rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі

Білім беру

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым - 2016» қонкурсының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын беру тәртібі және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 544 бұйрығы және «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес, ағымдағы жылғы 15 наурыздан 15 шілде аралығында Павлодар облысында грант беру конкурсы өтті.
Қазылар алқасы құрамына облыс әкімінің орынбасары М.Р. Бегентаевтың төрағалығымен білім беру саласындағы бақылау департаменті, білім беруді дамытудың инновациялық орталығы, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, ауылдық, қалалық және облыстық мектеп директорлары, білім беру басқармасының қызметкерлері енді.
Облыстық турға барлығы 17 жалпы білім беретін мектеп қатысты, олардың ішінде, 11 ауылдық, 3 қалалық, 3 облыстық.
Облыстық дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты облыстық «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсының жеңімпазы атанып, сомасы 18287200 теңгеге грант сертификаты берілді. «Үздік ауылдық жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша  конкурс  лауреаты  Ертіс ауданының № 2 ЖОМ, «Үздік жалпы білім беретін мектеп» номинациясы бойынша Екібастұз қаласының С. Торайғыров атындағы № 22 гимназия-мектебіне сертификат беріліп, лауреат атанды. Лауреаттар құнды сыйлықтармен ноутбук, теледидар, фотоаппаратпен марапатталды.
Өзгертілді: 27.10.2014 09:27
Орналастырылды: 20.12.2016 10:18

Қосымша білім беру

Балалар мен жасөспірімдердің дамуы және ұйымдастырылған демалысты қамтамасыз ету үшін облыста 89 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды (44 мектептен тыс ұйым және 45 аула клубы). 5 қала сыртындағы жазғы лагерь бар. Оқу орындарының базасында қызметтің түрлі бағыттары бойынша 4102 үйірме, клуб жұмысы ұйымдастырылған. Оқушыларды қосымша білім берумен қамту жалпы 92,7% құрайды.
Облыстық М. Катаев атындағы оқушылар сарайы қосымша білім беру орталығы болып табылады, мұнда 4,2 мыңнан аса баланың қамтылуымен 366 студия мен үйірме жұмысы жүргізіледі.
Қосымша білім беру ұйымдарының 811 тәрбиеленушісі республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары болып табылады.
ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2016 жылғы 21-22 қаңтарда Екібастұз қаласы әкімдігінің қолдауымен Екібастұз қаласы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде қосымша білім беру ұйым басшыларының республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.
2016 жылы облыста алғаш рет робот техникасынан жарыстар өтті.
2016 жылғы 29 қыркүйекте Павлодар қаласының «Сарыарқа» шағын ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен 502 оқушының қамтылуымен балалар техникалық мектебі ашылды.
2016 жылғы 30 қарашада Лебяжі ауданы Аққу ауылында 300 оқушының қамтылуымен балалар өнер мектебі жұмыс жасайтын болады.
Облыстық М. Катаев атындағы оқушылар сарайы, Павлодар қаласының балалар техникалық мектебі, Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, Екібастұз қаласы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің жұмыс тәжірибелері республикалық деңгейде талдап қорытылды.
Өзгертілді: 27.10.2014 09:29
Орналастырылды: 09.12.2016 15:27

Арнайы білім беру

Облыста 0 және 18 жаста 185,8 мың бала, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 6322 (балалардың жалпы санынан 3,4%), оның ішінде 1742 мүгедек (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санынан 27,5%) бала тұрады.
383 мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кедергісіз орта жағдайы жасалған (63,4%).
7 арнайы жалпы білім беретін мектепте және мектеп-интернаттарында 814 бала білім алуда (мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санынан 19,0%).
Облыстық арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты базасында көру қабілеті бұзылған балаларға арналған сыныптар жұмыс істейді, мұнда 59 бала білім алуда. Аталған категориядағы балаларды оқыту арнайы жағдай жасалған мектеп-интернатта жүзеге асырылады: портативті электронды лупалар, тифлокешендер, брайлев дисплейлері, оқушылардың интеллектуалдық қызметін ынталандыру үшін компьютерлік дамыту ойындары пайдаланылады.
3235 адам инклюзивті білім берумен (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санынан 51%), оның ішінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінде дамуы тежелген балаларға арналған арнайы сыныптарда оқумен қамтылған.
Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдар жанынан 3393 бала баратын 142, оның ішінде балабақшалар жанынан 2161 баланың қамтылуымен 89 пункт, мектептер жанынан 1232 баланың қамтылуымен 53 логопед пункті жұмыс істейді.
Павлодар қаласының № 15 жалпы орта білім беретін мектеп базасында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 10 сынып қызмет етеді, мұнда 80 бала білім алуда.
2016 - 2017 оқу жылында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 196 мүгедек бала білім алуда.
Өзгертілді: 14.11.2014 11:17
Орналастырылды: 09.12.2016 15:26

Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыстың шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен өнеркәсіп объектілері үшін кадрларды даярлауды 49 колледж жүзеге асыруда, олардың ішінде, мемлекеттік емес – 15. Бүгінгі күні контингент 20,8 мың студентті құрайды, олардың ішінде, оқудың күндізгі нысаны бойынша - 17,5 мың, оның ішінде, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша - 11,7 мың (67%).
Облыста 79 мамандық бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылуда. Оның ішінде, техникалық мамандықтар бойынша - 42,4%, білім беру мамандықтары бойынша – 15,5%, сервис, экономика және басқару – 11,2%, байланыс және телекоммуникация – 8,6%, медицина – 7,2%, ауыл шаруашылығы – 5,9%, гуманитарлық – 5,7%, мәдениет және өнер – 3,5%.
Ағымдағы оқу жылында 4210 адам 24 жұмысшы мамандығы бойынша тегін білім алуда.
2014 жылдан бастап облыста «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін – 2050» әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Бүгінгі күні облыстағы алты колледжде: технологиялық, бизнес, көлік және коммуникациялар, химия-механикалық, Красноармейка аграрлық-техникалық және Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінде 9 сұранысқа ие мамандық бойынша оңтүстік өңірлерден 393 студент білім алады.
Өндірістік сала үшін мамандарды сапалы дайындау мақсатында облыстың 45 колледжінде 46 мамандық бойынша 623 кәсіпорын және ұйым базаларында дуалды оқыту жүйесі жүзеге асырылуда.
Серіктестікті дамыту шеңберінде 2016-2017 оқу жылына кәсіпорындар мен оқу орындары арасында одан әрі ынтымақтастық туралы барлығы 1,6 мың келісім-шарт және келісім жасалды.
Білім беретін оқу бағдарламаларды әзірлеу, апробациялау және енгізу қағидаларына сәйкес, дуалды оқыту нысанын енгізу бойынша «республикалық эксперименталды алаң» статусы облыстың 12 колледжіне берілді.
2016 жылғы бітірушілерді жұмысқа орналастыру 70,2 %-ды құрайды, жалпы жұмыспен қамту - 99,2% (жұмысқа орналасудың республикалық көрсеткіші – 65,8%, жұмыспен қамту – 86,6% болғанда).
Өзгертілді: 16.10.2014 16:49
Орналастырылды: 09.12.2016 15:25

Облыстағы мектеп педагогтарының сапалық құрамы

2016-2017 оқу жылында облыстың барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында  20 983 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 16 708 (79,6%) педагог, жоғары санаты бар – 4 668 (22,2%), бірінші санаты бар – 5 035 (23,9%) педагог.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 4 545 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 2 589 (56,9%) педагог, жоғары санаты бар – 416 (9,1%), бірінші санаты бар – 765 (16,8%) педагог.
Орта білім беру мекемелерінде 12 767 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 10 921 (85,5%) педагог, жоғары санаты бар – 3 174 (24,8%), бірінші санаты бар – 3 583 (28,1%) педагог.
Қосымша білім беру жүйесінде 1 054 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 819 (77,7%) педагог, жоғары санаты бар – 245 (23,2%), бірінші санаты бар – 192 (18,2%) педагог.
Арнайы білім беру мекемелерінде 579 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 467 (80,6%) педагог, жоғары санаты бар – 121 (20,8%), бірінші санаты бар – 112 (19,3%) педагог.
ТжКБ ұйымдарында 2 038 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді – 1 912 (93,8%) педагог, жоғары санаты бар – 712 (34,9%), бірінші санаты бар – 383 (18,7%) педагог.
Өзгертілді: 22.05.2014 17:04
Орналастырылды: 09.12.2016 15:23

Орта білім беру

Облыста 390 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді (387 - күндізгі мемлекеттік мектеп, 1 – «Лингва» жеке меншік мектеп, 1- НЗМ, 1 - спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп). Шағын жинақталған мектеп – 253. Күндізгі мемлекеттік мектеп оқушыларының жалпы контингенті – 96376 адам, мемлекеттік емес мектепте 74 оқушы білім алуда. Бірінші сынып оқушыларының контингенті – 12528 бала. Оқуы қазақ тіліндегі мектеп – 151. Ұлты қазақ балалардың санынан қазақ тілінде білім алатын оқушыларды қамту 74%-ды құрайды.
Жалпы 94055 оқушының қамтылуымен (99,8%) 357 мектепте (93,9%) ыстық тамақ ұйымдастыру жүзеге асырылады. Соңғы үш жылда аз қамтылған отбасыларының балаларын қолдауға жаппай оқыту қорына аударылған сома жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға шығыс сомасынан 3% құрайды.
Балалардың білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың 107 мектебіне 2975 оқушыны (қажеттіліктен 100%) тасымалдау ұйымдастырылған. Бұл мақсатқа 110 бірлік автокөлік пайдаланылуда.
Тегін оқулықтармен қамтамасыз ету 100% құрайды.
Мектептерде 1 компьютерге 5,7 оқушыдан келуі республикадағы жоғары жарақтандыру көрсеткіштердің бірі болып табылады, 66 мектепте электронды оқыту жүйесі пайдаланылады.
Өзгертілді: 14.11.2014 11:15
Орналастырылды: 09.12.2016 15:22

Мектепке дейінгі білім беру

Облыста 429 мектепке дейінгі ұйым бар, оның ішінде 168 балабақша (мемлекеттік – 165, жеке меншік – 3) және 261 шағын орталық (мемлекеттік шағын орталықтар – 256, жеке меншік - 5).
Оқуы қазақ тілінде 235 мектепке дейінгі ұйым, оның 64-і - балабақша. Ұлты қазақ балалардың жалпы санынан балаларды қазақ тілінде тәрбиелеу және оқытумен қамту 82,2%-ды құрайды.
1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 74,2%-ды, 3-тен 6 жасқа дейін 100%-ды құрайды. 5-7 жастағы балалар мектепалды даярлықпен қамту - 100%.
Өзгертілді: 14.11.2014 11:14
Орналастырылды: 09.12.2016 15:19

Павлодар қаласында II республикалық педагогикалық оқулар

2016 жылғы 23-24 аралығында Павлодар қаласында республиканың педагогтарының үздік тәжірибелері көрсетілген ІІ республикалық педагогикалық оқулар өткізілді.
Іс-шараға Қазақстанның барлық аймағынан 168 қатысушы қатысты. Олар 122 үздік жұмыс көрсетті, оның ішінде 8-і біздің облыстан.
Республикалық педагогикалық оқулар жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Ә.М. Рақымжанов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.М. Бегентаев, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, химия ғылымдарының  докторы Алтынбек Нұхұлы қатысты.
Екі күндік педагогикалық тыңдалым қорытындылары бойынша 48 жеңімпаз және жүлдегер анықталды, оның ішінде 6-ы – Павлодар облысынан.
Өзгертілді: 01.07.2016 10:44
Орналастырылды: 18.07.2016 17:41

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә.М. Рақымжановтың Павлодар облысы педагог жұртшылығымен кездесуі

ІІ республикалық педагогикалық оқулар шеңберінде 2016 жылдың 23-24 маусым күндері Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә.М. Рақымжановтың Павлодар облысы педагог жұртшылығымен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде өтті.
Мәжіліске «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.К.Ахметова қатысты.
Кездесу барысында білім беру басқармасының басшысы Б.М. Бексеитова мәжіліс қатысушыларына оқу жылының қорытындылары бойынша облыс білім беру жүйесінің негізгі жетістіктері туралы баяндады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә.М. Рақымжанов Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын, бастауыш мектеп оқушыларының жаңа білім беру стандарттарына, көптілде білім беруге көшуге дайындығын белгіледі. Педагогтардың біліктілігін арттыру, өздігінен білім алудағы олардың маңызды рөліне ерекше көңіл бөлінді. «Өмір бойы білім беру» парадигмасынан «Өмірдің соңына дейін білім беру» парадигмасына көшу әр педагогтың негізгі қызметі болуы тиіс.
Кездесу қатысушылары ел педагогтары алдында қойылған міндеттерді Павлодар облысында табысты іске асырылатынын атап айтты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Ә.М. Рақымжановтың келуі барысында бірқатар білім беру ұйымдарына, оның ішінде Кенжекөл ауылының балалар ауылы, түсті металлургия колледжі, Павлодар қаласының № 54 балабақшасы, облыстық Оқушылар сарайы, сонымен қатар, Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына барды.
Өзгертілді: 27.06.2016 10:54
Орналастырылды: 28.06.2016 17:40

2016 жылғы ҰБТ қорытындылары

Биыл  жалпы орта мектепті 3601  мектеп бітіруші аяқтады, ҰБТ-ға 2564.
( 71,2%) қатысты.  46 халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырудан босатылды. Облыс бойынша  тестілеудің орташа балы 88,2 құрайды.
Ең жоғарғы орташа балл «Жас дарын» мамандандырылған  мектебіне тиесілі – 112 балл.
Сонымен қатар, жоғары балл көрсеткендер: көп салалы лицей-интернат, Екібастұз қаласының «Зерде» мектебі, Абай атындағы №10 лицей-мектебі, Екібастұз қаласының №1 лицейі, дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі, Ақсу қаласының гимназиясы, № 3 гимназия.
Қалалар арасында ең жоғарғы орташа балл Екібастұз қаласында – 88,67, аудандар арасында  Баянауыл ауданында – 94,83, одан әрі  Ертіс ауданы – 94,67, Лебяжі ауданы – 90,45, Качиры ауданы – 87,88, Ақсу қаласы – 85,64, Павлодар қаласы – 84,4, Шарбақты – 82,03, Железин – 81,31, Май – 81,22, Павлодар – 80,49, Успен – 79,41, Ақтоғай – 75,14.
808 мектеп бітіруші 100-ден жоғары балға ие болды.
Тестілеудің үздік нәтижелері 7 бітірушіде: 125 балл: Усин Әділ – Ертіс ауданы Қызылқақ ЖОМ, Исмаилова Дана – Качиры ауданы Оспанова атындағы № 3 ЖОМ, 124 балл: Әуезханова Айдана – «Жас дарын» мектебі, Қуанышева Камила – Екібастұз қаласының № 1 мамандандырылған лицейі, 123 балл: Бахитова Аяужан, Нуркенова Дамира – облыстық көп салалы лицей-интернаты, Темирова Аида – Баянауыл ауданының Акишев атындағы   № 3 ЖОМ.
115 «Алтын белгі» аттестатына үміткердің 79-і білімдерін растады.
63 үздік аттестат үміткердің 28-і растады.
Тестілеудің барлық пәндері бойынша «үздік» бағаға тапсырғандар саны – 323.
Жоғарғы оқу орнына түсу үшін қажетті балл жинай алмаған, яғни 4 міндетті пәндер бойынша 50 балдан төмен балл жинағандар - 275.
41 бітіруші «қанағаттанарлықсыз» деген баға алды.
Облыстың қалалық жалпы орта білім беру мектептері арасында жоғарғы орташа балл Екібастұз қаласының №25 қазақ қыздар гимназиясы, Екібастұз қаласының №22 мектеп-гимназиясы, Павлодар қаласының №37 ЖОМ, Екібастұз қаласының №21 ЖОМ,  Ақсу қаласының лицейінде.
Ауыл мектептері арасында ең жоғарғы баллға келесі мектептер ие болды: Баянауыл ауданының Марғұлан атындағы ЖОМ, Ертіс ауданының № 2 ЖОМ, Ақсу қаласы елді мекенінің Үштерек ЖОМ, Ақтоғай ауданының М. Кайырбаев атындағы ЖОМ, Қашыр ауданының № 2 ЖОМ, Успен №3 ЖОМ, Павлодар қаласының №40 ЖОМ, Павлодар ауданының Заңғар ЖОМ.
Қалалық мектептер арасында ең төмен  орташа балл спорт мектебінде, Екібастұз қаласының №17 ЖОМ, Павлодар қаласының №21 ЖОМ және «Лингва» мектебінде.
Ауыл мектептері арасында ең төмен  орташа балл Железин ауданының Березовская ЖОМ, Ақтоғай ауданының Идрисов атындағы ЖОМ,  № 2 Успен ЖОМ, Шарбақты ауданының Арбиген ЖОМ, Ақсу қаласы елді мекенінің Камзин атындағы ЖОМ, Достық ЖОМ, Донентаев атындағы ЖОМ, Май ауданының Қазақстан ЖОМ, Екібастұз қаласы елді мекенінің Қарасу ЖОМ, Ертіс ауданының Амангелді ЖОМ, Качиры ауданының Бобровка ЖОМ.
Таңдау пәндері арасында физика пәнін таңдаған мектеп бітірушілер саны артуда. Физика пәні бойынша тестілеуден өткен 966 бітіруші (37,7%), биологиядан – 789 (31%),  одан әрі география – 285 (11%), ағылшын тілі – 217 (8,5%), дүние жүзі тарихы – 170 (6,7%), химия - 69 (2,7 %), әдебиет - 67 (2,6%), неміс тілі – 1. Таңдау пәнінің жалпы саны - 8.
ҰБТ өткізу пункттеріндегі апелляциялық комиссияның екі күндік жұмысы ішінде республикалық апелляция комиссиясына 51 сұрақ қарастырылуға жіберілді, оның ішінде 31 сұрақ қанағаттандырылды.
Өзгертілді: 08.06.2016 15:20
Орналастырылды: 27.06.2016 16:28

«WorldSkillsKazaкhstan - Павлодар - 2016»

2016 жылғы 29 наурызда «Достық» залында  Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғани Қалыбайұлы Сәдібековтің қатысуымен «WorldSkillsKazaкhstan - Павлодар - 2016» кәсіби шеберліктің І аймақтық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті. Ғани Қалыбайұлы өзінің құттықтау сөзінде Павлодар облысы жұмысшы мамандықтарды түсіндіріп таратуда жастармен өзара іс-қимыл жұмысы бойынша көш бастап келетінін атап өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы WorldSkills чемпионаты аталған бағыттың кезекті қадамы болып табылады.
Екі күн ішінде 40-тан аса конкурсқа қатысушы өздерінің білімдері мен шеберліктерін төрт құзыреттілік бойынша кәсіби алаңдарда көрсетті.
Бүгін де «WorldSkillsKazaкhstan - 2016» біздің облысымыздың намысын қорғауға лайықтылардың есімдері аталды.
Үздік болашақ тәрбиеші атағын Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенті Қалима Зағыпарова иеленді. Екінші және үшінші орындар Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжінің студенті Екатерина Ловицкая және Екібастұз Инновациялық Еуразия университеті колледжінің студенті Эльмира Аянова арасында бөлінді.
«Шаштараз өнері» құзырлығында Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері Мадина Тоқсамбаева және Татьяна Якимова, Павлодар политехника колледжінің студенті Елена Русакова үздік атанды. Мадина конкурсқа жаңашылдықты ұсынды. «Леди блюз» шаш қию және «Driam gerl» әйелдердің сәндік шаш үлгісі.
«Дәнекерлеу ісі» құзырлығында Ақсу қара металлургия колледжінің студенті Владислав Сильванович, Ж.Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті Владислав Аузбаев және Павлодар монтаждау колледжінің студенті Сергей Сорокин үздіктердің үздігі атанды. Владислав Сильванович заманауи дәнекерлеу технологиясын пайдалана отырып, пластина мен трубаны дәнекерлеу шеберлігін көрсетті.
«Аспаз ісі» құзырлығында Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенті Мадияр Шалабаев, Ж.Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті Алена Шнайдер, Павлодар технология колледжінің студенті Иван Калинин жеңімпаздар дипломдарын иеленді. Мадияр Шалабаев пашот жұмыртқасы қосылған брокколиден итальяндық сорпа пюресі, екінші негізгі ас «Марне» бұрыштан тұздық және десертке «Ірімшікті клюква» әзірлеуде өз шеберлігін көрсете білді.
Әр номинация жеңімпаздары медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, Астана қаласында 2016 жылы шілде айында өтетін WorldSkillsKazaкhstan екінші ұлттық чемпионатта біздің облысымыздың намысын қорғайды.
Өзгертілді: 31.03.2016 10:30
Орналастырылды: 07.04.2016 10:26

Білімпаздардың олимпиадасы

Павлодар қаласы №16 лицей-мектебінде 2016 жылдың 29 наурызында мектепке дейінгі мекемелерінің даярлық топ балаларына арналған «Жауқазын» зияткерлік олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. 
Бесінші жыл  облыста 6-7 жастағы балаларың  дарындылығын анықтау мақсатында өткізілетін олимпиаданың қорытынды кезеңіне 37 мектепке дейінгі мекемелерінің 57 тәрбиеленушісі қатысты.
І дәрежелі дипломымен №96 балабақша - «Радуга» гармониялық даму орталығының тәрбиеленушілері Зубчик Василиса, Коноваленко Валерия, №42 оқу-тәрбие кешенінің тәрбиеленушісі Батырбай Алидар, №121 балабақшаның тәрбиеленушісі Алиев Амир, №19 орта мектебі шағын орталығының тәрбиеленушісі Айтжанов Адлет марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломын  М.Катаев атындағы оқушылар сарайы "Білімпаз" студиясының тәрбиеленушісі Выдрина Ева, №29 балабақшаның тәрбиеленушілері Григораш Анастасия, Снежко Ксения, №51 балабақшаның тәрбиеленушісі Трайбер Георгий,  №42 оқу-тәрбие кешенінің тәрбиеленушісі Рябушкин Денис, №121 балабақшаның тәрбиеленушісі Гришин Артем,  №50 балабақшаның тәрбиеленушісі Омар Жазира, №44 балабақшаның тәрбиеленушісі Аяған Ясмина, №25 орта мектебі шағын орталығының тәрбиеленушісі Изуева Амина иеленді.
ІІІ дәрежелі дипломына №41 орта мектебі шағын орталығының тәрбиеленушісі Миловацкая Милена,  №4 балабақшаның тәрбиеленушілері Чистова Алиса, Степанов Алексей,  №72 балабақшаның тәрбиеленушілері Андрейко Михаил, Болдыревский Марк, №38 балабақшаның тәрбиеленушісі Казакова Алиса, №84 балабақшаның тәрбиеленушісі Солдатенко Лиана, №85 балабақшаның тәрбиеленушісі Рогачевская София, №27 балабақшаның тәрбиеленушісі Гасюк Максим, №24 балабақшаның тәрбиеленушісі Путинцева Дарья, №31 балабақшаның тәрбиеленушілері Зимина Мария, Базанова Арина, №29 орта мектебі шағын орталығының тәрбиеленушісі Ақылбай Калима, №18 балабақшаның тәрбиеленушісі Салий Екатерина, №27 балабақшаның тәрбиеленушісі Кажмуратова Назерке, №85 балабақшаның тәрбиеленушісі Комаров Богдан, №104 балабақшаның тәрбиеленушісі Омаров Багустар, М.Катаев атындағы оқушылар сарайы "Білімпаз" студиясының тәрбиеленушісі Скоблов   Алексей, №5 балабақшаның тәрбиеленушісі Төлеген Әли, №122 мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиеленушісі Каирбек Нұрай, №28 балабақшаның тәрбиеленушісі Бопышева Диляра, №120 балабақшаның тәрбиеленушісі Жақсылықұлы Хангелді, №9 балабақшаның тәрбиеленушісі Назым Айғаным, №25 орта мектебі шағын орталығының тәрбиеленушісі Жанас Ерасыл ие болды.
Сонымен қатар бүлдіршіндердің жетістіктері «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» номинацияларымен бағаланды.
Қатысушыларын  олимпиадаға табысты  дайындағаны үшін облыс білім беру басқармасының дипломдарымен №96 балабақша - «Радуга» гармониялық даму орталығы, №42 оқу-тәрбие кешені,  №121 және №29 балабақшалар марапатталды.
Өзгертілді: 31.03.2016 10:26
Орналастырылды: 31.03.2016 10:26

Мектептердің құрылысы

2015 жылы облыста 5 жаңа мектеп ашылды, бұл қалалар мен аймақтың алыс елдімекен пункттерінде оқушы орнының тапшылығын қысқартуға, оқыту жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді, оның ішінде Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылында 300 орындық мектеп, Ертіс ауданы, Қызылағаш ауылында апатты мектептің орнына 100 орындық мектеп, Кенжекөл ауылында 600 орындық мектеп және Ақсу қаласының ауылдық аймағы Қалқаман кентінде 300 орындық, Павлодар қаласында 1200 орындық мектеп. Екібастұз қаласында 1200 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде, оны пайдалануға беру мерзімі 2016 жылға жоспарлануда.
Ұлттық қор қаражаты есебінен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы шеңберінде Ақсу қаласында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде, оны пайдалануға беру мерзімі 2016 жылға жоспарлануда.
Өзгертілді: 24.09.2014 11:32
Орналастырылды: 15.01.2016 11:03

Дарынды балалармен жұмыс жасау

Облыста балалардың зияткерлік дарындылығын дамыту жөніндегі жұмыс нысандары жетілдірілуде.
Мектепке дейінгі мекемелердің дайындық тобы балаларына арналған «Жауқазын» атты интеллектуалдық жарыстың жаңа нысаны бүлдіршіндердің білім деңгейін анықтап қана қоймай, шығармашылық ойлауды қажет ететін стандарттық емес жағдайларда олардың білімдерін қолдана алуларын анықтауға арналған.
5-6 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың кешенді және құрылымдық тапсырмалары оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға мүмкіндік  беретін түрлі білімдерді шоғырландыруға бағытталған. 
Аймақтық ынтымақтастық туралы Меморандум аясында дарынды тұлғаны дамытудың инновациялық технологиялары саласында Астана және Алматы қалалары, Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарының командалары, Назарбаев Зияткерлік Мектептері қатысқан бастауыш сынып және 7-8 сынып оқушыларына арналған Математикалық турнир өткізілуде. Зияткерлік сайыстардың бұл нысаны командада жұмыс жасай білу, ынтымақтастық жасау дағдылары, көшбасшылық қасиеттер, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын дамытады.
2015 жылғы сәуір айында алғашқы рет Қазақстандағы өнеркәсіптік химияның негізін қалаушы Әбікен Бектұров атындағы І химиялық олимпиаданы өткізу жоспарланған. Олимпиада жобасын ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мақұлдаған.
Кіріктірілген тапсырмаларға негізделген интеллектуалдық сайыстарда облысымыздағы 7-8 сынып оқушыларына арналған Халықаралық Сәтбаев олимпиадасының алатын орны ерекше.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін  «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің 3 ауысымы жұмыс істейді. Мектептің жұмысы 3 жоғарғы оқу орындарымен - Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты және  Инновациялық Еуразия университетінің профессор-оқытушылар құрамымен тығыз байланыста жүзеге асады.
Оқушыларды олимпиадаларға және ғылыми жобаларға  дайындауды жетілдіру, өзара қызмет атқарудың даму болашағын жобалау мақсатында  «Ертіс Дарыны» АҒТО жанынан 2010 жылдан бастап жаңашыл-педагог қауымдастығы жұмыс жасайды. Қауымдастықтың қызметі облыс жоғары оқу орындарының профессорлық, оқытушылар құрамын ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу арқылы жүзеге асырылады. Қауымдастық қатысушылары - ол жоғары оқу орындарының оқытушылары, облыстың дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебі, лицей-мектебі және гимназиялардың педагог ұжымдары қатарынан шыққан жаңашыл-педагогтар.
Оқушылардың дарындылығын дамыту жөніндегі жүйелі жұмыс жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 12 жыл бойы облысымыз оқушылардың республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарының «Үздік олимпиадалық команда» және «Үздік команда» атағының иегері.
2015 жылы облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша 5 мамандандырылған мектеп (дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі, дарынды балаларға арналған №3 гимназия, дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернаты, мамандандырылған «Жас дарын» мектебі) «Ең үздік олимпиадалық команда-2015» номинациясында сертификаттарға ие болды. «Ең үздік қалалық команда – 2015» номинациясында Павлодар қаласының құрама командасы, «Ең үздік аудан командасы-2015» номинациясында Баянауыл ауданының командасы ие болды. Дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның 6-сынып оқушысы Феруза Разикова «Ақыл жастан, асыл тастан» номинациясы атағын алды. І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен 318 қатысушы марапатталды, оның 75 оқушысы І орынға, 104 оқушы ІІ орынға ие болды, 139 оқушы ІІІ орынға лайық екендерін көрсетті. 4 қатысушы облыстың 2 жоғары оқу орнының білім беру грантын иеленді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша (18.02-21.02 2015 ж.) республикалық жарыстардың қорытындылары бойынша Павлодар облысының құрама командасы бірінші орынға ие болды, 21 медаль жеңіп алды, оның ішінде біреуі – алтын, 8 – күміс, 12 – қола медаль.
У. Жолдасбеков атындағы механика және математика бойынша V халықаралық ғылыми жобалар конкурсында облыс оқушыларының 4 командалық жобасы 3 орынға ие болды (28.02.-05.03.2015ж.).
ХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасында математика, физика, информатика бойынша команда мүшелері 2 жүлделі орынды иеленді (11–16.01.2015ж.).
Оқушылардың 2015 жылғы республикалық пән  олимпиадасының қорытындысы.
Атырау, Орал  қалаларында 2015 жылы наурыз айының 13 - 27 аралығында Қазақстанның 1258 оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиадада жарысты. 
Павлодар облысының  зияткерлер құрамасын 74 облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрады.  Облыс оқушылары 35 медальды иеленді, оның 9-ы алтын, 10-ы күміс, 16-ы қола. ҚР БҒМ Құрмет мадақтамаларымен 14 қатысушы   марапатталды.  Облысымыздың құрама командасы «Ең үздік олимпиадалық топ - 2015» атағына ие болды. 
Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыстың 25 үздік ұстаздары дайындады.  Олардың қатарында 5 мүғалімнің  2-ден 5-ке дейін оқушысы жүлделі орын алды. Ең көп медаль иегерлерін дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының химия пәнінің мүғалімі Ордабаев А.Е: 1 орын – 2, 2 орын – 2, 3 орын – 1; 4 медаль иегерін дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының биология пәнінің мүғалімі Байымбетова Ф.М., 3 медаль иегерін  дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің физика пәнінің мүғалімі Билида А.Н., 2 медаль иегерін  дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының тарих пәнінің мүғалімі Джежора С.Н., 2 медаль иегерін   дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің ағылшын тілі мүғалімі Якутович Ю.С. дайындады. Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары  мен жүлдегерлерін ең көп  дайындаған  мүғалімдер дарынды балаларға арналған № 3 гимназияда (6 адам), дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында (4 адам), дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде, дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінде (3 адам).
Білімнің жоғары сапасын  дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты (85,7%, 7 қатысушыдан 6 жүлдегер), дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты (63,6%, 11 қатысушыдан 7 жүлдегер), дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы (53,8%, 13 қатысушыдан 7 жүлдегер)  дәлелдеді. 8 сынып оқушылары Сатыбаев Данияр (дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебі), Мохаммед – Али Амир («Жас дарын» мамандандыырылған мектебі) олимпиаданың  ең жас қатысушылары болып 10 және 9 сынып  бағдарламасы бойынша жеңімпаз, жүлдегер атанды.
Май ауданы Малайсары атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры, қазақ тілі мүғалімі Ибраева Гүлнар Рахимжановна дайындаған  11 сынып оқушысы, ауылдық мектептерінің жалғыз өкілі Ронде Ксения қазақ тілі пәнінен ІІІ дәрежелі орын иеленгенін ерекше атап өту қажет.
«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир 9 сынып  бағдарламасы бойынша 2015 жылдың республика олимпиадасының абсолюттік чемпионы атағын  иеленді.
Мектеп аралығында жүлделі орындар саны рейтингін дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты және  дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы (7 жүлделі орын), дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі және  дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты (6 жүлделі орын) басқарып отыр. «Жас дарын» мамандандырылған мектебі 3 жүлделі,  «Стикс» бейіндік бағыттағы мектебі 2 жүлделі, дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебі, Екібастұз қаласының «Зерде» мамандандырылған мектебі, Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебі, Май ауданы Малайсары атындағы жалпы білім беретін мектебі  1 жүлделі орыннан алды.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтижелері мен жоғарғы дайындығы үшін «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің мұғалімі Қабылова Күлкен Қазезовна  «Олимп шыңына жетелеген» номинациясымен марапатталды.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының  11 сынып оқушылары    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік  университетінің грантын иеленді.
«Ғылым әлемін ашамыз»  атты оқушылардың ХІ Халықаралық ғарыштық зерттеулері бойынша  ғылыми жарысы.
2015 жылдың 2-5 сәуір  күндері аралығында  Байқоңыр қаласының В.Н. Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінің негізінде  Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған 600-ден астам оқушының қатысумен  «Ғылым әлемін ашамыз» атты ХІ халықаралық ғылыми сайысы өз мәресіне жетті. 
Жарысты ұйымдастырушылар ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
Сайыстың мақсаты - ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, Космос және Жер туралы ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулерге  оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қаблеттерін ынталандыру болып табылады.
Ғылыми жарыс  5 секция бойынша өткізілді: «Ракета техникасы,  инфрақұрылым және экология», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Ғарыштық аппараттар технологиялары», «Ғарыштық биология және медицина», «Астрофизика және ғаламдық эволюция».
Павлодар облысы бойынша жарысқа республикалық және облыстық ғылыми жобаларының жүлдегерлер қатарынан 14 жеке және 10 командалық жоба ұсынылды, барлығы 10-11 сынып оқушылары арасынан 34 оқушы қатысты. 
2015 жылдың жарыс қорытындысы бойынша 16 павлодарлық  оқушы 12 жүлделі орын алды. Атап айтқанда, 7 күміс және 5 қола медальмен және 4 оқушы ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды.
Өзгертілді: 14.11.2014 11:16
Орналастырылды: 09.04.2015 15:53
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Халықтық IPO бағдарламасы
    Халықтық IPO бағдарламасы
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_