rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Табиғи ресурстар

Табиғи ресурстар

Ұлттық ағаш отырғызу күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы жылдың 18 сәуірінде өткізілетін «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» республикалық науқанын жария еткен.
Бұл шараның мақсаты – халық арасында орманға жанашырлықпен қарауды насихаттау.
Құрастырылған «Ұлттық ағаш отырғызу күні» экологиялық науқанын өткізу шараларының жоспарына сәйкес Облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы берілген шараны үйлестіруде.
Берілген шараға қалалық және аудандық әкімдіктер, мемлекеттік органдар, облыс табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелері, экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығы, «Дендро», «Озеленитель плюс», «Горзеленстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Флора» шаруа қожалығы және жоғары оқу орындарының оқушылары қатысады. Сонымен қатар барлық тілек білдірушілер науқанға қатысуға шақырылады.
Байланысу ақпараты: Жеңіс алаңы 17, 239 кабинет, телефоны: 323697, beschenbaev.talgat@pavlodar.gov.kz
Қатты пайдалы қазбалары бойынша
 
Облыста қатты пайдалы қазбалардың (ҚПҚ) 35 кен орны бар, оның 17-нде әзірлеме (13 кәсіпорын) жасалып жатсатөртеуіне барлау жүргізілуде.
Орындалған қаржылық міндеттемелер көлемі жоспарда 109,1 млрд. теңге болса, 2014 жылы 122,1 млрд. теңгені (2013 жылы – 115,5 млрд теңге) құрады, ал жоспар бойынша 84,8 млрд теңге болатын инвестициялар көлемі 92,7 млрд теңгеге (2013 жылы - 84,8 млрд. теңге) жетті.
Өндіру көлемі жоспарда 84 млн тонна болса, осы аралықта 68,7 млн тоннаны құрады.
 
Өңірдің инфрақұрылымы мен әлеуметік саласының шығындары жоспар бойынша 99,4 млн теңге, нақты 64,8 млн теңге (2013 жылы – 73,6 млн. теңге) кеткен, қазақстандық қызметкерлерді оқыту шығындары жоспарда 74,1 млн теңгені құраса, істе 173,1 млн теңге (2013 жылы – 132,5 млн. теңге) жұмсалған, ал салық және салықтық төлемдер 17,2 млрд теңге (2013 жылы - 14,8 млрд. теңге) көлемінде төленді, оның ішінде:
- бағалау салығы – 1,38 млрд. теңге;
- әлеуметтік салығы – 1,37 млрд теңге;
- қоршаған ортаға ластанудағы төлем – 1,5 млрд. теңге;
- басқа салықтар мен төлемдер – 4,4 млрд. теңге.
 
2013 жылмен салыстырғанда жер қойнауы саласында оң серпін байқалады. Осылайша, қаржылық міндеттемелер көлемі 6%-ға, инвестициялар - 9%-ға, салықтар мен төлемдер 16%-ға артқан. Өңірдің әлеуметтік және инфрақұрылымындағы шығындар 12%-ға, ал өндіру көлемі 7%-ға азайған.
13 қатты пайдалы қазбалардың пайдаланушысының алтауы басқа облыстарда (4 – Алматыда: «Kazakhmys Bozshakol» ЖШС, «FonetEr-Tai АК Мining» ЖШС, «Достық» ЖШС, «FonetEr-Tai АК Мining» ЖШС, «Автотранссервис» ЖШС; 1 – Астанада «ГОК Төрт-Құдық» ЖШС, 1 – ШҚО «ФМЛ Қазақстан» ЖШС) тіркелген. Бүгінгі күні 6 кәсіпорынның төртеуі тіркелген: «ГОК Төрт-Құдық» ЖШС, «FonetEr-Tai АК Мining» ЖШС, «Автотранссервис» ЖШС, «KAZMinerals Bozshakol» ЖШС.
 
Кең таралған пайдалы қазбалар
Облыста кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 31 пайдаланушы тіркеліп, 37 келісімшарт жасалған, ал 67 кен орны бос тұр. 
Басқарма қаңтар айында жер қойнауын пайданушылардың 2014 жылғы міндеттерін атқару бойынша есептемелерін тыңдап, мынандай қорытындылар шығарды:
Қаржылық міндеттемелер көлемі жоспар бойынша 3,9 млрд. теңге болса, нақты 4,9 млрд. теңгені (2013 жылы – 5 млрд. теңге) құрады.
Инвестициялар көлемі 3,7 млрд. теңгені құраса, жоспарда 3,1 млрд. теңге (2013 жылда – 3,7 млрд. теңге), өндіру көлемі 3,9 млн. м3 болса, жоспар бойынша 4,2 млн. м3. 
Өңірдің инфрақұрылымы мен әлеуметік саласындағы шығындар 15,4 млн. теңге, жоспарда 15,4 млн. теңге немесе 100% (2013 жылы – 10,97 теңге) орындалған, ал қазақстандық жұмысшыларды оқытуға жоспар бойынша 23,0 млн. теңге жұмсау керек болса, 23,5 млн. теңге (2013 жылы – 6,3 млн. теңге) шығындалды.
Жер қойнауын пайдаланушылар салығы мен төлемдері 535,2 млн. теңгеге (2013 жылы 607,7 млн. теңге) жетті, соның ішінде:
- әлеуметтік салық – 60,4 млн. теңге (2013 жылы - 172,8 млн. теңге);
- өндіру салығы - 141,8 млн. теңге (2013 жылы 60,8 млн. теңге);
- басқа да салықтар мен төлемдер - 332,8 млн.теңге (2013 жылда 421,5 млн. теңге).
 
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру
Өңірде 4 кен орны құрылыс тасын өндіреді, осы күнге дейін 1,8 млн. кубометр тас шығарылған. 
Құрылыс құмын 7 кен орны шығарады, 574,2 мың кубометр алынған.
Қиыршық тас-құмы 5 кен орнында өндірілсе, бүгінде 561 мың кубометр шығарылған.
Балшық 5 кен орнында алынса, 49,3 мың кубометр шығарылған.
Әктасты бір кен орны шығарады, қазірде 767 мың кубометр алынған.
Тұзды 5 кен орны өндірумен айналысады, 156,2 мың кубометр шығарған. 
Өткен жылы келісімшарт міндеттерін орындау мониторингі қорытындысы бдойынша 37 кең таралған пайдалы қазбалар келісімшартының 8-нде қаржылық міндеттемелер орындалмаған, оның ішінде 6 міндеттеме 70%-ға орындалған.
2014 жылы келісімшарт міндеттемелерін орындамаған жер қойнауын пайдаланушыларға 37 ескерту жіберілді.
6 жер қойнауын пайдаланушымен жасалған 9 келсісімшарт бұзылған.
Қосымша кіріс көзін іздестіру шаралары жоспарын іске асыру аясында өңірдің әлеуметтік дамуына жолданатын жыл сайынғы аударымдарды 36 млн. теңгеге арттыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін бақылау бойынша жұмыс тобы құрылып, аймақтың әлеуметтік саласы мен инфрақұрылымын дамытуға жолданатын аударымдар бойынша келісімшарт міндетемелерін орындамаған жер қойнауын пайдаланушылармен кеңес өткізілді.
Сонымен қатар 2014 жылы ҚПҚ бойынша 5 эксперттік комиссия отырысы өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 5 жер қойнауын пайдаланушының аударымын арттыру жөнінде шешім қабылданды: 
1) «Сольхимпром» ЖШС – 210 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін;
2) «Геодезия и Картография-ПВ» ЖШС – 400 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін;
3) «Павлодар өзен порты» АҚ – 64 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін;
4) «Шығыс жолдары» ЖШС - 16 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін; 
5) «АТА-И-А Company» ЖШС - 100 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін.
 
«Екібастұз» кен орнында өндіру кезеңіне ауысуға байланысты «Павлодар-Неруд» Компаниясы» ЖШС келісімшартында 2014 жылдан бастап 5 млн. теңге аударым жасау ескертілген.
Бос кен орындарын игеру мүмкіндігінің бірі индустриялық-инновациялық қызмет субъекттерімен тікелей келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша келісімшартты жасау болып табылады. Сол себепті «ЕЭК» АҚ-ға және «KSP Steel» ЖШС-ке екі аумақ бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілген.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу үшін оңтайланған тәртіппен шарт жасаусыз-ақ 16 жер қойнауын пайдалануға рұқсат берілген, соның ішінде 14 – барлауға және 2 - кең таралған пайдалы қазбаларды шығару. 
Рұқсат қағаздарының басым бөлігі Орта-Шығыс дәлізін ұйымдастыру үшін берілген. Астана-Павлодар бағытындағы шағылдың жалпы көлемі 2 млн. кубометр, құм-қиыршық тас қоспасы 1,6 млн. кубометрді құрады.
2014 жылы осы кәсіпорындар қол қойған бонустер бойынша 4 млн. теңге сомаға төленсе, коммерциялық бонустар 744 мың теңге көлемінде төленген.
Сонымен қатар басқарма «ҰК «ӘКК «Павлодар» АҚ тура келіссөздер жүргізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру жұмысын жүргізеді.
Қазіргі кезде ӘКК орындауында инвестиция көлемі 35,1 млрд. теңге болатын 19 жоба бар, соның ішінде:
- қатты пайдалы қазбалардың 9 жобасы;
- кең таралған пайдалы қазбалардың 8 жобасы;
- техноген минералдық құралудың 2 жобасы.
2014 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке 39 млн. теңге салық пен түрлі төлемдер түскен.
Павлодар аймағында қуаты жылына 15-20 млн силикат кірпішін шығаратын жалғыз зауытты шикізатпен қамтамасыз етуші «Павлодар Оңтүстік-Батыс» кен орнының құрылыс құмын шығару жобасы жүзеге асырылуда.
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Халықтық IPO бағдарламасы
    Халықтық IPO бағдарламасы
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_