2019 жылғы қаңтар-желтоқсан Павлодар облысының даму көрсеткіштері

Өнеркәсіп

2019 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1991,0 млрд. теңгені құрады, НКИ – 102,4% (ҚР – 103,8%).

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 428,3 млрд. теңгеге өнім шығарылды, НКИ – 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 106,9%.

Өңдеуші өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 1 288,1 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 102,5%.

Мына салаларда көлемдердің өсуі байқалды: мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі (НКИ-102,9%), металлургия өнеркәсібі (НКИ-102,6%), соның ішінде қара металлургия (НКИ – 104,1%), химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі (НКИ – 110,7%), негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі (НКИ – 108,3%), қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі (НКИ – 134,1%), жиһаздан басқа ағаш және пробка өнімдерінің өндірісі (НКИ – 132,4%), резеңке және пластмасса өнімдерінің өндірісі (НКИ – 128,6%), жеңіл өнеркәсіп (НКИ – 112,3%), машина жасау (НКИ – 107,2%), жиһаз өндірісі (НКИ – 107,7%), азық-түлік өнімдерінің өндірісі (НКИ-101,4%).

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда  өндіріс көлемі 260,2 млрд. теңгені құрады, 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда НКИ – 96,7%.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 169,1 млрд.теңге. Нақты көлем индексі-2018 жылдың сәйкес кезеңіне 101,3%-ды құрайды.

ІҚМ басы 3,6% – ға (462,2 мың бас), жылқы басы 7,5% – ға (176,2 мың бас) өсті. Ет – 63,6 мың тонна (102,7%), сүт – 317,3 мың тонна (102,2%), жұмыртқа – 186,9 млн.дана (102,2%) өндірілді.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілердің саны 46,4 мың бірлікті немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 107,1% құрайды.

 

Негізгі капиталға инвестициялар 298,9 млрд.теңгені құрады.

Нақты көлем индексі – 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 111,0% болды.

Саудаға – 7,5 есе, ауыл, орман және балық шаруашылығына – 85,6%, өңдеу өнеркәсібіне – 52,6%, тау – кен өнеркәсібіне-40,0%, көлік және логистика – 9,0% инвестициялар көлемі ұлғайды.

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 136,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 106,3% құрайды.

 

2019 жылдың қаңтар-шілдесіндегі сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО-ны қосқанда) 1617,5 млн. Долларды құрады немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,0%, оның ішінде тауарлар экспорты – 1048,3 млн. АҚШ доллары (42,0 төмендеу) %), импорт – 569,2 млн. АҚШ доллары (0,1% -ға төмендеу). Сыртқы сауда айналымының сальдосы – 479,2 млн. пайда әкелді.

 

2018 жылғы желтоқсанға қарағанда 2019 жылғы қыркүйекте тұтыну бағаларының индексі 103,2% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарлары бойынша – 106,1%, азық – түлік емес тауарлар бойынша-102,9%, ақылы қызметтер бойынша – 99,9% болды.

Азық – түлік тауарлары бойынша: ет (ет өнімдерін қоса алғанда) – 112,7%, балық және теңіз өнімдері – 116,9%, сүт өнімдері – 102,3%, кондитерлік өнімдер – 104,6%, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар-109,4% қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлар тобы бойынша: киім және аяқ киім – 103,9%, үйге қажетті заттар-103,2%, фармацевтикалық препараттар – 105,6%.

Ақылы қызметтер тобы бойынша: денсаулық сақтау қызметтері – 106,1%.

 

Салық және бюджет

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте мемлекеттік бюджетке 204,6 млрд.теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті немесе болжамға қарағанда 102,7% болды, оның ішінде республикалық бюджетке 115,7 млрд. теңге (болжамға қарағанда 93,9% болды), жергілікті бюджетке 88,9 млрд. теңге (болжамға қарағанда 117,0% болды) түсті.

 

Жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша бересісі 2 039,8 млн.теңгені құрады.

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады (2019 жылдың 2 тоқсанында).

23 464 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен – 12 268 адам, маусымдық жұмыспен – 2 356 адам, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақылы қоғамдық жұмыстармен-3 059 адам қамтылған.

2019 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық нақтылы жалақы 151 423 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 11,7% жоғары.

 

Денсаулық сақтау

2019 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 11,9 млрд. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,4 млрд.теңге, материалдық – техникалық базаны нығайтуға – 4,0 млрд. теңге, күрделі жөндеуге – 0,2 млрд. теңге көзделген.

Туберкулезден, қатерлі ісіктен өлім-жітім және туберкулезбен ауыру төмендеді.

 

Білім

2019 жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға 84,6 млрд.теңге қарастырылған. 2019 жылдың 1 қазанына 60,9 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспары бойынша 72,0% игерілді. Білім беру объектілерін дамытуға 4,2 млрд.теңге қарастырылған.

Күрделі жөндеуге – 0,6 млрд.теңге бөлінді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Екібастұз қаласының Солнечный кентінде 420 орындық мектеп пайдалануға берілді. Павлодар қаласында 150 орынға арналған “Лингва” жеке бастауыш мектебі ашылды.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орта есеппен – 5 оқушыға – 1 компьютер, ауылда – 3,4. Кеңжолақты интернетке 357 мектеп, демек 100% қосылған.

43,7 мың баланы қамтыған 394 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді.


11/11/2019 2,121