Шалдай қарағайлы тоғайы 2003 жылы құрылған “Ертіс орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватының құрамына енеді.
Резерваттың аумағы - 279 мың гектар, соның ішінде 150 мың га – бұл орманды аумақтар: қарағайлы тоғайлар, көктерек тоғайлары мен қайыңдықтар. Суыртпақтап өскен тоғайлар – құм басудан қорғайтын бірегей табиғи тежеуіш, сулы қабатты сақтаушы, біздің ормандары аз даламыздың тынысы. Яғни, бүкіл аймақтың барынша тиімді экологиялық реттеушісі.
Шалдай қарағайлы тоғайы – Ертіс Павлодар өңірінің басты көз тартарлық жерлерінің бірі. Планетарлық ауқымдағы табиғат ескерткіші – ғарыштан түсірілген фотосуреттерде олар Обь пен Ертіс атты қос өзеннің арасында жіңішке және ұзын (жүздеген шақырымға созылған) қарықтар түрінде көрінеді. Олардың саны бесеу, соның ішінде екеуі ғана қазақстандық-ресейлік шекарадан асып, Ертіске жетеді: біреуі кішірек – Семейге өте жақын, екіншісі ауқымдырақ – Ертіс деп аталады – Павлодар облысында.
Пікірлердің бірі бойынша, суыртпақтап өскен тоғайлар ағаш тұқымдары мен қолайлы құмды топырағы бар ежелгі мұзарт солтүстік-шығыстан сырғи келе бірнеше жерден ормансыз даланы жырып өткеннен кейін ғана пайда болды.
Шалдай қарағайлы тоғайы ақ тиіннің жергілікті түрі – телеуітпен әйгілі. Олар мұнда көп, терісі әдемі көкшіл түсті, кеңестік дәуірде оларды кәсіптік мақсатта аулап, жүнін Италияға жіберетін, онда бағалы жүнді сол жақтың тігіншілері әйелдер әшекейлеріне белсенді енгізетін.