Әр үй сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Павлодар облысының ауылдарында орталық сумен жабдықтау бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр. Баянауыл ауылында су құбырын салу жұмыстары аяқталып қалды. Кейбір ауыл тұрғындары қазірдің өінде орталықтандырылған суды қолдана бастады.

Баянауыл аймағының аудан орталығында орталықтандырылған  су құбыры болған емес.  Осы олқылықтың орнын толтыру үшін 2017 жылы бюджеттен ауыл тұрғындарының үйлеріне су жеткізу үшін 5 миллиард теңге бөлінді.

– 65 шақырым су құбыры тартылып, 76 үй орталық суға қосылды. 1500 абоненттің 150 – і орталық сумен жабдықтауға қосылған, – дейді Баянауыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сейітжан Жұмашев. – Бұдан бөлек бізде су құбырына қосылуға 250-ден астам өтінім бар. Сонымен қатар, біз халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 37 отбасын анықтадық. Олар да жақын арада сумен қамтамасыз етілетін болады.

Көптеген баянауылдықтар өздерінің үйлерінде судың пайда болуын он жыл бойы күтті. 79 жастағы ауыл тұрғыны ауданға 1960 жылы көшіп келгеннен бері сапалы ауыз судың болуын армандаған.

– Біз үшін бұл нағыз мереке, – дейді Бибісара Әкішева. – Мен осы оқиғаға қатысы бар барлық адамдарға өте ризамын.

Осы жылы Май ауданында 15 ауылға су беруді жоспарлап отыр. Бүгін мұнда Май топтық су құбырына қосылған тарату желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сумен жабдықтауға екі мыңнан астам абонент қосылады. Бұл топтық су құбырынан Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы бірнеше елді мекенге де су тартылады.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Баянауыл және Май аудандарына жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

– Мысалы, төрт мыңға жуық адам тұратын Мәмәйіт Омаров, Құркөл және Еңбек ауылдарында су құбырларын тарту жобалары дайын, – деді ол. – Егер сіз осы ауылдардың әрқайсысында ұңғымалар бұрғылап, сорғы станциялары мен басқа да инфрақұрылымдар тартылса, бюджеттен шамамен 1 миллиард теңге кетеді. Егер біз осы ауылдарға Май топтық су құбырынан құбыр тартсақ, онда әлдеқайда арзанға  түседі. Бұл жағдайда судың дебеті кепілдендіріледі, желіге қызмет көрсететін мамандар бар, ал тұтынушылар үшін тариф төмен болады. Бұл вариантты қысқа мерзімде қарастыру керек.

Баянауылда да, Май ауданының ауылдарында да жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Суретін түсірген Валерия Бугаева


12/08/2019 99