Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Павлодар облысының оңтүстік-шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде Орталық-Қазақстандық ұсақ шоқылардың шетінде орналасқан Қазақстан Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді.
Парк 1985 жылы құрылып, Қазақстанның бірінші ұлттық паркі болып табылады. Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды.
Парктің жалпы аумағы 68 453 га. құрайды.
Географиясы
Парктің аумағы Қазақтың ұсақ шоқылары шегінде орналасқан, ол жоғарғы палеозой кезеңінің өзінде ірі таулы мекен ретінде қалыптасып, континенттік құлдыраудың ұзақ тарихын басынан кешірді, сондықтан қазіргі уақытта оның қатысты шағын биіктіктері бар (теңіз деңгейінен 400-ден 1027 м-ге дейін жоғары). Баянауылдың ең жоғары нүктесі (1027 м) — Ақбет тауы. Аңыз бойынша тау Ақбет деген қыздың құрметіне аталды, өзі сүймейтін адамға тұрмысқа бергені үшін таудан құлаған.
Парк аумағында үш ірі тұщы сулы көл - Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдері орналасқан. Олардан басқа шағын көлдер көп, кейбіреуі құрғақшылық кезде тартылып қалады.
Ең ірі көл — Сабындыкөл (тура аудармасы — «мыльное озеро»), оның жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған.
Ең мөлдір және көлемі бойынша екінші көл — Жасыбай көлі, ол таулар арасындағы қазаншұңқырда орналасқан. Жасыбай жағажайынан ашылатын көркем көрінісіне және өзінің таза суына байланысты шомылуға арналған тартымды көлдердің бірі болып табылады. Аңыз бойынша жағада басқыншылармен шайқасқан кезде қаза тапқан қазақтың Жасыбай батыры құрметіне аталған болатын.
Торайғыр көлемі жағынан үшінші және теңіз деңгейінен барынша жоғары орналасқан көлдердің бірі болып табылады. Оның суы Жасыбаймен салыстырғанда соншама мөлдір емес, сондықтан ол шомылуға келе қоймайды, бірақ онда көптеген балық бар, әсіресе сазан, осыған байланысты бұл көл көптеген балықшыларды қызықтырады. Бұл көл балалық шағы осы жерде өткен қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров құрметіне осылай аталған (көлдің жанында орналасқан аттас кентте және ақынның құрметіне аталған мұражай жұмыс істейді).
Өсімдіктер әлемі
Паркте өсімдіктің төрт түрі бар - тоғай, орманды дала, орман мен шабындық.
Парктегі өсімдік әлемінің әртүрлілігі Баянауыл қарағайы мен қара қандағашты қоса алғанда 460 түрге жуық өсімдікті құрайды. Баянауыл қарағайы тас пен өсімдіктің ғажайып үйлесімділігін жасай отырып, тастарда өседі. Парктегі өсімдіктердің әртүрлілігі оның өсімдігі тапшы шөлейт дала ортасында орналасқанын ескере отырып, ерекше таң қалдырады. Ақ қайыңмен, қарағаймен, қандағашпен және көктерекпен қоса паркте көптеген бұталар, соның ішінде жидек беретін бұталар – таңқурай, ит мұрын, қарақат, долана өседі. Шабындықтарда құлпынай жиі кездеседі. Орманда саңырауқұлақтар өседі. Паркте көнезамандық өсімдіктердің 50 түріне жуығы, көнезамандық қара қандағаш пен көнезамандық тас қарақат кездеседі.
Жануарлар әлемі
Баянауылда 50 түрге жуық құс пен 40 түрге жуық жануар өмір сүреді, олардың ішінде құндылығы жоғары жабайы орман құстары тобын, сондай-ақ архарларды, еліктерді, борсықтарды, тиіндерді бөліп атауға болады. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып келе жатқан түрі ретінде Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғалуға жататын архар парктің ерекше мақтанышы болып табылады.
Құстардан паркте тырнаны, аққуды, құтанды, дуадақты, жыртқыш құстардан – бүркітті, күйкентай мен кезқұйрықты кездестіруге болады.
Климаты
Баянауыл таулары Азиаттық материктің ортасында орналасқан, сондықтан климаты континенттік сипатта. Орта жылдық температурасы 3,2 °С құрайды. Қаңтардағы орташа температурасы −13,7 °С, ең төменгісі −17,8 °С.
Шілдедегі орташа температурасы 14,6 °С, ең жоғарғысы 32,6 °С дейін жетеді. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 140 күнді құрайды. Шөгінділердің жылдық саны жеке жылдардағы 190-нан 494 мм-ге дейінгі өзгерістермен 340 мм құрайды. Баянауылдағы желдің орташа жылдық жылдамдығы секундына 2,9 м құрайды.
Жергілікті жер үшін қатты континенттік климат тиесілі, Баянауылда Павлодар облысының далалық аудандарында болатын қатты желдер мен құмды борандар соқпайды.
Туризм
Орталық және Солтүстік Қазақстанның жақын маңындағы қалаларының туристері үшін Баянауыл өте тартымды жерлердің бірі. Парк аумағында көптеген демалыс үйлері мен аймақтары жұмыс істейді.
Паркте шомылуды, тауларда серуендеуді, шыңдарға өрмелеуді, тау велосипедтерімен жүруді қоса алғанда бірнеше демалыс түрлері бар. Көптеген демалу аймақтарында туристік экскурсиялар жүргізіледі, онда белгілі бір төлем төлеп, парктің негізгі көз тартар жерлерін – “киелі үңгірді”, “тас басты” және тағы басқаларын көруге болады. Жасыбай көлі басқа көлдер арасында суы ең таза және мөлдір болғандықтан, негізгі шомылатын жер болып табылады. Сонымен бірге оның жағасынан көркем көрініс ашылады. Дәл осы көлдің жағасында көптеген демалу аймақтары жұмыс істейді, жағажайда катамарандар, еспелі және мотормен жүретін қайықтары жалға беріледі.
Көз тартар жерлер
Туристерді Баянауылда көп ғасырлар бойы желмен және сумен мүжілгендігі нәтижесінде ғажайып кескіндерге айналған, кейбір кезде жануарларға, адамдарға немесе таудан түсіп келе жатқан жүк машинаға ұқсайтын жеке шыңдар мен тастар ерекше қызықтырады. Барынша әйгілі шыңдардың арасында — «тас бас» мүсіні, оның «Кемпір тас» деген атауы кең тараған. Белгілі бір жағынан байқап қарағанда ол шынымен шашсыз, тіссіз, кекесін зұлымдықпен күліп тұрған кемпірдің басына ұқсайды. Ғажайып түрдегі басқа тастардың арасында – түйе, мамонт пен горилланың бастары, А.С. Пушкиннің қырынан қарағандағы сұлбасы, ұшатын тарелка, динозавр, көгершін, жылқының басы және көптеген басқа да тастар бар. Шыңға өрмелеушілер арасында Бөлке тауы және Ер жүректілер шыңы, сондай-ақ ең биік тау ретінде Ақбет тауы кең тараған. Бөлке тауының шыңында құрғақшылық кезінде тартылатын алты көл орналасқан.
Бұндағы көз тартар жер — «қиелі үңгір». Сенімдер бойынша үңгірге кірген әрбір адам оның қабырғасына алақанын қойып тілек тілесе, одан кейін шыға беріске басын бұрмай үңгірден шықса, оның тілегі орындалады деп есептеледі. Сонымен бірге үңгір баласы жоқ ата-аналарға балалы болуға көмектеседі деген сенім бар, ол үшін үңгірде арнайы рәсім орындау керек екен. Бұның рас-өтірігіне қарамастан, үңгірге кіруге болатын күндері туристер көптеп келіп жатады. Ол барынша жоғары жерде орналасқан, оған апаратын тік өрдің бір жақырымдай жерін жаяу өтуге тура келеді. Соңғы жылдары жолдың соңғы аса тік бөлігінде бұл мақсаттарға арнап арнайы ағаш саты орнатылған.