rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Тілдер

Тілдер

Славян жазбалары күніне арналған концерттік бағдарлама

Концертная программа ко Дню славянской письменности
Славян жазбалары күні – еліміздегі славян этностарының мерекесі ғана емес, барлық қазақстандықтардың мерекесі. Бұл біздің ұлттық бірлігіміздің негізі болып табылатын қазақстандық құндылықтардың жарқын көрінісі.
2017 жылғы 24 мамырда «Достық» концерттік залында славян жазбалары күніне арналған концерттік бағдарлама өткізілді.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша Қазақстан қоғамы славян әліппесінің негізін қалаушылар, ұлы Кирилл мен Мефодийге арнап салтанатты құрмет көрсетеді. Ұлы ағартушылардың еңбектері барлық славяндардың ортақ жемісі болып, адамгершілік және сана-сезімінің дамуына негіз болды.
Кирилл мен Мефодийдің жасаған славян әліппесі ұлттық тілдердің негізіне айналған, ұлттар арасындағы татулықты және өзара қарым-қатынасты жақсартып, кітап пен әдебиеттің дамуына біршама ықпал етті.
Бұл күн ұлттық мәдениетті дамытуда славяндық алғашқы ұстаздардың тарихи және ағартушылық маңыздылығын, халықаралық қоғамның славян жазуының әлемдік жаһандану қазынасына қосқан үлесіне деген құрметін білдіреді.
Шараға этномәдени бірлестігінің жетекшілері мен мүшелері, Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Өзгертілді: 24.05.2017 17:58
Орналастырылды: 25.05.2017 17:00

«Бірлік» этнофестивалі

Этнофестиваль «Бірлік»
Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен  оқу жылының аяқталуы қарсаңында 2017 жылғы 21 мамырда «Достық» концерттік залында Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі мен «Кенжекөл жастары» қоғамдық бірлестігі «Бірлік» этнофестивалін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығының бірі болып саналатын этносаралық келісімді және толеранттылықты нығайту,  сонымен қатар, этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін бір арнаға тоғыстыру, халықтар арасында рухани және мәдени саладағы қарым-қатынастарды арттыру.
«Бірлік» этнофестивалі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және  қазақстандық біртектілікті нығайтудың «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең ауқымды жобасын жаңғыртудың жарқын үлгісі.  
Аталған іс-шараға этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен мүшелері, Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқытушылар құрамы мен оқушылар, студенттер қатысты.
Оқу жылы ішінде бойларына сіңірген шығармашылық қабілеттерін паш ете білген ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері кештің сәнін келтірді.
Фестиваль ұйымдастырушылардың құттықтау сөздерімен басталып, мемлекеттік тілдің және өз ана тілінің дамуына үлес қосып, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениетін насихаттау жолында еңбек етіп келе жатқан оқытушыларды алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттаумен жалғасты.
Өзгертілді: 22.05.2017 10:03
Орналастырылды: 22.05.2017 15:08

«Қазақ тілінің лексикалық қорын меңгерту әдістемесі» тақырыбындағы онлайн семинар

Онлайн семинар на тему «О методах усвоения лексического минимума при обучении казахскому языку»
2017 жылғы 17 мамырда С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Қазақ тілінің лексикалық қорын меңгерту әдістемесі» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру.
Аталған семинарда жоғары оқу орындарының ғалымдары Павлодар қаласы және Шарбақты, Ақтоғай, Баянауыл аудандарының қазақ тілі оқытушыларына дәріс оқыды. Қазақ тілі оқытушылары мемлекеттік тілді оқыту кезінде қолданылатын әдістемелер мен жаңа технологиялармен танысып, онлайн режимінде өзекті мәселелерді талқылады.
Өзгертілді: 17.05.2017 16:50
Орналастырылды: 18.05.2017 15:23

Лебяжі ауданында облыстық көшпелі семинар өтті

Областной выездной семинар в Лебяжинском районе
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылғы 15 мамырда Лебяжі ауданында «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында іс жүргізушілер мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық семинар ұйымдастырды.
Семинардың пленарлық бөлімінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Г.Т. Кәріпжанова және қазақ тілін меңгеруге арналған курстардың, көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы Ш.Д. Кинжикова қатысты. Секциялық бөлімде семинар қатысушыларына мемлекеттік тілдегі құжаттарды дұрыс рәсімдеу бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізіліп, аудармашы-мамандарды толғандыратын түрлі мәселелер талқыланды.
Өзгертілді: 16.05.2017 09:19
Орналастырылды: 16.05.2017 09:49

«Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу

Тестирование по системе «Казтест»
Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе 2017 жылғы 24-28 сәуір аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық және диагностикалық тестілеу өткізді.
Жүйенің негізгі мақсаты – қазақ тілі бойынша тілдік білімді бағалау. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі үш сатылы блоктан тұрады. Біріншісі – тыңдау блогында шағын немесе ұзақ диалогқа, қысқа монологтарға құрылған және тыңдау арқылы түсінгенін анықтауға арналған тапсырмалар бар. Екінші – қатысушы грамматиканы, лексиканы қаншалықты пайдалана білетіндігін анықтауға арналған тапсырмаларды орындайды. Үшінші – оқу блогы мазмұны, стилі әртүрлі мәтіндерді оқып, түсінгенін айтып беруге негізделген. Тестіленуші 150 минут ішінде 150 тапсырманы орындауға тиіс. Ол үшін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тілдік білімін бағалаудың пайыздық көрсеткіші қолданылады: қарапайым – А1, базалық – А2, орта – В1, ортадан жоғары – В2, жоғары – С1, С2 – жетік.
Аталмыш тестілеуден жалпы облыс бойынша барлығы 4000 адам өтті. Облыстың мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының, сонымен қатар әскери құрылымдар мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты. 3814 адам диагностикалық, 186 сертификаттық тестілеуден өтті.
Өзгертілді: 28.04.2017 18:07
Орналастырылды: 02.05.2017 09:22

«Ересектерді қазақ тіліне оқытудың тиімді жолдары» тақырыбындағы онлайн семинар

Онлайн семинар на тему «Пути эффективного обучения взрослых казахскому языку»
Онлайн семинар – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған қазақ тілі оқытушы-ларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шара.
Осы саладағы мамандарды дайындау мақсатында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде ағымдағы жылдың 27 сәуірінде С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың конференц-залында қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған онлайн семинар өткізілді.
Аталған семинарға ЖОО ғалымдары, Павлодар қаласы және Железин, Успен, Качир, Павлодар аудандарының оқытушылары қатысты. Жаңа инновациялық технологияларды игере отырып, тіл білімінің тәжірибелі ғалымдары филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ф. Зейнулина, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, аға оқытушы Б.Р. Қожахметова семинарға қатысушыларға өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында жағымды оң пікірлер айтылып, қатысушылар тарапынан осындай іс-шараларды жүргізу маңызды және әрі қажетті екендігі жөнінде сөз болды.
Өзгертілді: 27.04.2017 11:55
Орналастырылды: 27.04.2017 14:50

Аймақтық ғылыми-практикалық конференция

Региональная научно-практическая конференция
2017 жылғы 26 сәуірде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Көне түркі жәдігерліктері – қазақ жазба мәдениетінің бастауы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Шараның басты мақсаты – өркениет тарихындағы түркі жазулары мен  мәдениетінің рөлі және олардың заманауи мәдениет кеңістігіндегі хал-ахуалы. Бұл шараға Астана қаласы Назарбаев университетінің профессоры Ж.А. Ағабекова, сондай-ақ облысымыздың жоғары оқу орындарының ғалымдары, магистранттары, студенттері, тіл жанашырлары мен мәдениет және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Аталмыш конференция пленарлық мәжілістен кейін «Түркі жазба мәдениетінің тарихы» мен «Көне атаулар және ономастика мәселесі» атты секциялармен жалғасты.
Жалпы мәдениет пен жазбалар күнін әлемнің көптеген елдері тойлайды. Жүзден астам ұлт өкілдері Отаным деп таныған Қазақстан қоғамының басты байлығы – этникалық үндестікті, азаматтық бірлік пен реттілікті қалыптастырып отыр. Қазақстандағы Түркі халықтары жазбалары күні түркі халқының дәстүрлі мерекесінің біріне айналды.
Өзгертілді: 26.04.2017 16:50
Орналастырылды: 27.04.2017 09:35

Ақтоғай ауданында облыстық көшпелі семинар өтті

Областной выездной семинар в Актогайском районе
Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылғы 20 сәуірде Ақтоғай ауданында «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында іс жүргізушілер мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды.
Аталған шараның пленарлық бөлімінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға байланысты мәселелер көтеріліп, қазақ тілін оқыту жөніндегі стандарт пен типтік бағдарламаны іске асырудағы оқытушылар жұмысының негізгі бағыттары қарастырылды.
Көшпелі семинардың практикалық бөлімінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы  Б. Сағындықұлы және қазақ тілін меңгеруге арналған курстардың, көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы Ш.Д. Кинжикова семинар қатысушыларына ресми құжаттарды дайындау және өзгерту бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
Өзгертілді: 20.04.2017 17:22
Орналастырылды: 21.04.2017 09:50

«Тіл шебері» облыстық байқауы

Областной конкурс «Тіл шебері»
2017 жылғы 14 сәуірде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл шебері» атты облыстық байқауы өткізілді.
21 - 29 жас аралығындағы жергілікті және орталық атқарушы органдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылып отырған байқаудың мақсаты - жаһандық өркениет пен еліміздің даму бағытына сай үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өзінің саласында кәсіби құзырлы мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау көрсету, сондай-ақ үштұғырлы тіл саясатын насихаттау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді мемлекеттік қызметші жастардың меңгеру деңгейін анықтау.
Аталған іс-шараны облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы С. Османова құттықтау сөзімен ашып берді.
Байқау барысында «Тұсаукесер», «Ұлттаным», «Өнертаным» аталымдары бойынша қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі, үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі және сахналық мәдениеті сынға түсті.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес 10 қатысушы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталса, I жүлделі орынды Павлодар қаласының үміткері Жұлдыз Алтаева, ІІ орынды Шарбақты ауданынан келген Дина Мусинова және ІІІ орынды Железин ауданының үміткері Құралай Шарипова иеленді.
Облыс деңгейінде ұйымдастырылған байқау үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруға және мемлекеттік органдарда үштұғырлы тіл саясатының кең қолдау табуына ықпалын тигізеді.
Өзгертілді: 14.04.2017 19:06
Орналастырылды: 17.04.2017 09:32

Ілеспе аудармашыларға арналған семинар аяқталды

Завершился семинар по синхронному переводу
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары аясында ағымдағы жылдың 3-14 сәуір аралығында ұйымдастырылған ілеспе аудармашыларға арналған семинар аяқталды.
Курс барысында облыстың қала, аудандарынан жалпы 24 адам қатысты. Оның 12 адамы орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне, сондай-ақ 12 адамы ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне оқытылды.
Салтанатты түрде барлық семинарға қатысушыларға ілеспе курсын аяқтағаны үшін сертификаттар табысталды.
Өзгертілді: 14.04.2017 18:20
Орналастырылды: 17.04.2017 09:13

Алқа мәжілісінің отырысында мәдениет және тіл мәселесі қаралды

На заседании коллегии рассмотрены вопросы культуры и языков
2017 жылғы 7 сәуірде мәдениет, архивтер және құжаттама мен тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларының бірлескен кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Оған алқа мүшелері, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, тіл жанашырлары қатысты.
Жиында өткен жылғы тіл саясаты саласының жұмыстары қорытындыланып, ағымдағы жылда атқарылатын жұмыстар мен міндеттердің іске асырылу жолдары пысықталды, сондай-ақ Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың үшінші кезеңінде  көзделген шаралар туралы айтылды.
Алқа мәжілісін қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаев қала, аудан әкімдерінің орынбасарларына, мемлекеттік орган басшыларына талқыланған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, мемлекеттік тілдегі әдебиеттерді арттыруға қаражат қарастыру, көшелердегі көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкес орналасуы және ономастика мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын уақытылы жүргізу қажеттігін айтты.
Өзгертілді: 07.04.2017 19:32
Орналастырылды: 12.04.2017 09:35

Мемлекеттік тіл және шекаралық ынтымақтастық

Государственный язык и приграничное сотрудничество
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралық ынтымақтастығы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың және екі елдің аймақаралық ынтымақтастығына қолайлы жағдай туғызудың маңызды факторы болып табылады.
Павлодар облысы Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен ұзақ мерзімді мәдениетаралық ынтымақтастықтың өзара байланысын іске асыру, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тармағы шеңберінде, сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен екінші жыл қатарынан шекаралас өңірлерде тегін қазақ тілін оқыту курстары өткізіліп келеді. Жоғарыда аталған курстар өткен жылы Омбы қаласында бастау алып, ағымдағы жылы Павлодар облысының негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын әрі 10 мыңнан астам қазақ диаспорасының өкілдері тұратын Алтай өлкесінде өз жалғасын тапты.
Курстың мақсаты Ресей Федерациясында тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету болып табылады.
Шараның салтанатты ашылуы 2017 жылғы 3 сәуірде Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Благовещенка ауданының Байғамұт ауылында өтіп, облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С.Ғ. Османова, Павлодар облыстық «НҰР АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Ш. Максилова, сонымен қатар Благовещенка ауданы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары А.М. Алексеев және муниципалды ауылдық елді мекендердің басшылары қатысты. Байғамұт қазақ ұлттық мектебінің ұжымымен Наурыз мейрамына орайластырылған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Оқытуға қазақ диаспорасынан жергілікті 50 өкілі тартылып, «Қазақ тілінің интенсивтік курсы» атты жаңа инновациялық әдіс арқылы тілді меңгереді. Қазақ тілін меңгеруге арналған курстарды көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы, кітаптарды әзірлеуші, жетекші әрі тәжірибелі қазақ тілі маманы Ш.Д. Кинжикова жүргізеді.
Сабақ барысында нақты тілдік ортада ситуативтік қарым-қатынас үрдісі арқылы қазақ тілінде сөйлеуге жағдай жасалынады және курс соңында барлық қатысушыларға оқу-әдістемелік кешенді қамтитын (қазақ тілінен оқулық пен диск) үлестірме материалдары берілетін болады.
Өзгертілді: 04.04.2017 16:25
Орналастырылды: 10.04.2017 09:30

Ілеспе аудармашыларға арналған семинар басталды

Начался семинар по синхронному переводу
Ілеспе аударма – кәсіби аударма жасаудың күрделі және танымал түрлерінің бірі. Осы саладағы мамандарды дайындау мақсатында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде ағымдағы жылдың 3-14 сәуір аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ілеспе аудармашыларды оқыту жүзеге асырылатын болады.
Семинар бағдарламасы ілеспе аударманы орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне, сондай-ақ ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне,  орыс және қазақ тілдерінен ағылшын тіліне халықаралық конференциялардың, бизнес-форумдардың, дөңгелек үстелдердің, іскерлік келіссөздердің материалдарын пайдалана отырып, меңгеру дағдыларына бағытталған. Курс барысында теориялық дайындау және ілеспе аударманы игеру дағдыларын, сонымен бірге лингафондық кабинеттерде тәжірбиелік тренингтер өткізу қарастырылған.
Семинарда филиология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ф. Зейнулина, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, аға оқытушы Б.Р. Қожахметова, доцент А.К. Линнас және фиология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы А.А. Лакова дәрістер оқитын болады.
Өзгертілді: 04.04.2017 13:27
Орналастырылды: 05.04.2017 14:44

Павлодарда орыс тілі білгірлерінің байқауы өтті

В Павлодаре прошел конкурс знатоков русского языка
2017 жылғы 17 наурызда Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қазақ тілінде оқитын жастар арасында орыс тілін еркін меңгерген дарынды жастарды насихаттау және оларға қолдау көрсету мақсатында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана» облыстық конкурсын өткізді.
Байқауға қалалық және аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары болған, 18-22 жас аралығындағы жоғары оқу орындарының студенттері, жалпы білім беру мекемелерінде және орта арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде білім алатын жастар қатысты.
Қатысушылардың білімдерін жоғары оқу орындарынан және мемлекеттік органдардан шақырылған білікті мамандардан құралған  әділқазылар бағалады.
Байқаудың үш шарты бойынша лексикалық-грамматикалық тест орындау, ұсынылған тақырыпқа эссе жазу және орыс тілді қазақстандық әдебиет классиктерінің және қазіргі заман орыс ақын-жазушылардың прозалық немесе поэзиялық шығармаларын жатқа оқу бойынша сайысқа түскен қатысушылар білімі мен білігін осы негізгі кезеңдерде танытып, жүлделі орындарға қол жеткізді.
Байқау нәтижесі бойынша Железин ауданынан келген қатысушы Бейсенбаева Динара орыс тілінің білгірі атанып, бас жүлдені қанжығасына байлады. II орынды Ертіс ауданының үміткері Исемберлинова Альмира, ал III орынды Павлодар ауданынан қатысқан Амеркулова Аида иеленді.
Сайысқа қатысқан үміткерлердің барлығы дипломдармен, алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Өзгертілді: 17.03.2017 17:04
Орналастырылды: 18.03.2017 11:53

«Тіл керуені» жобасының қысқы кезеңі жалғасуда

Зимний период языкового проекта «Тіл керуені» продолжается
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен 2017 жылдың 30 қаңтарынан Павлодар қаласының «Энергетик» санаторийінде «Тіл керуені 2017» тілдік мәдени-туристік жобасының қысқы кезеңі жалғасты. Тілдік жобаның тыңдаушылары Екібастұз қаласының өзге ұлт өкілдерінен құралған топ 3-ші ақпанға дейін флеш-тренинг, ойынның психологиялық сипаттағы жаңа технологиялары қолданылған базалық деңгейдегі қазақ тілінің дәрістерін тыңдайтын болады. Орыс тілді азаматтарды тілдік ортаға бейімдей отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын зерттеу арқылы оқыту мақсатындағы шара барысында тыңдаушыларды әлеуметтік мәдени нысандарға апару көзделген.
Өзгертілді: 30.01.2017 18:25
Орналастырылды: 31.01.2017 12:46

«Мемлекеттік тіл және ел тәуелсіздігі» атты дөңгелек үстел

Круглый стол на тему Государственный язык и Независимость
2016 жылғы 13 желтоқсанда Достық үйінің конференц-залында Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Тәуелсіздік жылдарындағы өңіріміздегі тіл саясатының қол жеткізген аса маңызды жетістіктері мен өңірімізде мемлекеттік тілдің өрісін одан әрі кеңейту мен насихаттау жолдарын талқылау мақсатында «Мемлекеттік тіл және ел тәуелсіздігі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Аталған шараға  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Павлодар облыстық филиалының мүшелері, облысымыздағы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, ғалымдар мен белгілі тіл мамандары, мемлекеттік тілді дамыту жолында еселі еңбек етіп жүрген тіл жанашырлары, жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары,  мемлекеттік тілді жетік меңгерген облыстың этнос жастары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында мемлекеттік тілді дамытуды жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланып, тілдің бүгінгісі мен келешегі жайында терең ой-пікірлер тілге тиек етілді. Аталған шарада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Павлодар облыстық филиалының төрағасы С.Ә. Әйтенов, Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі директорының орынбасары Ж.С. Байманова, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенті В. Степчук баяндама жасады.
Шара соңында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен дамытуға қомақты үлес қосқан азаматтар ресми түрде марапатталды.
Өзгертілді: 13.12.2016 18:24
Орналастырылды: 20.12.2016 09:52

Жыл жеңімпаздары

Победители года
2016 жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеумен тығыз байланысты. Осы айтулы мерейтойға орай Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен жыл бойы мемлекеттік тілді насихаттау және қолдану аясын кеңейтуге бағытталған көптеген шаралар өткізілді.
Республикалық деңгейдегі іс-шараларда өңірімізді облыстық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары танытып жүр. Павлодар облысының қатысушылары жетістіктер қоржынын жаңа марапаттаулармен толықтыра отырып, республикалық додаларда лайықты түрде өз өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда, орыс тілі білгірлерінің VIII республикалық «Ой-сана» байқауында Асанбаева Елдана айрықша номинациямен және арнайы ақшалай сыйлықпен марапатталды, Шымкент қаласында өткен Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің XVIII дәстүрлі республикалық байқауында Павлодар облысының намысын қорғаған Ақтоғай ауданының тумасы Айнұр Қапанова ІІІ орынды, сонымен қатар ағымдағы жылдың маусым айында Астана қаласында өткен Мемлекеттік тіл саясатын БАҚ-та кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауында «Сөз – сандық» атты үздік танымдық радиохабар үшін Халық радиосының тілшісі Раушан Сыбанжанова ІІ жүлделі орынды иеленді.
Ал Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Маңғыстаудың төл перзенті Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығына арналған, сезімге толы, әрі үміткерлердің әртістік өнері бағаланған «Аңызға айналған абыз» көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауында Павлодар мемлекеттік университетінің екінші курс студенті Кәкім Бәкіжан өз қарсыластарынан оқ бойы озып жүлделі І орынға ие болды. Байқауда үздік деген атаққа еліміздің облыстарынан келген 18-30 жас аралығындағы қатысушылар бақ сынасты. Біздің жерлесіміз Ә. Кекілбайұлының «Шыңырау» және «Арғымақ» атты шығармаларын орындау барысында өзінің шеберлігімен кәсіби және қатал қазылар алқасын тәнті етті. Бәкіжан – облыстық жас ақындар мүшәйра-конкурстар мен байқауларда бірнеше рет жеңімпаз атанған. Ол жоғарыда аталған республикалық байқауға сенімділікпен аттанып, сөзсіз жеңіске жетті.
Осылайша осы жылдың республикалық додалардағы жетістіктеріміз  тілдік байқаулардағы жерлестеріміздің соңғы жеңістері еместігінің айғағы. Болашақта жағымды жаңалықтар көп болып, табыстарымыз көбейе берсін.
Өзгертілді: 12.12.2016 17:50
Орналастырылды: 13.12.2016 10:41

Мемлекеттік тілдегі патриоттық әндер фестивалі

Фестиваль патриотической песни на государственном языке
2016 жылғы 4 желтоқсанда «Достық» концерттік залында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясымен және облыстық «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай этномәдени бірлестіктерінің жастар ұжымдары арасындағы мемлекеттік тілдегі патриоттық әндер фестивалін өткізді.
Іс-шараның мақсаты  - жастардың бойына жоғары патриоттық сезімді қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді және азаматтық жауапкершілікті  арттыру, мемлекеттік тілдегі үздік патриоттық әндерді  паш ету.
Шара барысында облыстың шығармашылық ұжымдары туған жеріне, Отанына деген патриоттық сезімдерін, сондай-ақ мемлекеттік тілге деген құрметтерін вокалды патриоттық шығармалар арқылы ұсынды.  Талантты өнерпаздар көрермендерге тамаша әндерін орындап, жиналған қауымның назарына шынайы патриоттық сезімдері мен еліне деген мақтаныштарын жеткізе білді.  
Барлық 17 этномәдени бірлестіктерінің ұжымы ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Өзгертілді: 05.12.2016 16:10
Орналастырылды: 05.12.2016 16:21

Павлодарда кең ауқымды «Таза жарнама» акциясы қорытындыланды

IMG_1205
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, сондай-ақ Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен  2016 жылғы 1 қараша мен 27 қараша аралығында «Таза жарнама» акциясы жарияланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерді анықтау.
Қателер, әсіресе, маңдайшаларда, жарнама плакаттарында және билбордтарда анықталды. Акция шеңберінде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі көрнекі ақпараттың 400-ден астам фотосуреті жиналды. Тілшілер және жоғары оқу орындарының филологтары құрамынан тұратын тәуелсіз сараптама комиссияның шешімі бойынша 50 қатысушының ішінен барынша көп фотосурет ұсынған  20 қатысушы іріктелді.
Қатысушыларды ресми түрде марапаттау 29 қарашада облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында өтті. Акция қорытындысы бойынша І орынды Закуова Балғын, ІІ орынды Қилыбаев Марат иеленсе, ІІІ орынды Горянская Наталья мен Альжанова Қаламқас бөлісті. Барлық қатысушылар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараның ұйымдастырушылары «Таза жарнама»  акциясына белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытқан облыс тұрғындарына өз алғыстарын білдірді. Басқарма өз тарапынан жарнамаларда кемшілік жіберген нысан иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Өзгертілді: 29.11.2016 18:48
Орналастырылды: 30.11.2016 09:20

«Тіл керуені» тілдік жобасының қысқы кезеңі жалғасуда

Продолжение зимнего периода языкового проекта «Тіл керуені»
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен 2016 жылғы 28 қарашасынан Павлодар қаласының «Энергетик» санаторийінде «Тіл керуені 2016» тілдік жобасының қысқы кезеңі бастау алды. Қысқы кезеңнің эстафетасын топта 15 адамнан құралған Железин ауданының өкілдері жалғастырды. Сауықтыру орнында арнайы тыңдаушыларға қазақ тілі арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйрену үшін жағдай жасалды.
Жалпы оқыту сабақтарын осы жобаның авторы және қазақ тілі оқытушысы Ш.Д. Кинжикова 2 желтоқсанға дейін жүргізетін болады. Мемлекеттік тілді үйрету (базалық деңгей) және жаңаша үлгіде насихаттау, тілдік қарым-қатынас жүйесіне енгізу мақсатында оқыту барысында автормен қазіргі заманға сай ерекше сабақ түрлері: ойын-сабақтары, флеш-тренингтер, ойынның психологиялық сипаттағы жаңа технологиялар қолданылды. Орыс тілді азаматтарды тілдік ортаға бейімдей отырып, сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын зерттеу арқылы оқыту қарастырылған. Осы мақсатта жоба барысында Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы-драма театрына, Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және басқа да әлеуметтік мәдени нысандарға бару көзделген.
Өзгертілді: 29.11.2016 18:44
Орналастырылды: 30.11.2016 09:22

Қазақ тілінде диктант өткізілді

678678
Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыс Қазақстан халқы ассамблеясы бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылғы 24 қарашада Достық үйінің конференц-залында этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен қазақ тілінде диктант ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, сауаттылыққа және қазақ тілінде сауатты хат жазу мәдениетін дамыту.
Аталған диктантта өңіріміздегі облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелерінің, облыс Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді жастарының мемлекеттік тілдегі білімдері тексерілді. Диктантты өткізу және тексеру жұмыстарын жүргізу үшін облысымызға танымал тіл мамандары мен жоғарғы оқу орындарының өкілдері шақырылды.
Өзгертілді: 24.11.2016 18:55
Орналастырылды: 25.11.2016 11:13

Павлодарда «Қазақ тілін оқыту кезінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері» тақырыбында онлайн семинар өтті

В Павлодаре прошел онлайн семинар на тему «Методы применения инновационных технологий  при обучении казахскому языку»
2016 жылғы 18 қарашада С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Қазақ тілін оқыту кезінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері» тақырыбында онлайн режіміндегі кезекті семинар ұйымдастырылды.
Аталған семинар жұмысына облыстық оқыту орталықтарының, сондай-ақ қала, аудандардағы тіл орталықтарының қазақ тілі оқытушылары қатысты. Семинар қатысушылары флеш-тренинг процесінде мемлекеттік тілді оқытудың жаңа инновациялық технологияларын игере отырып, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Сағындықұлымен және қазақ тілін меңгеруге арналған курстардың, көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы Ш.Д. Кинжиковамен пікір алысты.
Семинар барысында оқытушылар мемлекеттік тілді оқытудың жаңа технологияларымен және әдістерімен танысты, онлайн режимінде проблемалық мәселелерді талқылауға қатысты. Іс-шара соңында қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің қажеттілігі мен маңыздылығы туралы оң пікірлерін білдірді.
Өзгертілді: 18.11.2016 18:07
Орналастырылды: 21.11.2016 13:18

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» 2016 жылғы қорытындысы шығарылды

Состоялось заседание рабочей группы по дальнейшему совершенствованию государственной языковой политики в Павлодарской области
2016 жылғы 16 қарашада облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевтың төрағалығымен Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Күн тәртібінде тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарының 2016 жылғы қорытындысы тыңдалып, Качир, Успен, Ертіс аудандарындағы және облыс индустриялық-инновациялық даму, сәулет және қала құрылысы және жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларындағы ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы мәселелері қаралды.
Жұмыс тобының отырысында қала, аудан әкімдеріне және мемлекеттік орган басшыларына көрнекі ақпарат құралдары мен жарнамалардағы мәліметтерде заң нормаларының сақталуын қадағалау, ішкі құжат айналымының мемлекеттік тілдегі көрсеткішін 100%-ға жеткізу, сондай-ақ алқа мәжілістерді, жиналыстар мен кеңестерді, түрлі деңгейдегі комиссия жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізу, статистикалық және техникалық есептерді, қаржы және бухгалтерлік құжаттарды тіл заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілуін қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.
Өзгертілді: 16.11.2016 17:58
Орналастырылды: 17.11.2016 13:34

Павлодар ауданында облыстық көшпелі семинар өтті

Областной выездной семинар в Павлодарском районе
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп 2016 жылғы 10 қарашада Павлодар ауданында «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында іс жүргізушілерге, аудармашылар мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды.
Аталған шараның пленарлық бөлімінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға байланысты мәселелер көтеріліп, қазақ тілін оқыту жөніндегі стандарт пен типтік бағдарламаны іске асырудағы оқытушылар жұмысының негізгі бағыттары қарастырылды.
Көшпелі семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы  Б. Сағындықұлы және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Ф. Зейнулина  қатысып,  семинар барысында қатысушыларға терминология, редакциялық жұмыстар және ресми құжаттарда орфографиялық, пунктуациялық ережелерді сақтау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
Өзгертілді: 10.11.2016 16:43
Орналастырылды: 11.11.2016 18:20

«Таза жарнама» акциясының ережесі

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 2016 жылғы 1 қараша мен 27 қараша аралығында «Таза жарнама» акциясын жариялайды.
 
Акцияның мақсаты:
ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателіктерді анықтау, облыстың қалалары мен аудандарындағы жарнамалардың сауатты жазылуына мониторинг жүргізу.
 
Акцияның талаптары:
1. Қатысушылардың жасына және фотосуреттердің санына шек қойылмайды.
2. Суреттер анық, әрі таза түсірілген болуы тиіс.
3. Қатесі бар жарнама орналасқан нысанның мекенжайы көрсетілуі тиіс.
 
Акция шарттары:
Акция үш кезеңнен тұрады:
1-кезең. 2016 жылғы 1 қараша мен 27 қараша аралығында акцияға қатысушылар ресімделуі тіл заңнамасына сәйкес келмейтін немесе қателері бар жарнама өнімдерін (баннер, билборд) фотосуретке түсіріп, Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының электронды поштасына (tilder32@gmail.com) ұсынулары тиіс.
2-кезең. 2016 жылғы 28-30 қараша аралығында ұсынылған фотосуреттерді ереже талаптарына сәйкестігін қарау, талдау, қорытынды шығару.
3-кезең. Акция жеңімпаздары алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Мекенжайымыз: Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-112 кабинет
Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
мониторинг және талдау бөлімі.
Байланыс телефоны: 8 (7182) 32-82-79
Электронды поштасы: tilder32@gmail.com
Өзгертілді: 26.10.2016 17:22
Орналастырылды: 27.10.2016 16:07

Май ауданында облыстық көшпелі семинар өтті

Областной выездной семинар в Майском районе
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп 2016 жылғы 13 қазанда Май ауданында іс жүргізушілерге, аудармашылар мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды.
Аталған шараның пленарлық бөлімінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға байланысты мәселелер көтеріліп, қазақ тілін оқыту жөніндегі стандарт пен типтік бағдарламаны іске асырудағы оқытушылар жұмысының негізгі бағыттары қарастырылды.
Көшпелі семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы  Б. Сағындықұлы және қазақ тілін меңгеруге арналған курстардың, көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы, тәжірибелі қазақ тілі маманы Ш.Д. Кинжикова, семинарға қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар терминология және ресми құжаттарда терминдерді қолдану мәселелері қозғалып, орфографиялық, пунктуациялық ережелерді қолдану, аудармаларда жиі кездесетін қателіктер айтылып, мәтіндерге редакциялық түзетулер бойынша жұмыстар жүргізілді.
Өзгертілді: 13.10.2016 18:06
Орналастырылды: 14.10.2016 20:12

Павлодар өңірінде Қазақстан халқы тілдерінің «Тіл – достық құралы» фестивалі өтті

В Павлодаре прошел фестиваль языков народа Казахстана «Язык – средство дружбы»
Қазақстан халқы тілдерінің күні Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен жарияланып,  республикада жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланып келеді. Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Әрбір тілдің басқа тілдердің тағдырына байланысты өз тарихы, өз тағдыры бар. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, халықтың рухани мәдениетін, әдеп-ғұрпы мен дәстүрін бойына сіңіреді.
Осылайша, біздің өңірімізде де Қазақстан халқы тілдерінің фестивалін жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Биылғы іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайласып отыр.  
Қазақстан халқы тілдерінің XVIII республикалық фестивалі аясында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен  2016 жылғы 19 тамыз бен 23 қыркүйек аралығына жарияланған «Тілдер айлығы» этнос жастары арасындағы «Абай оқулары» облыстық байқауымен ашылып, нәтижесінде республикалық байқауда облысымыздың намысын қорғайтын, Ақтоғай ауданынан келген Степчук Валерия байқаудың жеңімпазы атанды.
Бүгін 23 қыркүйекте облыстың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Тіл – достық құралы» фестивалі өтті.
Жалпы аталған тілдер айлығы шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында елімізде тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, тарихын және тұрмысын насихаттайтын 200-ге жуық іс-шара, сондай-ақ тілдерді меңгеруге арналған байқаулар, дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар мен конференциялар ұйымдастырылып өткізілді.
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Сәуле Османова аталған мерекеде құттықтау сөз сөйлеп, тіл – халықтың тарихы, мәдениеті мен өркениетке қол жеткізудің кілті, халықтар арасындағы достық, бірлік және келісім тірегі екенін атап өтті.
Іс-шара тіл саясатын насихаттау мен дамытуға үлес қосқан тұлғаларды марапаттаумен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Өзгертілді: 23.09.2016 18:56
Орналастырылды: 26.09.2016 09:48

«Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсету» конкурсының қорытындысы шығарылды

Подведены итоги конкурса «Лучшее обслуживание на государственном языке»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылғы 20 қыркүйекте «Колос» мәдени ойын-сауық орталығында Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсету» облыстық конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өткізілді.
Аталған байқау қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің арасында алғаш рет ұйымдастырылды. Жалпы конкурстың өтуі туралы облыстық «Халық радиода» жарияланып, ережеге сәйкес үміткерлер өтінімдер мен халықпен жұмыс істеп жатқан сәтін түсіріп, бейнероликтерді ұсынды. Мемлекеттік тілде өз білімдерін сынау үшін түрлі деңгейдегі банктер мен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестер мен жеке кәсіпкерлерден барлығы 15 үміткерден өтінім түсті.
Конкурстың басты талабында қатысушылардың мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі, ұсынылған бейнероликтердің маңыздылығы және клиенттерге қызмет көрсету кәсібилігі ескерілді. Сайысты Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы С. Әйтенов, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қ. Ерғалиев, облыстық ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Г. Кәрімова, Халыққа қызмет көрсету орталығының тіл маманы З. Рахимжанова, «pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігінің тілшісі Т. Сахаба сында әділқазы алқасы балдық көрсеткішпен анықтады.
Жалпы байқауға түрлі қызмет көрсету саласының, оның ішінде «Қазақтелеком», «Водоканал и К», «Павлодарэнерго», «Ертіс» қонақүйі,  «Автокомбинат», «Альфа банкі», «Langberry» сияқты мекемелердің қызмтекерлері қатысты. Сөйтіп, аталмыш конкурста бірінші орынды «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің құжаттарды қабылдау жөніндегі маманы Сания Касанова, «Евразиялық банкі» АҚ-ның қаржы кеңесшісі Жанерке Тұрарбекова екінші орынды, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалының жетекші маманы Гульвира Темирова үшінші орынды иеленді.
Өзгертілді: 20.09.2016 17:05
Орналастырылды: 23.09.2016 11:50

«Батыр – ел қорғаны!» атты облыстық жас ақындар мүшәйра-конкурсының қорытындысы

Подведены итоги поэтического конкурса «Батыр – ел қорғаны!»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылғы 15 қыркүйекте С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Батыр – ел қорғаны!» атты облыстық жас ақындар мүшәйра-конкурсының қорытындысы шығарылды.
Конкурстың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жас ақындарды іздеп табу және қолдау.
Байқауға қала, аудандардан 16-25 жас аралығындағы 20-дан астам талапкерлер қатысып, олардың 15-і ғана келесі кезеңге өтті. Әділқазылар алқасы қатысушыларды конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді. Үміткерлердің шығармаларына туған жердің әсемдігі, еліміздің тәуелсіздігі және Қазақстан халқының бірлігі мен достығы арқау болды.
Бәйгеде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Ахмади Ахмет өз қарсыластарынан оқ бойы озып, І орынды иеленді. ІІ орынға Ақсу қаласы, Үштерек жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Батырбек Мақсатхан, ІІІ орынға Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ интернатының оқушысы Архат Әлібек ие болды. Қатысушылар көрермендердің көңілінен шығып, шын мәнінде жас ақындардан патриоттық сезім және шығармаларынан Отанға деген адалдық байқалды.
Өзгертілді: 15.09.2016 18:56
Орналастырылды: 16.09.2016 11:27

Көптілділік – заман талабы

Полиязычие – веление времени
2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан халқы тілдерінің XVIII республикалық фестивалі аясында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» облыстық олимпиадасы өтті.
Шараның мақсаты – үш тілді жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Аталған шараға 18-22 жас аралығындағы облыстың қала, аудандарында өткен олимпиадалардың жеңімпаздары қатысып, өз біліктіліктерін шыңдады. Қатысушылар берілген тақырыптың мазмұнын ашу, эссе жазу, мәтінге ілеспе аударма жасау арқылы сынға түсті.
Олимпиада нәтижесі бойынша бірінші орынға өз білімін жоғары дәрежеде көрсеткен Качир ауданынан келген Дархан Дүйсекенов ие болды. Екінші орынды Лебяжі ауданының үміткері Ислам Серікбай, ал үшінші орынды Ақсу қаласының қатысушысы Әсемгүл Сейлханова иеленді. Сайысқа қатысушылардың барлығы диплом, алғыс хаттармен қоса сыйлықтармен марапатталды. Дархан Дүйсекенов республиқалақ байқауға жолдама алды.
Өзгертілді: 09.09.2016 17:56
Орналастырылды: 16.09.2016 18:20

Дәстүрлі Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті

Прошел традиционный областной конкурс мастеров художественного чтения имени Оралхана Бокея
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан халқы тілдерінің XVIII республикалық фестивалі аясында ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Шараға   18-35 жас аралығындағы облыстың қалалары мен аудандарының мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Аталмыш шараның мақсаты мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу.
Қазақ көркемсөз өнерінің кербұғысы атанған Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жазушының шығармаларымен қатар, өзге де ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқыған қатысушылар қазылар алқасының тарапынан тиісті бағаларын алып, жеңімпаздар балдық көрсеткіш бойынша анықталды. Сөйтіп, қазылар алқасының шешімімен облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің арасында Май ауданының үміткері Топанова Сандуғаш үшінші, Ақтоғай ауданының үміткері Қапанова Айнұр екінші орынға ие болса, ал өз қарсыластарынан озып, ерекшеленген Екібастұз қаласының үміткері Амангельдинов Асхат байқаудың жеңімпазы атанды. Осы конкурстың жеңімпазы облысымыздың намысын қорғау үшін республикалық додаға жолдама алды.
Өзгертілді: 07.09.2016 18:33
Орналастырылды: 08.09.2016 12:19

Павлодар – Омбы: мемлекеттік тіл және шекаралық ынтымақтастық

Павлодар – Омск: государственный язык и приграничное сотрудничество
Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы «Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері ана тілін меңгеруі үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету» тармағы шеңберінде және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ресейдегі Омбы қаласының «Омбы Қазақтары» ұйымының өкілдеріне 2016 жылдың 5-14 қыркүйек аралығында қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Курстың мақсаты Ресей Федерациясында тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету болып табылады.
Оқытуға қазақ диаспорасынан 50 өкіл тартылып, қазақ тілін оқытумен қатар қазақ салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары үйретілетін болады. Қазақ тілін меңгеруге арналған курстарды көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы, кітаптарды әзірлеуші, тәжірибелі қазақ тілі маманы Ш.Д. Кинжикова жүргізуде.
Өзгертілді: 06.09.2016 15:29
Орналастырылды: 13.09.2016 13:08

Ерекше үлгідегі ерекше жоба. «Тіл керуені – 2016» тілдік жобасының жазғы маусымының аяқталауы

Необычный проект в необычном формате. Завершение летнего сезона языкового проекта «Тіл керуені – 2016»
«Тіл керуені» – тілдік-туристік-мәдени бағытындағы кластер.
Мақсаты: тіл – мәдениет – туризм сызбасы бойынша тілдік ортаға ену үшін кешенді тәсіл негізінде шынайы тілдік ортаға жағдай туғызу  және меңгеру тілінде қарым-қатынастың ситуациялық үрдісін жасау болып табылады. Аталған бағыттың тиімді серіктестік формасы этномәдени бірлестіктермен, әр ел азаматтарымен қазақ тілі арқылы ұзақ мерзімді халықаралық серіктестікті іске асыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде осы арқылы әлеуметтану және мәдениаралық коммуникация дағдыларының деңгейі артады. Жобаның мақсатты тобына тұратын жеріне қарамастан әр түрлі жастағы тыңдаушылар кіреді.
Жоба Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен 2016 жылғы 20-24 маусым аралығында Ақсу қаласының Құркөл ауылында өз жұмысын бастаған болатын. Тыңдаушылардың саны 20 адамды құрады. Топтың құрамына Ақсу қаласының жұмыскерлері, студенттер мен қызметшілері енді. Сабақтар тілді меңгеру арқылы қазақ халқының әдет-ғұрып мен салт-дәстүрін зерттеуге ықпал ететін қазақша киіз үйлерде дәстүрлі емес түрінде өткізілді.
Жобаның эстафетасын Павлодар қаласында ағымдағы жылдың 8-12 шілде аралығында сабаққа қатысып жүрген Екібастұз қаласы мен Качир ауданынан келген 22 адам жалғастырды. Осы жолы да сабақтар Павлодар қаласы Ертіс өзенінің жағалауындағы «Энергетик» санаторийінің жанында тігілген киіз үйлерде өткізілді. Шарбақты ауданынан келген 10 адам «Тіл керуені» тілдік жобасының жазғы маусымын аяқтады.
Мемлекеттік тілді үйрету және жаңаша үлгіде насихаттау, тілдік қарым-қатынас жүйесіне енгізу мақсатында оқыту барысында қазіргі заманға сай ерекше сабақ түрлері: ойын-сабақтары, флеш-тренингтер, психологиялық ойындар сияқты жаңа технологиялар қолданылды. Жоба барысында мұражайларға баруға және теплоходпен серуендеуге жағдай жасалған.
2016 жылғы 9 тамызда жобаға белсенді ат салысқан барлық топтардың қатысуымен Екібастұз қаласында «Жібек жолы» акциясы ұйымдастырылды. Акция шеңберінде «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне алдын ала дайындалған кітаптар мен зияткерлік ойындар табысталды және «Шахтер» мәдени-демалыс саябағында қала тұрғындарының қатысуымен флеш-моб пен концерт ұйымдастырылды. Жоба қатысушылары Ақсу қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» атты суретке түсірушілер көрмесінің ашылу салтанатына қатысып, Екібастұз қаласындағы мұражайға барды. Шара бейбітшілік пен достықтың бейнесі ретінде аспанға шарларды ұшырумен аяқталды.
«Тіл керуені – 2016» тілдік жобасының жазғы маусымының жабылу рәсімі 2016 жылғы 27 тамызда Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында өтті. Жобаға қатысқан белсенділер алғыс хаттармен марапатталды және жобаның бейнесі бейнеленген жалауы мен «Тіл керуені» жобасының символдық вымпелдары табысталды. Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындарына жоба қатысушыларымен дайындалған концерттік бағдарлама назарларына ұсынылды.
Өзгертілді: 29.08.2016 17:40
Орналастырылды: 31.08.2016 10:56

Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры

Язык - символ независимости
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде «Жастар форумы» өткізілді. Форумға 10 аудан және 3 қаладан мемлекеттік тілдің дамуына өз үлестерін қосып жүрген 20 мен 25 жас аралығындағы жастар қатысты. Осындай өнер-білімге құштар, халқының жоғын жоқтайтын, рухын асқақтататын жастарымыздың қатысуымен облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы әр жыл сайын көптеген шаралар ұйымдастыруда. Облыстағы белсенді жастардың бастамасымен осы жылы «Жастар форумы» Шарбақты ауданындағы әсем табиғат аясынан орын тепкен «Лесная сказка» демалыс үйінде өтті. Бұл шараны Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С.Ғ. Османова құттықтау сөзімен ашты.
Форумның мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, оның мәртебесін көтеру және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, мемлекеттік тілді жастар арасында кеңінен қолдануды жетілдіру.
Жиналған жастар ақпараттық сағат шеңберінде «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында өз пікірлерін ортаға салып, психологиялық тренингтер мен жастар алаңында ұйымдастырылған дебаттық клуб және пікірсайыс шараларына қатысты. Іс-шара соңында мемлекеттік тілді  дамытуға белсенділік танытып жүрген жастар көптілділік мәселесі жайында әңгіме құрастырып, өз ұсыныстарын айтты.
Өзгертілді: 26.08.2016 20:03
Орналастырылды: 29.08.2016 10:47

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі анықталуда

Определяется уровень владения государственным языком
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы нәтижелі көрсеткіштердің бірі - мемлекеттік тілді В1 және С1 деңгейлерінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің үлесін арттыру. Аталмыш көрсеткіштерді орындау мақсатында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 22-24 тамыз аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сертификаттық және диагностикалық тестілеу өткізілуде.
Жалпы облыста ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында аталған жүйе бойынша 1209 адам тестілеуден өтті. Осы жолы облыстың қала, аудан және басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары барлығы 2000 астам адам А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша тестілеуден өтеді. 
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша тестілеу келесі жылы да  жалғасын табатын болады. Осы орайда базалық деңгейді меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен қызметкерлерге өз білімдерін одан да жоғары деңгейде сынап көруге мүмкіндік туатын болады.
Өзгертілді: 22.08.2016 18:43
Орналастырылды: 29.08.2016 10:48

Тілдер айлығының салтанатты ашылуы. Этнос жастары арасында «Абай оқулары» облыстық байқауы

Торжественное открытие месячника языков. Областной конкурс «Абаевские чтения» среди молодежи этносов
2016 жылғы 19 тамыз бен 23 қыркүйек аралығы Павлодар облысында «Тілдер айлығы» деп жарияланды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан халқы тілдерінің XVIII республикалық фестивалі аясында «Тілдер айлығы» ресми түрде этнос жастары арасында «Абай оқулары» облыстық байқауымен ашылды. Жалпы айлық шеңберінде облыс қала, аудандарында 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылатын болады.
Шараға 18-22 жас аралығындағы қалалар мен аудандарда өткен байқаулардың жеңімпаздары қатысты.
Қазылар алқасының мүшелері үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, қазақ тілінде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне, әнді орындау мәнеріне, сахналық мәдениетіне назар аударды. Қатысушылар Абайдың шығармаларын жақсы білетіндерін толық көрсетіп алқа мүшелерін, жиналған көрермендерді таң қалдырды. Бірінші орынға қазақша өте таза сөйлеген, сахнада өзін көркем ұстаған, оқу шеберлігін жоғары дәрежеде көрсеткен Ақтоғай ауданынан келген Степчук Валерия ие болды. Екінші орынды Павлодар қаласының үміткері Кенжебаева Зура, ал үшінші орынды Лебяжі ауданының қатысушысы Шаповалова Кристина иеленді. Сайысқа қатысушылардың барлығы диплом, алғыс хаттармен қоса сыйлықтармен марапатталды. Степчук Валерия Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Өзгертілді: 19.08.2016 17:44
Орналастырылды: 23.08.2016 12:27

Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Состоялось заседание рабочей группы по дальнейшему совершенствованию государственной языковой политики в Павлодарской области
2016 жылғы 11 тамызда облыс әкімі Б.Ж. Бақауовтың төрағалығымен Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Күн тәртібінде Павлодар, Ақсу қалаларындағы және облыс мәдениет, архивтер және құжаттама, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларындағы ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері қаралды.
Жұмыс тобының отырысында қала, аудан әкімдеріне және мемлекеттік орган басшыларына көрнекі ақпарат құралдары мен жарнамалардағы мәліметтерде заң нормаларының сақталуын қадағалау, ведомствоға қарасты мекемелердегі хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізу, сондай-ақ «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы» 2016 жылға арналған мақсатты индикаторларды іске асыру бойынша қажетті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырма берілді.
Өзгертілді: 11.08.2016 17:06
Орналастырылды: 12.08.2016 14:41

«Тіл керуені» жобасы жалғасуда

Продолжение языкового проекта «Тіл керуені»
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен бастау алған жаңа «Тіл керуені» тілдік жобасы 2016 жылғы 8-12 тамыз аралығында Павлодар қаласының «Энергетик» санаторийінде Шарбақты ауданының өкілдерімен жалғасын тапты. Мемлекеттік тілді (негізгі деңгейін) үйрету және жаңаша үлгіде насихаттау, тілдік қарым-қатынас жүйесіне енгізу мақсатында оқыту барысында қазіргі заманға сай ойын-сабақтар, флеш-тренинг, психологиялық ойындар сияқты жаңа технологиялар қолданылды.
Сонымен қатар жоба қатысушылары 9 тамыз күні Екібастұз қаласындағы «Шахтер» мәдени-демалыс саябағында өткен сабақтарға қатысып, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне алдын ала дайындалған кітаптар мен зияткерлік ойындарды акция ретінде табыстады. Акцияның жалғасы орталық саябақта қала тұрғындарының қатысуымен флеш-моб және кішігірім концертпен аяқталды. Жобаға облысымыздың басқа да өңірлерінің тұрғындарын қатыстыру жоспарлануда.
Өзгертілді: 09.08.2016 18:39
Орналастырылды: 18.08.2016 11:59

Тіл мәселесі кезекті алқа мәжілісінде қаралды

Языковой вопрос обсуждался на очередном заседании коллегии
2016 жылғы 22 шілдесінде Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алқа мәжілісі болып өтті. Қала мен аудандарының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, оқыту орталықтарының, мекеме, ұйым басшылары, тіл жанашырлары, сараптау комиссиясының мүшелері қатысқан мәжілістің күн тәртібінде: Павлодар, Баянауыл аудандарындағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының іске асырылуы және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жағдайы, сондай-ақ «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014 - 2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарының 2016 жылғы 1 жартыжылдығында орындалуы, көрнекі ақпараттардың пайдалануын бақылаудың өңірдегі қамту дәрежесі туралы мәселелер қаралды.
Алқа кеңесінің отырысында қала, аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшыларына ішкі құжаттардың мемлекеттік тілде орындалуын қатаң бақылауға алу, «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы» мақсатты индикаторларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.
Өзгертілді: 22.07.2016 18:28
Орналастырылды: 25.07.2016 10:37

Павлодарда «Тіл керуені» жобасы жалғасын тапты

Продолжение языкового проекта «Тіл керуені» в Павлодаре
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен бастау алған жаңа «Тіл керуені» тілдік жобасы 2016 жылғы 13-18 шілде аралығында Павлодар қаласында жалғасын тапты. Жоба алғаш рет Ақсу қаласында басталса, бүгін ақсулықтар жоба эстафетасын Екібастұз қаласы мен Качиры ауданы жастарына табыс етіп, жоба қатысушылары «Тіл керуені» әнұранын шырқап берді. Осы жолы киіз үйлер Ертістің жағалауындағы Павлодар қаласының «Энергетик» санаторийінің жанында тігіліп,  тіл арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйрену үшін жастарға жағдай жасалды. Аталған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары М. Бегентаев қатысып, жоба қатысушыларына сәттілік тілеп, қазақ тілінің рөлінің артуына сенім білдірді.
«Тіл керуені» жобасының мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін, тарихын тану және қазақ тілін тілдік ортаға биімделу арқылы орыстілді азаматтарды оқыту болып табылады. Жобаның авторы қазақ тілі бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен электрондық оқулықтарды әзірлеуші Ш.Д. Кинжикова.
Бұл жоба тілдік-туристік-мәдени кластер ретінде, сонымен қатар әр түрлі жастағы, қазақ тілін әр түрлі деңгейде меңгерген адамдар жазғы/қысқы және жылдың басқа да мезгілінде тілді, мәдениетті үйрену, өңірдің тарихымен танысу мақсатында ұйымдастырылуда. Сондықтан жоба барысында қазақ тілін үйренушілеріне қаланың музейлері мен театрларына экскурсия ұйымдастырылып, Ертіс бойында саяхат жасау жоспарлануда. Бүгінгі  «Тіл керуені» тілдік жобасының жалғасуына Екібастұз қаласы мен Качиры ауданы әкімдіктері қолдау көрсетуде. Өзгеше жобаға облысымыздың барлық қалалары мен аудандарының жастарын қатыстыру жоспарлануда.
Өзгертілді: 13.07.2016 18:43
Орналастырылды: 15.07.2016 11:29

Бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері марапатталды

Поощрены корреспонденты средств массовой информации
Бүгінгі күні радио, телеарна, ұялы байланыс, интернет сияқты ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерінсіз өмірімізді елестету мүмкін емес.
Байланыс қоғамымызда әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды құрамына айналды. Сапалы және сенімді байланыс барлық саланың ұтымды жұмыс жасауын қамтамасыз етеді, еліміздің тұрақты дамуы мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды шарт болып табылады.
Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілерін марапаттау рәсімі өтті.
Аталған шарада облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшылығы облысымызда мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға қосқан үлесі үшін БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.
Өзгертілді: 27.06.2016 16:51
Орналастырылды: 28.06.2016 17:39

«Тіл керуені» жобасы бастау алды

Стартовал языковой проект «Тіл керуені»
2016 жылғы 20-25 маусым аралығында Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен жаңа «Тіл керуені» тілдік жобасы бастау алды. Жоба алғаш рет Ақсу қаласында өтті. «Тіл керуені» жобасының мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін, тарихын жастар мен басқа да санаттағы азаматтар арасында насихаттау, сондай-ақ қазақ тілін үйренуге ниеті бар адамдар үшін тілдік орта қалыптастыру болып табылады. Жобаның авторы қазақ тілі бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен электрондық оқулықтарды әзірлеуші Ш.Д. Кинжикова. Бұл жоба тілдік-туристік-мәдени кластер ретінде, сонымен қатар әр түрлі жастағы, қазақ тілін әр түрлі деңгейде меңгерген адамдар жазғы/қысқы және жылдың басқа да мезгілінде тілді, мәдениетті үйрену, өңірдің тарихымен танысу мақсатында ұйымдастырылды. Жоба барысында қазақ тілін оқыту үшін жаңа Флеш-тренинг технологиясы қолданылды. Облысымыздың барлық қалалары мен аудандарын қамту жоспарлануда.
Өзгертілді: 27.06.2016 16:30
Орналастырылды: 28.06.2016 17:38

Баянауыл ауданында облыстық көшпелі семинар өтті

Областной выездной семинар в Баянаульском районе
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп 2016 жылғы 10 маусымда Баянауыл ауданында іс жүргізушілерге, аудармашылар мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды.
Көшпелі семинарды басқарманың тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.С. Төкенов ашып, облыстағы тілдік ахуал, мемлекеттік тілдің аясын кеңейтудегі атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтті.
Семинардың практикалық бөлімінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ы.Б. Шақаман және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Ф. Зейнулина семинар қатысушыларына әдістемелік көмек көрсетті.
Семинар барысында терминология және ресми құжаттарда терминдерді қолдану, аудармада кездесетін қателер бойынша редакциялау жұмыстарын жүргізу мәселелері қозғалды. Шараға қатысқандар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.
Өзгертілді: 10.06.2016 18:20
Орналастырылды: 14.06.2016 11:07

Жақсылық жасай білейік

Твори добро
«Жетім көрсең жебей жүр» - демекші облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Балаларды қорғау мерекесіне орай 2016 жылғы 1 маусымда «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесіне кітаптарды тарату акциясын өткізіп, 150-ге тарта оқу-әдістемелік құралдары таратылды.
Шара барысында мекеме директорлары балалар үйінің жай-күйімен таныстырып, жалпы жұмыс барысынан құлағдар етті. Балалар үйінде тәрбиешілер тарапынан әсіресе бүлдіршіндердің білімі мен тәрбиесіне басты назар аударылып отырғандығы байқалды.
Өзгертілді: 01.06.2016 17:11
Орналастырылды: 02.06.2016 14:07

Павлодарда «Тіл шебері» конкурсы өтті

В Павлодаре прошел конкурс «Тіл шебері»
2016 жылғы 27 мамырда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен тілдердің үштұғырлығын насихаттау, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау мен қолдау мақсатында «Тіл шебері» атты облыстық конкурсы өткізілді.  
Конкурста қалалар мен аудандардың үш тілді меңгерген 21 мен 29 жас аралығындағы үміткерлері бақ сынасты.
Қатысушылар «Мәдениеттаным» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрлері жөнінде сұрақтарға жауап берсе, «Ұлттаным» кезеңінде қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап берді. Ал, үшінші «Өнертаным» кезеңінде шығармашылық тапсырмаларды орындады.
Қатысушылардың білімдерін ПМПИ, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Ерғалиев төрағалық еткен білікті әділқазылар бағалады.
Әділқазылар мүшесі үміткерлердің білімдерін бағалау кезінде тілдерді меңгеру деңгейіне, жауаптардың орамдылығы мен сапасына, үш тілде таза сөйлеуіне, сахналық мәдениетіне  назар аударды. 
Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Ертіс ауданының үміткері Қабылбекова Әлия жеңіп алса, II орынды Шарбақты ауданының үміткері Сансызбаева Ақтолқын,  III орынды Павлодар ауданынан келген Бегимова Лейла иеленді. Барлық қатысушылар сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Байқаудың жеңімпазы Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Өзгертілді: 30.05.2016 10:26
Орналастырылды: 31.05.2016 15:20

Түркі жазбалары – өткенді тану

Тюркская письменность – познание прошлого
Қазақстан – көп ұлтты бауырына басқан киелі мекен. Солардың ішінде өзге этнос өкілдерімен қатар діні мен тілі бір түркі тілдес ұлттар да бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Олармен ең бірінші қазақ халқын тығыз байланыстыратын дүние ‒ Көне Түркі жазба ескерткіштері болып табылады.
Осыған орай «Достық» концерттік залында 2016 жылдың 26 мамырында дәстүрлі Түркі халықтарының жазбалары күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – ұлттар татулығын нығайту мен түркі тілінің абыройын асқақтату.
Елеулі күнге арналған шара этномәдени бірлестіктерінің бірегей кітап көрмесімен басталып, көрермен назарына ұсынылған Түркі жазуларының тарихы туралы деректі фильмінен кейін, жоғары деңгейде ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Аталған шараны тамашалауға этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мәдениет және білім беру саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері, қазақ-түрік лицейінің тәрбиеленушілері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жалпы облыс бойынша қала, аудандарда Түркі халықтарының жазбалары күніне орай барлығы 70-ке жуық шара ұйымдастырылды.
Өзгертілді: 26.05.2016 17:22
Орналастырылды: 30.05.2016 12:05

Ұлы Кирилл және Мефодий күні

День святых Кирилла и Мефодия
Славян жазбалары мен мәдениеті күні дәстүр бойынша жыл сайын 24 мамырда аталып өтеді. Мерекенің басқаша атауы: «Ұлы Кирилл және Мефодий күні».
Кирилл және Мефодий Солуни қаласында тұрған. Осы грек шіркеуінде олар Кирилл славян әліппесінің (Кирилл әліппесін шығарушы атымен) негізін қалаған. Бұл әліппе ғалымдардың айтуынша 863 жылы жарыққа шыққан. Славян әліппесін шығару кезінде Кирилл және Мефодий грек әліппесіне сүйене отырып, оны барынша славянның дыбыстық жүйесіне  сай өзгерткен. 
Алғаш рет бұл мереке  19 ғасырда Болгарияда Кирилл мен Мефодий құрметіне орай тойлана бастаған. Кейіннен бұл дәстүр басқа да славян мемлекеттерінде, оның ішінде Ресейде жалғасын таба бастады. Славян әліппесінің негізін қалаушылар құрметіне арналған жыл сайынғы мереке Ресейде 1863 жылдан бастап тойлана бастаған. Бұл мереке 1917 жылғы төңкерістен кейін бірнеше онжылдыққа ұмытылған.  1986 жылы 24 мамыр «Славян жазбалары мен мәдениеті мерекесі» ретінде жарияланып, алғаш рет қайта жаңғыртылды. Осы күннен бастап бұл мереке Қазақстанда да тойлана бастады. Бүгін облысымыздың қалалары мен аудандарында әртүрлі байқаулар мен викториналар, дөңгелек үстел, конференция, концерттік бағдарламалар, кітап көрмелері сияқты 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылуда. Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тіл мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіп, Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен өткізілген іс-шараларға қатысты.
Өзгертілді: 24.05.2016 17:40
Орналастырылды: 25.05.2016 13:20

Қазақ тілін меңгеруді тексеру

Проверка знаний казахского языка
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген нәтижелер көрстекіштерінің бірі - «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 және С1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің үлесін арттыру. Осы орайда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 18-20 мамыр аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті кешенінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сертификаттық және диагностикалық тестілеу өткізілуде.
Аталмыш шараның мақсаты: облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау. Жалпы облыс бойынша тестілеуге қала, аудан және басқармалардың мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары барлығы 1500 жуық тестіленуші А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша тестілеуден өтетін болады. Жалпы тестілеуде 150 сұрақтан тұратын тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлім, оқылым бөліктері қамтылған.
«ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеудің бірінші кезеңі диагностикалық тестілеу болса, екінші кезеңі – қазақ тілін меңгеру деңгейлерін бағалауға арналған сертификаттық тестілеу болып табылады. Жалпы аймақта жыл сайын аталмыш тестілеудің екі кезеңі де белсенді түрде ұйымдастырылуда. Осы ретте мемлекеттік тіл саясатының міндеттерін орындау аясында жүргізіліп отырған тестілеу жұмыстары жалғасын табатын болады.
Өзгертілді: 18.05.2016 18:06
Орналастырылды: 23.05.2016 15:27

Береке бастауы - бірлік

Единство - основа благополучия
Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебімен бірлесіп 2016 жылғы 15 мамырда «Достық» концерттік залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және аймақтағы этномәдени орталықтардың өзара байланысын нығайту мақсатында «Бірлік» этнофестивалін өткізді.
Татулықты ұлықтайтын шараны облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С. Османова, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары С.Қ. Жетпісбаев құттықтау сөзімен ашып, бүгінгі күні облыста 24 этномәдени бірлестік татулық пен бірліктің орталығына айналған және өңірде тұрақтылықтың нығаюына өлшеусіз үлес қосып жатқанын айтты.
Аталған шараға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
 Ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері жыл бойы үйреніп білгендерін, өнерлерін паш етіп, мерекенің мәртебесін, достықтың шынайылылығын арттыра түсті.
Іс-шара соңында оқу жылының қорытындысы бойынша өз ана тілінің дамуына зор үлес қосып, жас ұрпақты халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениетін насихаттау жолында еңбек етіп жатқан оқытушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Өзгертілді: 16.05.2016 12:31
Орналастырылды: 17.05.2016 18:24

Орыс ұлты жастары арасында «Тіл - парасат» облыстық конкурсы өтті

Областной конкурс «Тіл - парасат» среди представителей русской молодежи
2016 жылғы 13 мамырда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы  орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» атты облыстық байқауын өткізді.
Мақсаты: мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру.
Байқауға 18-22 жас аралығындағы облыс қала, аудандарының жеңімпаздары қатысты.
Байқау шартына сәйкес олар кез келген тақырыпқа ауызша тұсаукесер жасап, эссе жазу бойынша сынға түсті және шығармашылық тапсырмаларды орындады.
Шараның қорытындысы бойынша I жүлделі орынды Ақтоғай ауданының үміткері Степчук Валерия, II  орынды Павлодар ауданынан Осинцева Мария, III орынды Павлодар қаласының қатысушысы Павлюк Анастасия иеленді.
Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Облыстық байқауда I орынға ие болған қатысушыға республикалық кезеңге жолдама берілді.
Өзгертілді: 13.05.2016 17:01
Орналастырылды: 16.05.2016 10:33

Мемлекеттік тіл – біздің болашағымыз!

Государственный язык – наше будущее!
Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен құрылған мемлекеттік тілді насихаттау тобы  жыл басынан бері облыс аймақтарындағы этнос өкілдері көп шоғырланған орыстілді азаматтармен мемлекеттік тілді насихаттау, оның қолданылу аясын кеңейту, мәртебесін арттыру мақсатында кездесулер өткізуде.
2016 жылғы 12 мамырда Шарбақты ауданында «Мемлекеттік тіл – біздің болашағымыз!» тақырыбында кезекті кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш шараға насихаттау тобының мүшелері Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы С.Ә. Әйтенов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының мүшесі, Ақсу қаласының құрметті азаматы С.Қ. Қондыкерова, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қ.Ж. Нұрбаев қатысты.
Кездесу барысында шараға қатысушылармен орыстілді азаматтар арасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесінің, жастарды патриоттық тәрбиелеудің маңыздылығының және қоғам өміріндегі мемлекеттік тілді қолданудың, сондай-ақ Шарбақты ауданының тілдік ахуалы туралы сөз қозғалды.
Өзгертілді: 13.05.2016 12:44
Орналастырылды: 16.05.2016 10:30

Екібастұз қаласында облыстық көшпелі семинар өтті

Областной выездной семинар в городе Экибастуз
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп 2016 жылғы 12 мамырда Екібастұз қаласында іс жүргізушілерге, аудармашылар мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды.
Аталған шараның пленарлық бөлімінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға байланысты мәселелер көтеріліп, қазақ тілін оқыту жөніндегі стандарт пен типтік бағдарламаны іске асырудағы оқытушылар жұмысының негізгі бағыттары қарастырылды.
Көшпелі семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы  Б. Сағындықұлы және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Ф. Зейнулина  қатысып,  семинарға қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар терминология және ресми құжаттарда терминдерді қолдану мәселелері қозғалып, орфографиялық, пунктуациялық ережелерді қолдану, аудармаларда жиі кездесетін қателіктер айтылып, мәтіндерге редакциялық түзетулер бойынша жұмыстар жүргізілді. 
Өзгертілді: 13.05.2016 12:36
Орналастырылды: 16.05.2016 10:32

«Қазақ тілін оқыту кезінде тілдік, психологиялық тәсілдерді қолдану» тақырыбындағы онлайн семинар

Онлайн семинар на тему «Методы использования языковых, психологических методов при обучении казахскому языку»
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесін көбейту қарасытырылған.
Мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатында Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен жыл сайын қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған онлайн семинарлар өткізіледі. Осының жалғасы 2016 жылғы 11 мамырда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Қазақ тілін оқыту кезінде тілдік, психологиялық тәсілдерді қолдану» тақырыбында кезекті онлайн режимінде семинар ұйымдастырылды.
Аталған семинарға ЖОО ғалымдары және оқытушылары, облыс оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты. Жаңа инновациялық технологияларды игере отырып, мемлекеттік тілді оқыту процесінде флеш-тренинг семинарға қатысушылар тіл білімінің тәжірибелі ғалымдары Б. Сағындықұлы, Ш.Д. Кинжикова, сонымен қатар психология ғылымдарының кандидаты Г.Т. Топанова да психологиялық жағынан оқыту және арт-терапия элементтері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында жағымды оң пікірлер айтылып, қатысушылар тарапынан осындай іс-шараларды жүргізу маңызды және әрі қажетті екендігі жөнінде сөз болды.
Өзгертілді: 11.05.2016 18:44
Орналастырылды: 12.05.2016 10:38

Этнос жастарымен кездесу

Встреча с молодежью этносов
2016 жылғы 11 мамырда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы  этнос жастары арасында мемлекеттік тілдің беделін арттыру, көпшіліктің қолданылуына қол жеткізу мен насихаттауға арналған шараларды іске асыру мақсатында қазақ тілін жетік меңгерген этнос жастарының қатысуымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында жастар үштілділік туралы және тіл болашағы тұрғысында өз пікірлерін, ұтымды ойларын ортаға салып, бірнеше тілдік жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Өзгертілді: 11.05.2016 12:48
Орналастырылды: 16.05.2016 10:31

Мемлекеттік тіл – біздің болашағымыз!

Государственный язык – наше будущее!
2016 жылғы 27 сәуірде Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша облыстың этностары көп шоғырланған Павлодар мен Успен аудандарында орыстілді азаматтардың қатысуымен  «Мемлекеттік тіл – біздің болашымыз!» атты кездесулер өткізілді. Осы іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік тілді насихаттау, оның қолдану аясын кеңейту және мәртебесін көтеру.
Кездесу барысында аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңымен таныстырып, Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі ретіндегі рөлі, патриоттық, жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы, мемлекеттік тілдің ғылым-білім, қоғамдық көпшілік орындарда қолданылуы туралы сөз қозғалып, шараға қатысушылар өзара пікір алмасты.
Аталмыш шараға насихаттау тобының мүшелері Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы С.Ә. Әйтенов, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша төрайымы Б.Ш. Максилова, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қ.Ж. Нұрбаев қатысты. Отырыс соңында қойылған сұрақтарға жауап беріліп осындай кездесулерді жиі өткізілуіне ұсыныстар қабылданды.
Өзгертілді: 28.04.2016 09:51
Орналастырылды: 11.05.2016 12:51

Тұтынушы талабы – сапалы қызмет

Потребительский спрос - качество обслуживания
Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2016 жылғы 22 сәуірде «Нұр Отан» ХДП мәжіліс залында Қазақстан Республикасының «ҚР тіл туралы» Заң талаптарының сақталуы жөнінде семинар өткізді.
Қазақстан Республикасының «ҚР тіл туралы» Заң талаптарының сақталуы және әрбір мекемедегі көрнекі ақпараттардың сауатты орналасуы, халыққа сапалы қызмет көрсету мәселелері талқыланған семинарға Павлодар қаласының банк, ломбард, қонақүй, сауда үйлері басшылары, құзырлы орган және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы көрнекі ақпарат жөнінде және тұрғындардан кейбір нысандарда мемлекеттік тілде тиісті қызмет көрсетілмейтіні туралы келіп түскен өтініштер туралы баяндама жасалып,  қоғамның барлық қызмет көрсету салаларында тұтынушы тілінде сапалы қызмет көрсетілуі тиіс екендігі айтылды.
Семинар барысында енді заң бұзушылыққа жол берген нысан басшыларына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға сәйкес құзырлы орган өкілдері тарапынан тиісті шаралар қолданылатындығы ескертілді.
Шара соңында қатысушылардың ұсынымдары талқыланып, жиынға шақырылған құзырлы органдардың өкілдеріне қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сөздіктер мен басқа да оқу-әдістемелік құралдар табыс етілді.
Өзгертілді: 22.04.2016 18:19
Орналастырылды: 26.04.2016 16:45

Сауатты жарнама – сауатты тіл

Грамотная реклама – грамотный язык
2016 жылғы 20 сәуірде Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыстың жарнама агенттіктерінің және ірі кәсіпорындардың аудармашылары мен мамандарына арналған «Аударма ісінің ерекшеліктері мен өзектілігі» тақырыбында  оқыту семинарын ұйымдастырды.
Семинарды облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы ашып, облыстағы тілдік ахуал туралы таныстырып өтті.
Аталған семинарды Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бөлімінің басшысы Ш.Д. Кинжикова жүргізді.
Жарнама мәтіндерін мағыналы және сапалы аудару тілдің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық және стиль ерекшеліктерін терең білу қажеттілігін талап етеді. Сондықтан осы мәселелер семинар барысында  тереңінен талқыланып, аудармашылар мен мамандар жазбаша тапсырмалар орындап, нәтижесінде өздеріне қажетті ақпарат алды. Сонымен қатар, аудармашы-мамандарды толғандыратын түрлі мәселелер ортаға салынып, барлық қатысушыларға сөздіктер мен басқа да оқу-әдістемелік құралдар табыс етілді.
Өзгертілді: 21.04.2016 15:28
Орналастырылды: 22.04.2016 10:02

Құжат айналымы және іс жүргізуге қойылатын талаптар жөніндегі семинар

Семинар по требованиям, предъявляемым к делопроизводству и документообороту
2016 жылғы 19 сәуірде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Құжат айналымы және іс жүргізуге қойылатын талаптар» тақырыбында Павлодар облысының ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинарда мемлекеттік органдарда қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудің тәртібі, құжаттама жасауды ұйымдастыру, істерді іс номенклатурасына сәйкес ресімдеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау талаптары, тіл туралы заңнаманың сақталуы туралы мәселелер қаралып, талқыланды.
Аталған шарада мекеменің барлық мемлекеттік қызметшілері қатысып, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңында көзделген Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың жаңа өлшемшарттарымен танысты.
Өзгертілді: 20.04.2016 09:36
Орналастырылды: 22.04.2016 18:15

Қала, аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшыларымен кеңес өткізілді

Состоялось заседание с руководителями отделов культуры и развития языков городов и районов области
2016 жылғы 15 сәуірде қала, аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшыларымен кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде аумақты дамыту жоспарының көрсеткіштері, ономастика мәселелері қаралып, 2016 жылға жоспарланған шараларды өткізуге арналған талаптары туралы сөз болды.
Сонымен қатар мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшыларына жаңа Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары түсіндірілді.
Кеңес барысында ішкі құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесін 100 %-ға жеткізу, мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлерді «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеуден өткізуді қамтамасыз ету және облыс қала, аудандарды қазақ тіліндегі әдебиеттермен қамтамасыз ету үшін қаражат қарастыру жөнінде тапсырма берілді.
Өзгертілді: 15.04.2016 18:43
Орналастырылды: 18.04.2016 10:03

Екібастұз қаласында іс қағаздарын жүргізушілер мен аудармашыларға арналған семинар өтті

В Экибастузе прошел семинар для делопроизводителей и переводчиков
Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және  Екібастұз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ана тілі» орталығы» ЖШС-ның ұйымдастыруымен «Аударма сапасы және ресми құжат сауаттылығы» тақырыбында  семинар өтті.
Семинарға кәсіпорындар мен мекемелердің мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізетін қызметкерлері мен аудармашыларынан құралған елуге жуық  қызметкер қатысты.
Семинарды облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Г.З. Кокина ашып,  облыстағы тілдік ахуал, мемлекеттік тілдің аясын кеңейтудегі атқарылып жатқан шаралар туралы таныстырып өтті.
Семинар барысында орталық директоры З.А. Мамбетова  аударма саласындағы әр аудармашының білуі тиісті ережелерінен түсінік беріп, ресми құжаттардағы емле қағидалары тақырыбы бойынша  дәріс өткізді. Орталықтың тәжірибелі ұстазы П.Ш.Ташева терминдер мен сөздердің қолданыстағы бірізділігін сақтау, орфографиялық және пунктуациялық талаптарды сақтау туралы айтып, жиі кездесетін қателіктер және редакциялық түзетулер бойынша мәтінмен практикалық жұмыс жүргізді. Семинарға қатысқандар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Өзгертілді: 06.04.2016 17:28
Орналастырылды: 08.04.2016 19:10

«Үштілділік – жаһанданудың кепілі» атты дөңгелек үстел

Круглый стол на тему «Трехъязычие – гарант глобализации»
Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 31 наурызда үш тілді меңгерген этнос жастарының қатысуымен «Үштілділік – жаһанданудың кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - бірнеше тілді  жетік меңгерген,  бәсекеге қабілетті жастарды қолдау, оларды тіл арқылы әмбебап, жаһандық құндылықтарға тәрбиелеу, басқа тілдермен қатар мемлекеттік тілдің өрісін одан әрі кеңейту мен насихаттау жолдарын талқылау болды.
Дөңгелек үстелге үш тілді жетік меңгерген жастар қатысып, үштілділік туралы өз пікірлерімен, ойларымен бөлісті. «Тілдерді білу – табысты болашақтың кепілі», «Тіл меңгеру – заман талабы» және т.б. тақырыптарда баяндама жасалды.
Өз кезегінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшылығы жастарға әр уақытта қолдау көрсетуге дайын екенін атап, үштілділіктің қажет екендігін, қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлтаралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi – жаһандық экономикаға кiру тiлi деген  тұжырымды нақтылап өтті.
Өзгертілді: 31.03.2016 18:30
Орналастырылды: 11.04.2016 10:50

Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысында 2016 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы қаралды

Заседание рабочей группы по дальнейшему совершенствованию государственной языковой политики в Павлодарской области по итогам 1 квартала 2016 года
2016 жылғы 30 наурызда облыс әкімдігінде Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде Павлодар, Лебяжі аудандарында және Павлодар облысы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалында, «Қазпочта» АҚ Павлодар облыстық филиалында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы мәселелер қаралды.
Жұмыс тобының отырысында қала, аудан әкімдерінің орынбасарларына және мемлекеттік орган басшыларына ішкі құжат айналымын 100 пайызға жеткізу, мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлерді «Қазтест» жүйесінен өткізу, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын қатаң сақтау жөнінде тапсырма берілді.
Өзгертілді: 30.03.2016 16:52
Орналастырылды: 11.04.2016 10:49

Павлодарда орыс тілі білгірлерінің байқауы өтті

Конкурс знатоков русского языка прошел в Павлодаре
2016 жылғы 30 наурызда Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы дарынды жастарды анықтау және қолдау, мәдениетаралық қарым-қатынаста олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық бастамасын іске асыру, шешендік өнерді дамыту, сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында орыс тілі білгірлерінің «Тіл – барлық білімнің кілті» облыстық конкурсын өткізді.
Бұл байқауға 18-22 жас аралығындағы қала және аудандардың жеңімпаздары қатысып, лексикалық-грамматикалық тест, ұсынылған тақырыпқа эссе жазу және кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу сияқты тапсырмалар орындады.
Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Успен ауданының үміткері Е. Асанбаева, II орынды Павлодар қаласынан Д. Жұмат, III орынды Павлодар ауданынан Ж. Мәдениет иеленді.
Сайысқа қатысушы үміткерлердің барлығы диплом, алғыс хаттармен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық байқау жеңімпазы 2016 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Өзгертілді: 30.03.2016 16:42
Орналастырылды: 01.04.2016 10:46

Жарнама және полиграфия агенттіктері басшыларымен семинар

Семинар с руководителями рекламных и полиграфических агентств
2016 жылғы 26 ақпанда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Павлодар қаласының жарнама және полиграфия агенттіктері басшыларымен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын түсіндіру мен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселесіне байланысты семинар өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы 21, 24-бабы және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 75-бабының талаптары түсіндіріліп, қала көшелеріндегі жарнама мәтіні екі тілде, сауатты ресімделуі туралы әңгіме қозғалды.
Кездесу соңында басқарма басшысының міндетін атқарушысы  қатысушыларға мемлекеттік тілді оқыту мен насихаттауда бірігіп жұмыс жасауға шақырып, әр уақытта қолұшын беруге даяр екенін айтып өтті. Барлық қатысушыларға сөздіктер мен басқа да оқу-әдістемелік құралдар табыс етілді.
Өзгертілді: 26.02.2016 17:41
Орналастырылды: 03.03.2016 10:55

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алқа мәжілісі

Коллегия управления по развитию языков Павлодарской области
2016 жылғы 29 қаңтарда Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Мәжіліс отырысына алқа мүшелері, мемлекеттік мекеме, ұйым, қала мен аудандарының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тіл жанашырлары, сараптау комиссиясының мүшелері және оқыту орталықтарының жетекшілері қатысты.
Кеңейтілген алқа мәжілісінде Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарының 2015 жылы орындалуы және алда тұрған мақсаттары, сондай-ақ Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалы жұмысының негізі бағыттары туралы мәселелер талқыланды.
Алқаның қорытындысы бойынша мемлекеттік тіл мәселелеріне байланысты алқа мүшелерінің жасаған барлық ұсыныстары ескеріліп, тиісті тапсырмалар берілді.
Өзгертілді: 29.01.2016 16:23
Орналастырылды: 02.02.2016 17:48

«Қазақ тілін оқыту кезінде жаңа технологияларды қолдану тәсілдері» тақырыбындағы онлайн семинар

Онлайн семинар на тему «Методы применения новых технологий при обучении казахскому языку»
2015 жылғы 11 желтоқсанда Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Қазақ тілін оқыту кезінде жаңа технологияларды қолдану тәсілдері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Аталған семинарға ЖОО ғалымдары және оқытушылары, облыс оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты. Тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мемлекеттік тілді оқыту кезінде қолданылатын әдістемелер мен жаңа технологиялармен танысты және онлайн режимінде өзекті мәселелерді талқылады. Жалпы онлайн-байланыс арқылы 50 адам қатысты.
Өзгертілді: 11.12.2015 14:29
Орналастырылды: 11.12.2015 14:31

Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының 2015 жылғы қорытындысы шығарылды

2015 жылғы 7 желтоқсанда облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековтің төрағалығымен Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде Шарбақты ауданында және «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Павлодар облыстық телекоммуникация дирекциясында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы мәселелер қаралды. Сондай-ақ, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарының қорытындысы шығарылды.
Жұмыс тобының отырысында қала, аудан әкімдерінің орынбасарларына және мемлекеттік орган басшыларына шығыс құжаттарының басқа мекемелерге мемлекеттік тілде жолдануын қатаң бақылауға алу, «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы» мақсатты индикаторларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырма берілді.
Өзгертілді: 08.12.2015 09:37
Орналастырылды: 09.12.2015 17:42

Ономастика комиссиясының кезекті отырысы

Очередное заседание ономастической комиссии
2015 жылдың 2 желтоқсанында облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Баянауыл, Успен, Железин, Шарбақты, Май, Павлодар аудандарының 30 көшелерінің атауларын және Ақтоғай ауданынындағы 1 ауылдың атауын өзгерту мәселелері қаралды. Жалпы жыл басынан бүгінгі күнге дейін облыста 54 мәселе қаралды.
Өзгертілді: 02.12.2015 18:12
Орналастырылды: 03.12.2015 11:13

Ономастиканың өзекті мәселелері жөніндегі облыстық семинар

Областной семинар о проблемных вопросах ономастики
Павлодар қаласында 2015 жылғы 27 қарашада облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Ономастиканың өзекті мәселелері» атты семинар-кеңес болып өтті.
Аталған шараға облысқа қарасты барлық қала, аудандардың ономастика мәселесімен айналысатын мамандары және қала, аудан әкімі аппараттарының өкілдері шақырылды. Семинарда мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жеке адамдардың есімін беру қағидалары туралы сөз қозғалып, қайта атау кезіндегі ұсталынатын нақты критерийлер туралы мәселелер алға тартылды.
Сондай-ақ бұл мәжілісте қала, аудандардың ономастика бағытындағы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, келесі жылға белгіленген жоспарлары тыңдалды. Маңызды мәселелер талқыланған жиын ономастика бағытындағы түйіндердің шешілу жолдарын анықтап, ономаст мамандардың бір мәмілеге келуіне өз септігін тигізді.
Өзгертілді: 27.11.2015 18:13
Орналастырылды: 30.11.2015 17:14

Қазақ тілін тегін оқыту курсының кезекті ағымы аяқталды

Завершены очередные курсы бесплатного обучения казахскому языку
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Ана тілі» орталығы» ЖШС мемлекеттік қызметшілерге қазақ және ағылшын тілдерін, сондай-ақ барлық санаттағы азаматтарға қазақ тілін тегін оқыту курстарын ұйымдастырады.
Курстың аяқталуы бойынша тыңдаушылар емтихан тапсырып, оларға сертификаттар табыс етілді.
Өзгертілді: 27.11.2015 15:50
Орналастырылды: 30.11.2015 17:16

Тілдерді білу – табысты болашақтың кепілі

«Знание языков – гарантия успешного будущего»
2015 жылғы 25 қарашада Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тілдерді оқыту мен дамыту мәселелері бойынша «Тілдерді білу – табысты болашақтың кепілі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Аталған іс-шараға облысымыздағы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар мен оқыту орталықтарының басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында тілдерді оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселелері жөнінде оқыту орталықтарының басшылары баяндама жасап, Павлодар облысында әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижесі бойынша ПМПИ әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, профессор О.Е.Комаров қорытынды жасады.
Іс-шара барысында тілдерді оқыту саласындағы инновация, тілдерді оқыту үрдісіндегі қазіргі оқулық пен оның рөлі және тілді тәжірибеде қолдану мәселелері қозғалды. 
Қатысушылар үшін тілдерді оқытуға арналған әдістемелік оқулықтар мен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өзгертілді: 25.11.2015 16:46
Орналастырылды: 26.11.2015 10:17

Ақсу қаласында облыстық семинар өтті

Областной семинар в городе Аксу
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп 2015 жылғы 17 қарашада Ақсу қаласында «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында іс жүргізушілер мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық семинар ұйымдастырды.
Аталған шараның пленарлық бөлімінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға байланысты мәселелер көтеріліп, қазақ тілін оқыту жөніндегі стандарт пен типтік бағдарламаны іске асырудағы оқытушылар жұмысының негізгі бағыттары қаралды.
Семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Ы.Б. Шақаман және Павлодар облысы әкімі аппаратының бас маманы Б.С. Сұлтымбаева қатысып,  мамандарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.
Өзгертілді: 17.11.2015 17:23
Орналастырылды: 18.11.2015 12:13

Жеңіс Мардановты еске алу

22
2015 жылғы 12 қараша күні облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының алғашқы төрағасы, облыстық «Дауа» газетінің бас редакторы Жеңіс Мардановты еске алуға арналған «дөңгелек үстел» өтті. Ағамыз тілі болса бүгінгі күні 70 жасқа толар еді.
Аталмыш шараға «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері, Ж. Мардановтың жұбайы Сұлуқия Елеуқызы, қызы Зұлейха Жеңісқызы, туыстары мен замандастары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен тіл жанашырлары қатысты. Отырыста «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымы құрылған алғашқы кезеңдері, бірінші төрағаның еңбектері туралы мәселелер көтерілді.Шара барысында Жеңіс Марданов басқарған қоғам туралы мұрағат деректері көрсетіліп, қатысушылардың назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Жеңіс ағамыздың бастамасымен құрылған аудандық және қалалық ұйымдардың төрағалығына әр жылдары сайланған Мүбәрак Жаманбалинов, Ілияс Оспанов, Зәлмұқан Арынов, Алпысбес Әділханұлы, Жұмағали Қоғабаев, Қайыр Ахметов, Мәті Бахтияров, Қаһарман Зағыт, Қанатбек Құсайынов сынды азаматтардың сүбелі істері осы жиында аталды.
Өзгертілді: 13.11.2015 11:22
Орналастырылды: 16.11.2015 09:58

Орыстілді азаматтарға арналған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша бағдарламаның БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

ПРЕСС РЕЛИЗ программы по организации и проведению мероприятий о пропаганде государственного языка
Өткізілетін орны: Павлодар облысы, Павлодар ауданы әкімдігінің мәжіліс залы
 
Өткізілетін күні, уақыты: 30 қазан 2015 жыл, сағ. 11.30
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 17-тармағына сәйкес Павлодар облысында (Павлодар, Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты аудандарында, «Железин аграрлық – техникалық колледжі», «Шарбақты аграрлық - техникалық колледжі», Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжі, №3 Ақсу колледжі, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ., Ақсу қ., Екібастұз қ.,)  орыстілді азаматтарға арналған  "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" атты  мемлекеттік тілді насихаттау шараларын өткізді. 
Шараның мақсаты: орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі ретіндегі, қоғамдық көпшілік орындардағы, қазақ тілінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі, патриоттық, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері т.б.  жайында сөз қозғау, пікір алмасу.
Шара ү.ж. 26 қазаны мен 30 қазаны аралығында өткізілді. 
Аталған жоба аясындағы 12 шара облыс орталығымен қатар аудандарды да қамтыды. Шара дөңгелек үстел, кездесу түрінде өткізілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында шығарылған өнімдерден көрмелер ұйымдастырылды. 
Шараның жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер,  қоғам қайраткерлері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар.
Шараға орыстілді аймақтардағы этно-мәдени орталықтардың өкілдері, оқу орындарындағы орыстілді студенттер, жалпы жұмысшы-жастар  қатысты.
 
Тапсырыс беруші: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті
 
Ұйымдастырушы: «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС 
 
Байланыс телефондары: 8 747 277 68 67, 8-727-293-88-75
Өзгертілді: 30.10.2015 10:50
Орналастырылды: 16.11.2015 11:43

Аударма ісі және іс жүргізуге арналған семинар

Семинар о вопросах перевода и делопроизводства
Ағымдағы жылдың 21 қазанында Железин ауданында «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында тіл мамандары мен іс жүргізушілерге арналған облыстық семинар өтті.
Осы жиынның пленарлық бөлімінде Павлодар облысында тіл мәселесін қадағалайтын сараптау комиссиясының төрағасы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Б. Сағындықұлы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелеріне байланысты баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 
Семинардың практикалық бөлімінде «Аударма ісі және аударма тілі», «Мемлекеттік тілде іс жүргізу», «Қазақ тілін оқыту технологиялары» тақырыптарында дәрістер және практикалық сабақтар жүргізіліп,  аудармашы-мамандарды толғандыратын түрлі мәселелер талқыланды.
Өзгертілді: 22.10.2015 12:41
Орналастырылды: 16.11.2015 16:12

«Тіл – достық құралы» фестивалі

Фестиваль «Язык – средство дружбы»
Қазақстан халқы тілдерінің XVII республикалық фестивалі аясында 2015 жылғы 23 қыркүйекте «Достық» концерттік залында «Тіл – достық құралы» фестивалі өтті. Іс-шара тіл саясатын дамытуға және насихаттауға үлес қосқан тіл жанашырларын марапаттаумен басталды.
Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі – тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясымен тығыз ынтымақтастықта жыл сайын өткізіліп келе жатқан мәдени іс-шара. Фестиваль мемлекеттік тілді  және Ертіс өңіріндегі этнос өкілдерінің тілдерін меңгеруге қызығушылықты арттырады, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды және мәдениетті сақтауға үлес қосады.
Тілдер фестивалі – аймағымызда тұрып жатқан түрлі этнос тілдерінің бірегейлігі мен құндылығын көрсету.
Фестивальдің жабылуына арналған қорытынды концерт облыстың этномәдени бірлестіктері ұжымдарының орындауында ән және би өнерімен көрермендерді таң қалдырды.
Өзгертілді: 23.09.2015 16:12
Орналастырылды: 23.09.2015 16:15

Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Состоялось очередное заседание рабочей группы по дальнейшему совершенствованию государственной языковой политики
2015 жылғы 16 қыркүйекте облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековтің төрағалығымен Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде Екібастұз қаласы мен Баянауыл ауданындағы және облыс энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармаларында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы мәселелер қаралды.
Жұмыс тобының отырысында қала, аудан әкімдерінің орынбасарларына және мемлекеттік орган басшыларына шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде жолдануын қатаң бақылау, көрнекі ақпараттар мен жарнамалардағы ақпараттардың тіл нормаларына сәйкестендіру жөнінде тапсырма берілді.
Өзгертілді: 16.09.2015 16:31
Орналастырылды: 16.09.2015 17:58

«Таза жарнама» акциясы

Акция «Чистая реклама»
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының және «Ана тілі» орталығы» ЖШС-ның ұйымдастыруымен «Таза жарнама» акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпараттар мәтіндеріндегі қателіктерді анықтау.
Барлығы 12 қатысушының ішінен I жүлделі орынды Назерке Семей, II орынды Мадияр Салықов, ал III орынды Шынар Махаббат иеленді.
Іс-шараға белсенділік танытқан қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдарға ие болып, сыйлықтармен марапатталды.
Өзгертілді: 10.09.2015 17:06
Орналастырылды: 11.09.2015 09:30

Павлодарда Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті

В Павлодаре прошел областной конкурс мастеров художественного чтения имени Оралхана Бокея
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай үстіміздегі жылдың 4 қыркүйегінде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес Оралхан Бөкей атындағы дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы болып өтті. Сайысқа 16-22 жас аралығындағы талапкерлер қатысты. Олардың көпшілігі мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері.
Әділқазылардың шешімімен облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің арасында Павлодар қаласының үміткері Ғалымжан Нұрби үшінші орынға ие болса, Баянауыл ауданының үміткері Зада Қалыбек екінші орынға лайық деп танылды.
Бәйгеде өз қарсыластарынан озып, өнерсүйер қауымның құлақ құрышын қандырған Ақсу қаласының үміткері Кәкім Бәкіжан байқаудың жеңімпазы атанып, облысымыздың намысын қорғау үшін республикалық додаға жолдама алды.
Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.
Өзгертілді: 04.09.2015 18:07
Орналастырылды: 07.09.2015 10:02

Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі

Трехязычие – гарант светлого будущего
2015 жылғы 3 қыркүйекте С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті. Шараның мақсаты – үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген  қабілетті жастарды анықтау  және  қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу. Аталған шараға 16-22 жас аралығындағы облыстың қала, аудандарында өткен байқаулардың жеңімпаздары қатысып, өз біліктіліктерін шыңдады.
Олимпиада нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Павлодар қаласынан Жұмат Дария, II орынды Успен ауданының үміткері Асанбаева Елдана, ал  III орынды Лебяжі ауданының үміткері Шарипова Бақтыгүл  иеленді.
Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Олимпиада жеңімпазы Қарағанды қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Өзгертілді: 03.09.2015 17:53
Орналастырылды: 04.09.2015 12:05

Тіл мамандарына арналған ақпараттық-оқыту семинары

Информационно-обучающий семинар для специалистов по языкам
2015 жылғы 21 тамызда Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Құжат айналымы және іс жүргізуге қойылатын талаптар» тақырыбында аумақтық мекемелер мен облыс басқармаларының тіл мамандары мен іс жүргізуге жауапты қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Семинарда мемлекеттік органдарда тіл туралы заңнаманың сақталуы, істерді іс номенклатурасына сәйкес ресімдеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау талаптары туралы мәселелер қаралып, талқыланды.
Сондай-ақ, аталған шарада облыстағы мемлекеттік мекемелері сайттарының жағдайы және тілдік ахуалды зерттеуге арналған нысаналы индикаторлардың көрсеткіштері жөнінде баяндама жасалды.
Өзгертілді: 21.08.2015 16:28
Орналастырылды: 04.09.2015 10:14

Тілдер айлығының салтанатты ашылуы

Торжественное открытие месячника языков
2015 жылғы 20 тамыз бен 18 қыркүйек аралығы Павлодар облысында «Тілдер айлығы» деп жарияланды. Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы шеңберінде «Тілдер айлығы» ресми түрде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада дөңгелек үстелмен ашылды. Іс-шараның ашылуына қала, аудан мәдениет, тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары қатысты.  Жалпы айлық шеңберінде облыс қала, аудандарында 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылатын болады.
Тілдер айлығы 2015 жылғы 18 қыркүйекте «Тіл – достық құралы» атты фестивальмен аяқталады.
Өзгертілді: 20.08.2015 17:24
Орналастырылды: 04.09.2015 10:14

«Таза жарнама» акциясы

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуының орындалуы мен жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуына мониторинг жүргізу, тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2015 жылғы 10 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында «Таза жарнама» акциясын жариялайды.
 
Қойылатын талаптар:
1. Қатысушылардың жасына және фотосуреттердің санына шек қойылмайды.
2. Суреттер анық, әрі таза түсірілген болуы тиіс.
3. Қатесі бар жарнама орналасқан нысанның мекенжайы көрсетілуі тиіс.
4. Фотосуреттер қағаз және электронды нұсқада болуы тиіс.
 
Акция екі кезеңнен тұрады:
1-кезең. 2015 жылғы 10 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында акцияға қатысушылар облыс қала, аудан көшелерінде орналастырылған ресімделуі тіл заңнамасына сәйкес келмейтін немесе қателері бар жарнама өнімдерін (баннер, билборд) фотосуретке түсіріп, Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына ұсынулары тиіс.
2-кезең. 2015 жылғы 4-8 қыркүйек аралығында ұсынылған фотосуреттерді ереже талаптарына сәйкестігін қарау, талдау, қорытынды шығару.
 
Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай марапатталады.
Мекенжайымыз: Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32.
Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.
Байланыс телефоны: 8 (7182) 32-82-79 (тел/факс), e-mail: tilder@rambler.ru.
Өзгертілді: 11.08.2015 11:16
Орналастырылды: 04.09.2015 10:15

Ұлы ақынның мерейтойына арналған байқау

Павлодарда қазақ халқының Ұлы ақыны, хакім Абайдың туғанына 170 жыл толуына орай этнос жастары арасында «Абай оқулары» облыстық байқауы өтті. «Достық» концерттік залының дәлізінде С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап кітапханасының кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Облыстың қала, аудандарынан келген қатысушылар екі кезең бойынша, атап айтқанда Абай шығармаларын мәнерлеп оқу және «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен орындау бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде І жүлделі орынды Качир ауданының үміткері Коструба Дина, ІІ орынды Екібастұз қаласының қатысушысы Овчаренко Аделина, ІІІ орынды Баянауыл ауданынан келген Николаенко Ангелина иеленді. Сайысқа қатысушылардың барлығы диплом, алғыс хаттармен  қоса бағалы сыйлықтармен  марапатталды.
Облыстық байқаудың жеңімпазы қыркүйекте Семейде өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Өзгертілді: 10.08.2015 10:30
Орналастырылды: 04.09.2015 10:15

Павлодарда «Қазақша сөйлесейік!» акциясы өтті

Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясаты мен тіл заңнамасы талаптарын түсіндіру және насихаттау мақсатында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Қазақша сөйлесейік!» ауқымды акциясын ұйымдастырды.
Осы акцияға «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жастар бастамасын дамыту орталығының мамандары және «Қазақстан Скауттық қозғалыс ұйымы» облыстық филиалының мүшелері қатысты. Әртүрлі қызмет көрсету салаларында жиі қолданылатын сөз тіркестері жазылған екі мыңнан астам ақпараттық жаднамалар және ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптары жазылған парақшалар таратылып, халыққа қызмет көрсету мен қоғамдық көлік салалары қамтылды.
Өзгертілді: 21.07.2015 17:03
Орналастырылды: 04.09.2015 10:16

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алқа мәжілісі өтті

2015 жылғы 3 шілдеде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алқа мәжілісі өтті. Алқа мәжілісіне алқа мүшелері, облыс қала, аудандарының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, мекеме, ұйым басшылары, сараптау комиссиясының мүшелері қатысты.
Мәжіліс отырысында Ақсу, Екібастұз қалаларында және Качиры, Ертіс, Шарбақты аудандарында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша аталған қала, аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары тыңдалды.
Сондай-ақ «2015 жылдың 1-жартыжылдығында ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалу барысына жүргізілген тексерістердің қорытындысы туралы» және «Қала көшелерінде орналасқан көрнекі ақпараттардағы қателер туралы» мәселелер қаралды.
Алқаның қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді дамыту мәселелеріне байланысты алқа мүшелерінің жасаған барлық ұсыныстары ескеріліп, шешім қабылданды.
Өзгертілді: 03.07.2015 17:46
Орналастырылды: 04.09.2015 10:16

Ертіс ауданында ««Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару ісінде қолданылуы» тақырыбында семинар өтті

Ағымдағы жылдың 16-17 маусым күндері  Ертіс ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Ана тілі» орталығы»  ЖШС  ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару ісінде қолданылуы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар жұмысын аудан әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжанов ашып, аудандағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясы туралы айтты. Семинарға  аудандық әкімдіктің бөлім басшылары қатысты.
Семинарда филология ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры А. Ф. Зейнуллина «Мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі, оны арттыру жолдары» тақырыбына дәріс оқыды.  Семинардың практикалық бөлігін «Ана тілі» орталығының бөлім басшысы П.Ш.Ташева жүргізді.
«Қабылдауда; «Мәжіліс өткізу», «Қаулы қабылдау», «Ауылдастармен мерекелік шаралар өткізу», «Марапаттау» тақырыптары бойынша әкімдермен мемлекеттік тілде тренинг өткізілді.
Өзгертілді: 19.06.2015 10:40
Орналастырылды: 04.09.2015 10:17

Ертіс ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті

Ағымдағы жылдың 28-29 мамыры аралығында Ертіс ауданында Қазтест бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған курс ұйымдастырылды.
Қазтест бағдарламасының мақсаты – тыңдаушыларды қазақ тілін оқытудың бес деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғарыға қарай көтере отырып таныстыру және тұрмыстық, кәсіби, ғылыми салаларда коммуникативтік құзыреттілік деңгейін арттыру.
Ауданның мемлекеттік қызметшілері А1, А2 деңгейлері бойынша оқытылды. Аталған семинарға 40 мемлекеттік қызметші қатысты.
Өзгертілді: 29.05.2015 17:14
Орналастырылды: 01.06.2015 09:22

Славян жазбаларының рухани бастаулары

Славян жазбалары күні – бұл тек қана еліміздегі славян этностарының мерекесі ғана емес, сонымен қатар бүкіл қазақстандықтар үшін айтулы күн. Бұл ұлттық бірлігіміздің негізі ретінде қазақ халқы құндылығының айқын көрінісі.
2015 жылғы 22 мамырда Инновациялық Еуразия университетінің  үлкен мәжіліс залында Славян жазбалары күніне арналған концерттік бағдарлама өтті.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша Қазақстан қоғамы Славян жазбалары күнін атап өтеді. Мерекенің бастауы XI ғасырда өмір сүрген, «Кириллицаның», яғни славян әліппесінің негізін қалаушылар, ағайынды Кирилл мен Мефодийден басталады. Славян жазбасы мен ұлттық өнері қазақ мәдениетінде маңызды орын алады. Өйткені славян әліппесі ұлттық тілдердің негізіне айналған, ұлттар арасындағы татулықты және өзара қарым-қатынасты жақсартып, кітап пен әдебиеттің дамуына біршама ықпал етті.
Аталған шараға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Өзгертілді: 25.05.2015 10:39
Орналастырылды: 04.09.2015 10:17

Павлодарда «Кәсіби қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» тақырыбында онлайн семинар өтті

В Павлодаре прошел онлайн семинар на тему «Методы обучения профессиональному казахскому языку»
2015 жылғы 20 мамырда Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, «Ана тілі» орталығы» ЖШС-мен бірлесіп «Кәсіби қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» тақырыбында онлайн семинар  өткізді.
Аталған семинарға ЖОО ғалымдары, колледж оқытушылары және шалғай орналасқан аудандардағы  қазақ тілін оқытатын оқытушылар қатысты. Семинарда тіл үйренушілер жаңа технологиялармен және мемлекеттік тілге үйрету жолдары бойынша онлайн режимінде сабақ үлгілерімен танысты. Жалпы семинарға 80-нен астам адам қатысты.
Семинарда Павлодар көлік және коммуникация, Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледжі, Качир аграрлық техникалық колледжінің қазақ тілі мұғалімдері тақырыпқа байланысты сабақ үлгілерін көрсетті.
Өзгертілді: 21.05.2015 12:35
Орналастырылды: 21.05.2015 15:20

Түркі жазбалары – өткенді тану

Тюркская письменность – познание прошлого
Түркі жазбалары мен мәдениеті – тұрақты дамуға ұмтылған түрік этностарының бай мәдениетінің көрінісі. Түркі халықтарының өркениеті, мәдениеті мен жазбалары бүгінде әлем мәдениетінің ажырамас бір бөлшегі болып табылады.
Осылайша, 2015 жылғы 15 мамырда түркі халықтарының жазбаларын мерекелеу қарсаңында Достық үйінің «Достық» концерттік залында түркі халықтарының жазбалары күніне орай концерттік бағдарлама болып өтті.
Көрермендердің назарына түркі жазбаларының пайда болуы туралы деректі фильм, түркі тілдес этномәдени бірлестіктерінің бірегей кітап көрмесі мен шығармашылық ұжымдардың концертттік бағдарламасы ұсынылды. Аталмыш іс-шараға этномәдени бірлестіктердің басшылары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, мәдениет және білім беру саласының өкілдері қатысты.
Қазақстанның басты байлығы елімізді Отаным деп таныған – этникалық үндестікті, азаматтық бірлік пен ынтымастықты қалыптастырған қоғам болып отыр. Қазақстандағы Түркі халықтары жазбалары күні түркі халқының дәстүрлі мерекесінің біріне айналды.
Өзгертілді: 15.05.2015 18:00
Орналастырылды: 15.05.2015 18:01

Көшпелі семинарда көтерілген мәселелер

О вопросах, рассмотренных на выездном семинаре
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп 2015 жылғы 13 мамырда Қашыр  ауданында «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында іс жүргізушілер мен қазақ тілі мамандарына арналған көшпелі семинар ұйымдастырды.
Аталған шарада ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес іс жүргізуге қойылатын талаптар түсіндіріліп, қазақ тілін оқыту жөніндегі стандарт пен типтік бағдарламаны іске асырудағы оқытушылар жұмысының негізгі бағыттары қаралды.
Семинардың практикалық бөліміне филология ғылымдарының докторы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Бекен Сағындықұлы мен Павлодар облысы әкімі аппаратының бас маманы Б.С. Сұлтымбаева қатысып, мамандар мен іс жүргізушілерге әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.
Өзгертілді: 14.05.2015 15:02
Орналастырылды: 14.05.2015 17:50

Ұлы Отан соғысы және қазақ газеттерінің тарихы

История публикации казахских газет во время Великой Отечественной войны
2015 жылғы 8 мамыр күні облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы және қазақ газеттерінің тарихы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Аталған шараға қазақ тіліндегі газеттердің редакторлары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары, мұрағат пен кітапхана өкілдері, сондай-ақ тіл жанашырлары қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында соғыс жылдарындағы публицистиканың қалыптасуы мен журналистика саласының дамуы жөнінде сөз қозғалып, қатысушылар қазақ газетінің тарихына тоқталып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Шара барысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған деректі фильм көрсетіліп, құнды мұрағаттық деректер қатысушылардың назарына ұсынылды.
Өзгертілді: 08.05.2015 16:04
Орналастырылды: 08.05.2015 17:50

«Ер есімі – ел есінде!» облыстық жас ақындар мүшәйрасы

Областной конкурс молодых поэтов «Мы помним, мы гордимся!»
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде 2015 жылғы 4 мамырда Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Ер есімі – ел есінде!» атты облыстық жас ақындар мүшәйра-конкурсының қорытындысы шығарылды.
Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Бәйгеде Екібастұз қаласы «Зерде» мектебінің 10-сынып оқушысы Төлеутай Еламан өз қарсыластарынан оқ бойы озып, І орынды иеленді. ІІ орынға Баянауыл ауданынан Хасенұлы Еламан, ІІІ орынға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 1-курс студенті Романқызы Гүлмекен ие болды. Сонымен қатар Инновациялық Еуразия университеті колледжінің 3-курс студенті Макишев Мұхтар «Жігерлі ақын» номинациясымен марапатталды.
Өзгертілді: 04.05.2015 18:14
Орналастырылды: 05.05.2015 09:06

Тіл мәселелерін қадағалайтын облыстық сараптау комиссиясының мүшелері бас қосты

Проведено очередное заседание областной экспертной комиссии, контролирующей языковые вопросы
2015 жылғы 23 сәуірде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында облыс мемлекеттік органдарындағы, қала мен аудан әкімі аппараттарындағы тіл мәселелерін қадағалайтын сараптау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Екібастұз, Ақсу қалалары мен Качир ауданының мемлекеттік мекемелерінде ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалу барысына жүргізілген тексеріс нәтижелері қаралып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың төрағалығымен өткен «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында өткен республикалық кеңесте берілген хаттамалық тапсырмалардың Павлодар облысында іске асырылуы жөнінде айтылды.
Өзгертілді: 23.04.2015 16:51
Орналастырылды: 24.04.2015 15:02

Көп тілді білу – заман талабы

Знание языков – веление времени
2015 жылғы 23 сәуірде «Достық үйінің» «Достық» концерттік залында тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары аясында «Тіл шебері» атты жастар арасында облыстық байқау өткізілді.
Байқау мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы мен көптілділікті насихаттау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық рухани бірлікті, қазақ мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Байқауға облыстың қалалары мен аудандарынан үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген 18 бен 25 жас аралығындағы 12 үміткер қатысты. Көрермен ретінде мекемелердің тіл мамандары, білім саласының қызметкерлері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Шарбақты ауданының үміткері Ақзира Жанайдарова жеңіп алса, II орынды Павлодар қаласынан Дария Жұмат, III орынды Лебяжі ауданынан Гүлдана Ещанова иеленді. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Байқаудың жеңімпазы Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысатын болады.
Өзгертілді: 23.04.2015 16:15
Орналастырылды: 24.04.2015 14:59

Ертіс өңірінің қазақ тілі білгірлері

Знатоки казахского языка Прииртышья
Павлодарда «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің облыстық байқауы өтті. Дәстүрге айналған бұл шараны облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ҚР Мәдениет министрлігімен Қазахстанның орыс қауымдастығы арасындағы өзара түсіністікпен әріптестік туралы меморандумына сәйкес мемлекеттік тілді жетік меңгерген жастарға қолдау көрсету мақсатында өткізеді. Байқауға 14-22 жас аралығындағы қала мен аудан жеңімпаздары қатысты.
Байқаудың барлық үміткерлері лексикалық-грамматикалық тест, ұсынылған тақырыпқа сай эссе жазу және қазақ ақын-жазушыларының өмірбаянынан қысқаша мағлұмат беріп, олардың шығармаларын мәнерлеп оқу тапсырмаларын орындап, өздерін лайықты көрсете білді.
Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Павлодар қаласының үміткері Штурмина Полина, II орынды Май ауданынан Буранбаева Виолетта, III орынды Екібастұз қаласының қатысушысы Кадык Неля иеленді.
Облыстық байқаудың жеңімпазы Алматы қаласында өтетін республикалық байқауда облысымыздың намысын қорғайды.
Өзгертілді: 10.04.2015 17:18
Орналастырылды: 13.04.2015 18:10

Ертіс ауданында облыстық семинар өтті

Областной семинар в Иртышском районе
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп 2015 жылғы 8 сәуірде Ертіс ауданында «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында іс жүргізушілер мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық семинар ұйымдастырды.
Аталған шараның пленарлық бөлімінде Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға байланысты мәселелер талқыланды.
Семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ы.Б. Шақаман және Павлодар облысы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Е. Тасболатова қатысып, мамандарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.
Өзгертілді: 10.04.2015 09:30
Орналастырылды: 10.04.2015 17:42

Павлодарда орыс тілі білгірлерінің байқауы өтті

Конкурс знатоков русского языка прошел в Павлодаре
2015 жылғы 27 наурызда Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы дарынды жастарды анықтау және қолдау, мәдениетаралық қарым-қатынаста олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық бастамасын іске асыру, шешендік өнерді дамыту, сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында орыс тілі білгірлерінің «Тіл – барлық білімнің кілті» облыстық байқауын өткізді.
Бұл байқауға 14-18 жас аралығындағы қала және аудандардың жеңімпаздары қатысты.
Байқау барысында сайыскерлер лексикалық-грамматикалық тест, ұсынылған тақырыпқа эссе жазу және кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу сияқты тапсырмалар орындады.
Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Ертіс ауданының үміткері Абиева Әсем, II орынды Лебяжі ауданынан Рашид Сымбат, III орынды Павлодар қаласынан Темірболатова Роза иеленді.
Сайысқа қатысушы үміткерлердің барлығы диплом, алғыс хаттармен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық байқау жеңімпазы 2015 жылғы қыркүйекте Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Өзгертілді: 27.03.2015 16:24
Орналастырылды: 10.04.2015 09:36

«Мемлекеттік тіл және жастар» атты дөңгелек үстел

Круглый стол на тему «Государственный язык и молодежь»
2015 жылғы 12 наурызда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарының қатысуымен Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл және жастар» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік тілді жетік меңгерген жергілікті жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жастар қазіргі қоғамдағы мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге байланысты шешу жолдарын талқылады.
Өзгертілді: 12.03.2015 17:41
Орналастырылды: 13.03.2015 09:38

2014 жыл бойынша жұмыс қорытындысы шығарылды

Подведены итоги работы за 2014 год
2015 жылғы 25 ақпанда «Достық үйінде» облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевтің қатысуымен облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Кеңейтілген алқа мәжілісінде Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарының орындалуы және мемлекеттік және ағылшын тілдерінің, сондай-ақ аймақта тұратын этнос тілдерінің қолдану аясын кеңейту бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәселелер талқыланды.
Алқаның қорытындысы бойынша қазақ тілін дамыту мәселелеріне байланысты алқа мүшелерінің жасаған барлық ұсыныстары ескеріліп, тиісті тапсырмалар берілді.
Өзгертілді: 25.02.2015 17:40
Орналастырылды: 25.02.2015 17:44

Этнос жастары арасындағы «Тіл – татулық тірегі» облыстық байқауы

2015 жылғы 9 ақпанда облыс Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Достық үйінің үлкен залында этнос жастары арасында «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық байқау өтті.
Байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Аталмыш іс-шараға 18-30 жас аралығындағы қала мен аудан жеңімпаздары қатысты. Қатысушылар мемлекеттік тіл туралы бейнероликтер дайындап, берілген тақырыпқа эссе жазды.
Байқау нәтижесі бойынша І жүлделі орынды Ақсу қаласынан келген Гаркава Елена жеңіп алса, ІІ орынды Павлодар қаласының үміткері Иванова Майя, ІІІ орынды Екібастұз қаласынан келген Магеррамова Аида иеленді. Сайыскерлер диплом, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпазы «Тіл – татулық тірегі» республикалық байқауына жолдама алады.
Өзгертілді: 10.02.2015 12:15
Орналастырылды: 10.02.2015 12:15

Павлодар облысында тілдер үйрету курстарының қорытындысы

2014 жылы Павлодар облысында қазақ тіліне 11916 адам, ағылшын тіліне 19557, басқа тілдерге 1838 адам оқытылды. Жыл сайын қазақ тілін үйренуге ниет білдіргендердің қатары артып келеді. Тіл үйренушілерге барлық жағдай жасалған. Облыста 21 тіл орталығы жұмыс істейді. Олардың 13-і қазақ тіліне,19-ы ағылшын тіліне және 7-уі басқа тілдерге оқытады. Қазақ тілін тегін үйренемін дегендерге облыстың барлық қалалары мен аудандарында барлық мүмкіндік жасалған.
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ана тілі» орталығының директоры З.Ә. Мәмбетованың айтуынша, «Ана тілі» орталығы арқылы 2014 жылы 1292 адам қазақ тіліне оқытылып, 1403 адам КАЗТЕСТ сынағынан өткен.
Өзгертілді: 30.12.2014 12:49
Орналастырылды: 30.12.2014 12:49

Павлодар қаласында «Жастар – тәуелсіз мемлекеттің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2014 жылғы 11 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясының кіші залында Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жастар – тәуелсіз мемлекеттің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталған іс-шараға Павлодар облысы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының, Қазақстан халқы ассамблеясы жастар бірлестігі мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері  қатысты.
Дөңгелек үстел барысында  мемлекеттік тілді меңгеру мен оқыту мәселесі және мемлекеттік тілдің болашақта дамуы мен қолданылуы талқыланды.
Өзгертілді: 11.12.2014 17:29
Орналастырылды: 11.12.2014 17:29

«Көптілділік – бәсекеге қабілетті тұлға кепілі» тақырыбындағы семинар-тренинг

2014 жылғы 17 қарашада Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси комитетінің «Қазақстандағы этникалық топтардың тілдерін оқыту бойынша көптілді инновациялық әдістемесін әзірлеу» жобасы бойынша аймақтық семинар өткізілді.
Оқу-әдістемелік кешеннің мақсаты – көптілділікті енгізу мен тарату, тілдерді үйретудің инновациялық әдістемесін әзірлеудегі, тілдерді оқытуды ғылыми және технологиялық қолдаумен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көптілділікті оқытудың өзектілігі көрсетілген, себебі «біздің еліміздің ең маңызды және негізгі басымдылығы көпұлттылық және көптілділік болып табылады» деген болатын.
Оқу-әдістемелік кешен дайындау барысында лингвист-ғалымдар мен практик оқытушылар, жексенбілік мектеп ұстаздарынан құрылған жұмыс тобы Ресейдің Мәскеу қаласы мен Түркия Республикасының Измир қалаларындағы жоғарғы оқу орындарына барып, тілдерді оқыту мәселелеріне қатысты семинар, конференцияларда тәжірибе алмасты.
Осы сапарында В. П. Синячкин, В. М. Шаклеин, Доган Гунай, Фикрет Түркмен сынды әйгілі ғалымдармен сұхбаттасты.
Жұмыс тобы Ресей Халықтар Достығы университетінде, Түркия сапарында Эгей университеті Түркі әлемі ғылыми зерттеу институты, Докуз Ейлюл университеті Тілді зерттеу және үйрету орталығында болып, этникалық топтардың тілдерін оқыту бойынша көптілді инновациялық әдістемені әзірлеу бағытында тіл білімі мен әдістеме әлемінде танымал әдістемеші ғалымдармен кездесіп, ғылыми кітапханалардан теориялық және практикалық материалдар жинақтады.
Еліміздегі ұлттық білім беру жүйесі бүгінгі таңда полилингвалды болуды қажет етеді. Өскелең ұрпақ қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде және шетел тілінің бірін жалпы мәдени даму құралы ретінде білуі тиіс.
Заман талабына сай мемлекеттік тілді оқыта отырып, этнос өкілдерінің өз ана тілдерін оқып үйренуіне жағдай жасай келе, қазақша – орысша -украинша, қазақша – түрікше - әзірбайжанша оқу-әдістемелік құралы әзірленді.
Өзгертілді: 26.11.2014 11:43
Орналастырылды: 26.11.2014 11:43

Павлодар қаласында «Ономастиканың өзекті мәселелері» атты семинар өтті

Павлодар қаласында 2014 жылдың 20 қарашасында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Ономастиканың өзекті мәселелері» атты семинар-кеңес болып өтті. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ономастикаға қатысты заңнамалық актілерге сәйкес  елді мекендер мен оның құрамдас бөліктерін қайта атаудың жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға облысқа қарасты барлық қала, аудандардың ономастика мәселесімен айналысатын мамандары мен жергілікті жердің өкілді және атқарушы органдарының заңгерлері шақырылды. 

Семинарда мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларытуралы да сөз қозғалып, жалпы құрамдас бөліктер мен объектілерге аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген адамдардың есімдерін ғана беру керектігі алға тартылды. 

Маңызды мәселелер талқыланған жиын ономастика бағытындағы түйіндердің шешілу жолдарын анықтап, ономаст мамандар мен заңгерлердің бір мәмілеге келуіне өз септігін тигізді.

 

Өзгертілді: 21.11.2014 16:52
Орналастырылды: 21.11.2014 16:52

Павлодарда «Туған тілім – байлығым» көптілді көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

2014 жылғы 6 қарашада Павлодар қаласының Достық үйінде «Туған тілім – байлығым» этнос студенттері мен жастары арасында облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
Бұл байқау «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының қабылданғанына 25 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Байқауға 16-25 жас аралығындағы қала мен аудан жеңімпаздары қатысты. Қатысушылар мемлекеттік және ана тілдерінде шығармалар оқыды.
Сайыскерлер диплом, алғысхаттармен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Өзгертілді: 06.11.2014 09:22
Орналастырылды: 06.11.2014 09:22

Қазақстан халқы тілдерін насихаттаудағы мемлекеттік емес ұйымдардың рөлі

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2014 жылғы 31 қазанда мемлекеттік тілді насихаттау және орыс тілі мен этнос тілдерін сақтау мәселелері жөнінде үкіметтік емес ұйымдармен дөңгелек үстел өткізді.
Аталған іс-шараға қаламыздағы этномәдени және жастар бірлестіктерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде өңірдегі тіл саясаты талқыланып, мемлекеттік тілді насихаттауда мемлекеттік емес ұйымдар мен қоғам белсенділерінің атқаратын рөлі, тұрғындарға қызмет көрсету саласында екі тілде қызмет көрсету қажеттігі туралы мәселелер талқыланды. Шара барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін білдірді.
Өзгертілді: 31.10.2014 19:18
Орналастырылды: 31.10.2014 19:18

«Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» қалалық конкурсы

2014 жылдың 29 қазанда Естай атындағы мәдениет сарайында қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын насихаттауға арналған «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» қалалық байқауы өтті.
Аталған шараға ақын өлеңдерін жатқа оқитын көркемсөз шеберлері, сонымен қатар шығармашылықпен айналысатын жастар қатысты.
Бұл байқауға қатысқан шығармашыл жастар ақынның өлеңдерін оқып, «Қамар сұлу» және «Кім жазықты?» романдарынан сахналық көрініс көрсетіп, С. Торайғыровтың өмірі мен шығармаларына қатысты викторина сұрақтарына жауап берді.
Байқау жеңімпаздары диплом, алғыс хаттармен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Өзгертілді: 29.10.2014 14:31
Орналастырылды: 29.10.2014 14:31

«Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары анықталды

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2014 жылғы 26 қазан күні Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі оқушыларының арасында патриоттық әндер байқауын өткізді.
Байқау мақсаты – туған жерге, Отанға, халқына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттық тәрбие беру. Байқауға ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары мен 14-22 жас аралығындағы жастар қатысты. Этнос өкілдері мемлекеттік және өз тілдерінде ән айтып, өнерімен ерекшеленді.
Байқау нәтижесі бойынша 1 жүлделі орынды «Туған жер» әнімен «Әуен» вокалдық студиясы, 2 орынды «Жаса қазағым» әнімен қарашай-шеркес және қабарды-балқар, 3 орынды татар-башқұрт ұлттық бөлімшелері иеленді.
Үздік өнер көрсеткен қатысушылар бағалы сыйлықтар, диплом, алғысхаттармен марапатталды.
Өзгертілді: 26.10.2014 16:39
Орналастырылды: 26.10.2014 16:39

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамына 25 жыл

Павлодарда 2014 жылдың 24 қазанында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының және Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының қабылданғанына 25 жыл толуына орай «Мемлекеттік тіл және қоғам» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Шараға тіл жанашырларымен қатар Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының мүшелері, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, қала, аудандардағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысты.
Конференцияны Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А. Өрсариев құттықтау сөзімен ашты. Халықаралық «Қазақ тiлi» қоғамы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Т. Кентаев және Қазақстан жазушылар одағының облыстағы филиалының төрағасы А.Б. Қани 25 жылда Қоғамның атқарған жұмысы туралы баяндама жасап, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Сағындықұлы Бекен мемлекеттік тілді одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар жасады.
Аталмыш конференция пленарлық мәжілістен кейін сессия жұмыстарымен жалғасты.
Өзгертілді: 24.10.2014 18:25
Орналастырылды: 24.10.2014 18:25

Павлодарда қазақ тілі білгірлерінің байқауы өтті

2014 жылғы 17 қазанда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің облыстық байқауы өтті.
Байқауға 14-22 жас аралығындағы қала мен аудан жеңімпаздары қатысты.
Аталмыш дода барысында сайыскерлер лексикалық-грамматикалық тест, ұсынылған тақырыпқа сай эссе жазу және қазақ классиктерінің кез келген жанрдағы шығармаларын мәнерлеп оқу тапсырмаларын орындады.
Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Екібастұз қаласынан келген Махненко Татьяна жеңіп алса, II орынды Шарбақты ауданының үміткері Вороницкая Виктория, III орынды Павлодар қаласынан Иванова Маргарита иеленді. Сайысқа қатысушы үміткерлердің барлығы диплом, алғыс хаттармен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Тіл – халық жанын танудың кілті» байқауының жеңімпазы 2014 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін республикалық байқауда облысымыздың намысын қорғайды.
Өзгертілді: 17.10.2014 09:13
Орналастырылды: 17.10.2014 09:13

Шарбақты ауданында облыстық семинар өтті

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп 2014 жылғы 15 қазанда Шарбақты ауданында «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында іс жүргізушілер мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық семинар ұйымдастырды.
Аталған шараның пленарлық бөлімінде Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға байланысты мәселелер талқыланды.
Семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ы.Б. Шақаман, іс жүргізу саласындағы тәжірибелі маман, оқытушы У.М. Мақұл қатысып, мамандарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.
Өзгертілді: 16.10.2014 09:52
Орналастырылды: 16.10.2014 09:52

Семейде «Абай оқулары» республикалық байқауы өтті

2014 жылғы 15 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында этнос жастары арасында «Абай оқулары» республикалық байқауы өткізілді. Аталмыш шараға республиканың 14 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан этнос өкілдері қатысты.
Аталмыш іс-шара қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру мақсатында өткізілді. Осы байқауда Павлодар облысының үміткері, Баянауыл ауданының тумасы, облыс байқауының жеңімпазы Анжелика Бабакова қатысып, бас жүлдеге ие болды. Қазақ тілін еркін меңгерген, Абайдың қара сөздері мен әндерін үлкен сахнада орындаған Анжелика облысымыздың жастарына қазақ тілін үйренуде үлгі болды деп сенеміз.
Өзгертілді: 15.10.2014 09:14
Орналастырылды: 15.10.2014 09:14

«ТІЛ – ТҰНЫҚ ОЙДЫҢ КӘУСАРЫ» үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы республикалық олимпиадасының пресс-релизі

2014 жылғы 9-10 қазан аралығында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «ТІЛ – ТҰНЫҚ ОЙДЫҢ КӘУСАРЫ» атты республикалық байқауын өткізді.
Байқауға еліміздің барлық облыстары, Астана мен Алматы қалаларының жеңімпаздары қатысып, өзара білім сайысына түсті.
Республикалық байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Қостанай облысының үміткері Уахи Абылай, II орынды Астана қаласының үміткері Қалешова Мейіргүл, III орынды Алматы облысының үміткері Абдулдаев Ерхан иеленді. Бас жүлдеге Жамбыл облысынан келген Сенгербекова Балжан жеңіп алды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Өзгертілді: 10.10.2014 09:19
Орналастырылды: 10.10.2014 09:19

Павлодарда «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті

2014 жылғы 3 қазанда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті. Шараның мақсаты – үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген  қабілетті жастарды анықтау  және  қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу. Аталған шараға 18-25 жас аралығындағы облыстың қала, аудандарында өткен байқаулардың жеңімпаздары қатысып, өз біліктіліктерін шыңдады.
Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды. Олимпиада жеңімпазы республикалық байқауға жолдама алды.
Өзгертілді: 03.10.2014 15:16
Орналастырылды: 03.10.2014 15:16

«Жарнама тазалығы» акциясы

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, «Ана тілі» орталығы» ЖШС ұйымдастыруымен «Жарнама тазалығы» акциясы өткізілді.
Шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпараттар мәтіндеріндегі қателіктерді анықтау.
Шараға белсенділік танытқан қатысушылар мен жарнама жарнамалық агенттіктері ұйымдастырушылар тарапынан дипломдарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Өзгертілді: 25.09.2014 09:00
Орналастырылды: 25.09.2014 09:00

Павлодарда «Тіл – достық құралы» фестивалі өтті

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы халқы тілдерінің XVІ республикалық фестивалі шеңберінде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2014 жылдың 20 тамызы мен 18 қыркүйегі аралығын «Тілдер айлығы» деп жариялады. Айлық С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада үлкен кітап көрмесімен ашылып, Ақсу ауданының Құркөл ауылында облыстық ақындар айтысымен жалғасты. Облыс қала, аудандарында айлық шеңберінде 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды.
2014 жылғы 18 қыркүйекте «Достық» концерттік залында фестиваль мемлекеттік тілді насихаттау және оның дамуына үлес қосқан облысымыздың азаматтарын марапаттаумен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Өзгертілді: 18.09.2014 15:27
Орналастырылды: 18.09.2014 15:27

Павлодарда облыстық ономастика комиссиясының отырысы өтті

2014 жылдың 17 қыркүйегінде Павлодарда облыстық ономастика комиссиясының отырысы өтті. Бұл отырыста комиссия мүшелері жергілікті өкілді және атқарушы органдарының Павлодар қаласының Кенжекөл ауылындағы жаңа көшеге «Егемен», Лебяжі ауданының Аққу ауылындағы бір көшеге «Невель» атауларын беру туралы ұсыныстарын талқылап, оң қорытынды шығарды.
Сонымен қатар, комиссия отырысында Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Баянауыл, Ақтоғай, Май аудандарындағы ономастика бағыты бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тындалып, тиісті тапсырмалар берілді.
Өзгертілді: 17.09.2014 15:29
Орналастырылды: 17.09.2014 15:29

Павлодарда жас ақындар мүшәйрасы өтті

Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының қабылданғанына және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 25 жыл толуына орай Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары аясында 2014 жылғы 16 қыркүйекте Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Ертіс Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесіп ұйымдастырған «Туған тілім – айбыным!» атты облыстық жас ақындар мүшәйра-конкурсының қорытындысы шығарылды.
Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Бәйгеде ПМПИ-дің 3-курс студенті Махаббат Шынар өз қарсыластарынан оқ бойы озып, І-орынды иеленді. ІІ-орынға С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың 2-курс студенті Мұрат Марғұлан, ІІІ-орынға Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы жалпы білім беретін қазақ гимназия мектебінің 11-сынып оқушысы Мұратбек Айнұр ие болды. Сонымен қатар ПМПИ-дің 2-курс студенті Ақтасов Алмас ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Өзгертілді: 17.09.2014 09:35
Орналастырылды: 17.09.2014 09:35

Павлодар облысында «Тілдер айлығы» жарияланды

2014 жылғы 20 тамыз бен 19 қыркүйек аралығы Павлодар облысында «Тілдер айлығы» деп жарияланды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 25 жылдығы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 25 жылдығына арналған «Тілдер айлығы» ресми түрде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада үлкен кітап көрмесімен ашылып, Ақсу ауданының Құркөл ауылындағы облыстық ақындар айтысымен жалғасты. Жалпы айлық шеңберінде облыс қала, аудандарында 170-тен астам іс-шара ұйымдастырылатын болады.
Тілдер айлығы 2014 жылғы 19 қыркүйекте «Тіл – достық құралы» атты фестивальмен аяқталады.
Өзгертілді: 21.08.2014 09:29
Орналастырылды: 21.08.2014 09:29

«Абай оқулары» облыстық байқауы

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2014 жылғы 8 тамызда Лебяжі ауданы, Аққу ауылының мәдениет үйінде этнос жастары арасында «Абай оқулары» облыстық байқауын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – этнос жастары арасында Абай шығармаларын насихаттау.
Байқауға 15-21 жас аралығындағы аудандар мен қалаларда өткен байқаулардың жеңімпаздары қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Баянауыл ауданының қатысушысы Бабакова Анжелика, II орынды Екібастұз қаласынан Луцко Амелия, III орынды Качир ауданынан Коструба Дина иеленді. Сайысқа қатысушылардың барлығы диплом, алғыс хаттармен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық байқаудың жеңімпазы 2014 жылдың қазан айында Семей қаласында өтетін республикалық байқауда облысымыздың намысын қорғайтын болады.
Өзгертілді: 11.08.2014 09:25
Орналастырылды: 11.08.2014 09:25

Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

2014 жылғы 4 шілдеде облыс әкімдігінде аймағымыздағы қазақ тілінің ахуалын сараптау үшін облыс әкімдігінің жанынан құрылған мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының ағымдағы жылдың I жартыжылдығы бойынша кезекті отырысы өтті.
Осы отырыста Ақсу қаласында және Ертіс ауданында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы», сондай-ақ облысымыздың оқу орындарында, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Инновациялық Еуразия университетінде мемлекеттік және шет тілдерін оқыту сапасы туралы мәселелер қаралды.
Тілдерді дамыту мен қолданудың облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде 2014 жылдың I жартыжылдығында 27 іс-шара өткізілді. Сондай-ақ барлық санаттағы азаматтарға қазақ тілін тегін оқып-үйрену үшін тиісті жағдайлар жасалды. Жалпы облыста 6067 адам мемлекеттік тілге, 9078 адам ағылшын тіліне және 1233 адам басқа тілдерге (француз, испан, түрік, неміс, корей) оқытылды.
Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында облыс бойынша Қазақстан Респбуликасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының бақылау мақсатында 3464 нысанға мониторинг жүргізіліп, анықталған қателер бойынша 253 ұсыным хат жіберілді. Бүгінгі күні олардың барлығы тіл заңнамасына сәйкестендірілді.
Өзгертілді: 04.07.2014 11:51
Орналастырылды: 04.07.2014 11:51

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алқа мәжілісінің отырысы өтті

2014 жылғы 20 маусымда Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алқа мәжілісі өтті. Алқа мәжілісіне алқа мүшелері, департамент пен инспекция орынбасарлары, облыс қала, аудандарының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен мекеме, ұйым басшылары қатысты.
Мәжіліс отырысында Қашыр, Ертіс аудандарының «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарының 2014 жылдың 1-жартыжылдығында орындалуы туралы» есептері тыңдалды.  
Сондай-ақ «Мемлекеттік органдардағы тілдік ахуалды зерттеуге арналған нысаналы индикаторлардың орындалуы туралы» мәселе қаралды.
Алқаның қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді дамыту мәселелеріне байланысты алқа мүшелерінің жасаған барлық ұсыныстары ескеріліп, шешімдер қабылданды.
Өзгертілді: 20.06.2014 16:48
Орналастырылды: 20.06.2014 16:48

Железин ауданындағы басқарма күні

2014 жылғы 13 маусымда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Железин ауданында басқарма күнін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – этнос өкілдері неғұрлым көп шоғырланған аудандарда мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің аудандағы тұрмыстық қызмет көрсету салаларында кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету, оның әлеуметтік рөлін және деңгейін арттыру.
Іс-шара барысында басқарма қызметкерлері аудан әкімімен кездесіп, аудандағы тілдерді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Кездесу соңында басқарма тарапынан ауданға сөздіктер мен оқу-әдістемелік құралдар сыйға тартылды.
Өзгертілді: 13.06.2014 14:04
Орналастырылды: 13.06.2014 14:04

«Тіл шебері» облыстық байқауы

2014 жылғы 6 маусымда Естай атындағы мәдениет сарайында тілдерді дамыту мен қолданудың 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде «Тіл шебері» атты жастар арасында облыстық байқауы өткізілді.
Шараның мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық рухани бірлікті, қазақ мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Байқауға облыстың қалалары мен аудандарының үш тілді жетік меңгерген конкурс жеңімпаздары қатысты.    Конкурс нәтижесі бойынша Бас жүлдені Екібастұз қаласынан Сейіт Айманат жеңіп алса, 1 жүлделі орынға Май ауданынан Темірғалиева Сәния,  2 орынды Ақсу қаласынан Сыздықбаева Ризагүл ие болды, ал 3 орын Павлодар қаласының үміткері Өмірзақова Данисаға бұйырды.
Конкурс жеңімпазы  Астана қаласында өтетін республикалық конкурсқа жолдама алды.
Өзгертілді: 06.06.2014 16:21
Орналастырылды: 06.06.2014 16:21

Қазақ тілін тегін оқыту курсының кезекті ағымы аяқталды

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдан бастап облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Ана тілі» орталығы» ЖШС мемлекеттік қызметшілерге қазақ және ағылшын тілдерін, барлық санаттағы азматтарға қазақ тілін тегін оқыту курстарын ұйымдастыруда.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында оқыған тыңдаушылар курсты аяқтап, емтихан тапсырды. Маусымның 6 күні курстан өткен мемлекеттік қызметшілер мен барлық санаттағы азаматтарға сертификат табыс етілді.
Өзгертілді: 05.06.2014 12:11
Орналастырылды: 05.06.2014 12:11

Славян жазбалары күні

2014 жылғы 24 мамырда Достық үйінің «Достық» концерттік залында «Славян жазбалары күні» фестивалі өтті. Облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары шараны құттықтау сөзімен ашып, оның мәні мен маңызына, славян тілі мен мәдениетінің қоғамдағы рөліне қысқаша тоқталды.
Шараға славян этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, аймағымыздың зиялы қауымы, облыс, қала мен аудан мемлекеттік органдарының басшылары, білім беру мен мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Өзгертілді: 24.05.2014 09:07
Орналастырылды: 24.05.2014 09:07

Пресс релиз

2014 жылғы 22 мамырда С.Торайғыров атындағы облыстық  кітапханада Павлодар облысы «Ана тілі» орталығы» ЖШС-ның ұйымдастыруымен филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, ілеспе аудармашы, "Отбасым" ұлттық құндылықтар орталығы төрағасының орынбасары Камал Әбілқасымқызы Әлпейісовамен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты - жазушының «Айтылмаған әңгіме» атты шығармалар жинағын кітапхана оқырмандарына, орталық оқытушылары мен қызметкерлеріне таныстыру. Шығармада таныс-бейтаныс кейіпкерлердің мінез-құлықтары, іс-әрекеттері арқылы өмірдің ғажабы – сезімнің адалдығы, ниеттің тазалығы; адамның бет-бейнесін сақтау, тіршілікте кездесетін сындардан абыроймен өту деген ой өрнектеледі. Қаламгердің туындылары ізгілікке, адалдыққа үндейді.
Отырыс барысында оқырмандар сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіріп, шығармашылық жолына алғыстарын айтты.
Өзгертілді: 22.05.2014 09:11
Орналастырылды: 22.05.2014 09:11

Павлодарда «Қазақша сөйлеуге үйрету тәсілдері» тақырыбында онлайн семинар өтті

2014 жылғы 21 мамырда Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, «Ана тілі» орталығы» ЖШС облыс білім беру басқармасымен бірлесіп, «Қазақша сөйлеуге үйрету тәсілдері» тақырыбында онлайн семинарын өткізді.
Аталған семинарға ЖОО ғалымдары, мектеп оқытушылары және шалғай орналасқан аудандардағы қазақ тілін оқытатын оқытушылар қатысты. Семинарда тіл үйренушілер жаңа технологиялар, мемлекеттік тілге үйрету жолдары бойынша онлайн режимінде сабақ үлгілерімен таныстырылды. Жалпы семинарға 80 адам қатысты.
Өзгертілді: 21.05.2014 09:14
Орналастырылды: 21.05.2014 09:14

Павлодарда ілеспе аударма семинары басталды

2014 жылғы 19 мамырда Павлодар қаласында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ана тілі» орталығы» ЖШС-мен  бірлесіп, «Ілеспе аударма жасаудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Семинар филология ғылымдарының кандидаты, ілеспе аудармашы Камал Әбілқасымқызы Әлпейісованың қатысуымен ағымдағы жылдың 28 мамырына дейін өтеді.
Ілеспе аудармашыларды даярлау мақсатында облыс қалалары мен аудандарынан мамандар шақырылды. Семинар соңында сертификат табыс етіледі.
Өзгертілді: 19.05.2014 09:17
Орналастырылды: 19.05.2014 09:17

«Түркі тілдері мен жазуы: бүгіні мен ертеңі» атты ғылыми конференция

2014 жылғы 16 мамырда «Достық Үйінде» облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен, облыстық түркі тілдес ұлттық-мәдени бірлестіктерінің қатысуымен «Түркі тілдері мен жазуы: бүгіні және ертеңі» атты ғылыми конференция өтті. Павлодар облысында бұл шара 2007 жылдан бастап жыл сайын өткізілуде.
Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары А. Өрсариев, жоғары оқу орындарының ғалымдары, мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Өзгертілді: 16.05.2014 17:57
Орналастырылды: 16.05.2014 17:57

Ақтоғай ауданында облыстық семинар өтті

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Ана тілі» орталығымен бірлесіп 2014 жылғы 15 мамырда Ақтоғай ауданында «Іс жүргізудегі құжат сауаттылығы және оқытуда жаңа технологияларды қолдану жолдары» тақырыбында іс жүргізушілер мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық семинар ұйымдастырды.
Аталған шараның пленарлық бөлімінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға байланысты мәселелер көтеріліп, семинар тыңдаушылары тарапынан «Қазтест» жүйесі жөнінде пікірлер айтылды.
Семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Р.Б. Шақаман және «Ана тілі» орталығының оқытушылары қатысып, мамандарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.
Өзгертілді: 15.05.2014 09:19
Орналастырылды: 15.05.2014 09:19

Ертіс ауданындағы басқарма күні

2014 жылғы 6 мамырда облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп, Ертіс ауданында ақпараттық-насихаттау күнін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – этнос өкілдері неғұрлым көп шоғырланған аудандарда мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің аудандағы тұрмыстық қызмет көрсету салаларында кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету, оның әлеуметтік рөлін және деңгейін арттыру.
Кездесу барысында басқарма қызметкерлері және ассамблея мүшелері аудан әкімінің қабылдауында болып, аудандағы тілдерді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ Ертіс ауданының мемлекеттік қызметшілерімен және мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерімен кездесті. Кездесу соңында басқарма басшысы тіл мәселесі бойынша тығыз қарым-қатынасқа шақырып, оқу-әдістемелік құралдар мен сөздіктер табыс етті.
Өзгертілді: 11.05.2014 10:22
Орналастырылды: 11.05.2014 10:22

«Тіл – барлық білімнің кілті» атты облыстық байқауы

2014 жылғы 18 сәуірде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Тіл – барлық білімнің кілті» атты орыс тілі білгірлерінің облыстық байқауын өткізді.
Шараның мақсаты – орыс тілін жетік меңгерген қазақ тілінде оқитын жастарды толеранттылыққа тәрбиелеу, тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыру және сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру.
Байқауға 16-20 жас аралығындағы қала мен аудан жеңімпаздары қатысты.
Байқау барысында сайыскерлер лексикалық-грамматикалық тест, ұсынылған тақырыпқа эссе жазу, орыс және орыстілді қазақстандық әдебиет классиктерінің кез келген жанрдағы шығармаларын мәнерлеп оқу тапсырмаларын орындады.
Байқау нәтижесі бойынша I жүлделі орынды Качир ауданының үміткері Бахтияр Байілдинов, ІІ орынды  Железин ауданынан Айдана Жанбосынова, ІІІ орынды Павлодар қаласынан Мадина Сыздықова иеленді. Сайысқа қатысушылардың барлығы диплом, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Тіл – барлық білімнің кілті» атты облыстық байқауының жеңімпазы 2014 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауда облысымыздың намысын қорғайды.
Өзгертілді: 18.04.2014 14:38
Орналастырылды: 18.04.2014 14:38

Мемлекеттік тілді тегін оқыту курсы жалғасуда

Павлодар облысында мемлекеттік тілге оқыту курстары жалғасуда. 2014 жылғы 7 сәуірде Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Ана тілі» орталығы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен барлық санаттағы облыс тұрғындарына тегін оқыту курстарының екінші кезеңі басталды.
Курс 80 сағаттық бағдарлама бойынша күніне 2 сағаттан екі ай өткізіледі.
Тегін курстардың ашылу салтанатына облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшылығы мен курс тыңдаушылары қатысты.
Өзгертілді: 07.04.2014 18:07
Орналастырылды: 07.04.2014 18:07

Шарбақты ауданындағы басқарма күні

Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы дәстүрлі түрде өткізілетін басқарма күнін 2014 жылғы 28 наурызда этнос өкілдері неғұрлым көп шоғырланған Шарбақты ауданында өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің тұрмыстық қызмет көрсету салаларында қолданылуын қамтамасыз ету, оның әлеуметтік рөлі мен деңгейін көтеру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңнамасы және ҚАЗТЕСТ бағдарламасы жөнінде түсінік беру.
Аудан әкімі Е. Асқаров басқарма делегациясын қабылдап, аудан көлемінде тілдерді дамыту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Кездесу соңында басқарма тарапынан аудан басшылығына сөздіктер мен оқу-әдістемелік құралдар сыйға тартылды.
Өзгертілді: 28.03.2014 18:20
Орналастырылды: 28.03.2014 18:20

Пресс – релиз

2014 жылдың 21 наурызында «Ана тілі» орталығы» ЖШС «Замандас» ардагерлер клубында Наурыз мерекесіне байланысты «Наурыз» сабағын өткізді. Оған орталық арқылы мемлекеттік тілді үйреніп жүрген зейнет жасындағы тыңдаушылар қатысып, қазақ тілінде ән шырқап, тілектерін айтты. Сабақ барысында ұлттық асық ойындары ойналды. Сабақ соңы мерекелік дастарханмен жалғасты.
Өзгертілді: 20.03.2014 17:11
Орналастырылды: 20.03.2014 17:11

Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

2014 жылғы 19 наурызда облыс әкімдігінде Павлодар облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде Качир ауданындағы және облыс жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасындағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, «Ана тілі» орталығындағы тілдердің оқыту жағдайы туралы мәселелер қаралды.
Жұмыс тобының отырысында қала, аудандарға, мемлекеттік орган басшыларына «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы» мақсатты индикаторларды іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырма берілді.

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 

Өзгертілді: 19.03.2014 11:49
Орналастырылды: 19.03.2014 11:49

«Бір мақсат – бір мүдде – бір болашақ» атты дөңгелек үстел

2014 жылдың 14 наурызында Достық үйінде Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Қазақ тілін дамыту» қоғамдық қорымен бірлесіп облыстағы мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарының қатысуымен «Бір мақсат – бір мүдде – бір болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген міндеттер талқыланып, қатысушылар өз ой-пікірлерін білдірді.
Дөңгелек үстел қатысушылардың домбырамен орындалған нөмірімен аяқталды. 
Өзгертілді: 14.03.2014 18:00
Орналастырылды: 14.03.2014 18:00

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алқа мәжілісі

2014 жылғы 28 ақпанда «Достық үйінде» облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевтің қатысуымен облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
Сонымен қатар, отырысқа қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты.  
Кеңейтілген алқа мәжілісінде Тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2013 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарының орындалуы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 25 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру туралы мәселелер талқыланды.
Алқаның қорытындысы бойынша қазақ тілін дамыту мәселелеріне байланысты алқа мүшелерінің жасаған барлық ұсыныстары ескеріліп, тиісті тапсырмалар берілді.
Өзгертілді: 28.02.2014 12:03
Орналастырылды: 28.02.2014 12:03

Пресс – релиз

Облыс әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестік басшыларымен кездесу барысында бірлестік мүшелеріне қазақ тілі курстарын ұйымдастыру қажеттілігін тапсырды. Сол мақсатта облыс тілдерді дамыту басқармасы, «Ана тілі» орталығының» ұйымдастыруымен этномәдени бірлестік өкілдеріне арналған алғашқы қазақ тілі курстары 2014 жылдың ақпан айында басталды. Курстар жыл аяғына дейін жалғасады. 
Өзгертілді: 27.02.2014 09:57
Орналастырылды: 27.02.2014 09:57

Павлодарда ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша кезекті байқау сынағы өткізілді

Ағымдағы жылдың 17-19 ақпан аралығында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Ана тілі» орталығы» ЖШС ұйымдастыруымен республикалық ұлттық тестілеу орталығы мамандарының қатысуымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысының аумақтық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша алдын ала тестілеуден өткізу жұмысы аяқталды. Жалпы тестке 638 мемлекеттік қызметші қатысты. 
Өзгертілді: 20.02.2014 16:04
Орналастырылды: 20.02.2014 16:04

Павлодарда тілшілерге арналған қазақ тілін тегін оқыту курстары ұйымдастырылды

Ағымдағы жылғы 12 ақпанда Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан ұйымдастырылған қазақ тілін тегін оқыту курстарына қатысуға ниет білдірген облыс журналистері алғашқы сабақтарын бастады.
Курс олардың жұмыс уақытынан тыс, кешкі уақытта, бастауыш деңгей бойынша аптасына 5 рет өткізіледі. Сабақтарда қазақ тілін оқытудағы үздік оқыту технологиялары, әдістемелік құралдар қолданылып, курсқа қатысушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етіледі. Аталған курсқа облыстық телеарна қызметкерлері, радио жаршылары, газет-журналдар тілшілері қатысатын болады.
Курстар облыс БАҚ өкілдерінің өтінішімен арнайы ұйымдастырылды. 
Өзгертілді: 13.02.2014 15:18
Орналастырылды: 13.02.2014 15:18

Павлодарда мемлекеттік тілді оқыту бойынша тегін курстар жалғасады

Тілдерді дамыту мен қолданудың облыстық іс-шаралар жоспары негізінде соңғы жылдары Павлодарда барлық санаттағы облыс тұрғындарына тегін оқыту курстары ұйымдастырылады.
Курстар 2014 жылдың 1 ақпанынан дәстүрлі түрде өз жалғасын табады. Оқыту жыл бойы өткізіліп, қараша айында тыңдаушыларға сертификат табыстаумен аяқталады. Тыңдаушылар тілді меңгеру деңгейі бойынша үш топқа бөлінеді (бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген).
Курстарға жазылу үшін мына телефондарға хабарласу қажет: (8718 2) 32-68-93, 32-62-37.
Жалпы 2013 жылы облыс бойынша 14 923 адам оқытылса, оның 2 088-і тегін оқыту курстарымен қамтылды. Жылдан жылға қазақ тілін үйренем деген азаматтардың саны өсуде. Биылғы жылы екі мыңнан астам адам оқыту жоспарлануда.
Павлодар облысында 17 оқыту орталығы қызмет етіп, оның 11-і мемлекеттік тілге оқытады.
Павлодар облысы көп этнос өкілдері шоғырланған өңір. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай: «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды... Қазақ тілін білемін деген өзге этнос өкілдерінің саны артуда. Мемлекеттік тілді даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы деп білгеніміз жөн». Тілімізді дамыта отырып, еліміздің тұрақтылығы мен бірлігін сақтайық. 
Өзгертілді: 03.02.2014 16:28
Орналастырылды: 03.02.2014 16:28
Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_