Поздравление акима Павлодарской области Абылкаира Скакова с Днём защитника Отечества

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр — барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды мереке. Ұлы Отан соғысына әрбіріміздің әкелеріміз бен аталарымыз қатысты. Өкінішке орай, олардың барлығы майданнан қайтып келмеді, бірақ соғыс даласында қаза тапқандардың ерлігі мен батылдығы тарихта мәңгі қалады.

Жеңімпаздар біздің басты байлығымыз – еркіндікті қорғап қалды. Олардың ерлігі арқасында біз бейбітшілікте өмір сүріп, пулемет пен танктерді соғыс туралы фильмдерден ғана білеміз.

Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, сіздерге бас иіп, тағзым етеміз!

Павлодар облысы тұрғындарының атынан сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық және ұзақ өмір тілеймін!

Құрметті жерлестер!

Ұлы Жеңіс Күні қарсаңында Қазақстанда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін мерекелеуде.

Құрметті әскери қызметшілер, сіздерге жауапты және құрметті миссия – Қазақстанның егемендігін және оның азаматтарының тыныштығын қорғау міндеті жүктелген. Сіздерге Отан қорғаушы атағын лайықты алып, өскелең ұрпаққа үлгі болуларыңызды тілеймін. 

Сіздерге ерлік пен патриотизм үшін алғысымды білдіремін Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт және бейбітшілік тілеймін!

Құрметпен, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов

 

Уважаемые ветераны Великой Отечественной войны и труженики тыла! Дорогие земляки!

От всей души поздравляю вас с Днем Великой Победы!

9 мая – очень важный праздник для всех казахстанцев. В Великой Отечественной войне участвовали отцы и деды практически каждого из нас. К сожалению, не все из них вернулись с фронта, но героизм и мужество павших на полях сражения навсегда останутся в нашей памяти и истории.

Победители отстояли наше главное достояние – свободу. Благодаря их подвигу мы сегодня живем в мире и спокойствии, зная звуки пулеметной очереди и грохота танков только из фильмов о войне.

Низкий вам поклон, дорогие ветераны и труженики тыла!

От имени жителей Павлодарской области выражаю вам огромную благодарность. От всего сердца желаю вам крепкого здоровья и долгих лет жизни!

Уважаемые земляки!

В преддверии Дня Победы – 7 мая – в Казахстане празднуют День защитника Отечества.

Дорогие военнослужащие, на вас возложена ответственная и почетная миссия – охранять суверенитет Казахстана и спокойствие его граждан. Желаю вам достойно нести звание защитника Отечества и быть примером для подрастающего поколения. 

Благодарю вас за ваше мужество и патриотизм! Желаю вам и вашим семьям крепкого здоровья, счастья и мира!

С уважением, аким Павлодарской области А. Скаков


07/05/2020 81