Павлодар облысында коронавирус ауруымен ауырғандардың 50% – дан астамы сауығып кетті

Коронавирусты жұқтырудың анықталған жағдайларының саны жеті пайыздан аспаған облыстарда карантин шаралары жеңілдетілді, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов баспасөз мәслихатында. Соңғы мәліметтерге сәйкес, өңірде 154 адамда коронавирус анықталды, 82-і сауығып кетті. Екібастұзда ауруханадан – 53, Павлодарда – 28, Ақсуда бір адам ауруханадан шығарылды. 

Асхат Ораловтың айтуынша, тағы 69 адам инфекциялық ауруханаларда емделуде. – 1666 адам медициналық бақылауда. Оның 1375-і үй карантинінде, 291-і ауруханаға жатқызылды. Жалпы, өңірде төтенше жағдай кезінде 7133 адам медициналық бақылауда болды, 5467 адам тіркеуден шығарылды, – деді спикер.

– Бүгін төтенше жағдайды алып тастау бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Бірақ еліміздің аумағында, оның ішінде Павлодар облысында да карантин шаралары жалғасады. Әкім орынбасары карантиннің аяқталу мерзімі әлемдегі және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін қоса айтты. – Бізде төтенше жағдайдың барлық кезеңіне толық талдау жасалған. Өлшем ретінде біз біп апта немесе декаданы аламыз – жеті немесе он күн. 3 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін біз КВИ-дің тек төрт жағдайын анықтадық. Егер бір аптаны алсақ, өсім жалпы жұқтырғандардың 2,5%-н құрайды. Төрт адамның екеуі Ресей Федерациясымен шекарада анықталды. Екі жедел тест өткізіліп, дереу оқшауланды.

Соңғы бес күн ішінде ішкі жұқтыру жағдайы анықталған жоқ, – деп атап өтті Асхат Оралов. – Осындай динамика сақталса, біз карантин шараларын жеңілдетуді жалғастырамыз. Дегенмен, мен барлықтарыңызды облыс және республика бас санитарлық дәрігерлері айтқан карантин шараларын сақтауға шақырамын. Спикердің мәлімдеуінше, өңірде 22,5 мыңнан астам ПТР сынақтары өткізілген, олардың 154-і оң нәтиже берген. Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында өңірдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына қол қойылды. Ол 12 мамыр сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Суретті түсірген Ольга Бугаева.


12/05/2020 72

Хаттамадан үзінді

Конкурсқа қатысушылар болмағанына байланысты «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары, D-O-2 санаты, лауазым индексі – 12-2-1 бос лауазымына жарияланған осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өтпеді деп танылсын.

2020 жылғы 12 мамыр


31