rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Павлодар облысының жаңалықтары

Павлодар облысының жаңалықтары

«Start of stars 2017» оқушылардың республикалық олимпиадасының ашылуы

«Start of stars 2017» оқушылардың республикалық олимпиадасының ашылуы

Павлодар қаласында «Start of stars 2017» атты оқушылардың республикалық олимпиадасының жұмысы басталды. Бұл - математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен республиканың ең үздік оқушыларының зияткерлік жарысы.
Аталмыш республикалық олимпиада өзінің мазмұны мен ішкі рухы бойынша «Зияткер ұлт-2020» ұлттық жобасындағы президенттік идеяға сай келеді.
Естай атындағы Мәдениет сарайында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша «Start of stars 2017» атты оқушылардың республикалық олимпиадасының салтанатты ашылу салтанаты өтті. Олимпиада қатысушыларына республикалық олимпиадалардың соңғы үш жылдағы тарихы көрсетілді.
Республика зияткерлеріне Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев құттықтау сөз арнады.
- Павлодарлық оқушылардың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жеңістері республикада маңызды орын алады. Республикалық олимпиаданың біздің өңірімізде өткізілуі – облысымыз үшін үлкен абырой, бұндай деңгейдегі олимпиадалар обылысымызда екі рет: 2001 және 2008 жылдары өткен болатын.
Оқушыларға Еуразия ұлттық  университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлтттық академиясының академигі Мұхтарбай Өтелбаев, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаева құтықтау сөз арнап табыс тіледі.
Бүгінгі күні Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымынан, «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру және сауықтыру ұйымнынан келген 764 қатысушыдан тұратын 21 команда теориялық және тәжірибелік екі тур бойынша жаратылыстану ғылымдарынан өздерінің білімдері мен тәжірибелік дағдыларын  көрсетеді.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті республикалық олимпиада өткізетін орын болып белгіленген. Павлодар қаласында республикалық олимпиада өткізу бағдарламасына ұйымдастыру шаралары, мәдени-танымдық бағдарламалар, салтанатты ашылу және жабылу шаралары енгізілген.
Зияткерлік жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алтын, күміс және қола медальдармен, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

14.03.2017 Просмотров: 1036

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
    Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
    «ШАПАҒАТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_