rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

Жалпы ақпарат

Павлодар  облысы – Қазақстанның ірі индустриялық және экономикалық дамыған өңірлерінің бірі.
Облыс аумағы -  124,8 мың шаршы  км (республика аумағының 4,6%). Павлодар облысы еліміздің солтүстік-шығысында орналасқан және Ресей Федерациясымен шектеседі.  
Облыста соңғы бірнеше жылдар ішінде макроэкономикалық  көрсеткіштер өзгерістерінің жағымды серпінін қамтамасыз еткен, қолайлы экономикалық жағдай қалыптасып отыр. Өндірістің өсу қарқынымен бірге халықтың кірісін арттыруға қол жеткізілді.
2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі статистикалық мәліметтерге сәйкес ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп неғұрлым көбірек үлес салмақты алады – 35,0%, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп - 24,2%, энергетика – 7,5%, тау-кен өнеркәсібі – 2,7, сумен жабдықтау– 0,6%.
Павлодар облысы Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат  кешенінде жетекші орындардың бірінде тұр. Көптеген пайдалы қазбалардың қорлары жалпы республикалық маңызға ие.
Өңір аумағында еліміздегі 35,7% көмірдің, 16,0% никельдің, 5,2% алтынның, 3,7% мыстың, 2,3% молибденьнің, 0,9% мырыштың, 0,3% қорғасынның баланстық қорлары шоғырланған.
Облыста бекітілген пайдалы қазба қорларымен  142 кен орыны бар, соның ішінде: пайдалы металл қазбасы мен көмірдің 35 кен орыны, жалпы кең таралған пайдалы қазбалардың  107 кен орыны.
Павлодар облысы прогрессивті және  диверсифицияланған экономика құрылымымен сипатталады. Бұл жерде елдің өнеркәсіп өндірісінің 7,3 % шоғырланған.
Павлодар облысы Қазақстанның дамыған  индустриялық өңірлерінің бірі болып табылады. Еңбектің жалпыреспубликалық аумақтық бөлінісінде жетекші орынды иеленеді: өңірде өндірілетін көмірдің 59,5% шоғырланған, 73,7% - ферроқорытпа өндірісі, 43,3% - бензин өндірісі және  99,9% - глинозем және өңделмеген   алюминийдің  республикалық өндірісі.
Өнеркәсіп өндірісінде облыс халқының төрттен бірі жұмыс істейді.
15 жүйе құраушы кәсіпорын барлық өнеркәсіп өндірісі көлемінің шамамен  80%-н  қамтиды.
Облыстың сыртқы сауда көлемі 2015 жылғы 10 айда 2,31 млрд.долларды  құрады.
Есептік кезеңде экспорт 1,02 млрд.долларды құрады. Өңірдің негізгі экспорттық өнімі: кен өндіру (көмір), металлургия (алюминий, алюминий тотығы) химия (полипропилен, хлор) салалары болып табылады. Өнім импорты - машина жасау, химия, металлургия, сондай-ақ мұнай және өзге де өнімдер 2015 жылғы 10 айда 1,29 млрд.долларды құрады.
Облыстың негізгі сауда әріптестері Ресей, Қытай, Түркия, Нидерландия, Германия, Италия болып табылады.
Тиімді географиялық орналасуы, дамыған халықаралық және аймақаралық байланыстар; дамыған өндірістік базаның, жобаларды іске асыру үшін елеулі табиғи ресурстар мен жер учаскелерінің болуы; дамыған көліктік-логистикалық инфрақұрылымның; білікті еңбек ресурстарының болуы облыстың инвестициялық тартымдылығын құрайды.
Ресурстық әлеуетті толық пайдалану мақсатында облыста «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы құрылды.
«Павлодар» АЭА негізгі бағыты – бұл  экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер енгізу.
Қазіргі уақытта АЭА аумағында инвестиция көлемі 40,0 млрд. астам болатын 5 жоба іске асырылудың белсенді сатысында.
Электрмен қамтамасыз ету объектілері, техникалық су құбыры, қоршау және кедендік терминал құрылысы аяқталды.
АЭА қатысушылары үшін кедендік және салықтық жеңілдіктер әрекет етеді.
Павлодар облысының әкімдігі қолайлы инвестициялық ахуал жасауға, өңірімізге ауқымды экономикалық әлеуетке және бай табиғи ресурстарға ие шетелдік іскери және қаржылық топтарды тартуға қызығушылық білдіреді.
2015 жылы негізгі капиталға инвестиция 2014 жылға қарағанда 22,9%-ға өсіп, 448,2 млрд. теңгені құрады.
Облыстар рейтингінде осы көрсеткіш бойынша біз 6-орында тұрмыз. Бізден ҚР-ның мұнай мен газ өндіретін өңірлері, сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары алда.
2015 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққанда инвестиция көлемі 591,1 мың  теңгені құрады. Осы көрсеткіш бойынша біздің өңір Атырау, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан кейін 4-орында тұр.
Салалар бөлінісінде негізгі капиталға инвестициялар бойынша Павлодар өңірі 1 орында, өңдеуші өнеркәсіп көрсеткіштері бойынша - 233,0 млрд.теңге.
Сондай-ақ жан басына шаққанда өңдеуші өнеркәсіптегі инвестиция бойынша біз бірінші ұстанымда тұрмыз – 307,2 мың теңге және Атырау (209,2 мың теңге), Қарағанды  (61,9 тыс.тг) және өзге де облыстардан елеулі алдамыз.
2015 жылғы сыртқы инвестицияның жалпы көлемі  181,9 млрд. теңгені құрады, бұл Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан  кейін 4-орынды ұстауға мүмкіндік берді.   
Жан басына шаққанда сыртқы инвестиция көлемі 239,9 мың теңгені құрады – ҚР бойынша 3 орын.
Инвестицияның салалық құрылымында неғұрлым тартымды: өңдеуші өнеркәсіп – 36,4%, электр энергиясы – 24,1%, кен өндіру секторы – 7,2%, өзге де сала – 32,3%.
Облыс аумағынан байланыстырушы төрт автомагистраль, теміржол көліктік дәлізі (Оңтүстік Сібір және Орталық Сібір теміржол магистралі), кеме жүзетін трансшекаралық Ертіс өзені өтеді (ұзындығы 720 км),  көліктің авиациялық және құбыр өткізу түрлерімен тасымалдау жүзеге асырылады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту көліктің барлық түрлерімен тасымалдау көлемін арттыруға мүмкіндік береді және көліктік-логистикалық қызметті жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасап, баға мен маркетингтік саясатты жақсартады.
Осы мақсатта Қазақстан шекаралық көліктік-логистикалық орталықтар желісін құру мәселесін көтеріп отыр. Біздің облыс Қытайдан Ресейге және Орталық Азияға жол ашып, Батыс пен Шығыс арасындағы  құрлық көпір бола алады.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті мен Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік субъектілеріне тауар нарықтарындағы бағалардың алыпсатарлық өсуіне жол бермеу туралы бірлескен үндеуі

Алыпсатарлық бағалар тәуекелі ең алдымен бірінші кезекте қажет азық-түлік тауарларына, жоғары тұтынушылық сұранысқа ие (автомобильдер, ұйымдастырушылық техника, тұрмыстық химия заттары және т.б.),сондай-ақмультипликативтік әсері бар азық-түлікке жатпайтын тауарларға (мұнай өнімдері, тауарлық және сұйытылған газ, көмір, мазут және т.б.)қалыптасқан жағдайда, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті мен Павлодар облысының  Кәсіпкерлер палатасы халық үшін  сауда мен қызметтер салаларының кәсіпорындарына, сондай-ақ  отандық  тауар өндірушілерге  тұтынушылар тарапынан дүрлігуге және наразылыққа итермелемей  қалыпты жұмыс режимін сақтауға  шақырады.
Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайда барлық бизнес-қоғамдастықтары мен мемлекеттік органдардың бір жағынан  нарық субъектілері тарапынан  алыпсатарлық, ал екінші жағынан – билік өкілдері тарапынан теріс пайдалану және негізсіз бақылау және  санкциялық іс-қимылдар  фактілерінің туындау тәуекелдеріне алып  келмеуі тиіс  бірлескен конструктивтік  іс-қимылға  күштерді жұмылдыру маңызды деп санаймыз.
 
Монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілері бойынша  тергеу ашуға  құқылы.
Сонымен, тергеуді бастауға нарық субъектілерінің мынадай алыпсатарлық (немесе үстем жағдайды теріс пайдалану) фактілері алып келуі мүмкін:
- монополиялық жоғары бағаны белгілеу;
- өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде сұранысқа ие тауарларды өндiру және өткізу бойынша негізсіз шектеулер енгізу;
- тауарды өнім айналымнан алып қою арқылы нарықта жасанды тапшылық жасау («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 13-бабы).
Сондай-ақ:
- тауарларды сатып алу немесе өткізу  бағаларын не басқа шарттарын белгiлеу және (немесе)қолдау; 
- тауарларды өндіру мен өткізуді негізсіз шектеу («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 10,11-баптары)бойынша нарық субъектілерінің келісімдері және (немесе) келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынады. 
Мұндай іс-әрекеттерді жасау барлық монополиялық табысты тәркілеп (ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы)3%-дан 5%-ға дейін айналым айыппұлдарын салуға әкеп соғады.  
Бұдан басқа, аталған бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 221-бабы)көзделген.
 
Сонымен қатар, монополияға қарсы тергеуге жол бермеу үшін ескертілетін ықпал ету шараларын қолдану кезеңінде нарық субъектілерін өз қызметін негізді бағалық және сауда саясатын жүргізіп, қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте, объективті мән-жайларды, оның ішінде:   
- өнім қалдықтарының (қорының) бар болуы;
- өнімді өндірудің нақты өзіндік құнының немесе сатып алу құнының өзгермейтіндігі;
- өткізілетін өнімнің  артуы өнімнің өзіндік құнының не өнімнің сатып алу құнының артуына пропорционалды болуы (мысалы, сатып алу не өзіндік құн бар болғаны 5%-ға ұлғайған кезде тауарды өткізу бағасының 20%-ға негізсіз ұлғаюы).
 
Монополияға қарсы органның қызметкерлері әкімдіктер жанынан құрылған бағаларды бақылау бойынша жедел штабтардың құрамына кірді, онда монополияға қарсы ден қою құралдарының елеулі жинағын ескере отырып, қалыптасқан жағдайда олар белсенді рөл атқаратын болады. 
Тергеулерден басқа, монополияға қарсы орган негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларына күн сайын мониторинг жүргізетін болады. 
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының  күшімен аталған штабтарда  өз өкілдіктерін  қамтамасыз етеді,  олардың міндеті:
- бизнес-қоғамдастықтармен, сауда желілерімен, базарлармен және ОТП бағаларды негізсіз  көтеруіне жол бермеу  жұмыстарын ұйымдастыру;
- жергілікті атқарушы органдар тарапынан асыра сілтеуге  жол бермеу (өкілеттіктерін асыра пайдалануға  бақылаушы мемлекеттік органдарды  тарту,  баға саясатын таңу және т.б.);
- халық үшін  аса маңызы тауарлар мен қызметтердің бағаларына талдау жұмыстарын ұйымдастыру және  мониторинг жүргізу болып табылады.  
 
Бағалардың күрт өсу фактілері бойынша ҚР ҰЭМ ТМР ж БҚК Павлодар облысы бойынша департаментінің  8 (7182) 32-25-05 сенім телефоны арқылы хабарласуға, сондай-ақ ресми өтініштермен жүгінуге болатынын азаматтарға хабарлаймыз.
Кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтарға  барлық  толғандырып отырған мәселелер бойынша  облыстың  Павлодар облысының  Кәсіпкерлер  палатасы кеңесшілерімен тұрақты байланыс  жұмыс істейді тел8 (7182) 67-62-21, факс: 8 (7182) 67-62-22, электрондық пошта: pavlodar@palata.kz, сайт: www.pavlodar.kz).
Өзгертілді: 28.08.2015 10:28
Орналастырылды: 01.09.2015 10:57
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Халықтық IPO бағдарламасы
    Халықтық IPO бағдарламасы
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_