rss  sitemap
lo
Ресми интернет ресурс
Павлодар облысы 1938 жылғы қаңтарда құрылды. Тұрғындар саны: 755 мың адам
Павлодар облысы әкімдігі
Басты бет → Павлодар облысының жаңалықтары

Павлодар облысының жаңалықтары

Оқушылардың республикалық олимпиадасының ІІ тәжірибелік туры өтті

Оқушылардың республикалық олимпиадасының ІІ тәжірибелік туры өтті

Павлодарда өтіп жатқан «Start of stars 2017» республикалық олимпиадасында еліміздің үздік мектеп оқушыларының зияткерлік сайысы жалғасын табуда. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ІI тәжірибелік тур өтті. Олимпиада тапсырмаларын республикалық ұйымдастыру комитеті әзірледі.
Атап өтетіні, олимпиада қатысушылары үшін төңіректі зерттеу жұмыстарын қарастыратын географиялық тапсырмалары бар ІІ (даладағы) тур Ертіс жағасындағы «Қазқонақ» палеонтологиялық ескерткішінің аумағында өтті. «Қазқонақ» табиғи ескерткіші неоген жануарлары көмілген жерлердің ең ірі, аты әлемге әйгілі ескерткіш эталоны. Осы ескерткіш арқылы ертеде өмір сүрген жануарларды зерттелген жануарлардың қалдықтарымен салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев зияткерлік мектебі» автономдық білім беру ұйымынан, «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығынан келген 21 команданың басшылары Павлодар қаласының келесі мамандандырылған мектептерінің жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болды: дарынды ұл балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған №3 гимназия, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицей, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, Абай атындағы № 10 мектеп-лицей.
Мәдени-сауықтыру бағдарламасы аясында мектеп оқушылары үшін қала бойынша «Армысың, Павлодар!» атты экскурсия ұйымдастырылды. Меймандарды Павлодар қаласының тарихи маңызы бар көрікті жерлерімен өңір колледждері мен жоғары оқу орындарының волонтер-студенттері таныстырды.  Қонақтар, сондай-ақ, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы орталық мешітті, Благовещенск шіркеуін, Г.Н.Потанин атындағы облыстық өлкетану музейін, Ертіс жағажайын аралап, жағымды әсер алды.
Түстен кейін олимпиадаға қатысушы командалар қаланың білім беру мекемелеріне барды. Келген қонақтарға мектеп оқушылары концерт қойып, оларды сәндік-қолданбалы өнер көрмесімен таныстырды. Мәдени демалыс шеңберінде олимпиада қатысушылары Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында және А. Чехов атындағы орыс драма театрында спектакльдер тамашалады. Ал Ш. Айманов атындағы кинотеатрда фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Екінші тур аяқталған соң олимпиада қатысуышылары үшін «Ертіс» кешенінде би кеші өткізілді.
Ал кешкісін, олимпиада қатысушылары тұрып жатқан жерлерде Павлодар мектептерінің психологтары оларға арнап психологиялық тренингтер, кеңестер өткізеді.

17.03.2017 Просмотров: 251

Соңғы жаңалықтар

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 140000
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
    Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • Қазақстан 2050 Стратегиясы
    Қазақстан 2050 Стратегиясы
  • Президенттің тапсырмасын орындай отырып
    Президенттің тапсырмасын орындай отырып
  • ҚР Президентінің
    ҚР Президентінің "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауы
  • EXPO 2017
    EXPO 2017
  • Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
    Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар Конгресі
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
  • "Назарбаев орталығы" ММ
  • Техникалық реттеу және метрология комитеті
    Техникалық реттеу және метрология комитеті
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
    Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы
  • Кітап:
    Кітап: "Павлодар облысы: жаңа тарих беттері 1991-2012"
  • "Қазконтент" АҚ
  • Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
    Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялауы
  • Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
    Қазақстанның ДСҰ кіру мәселелері бойынша Ақпараттық орталығы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ
  • «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
    «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ
  • «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
    «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ
  • ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
    ”ҚАЗТЕСТ” қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі
  • Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
    Павлодар облысының ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы
  • eGov.kz мобильдік қосымшасы
    eGov.kz мобильдік қосымшасы
  • Телеарна
    Телеарна
  • Қазақстанның мобильдік үкіметі
    Қазақстанның мобильдік үкіметі
  • 100 нақты қадам
    100 нақты қадам
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
  • БЖЗҚ online
    БЖЗҚ online
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы
    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы


Наверх
_