Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітілді

       2019 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оған саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері бейнеконференцбайланыс түрінде қатысты.

     Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес түрде әзірленді.

  Науқанның жекелеген кезеңдерінің ұзақтығын айқындау үшін негіз «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 66-1-бабы болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауы жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзiмдерiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Осы жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 2019 жылғы 10 сәуірден басталып, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде сағат 18-00-де аяқталады. Президенттiкке кандидаттарды ұсыну құқығы «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 55-бабы 1-тармағына сәйкес белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық қоғамдық бiрлестiктерге тиесілі. Ұсыну туралы шешім республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Кандидаттардың Конституцияда және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтауды Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірме кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы өтiнiшiмен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатпен бірге ұсынылған кезден бастап бес күн iшiнде жүзеге асырады.

   Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» КЗ-да қойылған  талаптар:

– тумысы бойынша азаматтығы;- соңғы 15 жылда Қазақстан Республикасының аумағында тұруы; жоғары білімі; 40 жасқа толған болуы; белсенді сайлау құқығы болуы; мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

       Президенттікке кандидаттарды  қолдау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кем дегенде 2/3 бөлігін тең дәрежеде білдіретін сайлаушылардың кем дегенде 1% -ның қолдарын жинаумен расталуы тиіс. 01.01.1919 ж. жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 11.814.019 дауыс беруге құқығы бар азаматты Қазақстан Республикасының Сайлаушылар тізіліміне енгізген. Осылайша, әрбір кандидатты қолдау үшін 118.140 сайлаушының түпнұсқалы қолы жиналуы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күн ішінде жүзеге асырылады. Қол жинауды Президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдары ұйымдастырады. Сенім білдірілген адамдарды тіркеуді, сондай-ақ қолдардың түпнұсқалылығын тексеру рәсімін аумақтық сайлау комиссиялары паспорттық қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып жүргізеді.

Президенттікке кандидаттар ретінде тіркелу үшін ұсынылушылар ұсынылатын айдың бірінші күніндегі, яғни  01.04.2019 ж. жағдай бойынша өзінің және жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасын, сондай-ақ өзінің денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыны тапсыруы қажет. Кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 11 мамыры күнгі сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Тапсырылған декларацияларда кандидаттардың кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің рас еместігі анықталған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеудің күшін жоя алады.

 Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін дереу басталады және дауыс беру күні алдындағы күнгі 00-00 сағатқа дейін, яғни 8 маусым күнгі 00-00-ге дейін жалғасады. «Сайлау туралы» ҚЗ Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентiне тiркелген кандидаттарға эфир және баспасөз бетінен орын беру төлемақысының мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлау мен жариялау сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрiлмей, яғни ағымдағы жылдың 5 мамырына дейін өткiзiлуі тиiс. Күнтізбелік жоспардағы бірқатар баптар сайлау процесіне қатысушыларды сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері, сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін ұсыну мерзімдері туралы ақпараттандыру мерзімдерін белгілейді.

Дауыс беру 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін болады. Дауыс беру аяқталған кезден бастап 12 сағаттан кешіктірмей сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүргізіледі.

Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күн мерзім ішінде (11 маусымнан кешіктірмей) жеткізіледі.

Орталық сайлау комиссиясының сайлау нәтижелерін белгілеуіне және жариялауына, сайланған Президентті тіркеуіне 7 көзделген.

 


11/04/2019 28