Станцияның құрылысы 1979 жылы басталды. ГРЭС-2 негізін салудың салтанатты рәсіміне Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.Ә. Назарбаев пен КСРО Энергетика министрі П.С. Непорожний қатысты. Техникалық-экономикалық жобаларды әзірлейтін ғылыми бөлім 1983 жылы әзірлеген жобада әрқайсысы 500 МВт 8 энергоблоктың құрылысы көзделген. Дегенмен, 1993 жылы екінші энергоблогы пайдалануға енгізілгеннен кейін станцияның одан әрі дамуы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар «СЭГРЭС-2» АҚ-да келесі энергоблоктардың құрылысы үшін маңызды дайындық жұмысы жүргізілді. Мысалы, салқындатқыш су қоймасы мен күл үйіндісі 16 энергоблокқа арналып құрылған, химия цехы 8 энергоблокқа ескеріліп салынған, отын-көлік цехы 4 энергоблоктың жұмысын қамтамасыз етуге қабілетті.
Жалпы мәліметтер
Бірінші энергоблок 1990 жылғы 25 желтоқсанда, екінші энергоблок 1993 жылғы 31 жел-тоқсанда іске қосылды. Бұл күн станцияның ғана емес, сонымен бірге қаланың да тарихындағы маңызды оқиға болды – оның іске қосылуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты.
ЭГРЭС-2 электр қуатын күлділігі жоғары Екібастұз көмірінен әрқайсысы 500 МВт екі энергоблок арқылы өндіреді, белгіленген қуаттылығы – 1000 МВт. Оның екі энергоблогы бүгінгі күні республикада өндірілетін барлық электр қуатының 12% жуық бөлігін өндіреді. ГРЭС-2 энергиясы Қазақстанның сол түстігін қамтамасыз етуге арналған. Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Ресейдің де ондаған кәсіпорындары тұтынушылары болып табылады. Олардың арасында «Қазақстанның темір жолдары» РМК, «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Ертіс-Қарағанды арнасы. 2005 жылдың соңында Екібастұз ГРЭС-2 негізінде бірлескен қазақстандық-ресейлік энергетикалық кәсіпорны құрылған. Сол кәсіпорын акцияларының 50% «СамұрықЭнерго» АҚ-ға енетін «Екібастұз энергоорталығы» АҚ-ға тиесілі, акцияларының екінші бөлігі «ИНТЕР РАО ЕЭС» ЖАҚ-ға тиесілі. Осыған байланысты энергетика саласын дамытудың 2015 жылға дейінгі республикалық бағдарламасын іске асыру мақсатында «КазНИПИЭнергопром» ЖШС «СЭГРЭС-2» АҚ-ның тапсырмасы бойынша 3 және 4 блоктар құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірледі. Негізгі энергетикалық құрал-жабдықтың параметрлері мен оларды жасау мерзімдері өндіруші заводтармен келісілген. 3 энергоблоктың құрылысын бастау 2008 жылы жоспарланып отыр. ҚР Президентінің “қолданыстағы қуаттарды қайта жаңарту және өндіруші қуаттарды салу міндеттерін жүйелі шешуге” көңіл аудару туралы тапсырмасын орындау мақсатында станцияның техникалық жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстарды орындаудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп, табысты іске асырылуда, ол үш кезеңнен тұрады, акционерлік қоғамның инвестициялық саясатын нақты көрсетеді.
Атмосфераға түтінді газдардың шығуы биіктігі 420 метр түтін шығаратын құбыр арқылы жүзеге асырылады. Ол әлемде ең биік түтін шығаратын құбыр ретінде Гиннес рекордтарының кітабына енгізілген. 2007—2009 жылдары станция бағдарламаның келесі өте маңызды кезеңін «Альстом» фирмасының тиімділігі жоғары электрсүзгілерін орнатуды жүзеге асыратын болады. Бұл станцияның атмосфераға шығарындыларын барынша азайтуға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде Павлодар облысы аймағындағы экологиялық жағдайды жақсартады.