rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Павлодар облысының жаңалықтары

Павлодар облысының жаңалықтары

Аттестация қарсаңында

Аттестация қарсаңында

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің, облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс тәртібінде «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін кешенді түрде аттестациялаудан өткізу тәртібі жайлы семинар-кеңес өткізді.
2017 жылдың бірінші жартысына жоспарланған аттестацияны өткізу тәртібі туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Қабиева баяндап берді. - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15-қадамына сәйкес, 2017 жылы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері кешенді түрде аттестациялаудан өтетін болады. Үш жылда бір рет ұйымдастырылып келген сынақтарға биыл өзгерістер енген. Алдағы аттестация бір реттік және кешенді сипатқа ие. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер құқықтық сауаттылығы бойынша тест тапсырмайды. Оның орнына арнайы автоматтандырылған бағдарлама арқылы олардың нақты лауазымдағы тиімді жұмысқа қажет құзыреттілігі бағаланатын болады. Бұл бағдарламаны әзірлеуге осы салада кеңінен танымал халықаралық компания атсалысқан. Осыған байланысты, аттестация мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін анықтау ғана емес, сондай-ақ, олардың бұдан арғы дамуы мен мансаптық жоғарылауының әлеуетін айқындау.
Аттестациялық комиссия қызметкердің жоғарылауы, лауазымының төмендеуі немесе жұмыстан босатылуы туралы шешім қабылдай алады. Аттестация мемлекеттік қызметшілердің атқаратын лауазымының санатына қарай үш деңгейде өткізіледі. Президент Әкімшілігі жанындағы жоғары аттестациялық комиссияда орталық мемлекеттік органдар департаменттерінің, облыстық басқармалардың басшылары, сондай-ақ, оларға сәйкес деңгейдегі «Б» корпусының басқа да қызметкерлері аттестациядан өтеді.
Екінші деңгейде, министрліктер мен облыс әкімдіктерінің аттестациялық комиссиясында аттестациядан, сәйкесінше, осы мемлекеттік органдардың қызметкерлері өтеді. Үшінші деңгей – бұл аудандардың аттестациялық комиссиялары. Бұл жерде аттестациядан аудандық және ауылдық мемлекеттік қызметшілер өтеді. Мұндай үш деңгейлік жүйенің ерекшелігі – жоғары деңгейде тұрған аттестациядан өткен тұлғалар төмен тұрған комиссиялардың құрамына енеді. Бұл өткізілетін процеске деген әділдікті және сұхбаттасуларға деген бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етеді.
Барлық деңгейлерде аттестация төрт деңгейден тұратын болады.
1) бағалау парақтарын құрастыру;
2) жеке құзыреттілікті бағалау тесті;
3) ЖАК-те немесе тиісті деңгейдегі аттестациялық комиссияда сұхбаттасу;
4) аттестациялық комиссияның сұхбаттасу қорытындысы бойынша және бұған дейінгі кезеңдердегі нәтижелер есебімен шешімдер қабылдау.
Аттестация бекітілген кестелерге сәйкес өткізілетін болады.
Аттестация тапсырудан әлеуметтік тұрғыдан осал қызметкерлер босатылады. Оларға декреттік демалыстағы тұлғалар, медициналық қорытындысын тапсырған жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, 14 жасқа дейінгі бала (18 жасқа дейінгі мүгедек бала) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар және осы санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да тұлғалар жатады.
Сондай-ақ, зейнет жасына таянған 56 жастағы әйелдер адамдар мен 61 жастағы ер адамдар, «А» корпусында кадрлық резервте тұрған мемлекеттік қызметшілер және жұмысқа жаңа қабылданған және алты айдан аз еңбек еткендер аттестация тапсырмайды.
Бірыңғай құзырет шегін (бұдан ары – БҚШ) әзірлеу жобасы аясында DMI компаниясы 11 құзыреттілікті бағалау бойынша тест сұрақтарын әзірледі.
«А» корпусының лауазымдары үшін 2, ал «Б» корпусының лауазымдары үшін 3 тестілеу бағдарламасы қарастырылған.
Осыған байланысты, тестілік сұрақтарды сынау үшін 2017 жылғы 5, 6 қаңтарда алғашқы және 16 қаңтарда екінші сынақ тестілеу өткізу жоспарланып отыр. Тестілеу уақыты - 90 минут.
Сынақ тестілеу қорытындысы бойынша лауазымдардың әр тобы үшін жеке құзыреттілік танытудың шектік мәні анықталатын болады. 40%-дан төмен көрсеткіш тәуекел аумағы болып табылады.

05.01.2017 Просмотров: 547

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Халықтық IPO бағдарламасы
    Халықтық IPO бағдарламасы
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_