Academy invites

A meeting of representatives of the Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan in the mode of videoconferencing with government officials wishing to improve their level of education was held in the regional akimat. Director of the Institute of Diplomacy, Candidate of Political Sciences Marian Asarova and Associate Professor of the National School of Public Policy, doctor PHD Nurlan Nuraliyev answered all questions of interest to the public servants of Pavlodar region.
In particular, government officials were interested in the methods of submitting documents for admission, the conditions for interviewing, the technology of writing an essay and the basic requirements for each of the specialties. Director of the Institute of Diplomacy, Marian Asarova, said that the Academy has Institutes of Diplomacy, Management, Professional Development, and the National School of Public Administration, which provide training in 11 master’s and 4 doctoral specialties.

– Құжаттарды берудің бірінші және негізгі тәсілі Академия сайты арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады, – деп мемлекеттік қызметшілердің басты мәселелерінің біріне Мариан Асарова жауап берді. – Яғни, Академия сайтында тіркеуден өтіп https://www.apa.kz/ru / сіз оқуға түсуді жоспарлап отырған магистратура немесе докторантура мамандығына құжаттар тапсыра аласыз. Табысты түсу үшін IELTS сертификаты болуы керек немесе APTIS форматында ағылшын тілін білу емтиханын тапсыру қажет, оны Академия базасында тапсыруға болады. Әрбір талапкер мотивациялық эссе жазады,онда ол осы мамандыққа түсу себептерін және мамандық бойынша эссе көрсетеді. Екі эссе Академияның сайтында тіркеледі, онда оларға жеке шифр беріледі. Эссені тәуелсіз сарапшылар бағалайды, олар тек шифр көрсетілген талапкердің жұмысымен ғана танысады. Бұл өз бетінше жұмысты бағалауда сыбайлас жемқорлық факторын жоққа шығарады. Қорытынды кезеңде талапкерлер Академияның профессорлары мен мемлекеттік органдардың, депутаттар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын тәуелсіз аналитиктерден құралған комиссиямен әңгімелесуден өтеді.

Ағымдағы жылы соңғы жылдардағыдай магистратура немесе докторантура мамандықтарына 120 грант бөлінді. Оқытуды жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүргізеді, олардың ішінде басшылық лауазымдарда тәжірибесі мол мемлекеттік қызметшілер қатарынан шақырылған мамандар да бар. Мысалы, дипломатия институтында тәуелсіз Қазақстанның бірінші Сыртқы істер министрі Сүлейменов Төлеутай дәріс береді, ол ведомстваны 1991-1994 жылдары басқарған және еліміздің халықаралық байланыстарын орнату мен нығайтудың бастауында тұрған.

Павлодар облысында мемлекеттік басқару академиясында оқып, магистр дәрежесін алған мемлекеттік қызметшілер бар. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Ольга Загурская биылғы жылы “мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бөлім бастығы қызметіне ұсынылды.
– Академияда оқу кезінде маған барлығы ұнады: білім беру процесі, қоғамдық іс-шаралар және оқытушылар, – деді Ольга Загурская. – Мемлекеттік басқару академиясы менің көзқарасыма үлкен әсер етті. Мен өзіміздің кәсіби қызметімізде қолданатын маңызды білім мен тәжірибе алдым.
Айта кету керек, биылғы жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Академияның тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚазССР Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғарғы партия мектебінің базасында Мемлекеттік басқарудың Ұлттық Жоғарғы мектебі 1994 жылы ашылды.


13/06/2019 186