Қолдағы доппен ойын

Павлодарда мемлекеттік қызметкерлер арасында волейболдан II Республикалық турнир басталды. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен командалар қатысуда.

Турнир Павлодар облысы Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бірінші басшысы Мейрам Серғазинді еске алуға арналды. Жарысқа қатысушыларды өңір басшысы Болат Бақауов құттықтады.

– Біздің облыста 1998 жылы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарманы құру бойынша алғашқы пилоттық жоба іске қосылды, – деп атап өтті ол. – Спортшылардың бұл турнирге қатысуы тек мемлекеттік қызметкерлер үшін ғана емес, Павлодар облысы мен еліміздің барлық тұрғындары үшін үлгі болмақ. Бұл жарыстар жақсы дәстүрлердің бастауы және Қазақстанның барлық мемлекеттік қызметшілерінің достық қарым-қатынасының кепілі болуы тиіс.

Жарыс 21 маусымға дейін үш күн бойы өтеді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы волейбол турнирінде Павлодар облысының құрамасы жеңіске жетті.

Фото Валерия Бугаева


19/06/2019 176