Онлайн режимі арқылы семинар өтті

Еліміздегі COVID-19 індетінің таралуына байланысты тыңдаушылар қашықтан оқу жүйесіне көшкен болатын.

Тыңдаушылар «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн семинарларға қатысып, бүгінгі күні аталған шаралар жалғасын табуда.

Осы орайда 2020 жылғы 22 сәуірде Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Шарбақты ауданының мемлекеттік қызметшілері мен іс жүргізушілерінің қатысуымен онлайн режимі арқылы облыстық семинар өтті.

Семинардың барысында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Б. Сағындықұлы және қазақ тілін меңгеруге арналған курстардың, көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы Ш.Д. Кинжикова тыңдаушыларға әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар терминология және ресми құжаттарда терминдерді қолдану мәселелері қозғалып, орфографиялық, пунктуациялық ережелерді қолдану, аудармаларда жиі кездесетін қателіктер айтылып, мәтіндерге редакциялық түзетулер бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жалпы ағымдағы жылдың соңына дейін аталған семинармен облысымыздың қала, аудандарындағы 250 мемлекеттік қызметші мен іс жүргізушілерді қамту жоспарланған.

 Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Мемлекеттік тілге оқытатын мамандарға арналған онлайн семинар ұйымдастырылды

Онлайн семинар – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылатын тіл мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шара.

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2020 жылдың 21 мамырында «Қазақ тілін деңгейлі оқыту құзіреттіліктері»  тақырыбында онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілге оқытатын мамандарға арналған онлайн семинар ұйымдастырды.

Аталған семинарға Екібастұз қаласы мен Май ауданынан барлығы 50 адам қатысты. Жаңа инновациялық технологияларды игере отырып, тіл білімінің тәжірибелі ғалымдары филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ф. Зейнулина, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, аға оқытушы Б.Р. Қожахметова семинар қатысушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында жағымды оң пікірлер айтылып, қатысушылар тарапынан осындай іс-шараларды жүргізу маңызды және әрі қажетті екендігі жөнінде сөз болды.

 

Облыстық көшпелі семинар

Қазақ тілі мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында 2019 жылғы 21 қарашада Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Павлодар ауданының іс жүргізушілеріне, аудармашыларына және тіл мамандарына арналған «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбында кезекті облыстық көшпелі семинар өтті.

Аталған шараның пленарлық бөлімінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға байланысты мәселелер көтеріліп, қазақ тілін оқыту жөніндегі стандарт пен типтік бағдарламаны іске асырудағы оқытушылар жұмысының негізгі бағыттары қарастырылды.

Семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Б. Сағындықұлы және қазақ тілін меңгеруге арналған курстардың, көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы Ш.Д. Кинжикова қатысты. Сонымен қатар терминология және ресми құжаттарда терминдерді қолдану мәселелері қозғалып, мәтіндермен жұмыс кезінде орфографиялық және пунктуациялық ережелерді қолдану, латын графикасында жазу ережелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жалпы ағымдағы жылдың басынан бастап өткізілген семинарларға Екібастұз қаласынан және Май, Баянауыл, Павлодар аудандарынан 200 аудармашы мен қазақ тілі мамандары қатысты.

 

Павлодар облысының мәдениет,

тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

«Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе 2019 жылғы 28 қазан мен 1 қараша аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізуде.

Қазтест жүйесі – азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі болып табылады. Қазтест жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ және т.б. жүйелерінің қағидаттарына негізделіп жасалған.

Жүйенің негізгі ерекшелігі қатысушының есту арқылы тыңдаған диалогтар мен монологтарды қаншалықты түсінетіндігін, қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын меңгергендігін және оқу қабілетінің деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Қазтест» жүйесі бойынша тестілеудің бірінші кезеңі диагностикалық тестілеу болса, екінші кезеңі – қазақ тілін меңгеру деңгейлерін бағалауға арналған сертификаттық тестілеу болып табылады. Жалпы аймақта жыл сайын аталмыш тестілеудің екі кезеңі де белсенді түрде ұйымдастырылуда. Биыл осы тестілеумен 2000-ға жуық адамды қамту жоспарлануда.

Осы ретте мемлекеттік тіл саясатының міндеттерін орындау аясында жүргізіліп отырған тестілеу жұмыстары жалғасы

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасы

н табатын болады.

«Латын графикасына негізделген оқытудың әдістері» тақырыбындағы онлайн семинар

 

2019 жылғы 16 қазанда Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Латын графикасына негізделген оқытудың әдістері» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өткізілді.
Онлайн семинарда Павлодар қаласы және Тереңкөл ауданының қазақ тілі оқытушылары қатысты. Дәріс барысында қатысушылар қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларын талқылады.
Аталған шарада дәріс оқушы тыңдаушыларға қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқытудың жаңа әдістері туралы ақпараттарды берді.
Жалпы онлайн-байланыс арқылы ұйымдастырылған семинарға 50 адам қатысты.

 

 

ПРЕСС-АНОНС

Өтетін күні: 11 қазан 2019 жыл

Өтетін уақыты: 15.00 сағат.

Өтетін орны: С. Торайғыров атындағы ПМУ,

 А5 аудиториясы

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде колледж студенттеріне арналған «Латынша жазамыз» ашық диктант шарасы өтті. Сонымен қатар аталған шараға өзгеде де азаматтардың қатысуға мүмкіндігі бар.

Шараның мақсаты  – Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Және де қатысушылардың латын әліпбиін қаншалықты пайдалануға дайын екендігін тексеруге мүмкіндік беру. Қоғамда өздерін көрсете алатын және өз еліне пайда тигізетін ұрпақ тәрбиелеу.  Әділқазылар шешімімен диктантты үздік жазған қатысушылар алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

Диктанттың тақырыбы: Абай Құнанбаев.

Баянауылда «Іс жүргізу және аударма» атты облыстық семинар өтті

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2019 жылғы 9 қазанда Баянауыл ауданында іс жүргізушілерге, аудармашылар мен қазақ тілі мамандарына арналған облыстық көшпелі семинар ұйымдастырды.

Аталған шараның пленарлық бөлімінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін оқыту мәселелері және қазақ тілін оқыту жөніндегі типтік бағдарлама мен стандарт талаптарын іске асыру үшін оқытушылардың жұмысындағы негізгі бағыттары қарастырылды.

Көшпелі семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Б. Сағындықұлы және қазақ тілін меңгеруге арналған курстардың, көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы Ш.Д. Кинжикова семинарға қатысушыларына дәріс оқыды. Дәріс барысында латын әліпбиін енгізудің тиімді әдістері, терминология және ресми құжаттарда терминдерді қолдану, аудармадағы жиі кездесетін орфографиялық, пунктуациялық ережелерді ескеру мәселелері талқыланды.

 

Павлодар облысының мәдениет,

тілдерді дамыту және архив

ісі басқармасы

«Тілдарын» облыстық олимпиадасы

Үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарға қолдау көрсету, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру мақсатында 2019 жылы 20 қыркүйек күні Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен  дәстүрлі «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өткізілді.

«Тілдарын» облыстық олимпидасына 18-22 жас аралығындағы облысымыздың қала, аудандарынан келген білімді де таланты жастар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен өз білімдерін шыңдады.

Қатысушылар төрт кезеңнен тұратын үш тілде берілген тапсырмалардың мазмұнын ашып, эссе жазып, сондай-ақ ілеспе аударма жасай отырып, өз білімдерін ортаға салды.

Қатысушылар өздерінің білімдерімен ғана емес, сонымен қатар тапсырманы орындау барысында өзіндік шығармашылық тәсілдерімен олимпиаданы қызықтыра түсті.

Жоғары оқу орындарынан арнайы шақырылған ғалымдардан құрылған әділқазылар алқасының құрамы үміткерлердің білімдерін бағалау барысында тілді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығы мен мазмұндылығына, жауаптың орамдылығына және толықтығына назар аударды.

Әділқазылар алқасымен үш тілді жетік меңгерген жеңімпаздар анықталып, олимпиада нәтижесі бойынша Железин ауданының өкілі Жүнусова Әлия бас жүлдеге иеленді. І-орынға өз білімін жоғары дәрежеде көрсеткен Шарбақты ауданынан Қазбек Аяуылым лайықты деп танылса, ІІ орынды Павлодар қаласынан Қанатова Адия, ал ІІІ орынды Тереңкөл ауданнан Әміренова Үміт иеленді.

Барлық қатысушылар басқарманың арнайы алғыс хаттарымен, ал жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 

 

Павлодар облысы мәдениет,

тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

 

«Мен жастарға сенемін!» облыстық жас ақындар мүшәйра-конкурсы

Елбасымыз, ҚР Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шеңберінде және 2019 жыл Жастар жылына орай ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың конференц залында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Мен жастарға сенемін!» атты жас ақындар мүшәйра-конкурсының марапаттау рәсімін өткізді.

Конкурстың басты мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау.

Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жыр додасына облысымыздың қала, аудандарынан келген үміткерлер өз бақтарын сынады. Әділқазылар алқасы 15 қатысушыны конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді.

Бәйгеде Ақтоғай ауданы, Қараоба жалпы орта білім беру мектебінің ұстазы Ерболат Нұқ  өз қарсыластарынан озып, І жүлделі орынды иеленді. ІІ орынға Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернатының оқушысы Ахат Сания Таңатқызы, ІІІ орынға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ІІІ курс студенті Тілепбергенова Дана Маратқызы ие болды.

 

Павлодар облысының мәдениет,

тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

«Тіл – рухани жаңғырудың бастауы» атты дөңгелек үстел

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен Қазақстан халқы тілдерінің ХХІ республикалық фестивалі және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде 26 тамыз бен 6 қыркүйек аралығы Павлодар облысында «Тілдер онкүндігі» деп жарияланды.

Аталған тілдер онкүндігі ресми түрде мемлекеттік тілдің көпшіліктің қолданылуына қол жеткізу және оның пайдалану аясын кеңейту мақсатында ағымдағы жылғы 26 тамызда С. Торайғыров атындағы әмбебап облыстық кітапханада «Тіл – рухани жаңғырудың бастауы» атты дөңгелек үстелмен ашылды.

Жалпы аталған тілдер онкүндігі шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында елімізде тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, тарихын және тұрмысын насихаттайтын 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылатын болады.

Осылайша, «Тілдер онкүндігі» 2019 жылғы 6 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары А. Ораловтың қатысуымен тілді кеңінен насихаттап, халық санасын серпілтуді және әр ұлттың ерекшелігі мен құндылығын көрсетуді мақсат ететін «Тіл –рухани жаңғыру тетігі» концерттік бағдарламасымен қорытындыланатын болады.

 

Павлодар облысының мәдениет,

тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы