2019 жылғы қаңтар-ақпандағы Павлодар облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

   
  www.stat.gov.kz
Баспасөз хабарламасы            № 6-30/22

           2019 жылғы 13 наурыз

 ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕКТОР

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы қаңтар-ақпанда 2018 жылдың қаңтар-ақпанына қарағанда 102% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-ын аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1724,1 млрд. теңгені және                       2017 жылғы сәйкес кезіңімен салыстырғанда 102,6%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 26 млрд. теңгені, немесе 2018 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 121,1%-ды құрады. 2019 жылғы қаңтар-ақпанда инвестиция жұмсаудың негізгі көздері меншікті қаражаттар болды, 20,8 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестиция көлемінің 80,1%-ын құрады.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстарының көлемі 4,7 млрд. теңге құрады, нақты көлемінің индексі
– 70,6%.

Тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 8685 шаршы метр пайдалануға берілді, немесе 2018 жылғы қаңтар-ақпанмен  салыстырғанда 47,7%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 317,5 млрд. теңгені құрады, өнеркәсіп өндірісінің индексі – 102,5%.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда нақты көлемінің индексі – 118,1%, өңдеу өнеркәсібінде
– 103,6%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 89,7%, сумен жабдықтауда; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 125,9% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің қызмет түрлерінің бөліктері мынаған сай келеді, 62,4% – өңдеу өнеркәсібіне, 
15,4% – электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауға, 21,6% – кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға, 0,6% – сумен жабдықтауға; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауға.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі
15,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,8%, соның ішінде мал шаруашылығы бойынша тиісінше
14,4 млрд. теңге және 105%, өсімдік шаруашылығы бойынша тиісінше 0,6 млрд. теңге және 100%.

2019 жылғы қаңтар-ақпандағы жүк айналымының көлемі 4,9 млрд. ткм, немесе 2018 жылдың сәйкес  кезеңіне  100% -ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-ақпандағы  «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,7%-ды құрады.

2019 жылғы қаңтар-ақпандағы бөлшек сауда көлемі 49,9 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің  индексі – 101,6%.

Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 43,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлемінің индексі – 85,7%.

2019 жылғы қаңтарда Павлодар облысының ЕАЭО мүше-мемлекеттермен өзара саудасы
147,4 млн. АҚШ долларын құрады. Өзара сауда құрылымында экспорт басым болды және 59,1%-ды құрады (облыстан 87,1 млн. АҚШ долларына тең тауар шығарылды), импорттың үлесі 40,9%-ды құрады (облысқа әкелінген тауарлардың көлемі 60,3  млн. АҚШ долларына тең).

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 15702 бірлікті құрады, оның ішінде 15378 бірлік жұмыскерлерінің саны 100 адамнан кем. Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны
11900 бірлікті құрады, оның ішіндегі шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем) 11576 бірлікті құрады.

2019 жылғы ақпанда тұтыну бағасының индексі 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101%,
азық-түлік тауарларының бағасы – 102,7%-ды, азық-түлік емес тауарлары – 100,4%-ды, ақылы қызметтер – 99,5%-ды құрады.

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыстың бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 44741 бірлікті немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107% құрады, соның ішінен 9380 бірлік – шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 108 бірлік – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 31982 бірлік – жеке кәсіпкерлер, 3271 бірлікті шаруа немесе фермерлік қожалықтары құрады.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ШОК субъектілерімен өнім (тауарлар мен қызметтер) шығару
453,1 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,9% құрады.

2018 жылғы 1 қазанға ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 131,4 мың адам немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5% құрады.

 

ӘЛЕУМЕТТІК СЕКТОР

2019 жылғы 1 ақпанға Павлодар облысы халқының саны 753,8 мың адамды құрады. Қала халқы – 531,7 мың адам (70,5 %), ал ауыл халқы – 222,1 мың адам (29,5%) саналады.

2018 жылғы III тоқсандағы (алдын ала деректер бойынша) халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 93578 теңгені құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 9,5%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 3,5%-ға артты.

2018 жылғы IV тоқсандағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 155,2 мың теңгені, немесе 2017 жылдың сәйкес тоқсанына 106,3%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 100,8% құрады. Жалдамалы қызметкерлер саны 197,9 мың адам құрады.

2018 жылғы IV тоқсанда жұмыс күшінің саны 409,9 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 70,1%-ын құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы ақпанның соңына 4,7 мың адамды немесе жұмыс күшіне 1,1%-ды құрады.

 

www.stat.gov.kz/pavlodar/ Басты бет > Жаңалықтар

 

Орындаушы:

С.Қ. Садвоқасова

Тел. +7 7182 55 41 34

 

Басқарма басшысы:

Г.С. Кереева

Тел. +7 7182 53 30 86

Баспасөз қызметі:

С.Қ. Садвоқасова

Тел. +7 7182 55 41 34

E-mail: PavlStatPress@mail.ru

Мекенжай:

140000, Павлодар қаласы

Ген.Дүйсенов к., 9

E-mail: modem.pavlodar@statdata.kz

 

© Павлодар облысының Cтатистика департаменті


14/03/2019 12