rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау

«Қазақстан Республикасында қауіпсіз иммундау жүйесін жетілдіру» өңірлік көшпелі семинарды өткізу туралы

Кез келген проблеманы шешу жолдарын іздегеннен гөрі алдын алу оңай екені белгілі. Дүниежүзілік тәжірибе вакциналау жаппай инфекцияларды алдын алудың ең тиімді жолы вакциналау болып табылатынын куәландырады.
2016 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасында қауіпсіз иммундау жүйесін жетілдіру бйынша оқытуды жүргізу шеңберінде Павлодар қаласында Павлодар облысының невролог мамандары, жалпы тәжірибе дәрігерлері және эпидемиологтары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қ. мамандары үшін «Қазақстан Республикасында қауіпсіз иммундау жүйесін жетілдіру» өңірлік көшпелі семинар өткізілген.
Осы шараға Санэпидсараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының, «Санофи –Авентис Казахстан» ЖШС өкілдері, С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ неврология кафедрасының профессоры қатысты.
Семинарда дүниежүзінде және Қазақстанда вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың мәселелрі, Қазақстан Республикасында қауіпсіз иммундауды ұйымдастыру қағидаттары, полиомелит, қызылша, қызамық сияқты вакцинамен басқарылатын инфекцияларды жоюдың және  элиминацияның жаһандық қағидаттары, алты және бес валентті құрама вакциналарды қолдана отырып бастапқы және бустер вакциналау, сондай-ақ Қазақстанда пневмококк инфекциясына қарсы вакциналаудың эпидемиологиялық тиімділігі қаралды.
Семинар қорытындысында толық жауаптар берілген сұрақтар қойылды.
Өзгертілді: 23.11.2016 16:30
Орналастырылды: 25.11.2016 11:15

«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы

2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының қол жетімді, сапалы, әлеуметтік-бағытталған және енсаулық сақтау жүйесіндегіэкономикалық тиімді  негізгі 6 бағытты бар.
2015 жылы Мемлекеттік бағдарлама шараларының аяқталу жылы.
2015 жылы 9 ай ішінде 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұтас индикаторларда оң өзгерістерге қол жеткен: жалпы өлім-жітім көрсеткішінің төмендегені байқалады 1000 тұрғынға 0,3 % 10,05 ке дейін, жіті миокард инфарктісі 13,8% 100 мың тұрғынға 21,7 дан 18,7- ге дейін, сәби өлімі 1000 тірі туғанға 27,9% 8,9-дан 6,5-ке дейін төмендеген, туберкулезден өлім көрсеткіші 8%, 100 мың тұрғынға 5,17-ден 5,17-ге дейін төмендеген, көлік оқиғаларынан жазмыш жағдайдағы өлім 18,4%, 100 мың тұрғынға 16,3-ден 13,3-ге дейін төмендеуі байқалады.
2015 жылдың 1 қарашасына дейін облыста Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жүйесінде 370 медициналық объектілер қалыптасқан, оның ішінде 48 заңда тұлғалар. Оның ішінде 37 шаруашылық жүргізу құқығында.
2015 жылдың 1 қарашасы жағдайы бойынша облыстың медициналық ұйымдарында 2341 дәрігер және 5953 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.
2015 жылдың 1 қарашасының жағдайы бойынша дәрігерлік кадрлардың жетіспеушілігі 15 бірлікті құрады: (Павлодар қ.-6 дәрігер, Екібастұз қ. -2, Ақсу қ. -1, аудандар – 6 дәрігер).
2015 жылдың 1 қарашасында Павлодар облысында 74 түлек келді, олар облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа тұрғызылды, оның ішінде 11 ауылдық жерге.
Жас мамандардың жұмыс орындарына келуінен жергілікті атқарушы органдар кадрларды орындарында тұрақтандыру мақсатында, әлеуметтік пакеттер ұсыны жөнінде жұмыстар жүргізілуде, үй-жай алу үшін несие бөлу үй-жайды жалға алу мәселелері шешілуде.
 
Демографиялық көрсеткіштер.
2015 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша 1000 тұрғынға 2,5% көрсеткіштері төмендеген, және 16,94 құрды (2014 жылы – 17,37).
Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 тұрғынға  0,3 % және 10,05 құрды.
Сәби өлім-жітім көрсеткіші 27% төмендеді және 1000 тірі туғанға 6,5 құрды, 2014 жылы 8,9 қарсы.
Бағдарламаны жүзеге асыру аясында соңғы 5 жыл ішінде облыста ҚАЖ өлімін төмендету үшін шаралар өткізілген: тері асты коронарлы бөгет жасау орталығы құрылды; «алтын уақыт» шегінде жіті коронарлы синдром кезінде облыс мамандарының әрекет алгоритмдері әзірленген, Павлодар және Екібастұз қалаларында 3 инсультті орталық ашылған.
№2 қалалық аурухана мен кардиохирургиялық орталықты қосу жолымен облыстық кардиологиялық орталық құрылды. Қайта ұйымдастырылған кәсіпорын 2015 жылыдың 1 маусымынан бастап жаңа форматта қалыптасқан.
Облыстың кардиологиялық қызметін біріктіру бойынша жұмыс жүргізілді, кардиологиялық науқастарды емдеуде және оңалтудағы сабақтастық үшін, бірыңғай ақпараттық кардиотіркеу әзірленді.
Келесі кезең кардиологиялық қызметті амбулаториялық деңгейде орталықтандыру жоспарланған.
Облыстың шалғай жатқан елді мекендеріне білікті медициналық көмекке қол жетуді қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы медициналық кешендер жұмыс жасайды.
2015 жылдың 9 айы ішінде олар облыстың 254 елді мекендеріне шығу өткізген. 23 мың адам қаралды. 38 мың диагностикалық және зертханалық зерттеулер өткізілді.
Ұлттық телемедицинаны дамыту аясында аудан ауруханалары мен Ақсу, Екібастұз қалаларының мамандары ауыр науқастарды бейне-конференцбайланыс арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар,облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардың кеңесін ала алады. 2015 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша 824 аса науқас кеңес алды.
Тұрғындарға мамандандырылған көмек санитарлы авиация жолымен, әуе және жер көлігі арқылы көрсетіледі.
2015 жылы 10 айы ішінде әуе және жер көліктері арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетілгендердің саны - 303 құрды, тасымалданғандар – 180, кеңес бергендер-100, ота жасалғандар – 23 науқас.
Санитарлық авиациямен 41 науқас жеткізілді, жіті коронарлы синдром және жіті ми қан айналым жүйесінің бұзылуы, оның ішінде 23 әуе көлігімен.
Жоғары мамандандырылған көмек ретінде, және сонымен қатар стационар алмастырушы технология ретінде әрі қарай жалғасын тапты. Облыста 8 медициналық ұйым жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 1980 ЖММК көрсетілді.
2015 жылдың ішінде 2655 науқас оңалтудан өтті, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 3009 науқас.
Облыста күндізгі келуге 127, төсек ашылды, 2015 жылы 9 айы ішінде 36836 науқас емделген.
  Ақсу және Екібастұз қалаларының облыстық аурухана және қалалық аурухана базасында амбулаториялық хирургия және гинекология орталықтары қалыптасқан. 2015 жылы 9 айы ішінде 3600 ота жасалды, 2014 жылдың осы кезеңінде – 2899.
  Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында жеке меншік гемодиализді орталықтар жұмыс жасайды, сапалы гемодиализге қол жетімділікті қамтамасыз етеді. 2015 жылы 9 айы ішінде 234 науқас гемодиализ алды, оларға 17051 гемодиализ сеансі жасалды. 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда гемодиализді 183 науқас алды, оларға 15193 сенас жасалды.
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын бекіту жұмыстары жалғасуда.
Есептік кезең үшін 81 бірлік медициналық жабдықтар сатып алынды.
2015 жылы 10 айы ішінде денсаулық сақтау объектілерінің 16-на күрделі жөндеу жұмыстары 605 млн теңге соммасына, оның ішінде «2020- Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 8 объектіге; облыстық бюджет қаражатынан – 8 объект жүргізілді.
«350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пунктер және емханалар құрылысы» бағдарламасына сай, ағымдағы жылы 7 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 3 амбулатория салынды.
Жаңа облыстық перинаталды орталықтың корпусының құрылысы аяқталды, жалпы соммасы 1,9 млрд теңге. Корпустың ашылуы 2016 жылдың басы деп жоспарлануда.
Мемлекеттік –жеке меншік серіктестік шарасы аясында 25 диализді орны бар нефрологиялық орталық салынды. Инвестицияның жалпы көлемі 330 млн теңге құрайды. Қазіргі таңда аталған объект қалыптасқан.
ТМККК аясында 500 аса препараттардың атауы, тегін амбулаториялық дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі, 48 нозолия бойынша ұсынылады.     2015 жылдың қыркүйек айынан бастап медициналық қызметтерді сапалы көрсетуді жақсарту мақсатында, Денсаулық сақтау басқармасында азаматтаврдың үндеулерін автоматты түрде қарастыру үшін Павлодар қаласының №1 емхана базасында Бірыңғай медициналық ақпараттандыру Call-орталығы ашылды. Ашылған кезден бастап тұрғындардың 300 үндеу қабылданды және қаралды.
2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар жалғасын табуда. Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын тиімді аяқтап және барлық индикаторлардың жетістігіне қол жету үшін облыста бар жағдай жасалынған.
Өзгертілді: 18.12.2015 15:51
Орналастырылды: 23.12.2015 09:52
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Халықтық IPO бағдарламасы
    Халықтық IPO бағдарламасы
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_