Қылышын сүйреп қыс келеді

2417 көппәтерлі тұрғын үйдің 859-ы жылыту маусымына дайындалды. Павлодарда да, Екібастұз бен Ақсу қалаларында да дайындық қалыс келеді.

Бұл туралы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзаипов мәлім етті.

– Қазіргі уақытта бекітілген кестеге сәйкес негізгі жабдықтың 33 бірлігінен тұратын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының он бірі аяқталды, – деді ол. – Сонымен қатар жөндеу жұмыстары он екі бірлік бойынша жүзеге асырылуда, он жөндеу мерзімі әлі келмеді.

 

«Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Олег Перфиловтың айтуынша, барлық жөндеу жұмыстары «KEGOC» АҚ-мен келісіліп, кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

«ЖЭО-2-де 2-ші турбинаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, №2 қазандыққа заманауи техникалық қызмет көрсетіліп жатыр», – дейді Олег Перфилов. – № 3 қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталды және қазіргі уақытта жұмыс істеп жатыр, ЖЭО-3-де осындай жағдай. Барлығы белгіленген мерзім шеңберінде аяқталады.

“Павлодарэнерго” АҚ басшысы тұрғын үй қорын жылыту маусымына дайындау мәселесіне қатысушылардың назарын аударды. Оның мәліметтеріне сәйкес, Екібастұз қаласында қалыс қалу байқалады, бұл үйлері әлі дайындық төлқұжатын алмаған. Сондай-ақ, Олег Перфилов “Сарыарқа” шағын ауданында трассаны қайта салуды жүргізетін мердігер өз міндеттерін дұрыс орындамағандығы туралы да айтып өтті. Айтылған ескертулерді мердігер әлі күнге дейін жойған жоқ, бұл одан әрі жылытуды келеңсіздік жағдайларға әкелуі мүмкін.

 Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек қазандықтар дайындығында айтарлықтай артта қалушылық байқалуда, – деп мәлімдеді. – Әкімдер тарапынан бақылау нашар болып тұр.Міне бүгін  шілденің 17-і, қыска дайындық мерзімі тым аз.

Сондай-ақ Ж.Ж. Жазылбек тұрғын үй қорының жылыту маусымына әлсіз дайындықты атап өтті. Мысалы, Павлодар қаласында 951 тұрғын үйдің жоспары бар, дегенмен тек 499 немесе 52% ғана дайындалған, ал Екібастұзда жоспар бойынша 221 190 үй дайын.

– Бұл жұмысты қатаң бақылауға алып, ПИК-пен нақты пысықтау қажет, – деді аймақ басшысының бірінші орынбасары. – Жылыту маусымы басталып кетсе де, паспорттардың дайын болмау жағдайларындағы тәжірибені жою қажет.

Кездесу соңында, Ұлан Жазылбек тұрғындарды жөндеу кезінде ұзақ мерзімге ыстық сусыз қалдырмау үшін ыстық су беру мәселесі бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ол әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарды жылыту маусымына дайындау қарқынының төмендігі туралы мәлімдеді және оның процесін тездетуді тапсырды.


18/07/2019 147