Қыстың қамын жаз ойла

Облыс орталығының жылыту жүйесі 2030 жылға дейін құрылған қаланың Бас жоспарына кіріктіріледі.

Бұл өзекті мәселе Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың  №3 ЖЭО-на жасаған жұмыс сапарында талқыланды. «СевКазЭнергоПром» ЖШС-ің бас директоры Владимир Пешковтың айтуынша жобалаушы компания бірнеше проблемалық нүктелерді анықтаған.  

– Біздің орталықтағы магистральді жылу жүйелерінің өткізгіш қабілеттерінде проблемалар туындап отыр, ал, жылу жүйесі   ағымдағы және болашақтағы жүктемелерді қабылдауға дайын болуы тиіс, – деді баяндамашы. – Екінші проблема қолда бар энергия көздерінің жылу қуаттарының бөлігінде бітеме жасауға байланысты. Қазіргі кезде Павлодарды үш жылу орталығы жылумен қамтамасыз етіп отыр. Олар: №1, №2, №3 жылу энергия орталықтары. Біз жаңа тұтынушыларды қосуға арналған қазір және болашақта берілетін техникалық шарттарды біздің станциялардың қуаттылығымен салыстырып көрдік. Болашқтағы жүктемелерді есепке алатын болсақ, біздің жылу резервіміз №3 ЖЭО-да ғана бар, сонымен қатар, №2 ЖЭО-да кішігірім резерв болады. «Сарыарқа» және «Достық» шағын аудандары салынып жатқан, сондай-ақ, №1 жеке тұрғын үй алаңы бар №3 ЖЭО-на келетін болсақ, болашақта мұнда жылу жетіспеушілігі болуы мүмкін. Қазіргі таңда біз берілген жылу жүктемесін қабылдап келеміз, ал, болашақты ойласақ, бізге күн сайын артып келе жатқан жылу жүктемелерін қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар қабылдау керек.

Облыс әкімі атап өткендей, қаланың жаңартылған жылумен қамту сызбасы өткен жылы Үкіметте қорғалған Павлодардың Бас жоспарына кіріктірілуі тиіс.

– Біз алдағы 5 жыл ішінде проблеманы шешу үшін қандай желілер салу керек екендігін анықтадық. Бұл кезек күттірмейтін мәселе, үйткені бізге жаңа нысандарды жылу жүйелерімен қамту қажет, – деді Болат Бақауов. – Қазір бізде дайын жобалар бар, жылумен қамту ұйымдары түсіністік танытып отыр. Осы бағыттағы төрт жобаны жүзеге асыруды бастап кеттік. Республикалық бюджет осы мақсаттарға қаржы бөлді, жобалардың біразы «Павлодарэнерго» АҚ-ың есебінен іске асырылады.

Аймақ басшысы атап өткендей, қазір Павлодарды жылумен қамту бойынша қиындықтар жоқ. Алайда, қаланың 2030 жылға дейінгі перспективалық дамуы үшін аталған жұмысты жүргізу керек.


10/04/2019 130