«Қала келбеті» облыстық акциясы  

 

       

  Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында жастар жылына орай «Қала келбеті» акциясын жариялап, қорытындысын шығарды.

Шараның негізгі мақсаты облыс көшелеріндегі жарнама мәтіндерін орналастыруда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу, облыс тұрғындарының белсенділігін арттыру болды.

Акцияның талаптарына сәйкес акцияға облыстың кез-келген азаматы қатысып, 2019 жылғы 1-20 наурыз аралығында  қала көшелерінде орналасқан ресімделуі заңнамаларға сәйкес келмейтін немесе қателері бар жарнама өнімдерін фотосуретке түсіріп, басқармаға ұсынды.

Шараның қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар басқарманың алғысхаттарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Павлодар облысының тілдерді дамыту

жөніндегі басқармасы


28/03/2019 153