Басты бет      Сайт картасы 2010 жылғы 9 қыркүйек, бейсенбі
Облыс жөнінде
русскийenglish
Фотогалерея
Сауалдама
Павлодар сіз үшін:
Әлемдегі ең жақсы жер
Өнеркәсіптік орталық
Қазақстандағы ең әдемі қала
Кіші Отан
сайт бойынша іздеу...
Жаңалықтарға жазылу
E-mail

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ


ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   1 2 345
6 7 8 9 101112
13141516171819
20212223242526
27282930

  2010
  2009
  2008
 
Облыс тарихы
Археологиялық зерттеулер Ертіс өңірінде тарихқа дейінгі кезде адамдар саны көп тайпалар өмір сүргенін көрсетеді. Ежелгі адамдардың тұрақтау іздері Баянауыл ауданында, Ертіс өзенінің жиегінде табылды. Тастан жасалған қарулар, жебелер мен найзалардың кремнийден жасалған ұштары табылды. Мыңжылдықтар өз кезегімен өтіп жатты, Ертіс өңірінде тұрып жатқан түрлі тайпалардың мәдениеті өзгеріп отырды. Бұнда қимақтар, үйсіндер, қаңлылар, наймандар көшіп жүрді.
Қазіргі заманғы Ертістің Павлодар өңірі аумағына жасалған бірінші  экспедициялар Сібірде мемлекеттік биліктің нығайтылуынан және Тобол губерниясын белгілегеннен кейін басталды.
Коряков пошталық форпост Ертістің жағасында 1720 жылы пайда болды. 1838 жылы форпост аттас станица болып өзгерді, ал 1861 жылы -  Павлодар қаласы деп аталды. Сол жылдары 19-шы ғасырдың басында ауыл шаруашылығының өсуі, ауылшаруашылық шикізатты қайта өңдеу салаларының, тау-кен ісінің дамуы көзделіп еді. 19-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап Екібастұзда көмір өндіруді әзірлеу жұмысы, Коряков және Үлкен Қалқаман көлдерінде тұз өндірісі жүргізілді.
20-шы ғасырдың бірінші жартысында Құлынды-Павлодар (1923) темір жолының құрылысымен және Ертісте кеме қатынасының дамуымен шаруашылық тез қарқынмен дамыды. 1938 жылы облыс орталығы болған Павлодар кеме қатынасы бар Ертіс өзені мен темір жолдың қиылысында қалып, Екібастұз, Орал, Сібірмен тұрақты байланыс орнатты. Бұл қала мен облыс экономикасының одан әрі дамуына негіз болды. Шағын шеберханалардың орнында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бой көтерді.
1956 жылдан бастап Павлодар тың және тыңайған жерлерді игеру орталықтарының бірі болды. Тыңды көтеру нәтижесінде облыстың егістік аумақтары он есе көбейді. Көмірді өндіру және тың игеру Павлодар облысындағы өндірістік күштерінің дамуына мықты серпін берді.
Қолайлы экономикалық-географиялық орналасуы, бай ресурстары, көлік жолдары мен Ертіс-Қарағанды арнасының бар болуы 1957 жылы құрамына Павлодар, Екібастұз, Ақсу (Ермак) қалалары енген Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешеннің құрылуына әсер етті.
Арзан Екібастұз көмірі негізінде энергетикалық база құрылған және өнеркәсіптің жаңа салалары: қара және түрлі түсті металлургия, машинажасау, алюминий, мұнай өндіру және химия салалары дамыды.
Бүгінгі күні Павлодар облысы барлық облыстардың арасында жоғары өнеркәсіптік әлеуетімен ерекшеленеді, көп салалы ауыл шаруашылығы бар, ауылшаруашылық өнімдерімен өзін толық көлемде қамтамасыз етеді. Бұнда су көлігінен басқа көліктің және өндірістік емес саланың барлық түрлері дамыған.
 

Облыс жөніндеМемлекеттік рәміздерПрезидентОрталық мемлекеттік органдарМемлекеттік сатып алуларӘкім блогыВиртуалды қабылдау бөлмесіХалыққа қызмет көрсету
© "Павлодар облысы әкімінің аппараты" ММ, 2006-2010
"АқпаратТехСервис" КМК сүйемелдеуі Тел. (7182) 32-16-80, 32-89-03. E-mail: web@pavlodar.gov.kz
Страница сгенерирована за 0.31 секунды