Құрметті жерлестер!

Шын жүректен Павлодар өңірінің православие христиандары мен барлық тұрғындарын айтулы мереке – Рождествомен құттықтаймын!

Жүздеген жылдар бойы бұл мереке өзімен бірге бейбітшілік пен қуаныш, мейірім мен қайырымдылық әкелуде. Рождество – үлкен үміт пен болашаққа деген сенім сыйлайтын мейрам. Ол адамдарды береке-бірлікте, татулықта өмір сүруге шақырады. Біз бұл құндылықтарды қастерлейміз, мақтан тұтамыз. Өйткені Иса пайғамбардың туған күні қазақстандықтарды этнос пен дінге бөлмей, көпұлтты және көпконфессионалды еліміздің ортақ мейрамына айналған.

Азаматтардың діни сүйіспеншілігіне деген құрмет, діни ашықтық, толеранттылық Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының негізі болып табылады. Осының нәтижесінде Қазақстанда бейбітшілік пен келісім үйлесім тауып, өзіндік мәдениеті даму үстінде, халқымыздың сан ғасырлық дәстүрі сақталып, келер ұрпаққа аманат етілуде.

Бүгінде Павлодар облысы аумағында 13 түрлі конфессиядағы 151 діни бірлестік жұмыс істейді, оның ішінде 24 православие қауымы да бар. Олардың бәрі өзара сыйласып, келісімде, татулықта күн кешуде.

Біз жаңа 2019 жылға аяқ бастық. Бұл жыл мейіріммен, гүлденумен және болашаққа сеніммен өтуіне тілектеспін. Сіздерге, құрметті жерлестер, зор денсаулық, мол бақыт және ашық аспан тілеймін!


08/01/2019 191