2018 жылғы Павлодар облысындағы архив ісінің дамуы туралы

Павлодар облысының архивтік мекемелері Қазақстан Республикасының «Ұлттық архивтік қоры және архивтер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, архив ісі мен құжат айналымының ілгері дамуының рет-ретімен жүзеге асуын қамтамасыз етті.   

Сараптама-тексеру комиссиясының (СТК)  11 отырысы өткізілді; онда 359 мәселе қаралып, 12085 с.б. көлеміндегі басқармашылық құжаттар, 2390 с.б. көлеміндегі ғылыми-техникалық құжаттама, 491 с.б./671 құжат  көлеміндегі жеке тектік құжаттар  бекітілді, 6167 с.б. көлеміндегі жеке құрам бойынша құжаттар келісілді.

Әдістемелік комиссияның 3 отырысы өткізіліп, онда келесі мәселелер қаралды:

2018 жылдың 11-15 маусымы аралығында Варшава қаласында (Польша Республикасы) өткен Халықаралық архивтер кеңесінің Еуро-Азиялық өңірлік бөлімшесінің ХІХ Жалпы конференциясына мемлекеттік архивтердің Бас дирекциясының шақыруымен  Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гүлзира Қайырбергенқызы Бәшірова қатысты.

2018 жылдың 14-16 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде  өткен «Архивтерді цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға   архивтер және құжаттама бөлімінің басшысы С.Қ.Әбілденов, «Павлодар облысының мемлекеттік архиві» КММ-сі басшысының орынбасары Қ.Ғ.Мақажанова және «Жеке құрам жөніндегі  Павлодар қалалық архиві» КММ-нің басшысы С.Б.Сүлейменова қатысты.

Басқарманың архив қызметі бөлімімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің архив ісі және құжаттама департаментіне келесі ақпараттар әзірленіп, жіберілді:

2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша қорлардың құрамы мен мөлшері жөніндегі  мәліметтер (қағаз түріндегі және электронды тасығыштарда).

Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты, аумақтық департаменттері, Қазақстан  Республикасы  Президентінің Мемлекеттік басқару академиясы   және «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы қызметінде  қалыптасатын  құжаттар тізбесіне қорытынды;

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының  және оның ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметінде  қалыптасатын, сақтау мерзімдері көрсетілген, құжаттар тізбесіне қорытынды және тағы басқалар.

Облыстық архив мекемелері құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету  бойынша жұмыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 576 қаулысымемн бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларының талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.

Облыстық архив мекемелерінің архив қоймаларындағы өртке қарсы режим өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамамалармен реттемеленді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік есепке алу орталықтандыру, бірегейлендіру, толықтық және дәлділік принциптері негізінде іске асырылды. Құжаттардың мемлекеттік сақтауға түсуіне байланысты архив мекемелері негізгі және қосалқы есептік құжаттарды жүргізіп отырды.

Сақталудағы құжаттардың нақты болуын, олардың физикалық-химиялық жай-күйін тексеру және оларды қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар атқарылды:

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сапалы қалыптастыруға, мемлекеттік сақтауға қабылданатын құжаттарды іріктеу сапасын арттыруға, сараптау-тексеру комиссиясы (СТК) қызметін жақсартуға, оның толықтыру көздері болып табылатын облыстың мекемелері, ұйымдары мен кәсіпорындарының сараптау комиссияларымен өзара байланысын нығайтуға басты назар аударылды.

Басқару, фоноқұжаттар, бейнеқұжаттар, жеке тектік құжаттар, сондай-ақ жеке құрам бойынша құжаттамаға ғылыми сипаттама жасалды.

Сараптау тексеру комиссиясымен (СТК) ықтималды және ықтималды емес жабдықталу көздері болып табылатын облыстық мекемелердің құжаттарына тізімдемелер бекітіліп, келісілді:

Облыстық мемлекеттік архивтер құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау бойынша жоспарлы жұмыстарды жүзеге асырды.

Ведомстволық архивтермен жұмыс құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізу арқылы ұйымдастырылды.

Басқармашылық құжаттаманы, аудио, бейне, фоноқұжаттарды, ғылыми-техникалық құжаттаманы сақтайтын ведомстволық мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындарды паспорттау бойынша кешенді жұмыстар аяқталды.

Облыс архив мекемелері облыс мекемелері мен кәсіпорындардағы іс жүргізу қызметтерінің қызметкерлері үшін, аудандардың ауылдық округ мамандары үшін іс жүргізу және құжаттаманы басқару, құжаттардың ғылыми-техникалық сараптамасын жасау мәселелері бойынша кеңес берді.

Архив қорларын ақпараттандыруды арттыру мәселесі бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Есептік кезеңде облыстық мемлекеттік архивінің каталогтары жүйесіне және тақырыптық автоматтандырылған көрсеткіштер мен анықтамалықтарға 82 өтініш тіркелді, оның ішінде 26 өтінішке теріс жауап берілді.

Word және Excel бағдарламалары шеңберінде деректер базасын құру ісі жалғастырылды:

«Жергілікті мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарының шешімдері» – 390 с.б. қаралды, 6494 жазба енгізілді;

«Тақырыптық сұраныстар» – 432/120 скан жазба;

«Ұлы Отан соғысы жылдары Павлодар облысы территориясында тұрған Польша азаматтары туралы» – 9 с.б. бойынша 290 жазба;

«Персоналийлер» – 23 с.б. бойынша 324 жазба енгізілді.

Жоғарыда аталған автоматтандырылған нұсқаулықтарға барлығы 422 с.б. бойынша 7540 жазба енгізілді.

Павлодар облысының мемлекеттік архиві қорлары бойынша жолсілтегішті дайындау жұмыстары жүргізілді (құрастыру, қорлардың сипаттамасын нақтылау, редакторлау, аңдатпаланбаған қорлардың тізімін жасау, редакторлардың ескертулері бойынша жұмыстар).

ҒТА цифрландыруға дайындау жұмыстары жүргізілді (Excel формасы бойынша мәтіндерді теру). Барлығы 29257 тақырып басылды. Сонымен қатар бөлім қызметкерлері сканерлеуге арнап түптелген істерді  тігу бойынша жұмыстар атқарды.

Ақпараттық кеңістікті кеңейту және қолданушыларды ретроспективті архивтік ақпаратпен қанағаттандыру ақпараттық іс-шараларды өткізу арқылы жүзеге асты. Төменде көрсетілген іс-шаралардың негізгі мақсаты қазақстандық отансүйгіштікті, жас буын өкілдерінде рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту Концепциясын, сонымен қатар «Мәңгілік Ел» патриоттық жалпыұлттық идеясын   жүзеге асыру болып табылады.

Облыстық мемлекеттік архивтің ресми сайтын статистикалық ақпаратпен толықтыру жұмысы жалғастырылды.

Есеп беру кезеңінде облыстың архивтік мекемелері фотоқұжаттық көрме өткізді, оның ішінде облыстық мемлекеттік архив:

Павлодар облысының 80-жылдығына орай  – «Павлодар облысына –  80 жыл. Павлодарской области – 80 лет» фотоқұжаттық көрмесі;

Павлодар қаласы журналисттер үйі фойесінде «Сарыарка самалы» газетінің тарихы туралы «Осылай басталған едi» фотоқұжаттық көрмесі;

Павлодар қаласы журналистер үйі фойесінде «Из истории газеты «Звезда Прииртышья» фотоқұжаттық көрмесі;

Павлодар қаласы журналисттер үйі фойесінде «Документы на латинице из истории развития печати в Павлодарской области» фотоқұжаттық көрмесі;

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73-жылдығына арналған «Біздің ортақ Жеңісіміз! Это наша общая Победа!» фотоқұжаттық көрмесі;

Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған облыстық мемлекеттік архивтің ресми сайтында жарияланған «Азалы жылдар» виртуалды көрмесі.

Радиобағдарламалар және телебағдарламалар жарық көрді:

Қ.Ғ. Макажанованың «Архивтерді цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағында «О необходимости дальнейшего совершенствования действующей нормативно-правовой базы архивной отрасли Республики Казахстан» мақаласы. – Астана, 2018. – 99 б.;

Н. Кубиктің «Архивтерді цифрландыру: дамудың жаңа траекториясы» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағында «О рассекреченных документах фонда Павлодарской областной прокуратуры Государственного архива Павлодарской области» мақаласы. – Астана, 2018. – 86 б.;

Н. Кубиктің «Қазақстан архивтері» журналында «О работе Государственного архива Павлодарской области с документами личного происхождения» мақаласы. – 2018. – № 3 (47) – 45 б.;

Республикандық журналдарда, облыстық «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде, қалалық және аудандық газеттерде мақалалар жарияланды.

Мүдделі ұйымдарға бастамашылық-ақпараттық құжаттар дайындалып, жіберілді.

Колледждер мен ЖОО-ның студенттері үшін экскурсиялар мен мектеп сабақтары өткізілді.


18/01/2019 268