Өнеркәсіптік сертификат қажет

Бұдан былай Жиһаз және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін міндетті түрде индустриалдық сертификат болуы керек.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелеріне тиісті өзгерістер енгізді. Олар 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды.

– Осы жылы басталған соңғы өзгерістерге сәйкес, «Білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне» енгізілген өндірушілер ғана “қарапайым заттар экономикасы” тауарларын сатып алуға қатыса алады, – деп атап өтті Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Арынов. Тізілімге енгізудің жалғыз критерийі “Атамекен” ҚР ҰКП беретін индустриялық сертификаттың болуы.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, бірінші кезекте өзгерістер Жиһаз және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына қатысты болады, олар үшін тауарларды сатып алу тек қана алдын ала біліктілік сұрыптаумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылады, ал басты критерий индустриалды сертификаттың болуы. Бұл сертификаттың болуы кәсіпкерлерге Мемлекеттік сатып алуға қатысуға қол жеткізу, “Самұрық-Қазына” холдингінің тауар өндірушілер тізіліміне енгізу, “Самұрық-Қазына” қорының алдын ала біліктілік іріктеуіндегі жинаған балдарға 20% есептеу, сондай-ақ отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сыртқы нарықта жылжыту бойынша шығындарды өтеу сияқты бірқатар бәсекелестік артықшылықтарды береді.

– Сертификатты алу рәсімі екі кезеңде жүзеге асырылады, – деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасында. – Бірінші кезеңде салалық қауымдастық ұсынған сарапшы кәсіпорын құжаттарының барлық жиынтығын алдын ала қарайды, содан кейін өндіріс орнына барып, жай-күйіне талдау жүргізеді және нақты жағдайды ұсынылған мәліметтермен салыстырады. Келесі кезеңде салалық сарапшының қабылдаған шешімі негізінде “Атамекен” өңірлік палатасы жергілікті атқарушы органның қатысуымен өндірісті тексеруді жүзеге асырады, лицензияларды, рұқсаттарды, сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды, салық есептілігін, қауіпсіздік техникасының сақталуын тексереді, кәсіпорын персоналды оқытуды жүргізеді ме, сондай-ақ ұйымның мемлекеттік сыйлықтар мен гранттарға тағайындалғандығын қарастырады.

 

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін doc24.kz сайтында тіркеліп, өтінім мен электрондық құжаттар пакетін Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жіберу қажет.


11/06/2019 141