік су жіберілді. 100 млн. текше метр су ығыстырылды, 21 мыңнан аса гектар алқапқа су жайылды.
Облыстың мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 127,5 мың гектарды құрайды, оның ішінде 89,6 мың гектары – орманмен жамылған.
2015 жылы 16,5 гектар ауданда қарағай және қайың тұқымды ағаш түрлері егілді.
 
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
2015 жылы ішінде 5809 аз қамтылған отбасына 118,2 млн. теңге тұрғын үй көмегі, 1314 отбасыға 45,9 млн. теңге сомаға балалар жәрдемақысы төленді.
14 мыңнан астам аз қамтылған азаматқа жалпы сомасы 86,1 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.
705 аз қамтылған азаматқа жалпы сомасы 19,2 млн. теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
1839 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына, оқу орындарының 791 түлегі жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасты.
2015 жылғы 1 шілдеден бастап облыстың 3 ауданында (Баянауыл, Май, Шарбақты) және Екібастұз қаласында табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен аз қамтылған азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысқанды талап ететін шартты ақшалай көмек көрсетуді көздейтін «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылуда.
Жоба іске асырылғаннан бастап отбасын белсендірудің әлеуметтік келісімшартын 32 отбасы жасасты (153 адам), оларға жалпы сомасы 3,9 млн. теңгеге ақшалай көмек тағайындалды.
 
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
2015 жылғы 3-тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметтерінде 1910 жұмыссыз азамат тіркелді. Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4%-ды құрады.
2015 жыл ішінде облыста 12092 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 6474-і – тұрақты.
Облыс бойынша жұмыспен қамту шараларымен барлығы 19276 адам (жылға арналған жоспарға қарағанда 135,5%) қамтылды, оның ішінде ЖҚЖК 2020 бағдарламасы бойынша – 5159 адам.
 
ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
2015 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 108119 теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 106,1%-ды құрады.
Нақты жалақы индексі 100,1%-ды құрады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең жоғары орташа айлық еңбекақы «қаржылық және сақтандыру қызметі» секторында байқалады – 147949 теңге, ең төмен жалақы «ауыл, орман және балық шаруашылығы» саласында тіркелген – 60758 теңге.
 
БІЛІМ БЕРУ
Облыста 401 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп (92,1 мың оқушы) және 49 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі жұмыс істейді.
2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2608 адам қатысты. ҰБТ-ның орташа балы 80,2 құрады (2014 жылы – 79,9). ҰБТ-ның композиттік индексі бойынша (0,9643) Павлодар облысы республикада 3-орынды иеленді.
Мектептердің компьютерлік паркі 20,2 мың бірлікті құрайды. Тұтас алғанда облыс бойынша бір компьютерге 5,6 оқушыдан келеді. Облыстың барлық негізгі және жалпы орта білім беретін мектептері Интернет желісіне, 91,8%-ы кең жолақты Интернетке қосылған.
Оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдарымен жарақталу облыс бойынша 100%-ды құрайды.
211 мультимедиялық-лингафон кабинеті бар.
2015 жылы Павлодар қаласында 1200 орынға арналған, Павлодар қаласы ауылдық аймағының Кенжекөл ауылында 600 орынға арналған, Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында және Ақсу қаласы ауылдық аймағының Қалқаман ауылында 300 орынға арналған, Ертіс ауданының Қызылағаш ауылында 100 орынға арналған 5 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді. Апаттық және үш ауысымды мектептер жоқ.
70 білім беру ұйымына жөндеу жүргізілді (оның ішінде 22 объект – ЖҚЖК 2020 шеңберінде).
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 437 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (39336 бала), оның ішінде 168 балабақша және 269 шағын орталық.
1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 74%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды.
Мектепке дейінгі білім беру желілерін кеңейту және дамыту мақсатында Павлодар қаласында 320 орынға арналған балабақша салынды және 436 орынға арналған 5 балабақша қалпына келтірілді.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерін іске асыру мақсатында жұмысшы мамандықтар бойынша ақылы оқитын ТжКБ ұйымдарының барлық студенттері 2016 жылғы қаңтардан бастап тегін оқуға ауыстырылды (25 жұмысшы мамандықтар бойынша 4391 студент).
 
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Облыстың денсаулық сақтау желісі 370 медициналық ұйымнан құралған, онда 2330 дәрігер және 5926 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
2015 жылғы 11 ай ішінде облыста 11871 бала туылды, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 1,2%-ға төмендеп, 1000 тұрғынға шаққанда 17,13-ті құрады.
Тұтас алғанда облыс бойынша туберкулез ауру көрсеткішінің – 16,3%-ға (100 мың адамға шаққанда 58,5), қатерлі ісік өскіндерімен – 1,9%-ға (100 мың адамға шаққанда 297,7), нашақорлық бұзылу – 10,0%-ға (100 мың адамға шаққанда 147,0), жүректің ишемиялық ауруы – 6,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 305,1), миокард инфаркты - 8,3%-ға (100 мың адамға шаққанда 61,8) төмендегені байқалады.
2015 жылғы 11 ай ішінде туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 29,1%-ға азайды. Сол уақытта қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші – 11,7%-ға, жүректің ишемиялық ауруынан – 18,1%-ға, гипертониялық аурудан 23,5%-ға ұлғайды.
2015 жылы қатерлі ісік өскіндерінен өлім-жітім көрсеткіші 3,6%-ға төмендеді және 100 мың адамға шаққанда 141,7-ні құрады.
2015 жыл ішінде жылжымалы медициналық кешендермен 279 елді мекенге шығу жүзеге асырылды, 41,8 мың адам медициналық тексерумен қамтылды, 43,1 мың диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізілді.
2015 жылы 7 дәрігерлік амбулатория (Павлодар ауданының Мичурин, Красноармейка, Чернорецк ауылдары, Ақсу қаласы ауылдық аймағының Жолқұдық ауылы, Павлодар қаласы ауылдық аймағының Павлодарское ауылы, Ақтоғай ауданының Қожамжар ауылы, Шарбақты ауданының Хмельницкий ауылы) және Павлодар қаласында 100 төсек-орынға арналған облыстық перинаталдық орталыққа жапсаржай пайдалануға берілді.
2015 жылғы қарашада Павлодар қаласында 25 орынға арналған Нефрология және эфферентті терапия медициналық орталығы ашылды.
 
МӘДЕНИЕТ
Мемлекеттік желіде 549 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 281 кітапхана, 234 клуб мекемесі, 17 жылжымалы мәдени-бос уақыт кешені, 13 мұражай, 2 театр, филармония, мәдениет және демалыс саябағы.
2015 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығы «Шаңырақ» мәдени-демалыс қызметі және «Достық үйі» мәдени-демалыс орталығы, сондай-ақ облыстық филармония 488 іс-шара өткізді.
Облыс мұражайлары 3413 экскурсия, 1370 дәріс өткізді, 751 көрме ұйымдастырды, 973 экспонат сатып алды.
Театрлар 333 қойылым сомдады, оның ішінде 16-сы - алғашқы қойылым.
195 кітапхана компьютерлермен жабдықталды, оның ішінде 133-і Интернет желісіне қосылды.
Облыс мұрағаттары 33 фотоқұжаттамалық көрме көрсетті.
 
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ
Спорт объектілері мен имараттарының желісі барлық жеке меншік түрінің 3350 бірлігін қамтиды, оның ішінде 1922 – ауылда.
27 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді.
Облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыстардан 833 медаль жеңіп алды, оның ішінде 300 алтын, 261 күміс, 272 қола.
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың саны 220,7 мың адамды немесе облыс халқы жалпы санының 29,1%-ын құрады.
2015 жылы облыста 1472 бұқаралық-спорт іс-шарасы өткізілді, оған 197,6 мың адам қатысты.
 
ТУРИЗМ
Облыста 91 туристік ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 82-сі – турагенттік қызметті жүзеге асыратын компания, 9-ы – туроператорлық.
76 туристік орналастыру объектісі жұмыс істейді, оның ішінде 51 қонақүй және 25 демалыс үйі.
Баянауыл аймағын, «Қаз қонақ» табиғат ескерткішін, жолаушылардың өзен кеме қатынасын, этнотуризмді дамыту басым бағыттары бойынша Павлодар облысының туристік кластерін құру және дамытудың 2020 жылға дейінгі мастер-жоспарын іске асыру жалғасуда.
2015 жылғы сәуірде өңірге туристік лекті арттыру мақсатында 15-ші Қазақстандық халықаралық «KITF Туризм және саяхат 2015» туристік көрмесі шеңберінде шетел қонақтары мен елдің басқа өңірлері өкілдері үшін Павлодар облысы туристік әлеуетінің таныстырылымы өтті.
2015 жылғы маусымда гид-экскурсия жетекшілерін даярлау бойынша оқу ұйымдастырылды. Оқу нәтижелері бойынша 37 экскурсия жетекшісі сертификат алды.
Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу қарсаңында Астана қаласына барумен Павлодар облысы бойынша 5 туристік маршрут әзірленді.
 
ЖАСТАР САЯСАТЫ
Облыста 14-29 жас аралығындағы жастар саны 173515 адамды құрайды (облыс халқының жалпы санының 22,9%-ы), оның ішінде 130718 адам (жастардың жалпы санының 75,3%-ы) – қалада, 42797 (жастардың жалпы санының 24,7%-ы) ауылдық жерде тұрады.
2015 жылы облыстық Жастарға қызмет көрсету орталығымен жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша 8589 консультация өткізілді.
Барлық қалалар мен аудандарда әкімдердің басшылығымен жастар ісі және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңестер қызмет жасайды. 2015 жылы барлық деңгейдегі кеңестердің 49 отырысы өтті, онда 150-ден аса мәселе қаралды.
Одан басқа, барлық қалалар мен аудандарда Жастар бастамаларын дамыту орталықтары, Жас мемлекеттік қызметшілер, жұмыс істейтін жастардың, жас ғалымдар кеңестері қызмет етеді.
2014-2015 жылғы ТжКББ және ЖОО мекемелерінің түлектерін жұмысқа орналас-тыру бойынша жұмыс жүргізілді. Жұмысқа 6156 адам немесе жалпы түлектер санының 73,7%-ы орналасты.
Жастардың еңбек биржасы арқылы 570 адам немесе жүгінгендердің 81,9%-ы жұмысқа тұрды.
2015 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша 264 жас отбасы тұрғын үй алды, 160 жас адам – халықтың аз қамтылған жіктері санатынан.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында жастардың қатарынан 951 адам кәсіпкерлік негіздерге оқытылды, 20 Start-up жобасы мақұлданды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2015 жылы 30 жоба сайысқа түсті (20% - жастар қозғалысын дамытуға, 30% - уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға, 30% - азаматтық және патриоттық тәрбиеге, 20% - басқа бағыттарға).
2015 жылы 98 мың адам қамтылып, 1300-ден астам іс-шара өткізілді (облыс жастарының 55%-ы).
 
ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
Жаппай тәртіпсіздікті бақылау үшін жинақ жасақтары, ЖҚАЖ арттехқару-жарақ мүлкімен, әлсіз қорғану құралдарымен, автокөлікпен 100% жасақталған.
2015 жылы ІІД жол-патрульдық қызметіне «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешенінің стационарлық постары, бейне/аудио фиксациясының көпфункциялық құрылғылары, автокөліктің спутниктік мониторингінің GPS-контроллерлері, радиостанциялар алынды.
Өңір жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар 2015 жылы жол-көлік оқиғаларын 2,4%-ға, зардап шеккендер санын – 2,8%-ға төмендетуге ықпал етті.
2015 жыл ішінде құқық қорғау органдарымен 60 жеделіздестіру іс-шарасы өткізілді (2014 жылы – 58).
Облыста жергілікті полиция қызметі құрылды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2015 жылы 17718 қылмыс тіркелді, бұл 2014 жылға қарағанда 13,5%-ға артық.
Ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы ашылуы 47,8%-дан 58,8%-ға дейін жақсарды.
Облыстың құқық қорғау органдары 4626 қылмыс жасаған тұлғаны анықтады, бұл 2014 жылға қарағанда 6,4%-ға артық.
 
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ
Облыста 710 ҮЕҰ жұмыс істейді, азаматтық сектордың 200 өкілі өз қызметін белсенді атқаруда.
Этносаралық, тіл және діни қарым-қатынастарды сақтау және нығайту үшін 24 облыстық этномәдени бірлестік, облыстың қалалары мен аудандарында 83 этномәдени бірлестік, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 13 филиалының қызметі қамтамасыз етілуде. 2015 жылы финн-угор этностарының жаңа этномәдени бірлестігі тіркелді.
Қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен қоғамдық келісім, ақсақалдар, жастардың кеңестері жұмыс істейді.
2015 жылы облыста 745,3 млн. теңгеге 152 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды, оның ішінде: 54 – халықтың әлжуз топтарын қолдау бойынша, 42 – мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша, 31 – қоғамдық келісім және ішкі саяси тұрақтылықты нығайту бойынша, 14 – салауатты өмір салтын насихаттау бойынша және 11 – басқалары.
32 кәсіподақ ұйымының, 1347 бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметтері белсенді іске асырылуда.
Облыста Қазақстан Республикасында тіркелген 6 саяси партияның филиалы жұмыс істейді: «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Павлодар облыстық филиалы, «Бірлік» партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, «Нұр Отан» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
Түрлі меншік үлгісіндегі 105 бұқаралық ақпараттық құралы тіркелді, оның ішінде 83-і – мерзімді басылым, 22-сі – электронды ақпараттық құрал.
Отандық контентпен қамту аймағы ұлғаюда. «Отау ТВ» цифрлық хабар тарату абоненттерінің саны 42 мыңнан астам үй шаруашылығын құрайды.
Заңға қайшы келетін акцияларды және қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарға жол бермеу үшін барлық қажетті ескерту-алдын алу іс-шаралары қамтамасыз етілуде.
Өзгертілді: 05.02.2016 17:35
Орналастырылды: 05.02.2016 18:07
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Халықтық IPO бағдарламасы
    Халықтық IPO бағдарламасы
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_