«Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметінің есебі

  1. Жалпы ереже.

1) Қызмет көрсетуші туралы мәлімет: 

«Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай-Басқарма). 

2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

Басқармада 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін куәлік беру»

Аталған мемлекеттік қызметінің стандарты 2015 жылғы 30 сәуірдегі №557Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің  бұйрығымен бекітілген, ал регламент 2016 жылғы 5 шілдедегі №221/5 облыс әкімінің қаулысымен бекітілген.

2018 жылдан бастап басқармамен 14 куәлік берілді.

Аталған мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам, «электронды үкімет» www.egov.kz,www.elicense.kzвеб-порталы арқылы көрсетіледі.  

Мемлекеттік қызмет электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі (қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу үшін куәліктік алым).

«Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік беру».

Аталған мемлекеттік қызметінің стандарты 2015 жылғы 30 сәуірдегі №557 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығымен бекітілген, ал регламент 2016 жылғы 5 шілдедегі №221/5 облыс әкімінің қаулысымен бекітілген.

2018 жылдан бастап басқармамен 192 куәлік берілді.

Аталған мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам, «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.  

Мемлекеттік қызмет электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

 «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру».

Аталған мемлекеттік қызметінің стандарты 2015 жылғы 30 сәуірдегі №529 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген, ал регламент 2016 жылғы 7 сәуірдегі №112/3 облыс әкімінің қаулысымен бекітілген.

2018 жылдан бастап басқармаға осы мемлекеттік қызмет бойынша өтнішітер түскен жоқ.

Аталған мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам, «электронды үкімет» www.egov.kz,www.elicense.kzвеб-порталы арқылы көрсетіледі.  

Мемлекеттік қызмет электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

           

  1. Қызмет алушымен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат көзі және оны алудың орны туралы мәлімет. 

Қызмет алушының өтініші түскен жағдайда, басқармамен мемлекеттік қызмет көрсету стандартының негізгі қағидалары мен регламентін түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы  алудың мүмкіндігі бойынша тиісті жұмыс жүргізіледі.

Басқармада 2016 жылғы 7 сәуірдегі №1123 облыс әкімінің қаулысымен бекітілген  «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі регламентінің негізгі қағидалары көрсетілген стенд орналасқан.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және төлқұжаттары басқарманың www.uptad-pavlodar.gov.kz   сайтында жарияланған.  

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын бақылау.

1) Қызмет алушының мемлекеттік қызметтің көрсетілу мәселесі бойынша шағымы туралы ақпарат.

2018 жылдың басынан бастап қызмет алушылардан жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер бойынша басқармаға шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері.

Басқармамен тұрақты түрде мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасына ішкі бақылау іске асырылады.сонымен қатар Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметті дамыту және ішкі аудит бөліміне ай сайын және әр тоқсан сайын жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тиісті есептер тапсырылады.


02/06/2017 340