Академия шақырады

Облыстық әкімдікте ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері өз білім деңгейін көтергісі келетін мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді. Дипломатия институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Мәриям Әбішева мен мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің доценті, PHD докторы Нұрлан Нұралиев мемлекеттік қызметшілерінің сауалдарына жауап берді.

          Мемлекеттік қызметшілерді қызықтырған сауалдардың қатарында оқуға түсуге құжаттар тапсыру тәсілдері, әңгімелесуден өту тәртібі, эссе жазу технологиясы және әр мамандық бойынша қойылатын талаптар туралы сұрақтар болды. Дипломатия институтының директоры Мариан Асарова Академияның құрамында 11 магистратура және 4 докторантура мамандықтары бойынша оқытуды жүзеге асыратын Дипломатия, Басқару, Кәсіби даму институттары мен мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі қызмет ететінін айтты.  

– Құжаттарды тапсырудың алғашқы және негізгі әдісі Аккадемияның сайты арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады, – деді Мәриям Әбішева. –  Яғни, Академияның сайтында https://www.apa.kz/kz/ тіркелген соң, Сіздер өзіңіз қалаған магистратура немесе докторантура мамандығына құжат тапсыра аласыздар. Оқуға түсудің басты шарттарының бірі шет ел тілін меңгеру болып табылады. Сіздің қолыңызда тиісті деңгейдегі IELTS сертификаты болуы керек немесе Академияның базасында ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін АPTIS форматы бойынша  емтихан тапсыра аласыздар. Әр абитуриент мотивациялық және мамандық бойынша эссе жазып тапсырады. Екі эссе де Академияның сайтында тіркеліп, оларға жеке шифр беріледі. Эсселерді шифр көрсетілген жұмыстың өзімен ғана танысатын тәуелсіз сарапшылар бағалайды. Яғни, сыбайластыққа жол берілмейді. Қорытынды кезеңде, абитуриенттер комиссиямен әңгімелесуден өтеді. Комиссияның құрамында Академияның профессорлары мен мемлекеттік органдар, депутаттық корпус және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған тәуелсіз сарапшылар болады.

Ағымдағы жылы, магистратура және докторантура мамандықтарына 120 грант бөлінді. Оқытуды біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылық құрам жүргізеді. Олардың ішінде, жоғары лауазымдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер сабақ береді. Мысалы, Дипломатия институтында еліміздің халықаралық байланыстарын орнатудың бастауында тұрған Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүйлеменов дәріс оқиды.

Павлодар облысының кейбір мемлекеттік қызметшілері Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, магистр дәрежесіне ие болды. Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Ольга Загурская 2009 жылы Академияны «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады. Дипломға ие болған маман лауазымдық саты бойынша жоғарылап, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бөлім басшысы қызметіне тұрды.
-Академияда оқу үрдісі, қоғамдық іс-шаралар, оқытушылар, қысқасын айтқанда, бәрі де ұнады, – дейді Ольга Загурская. – Мемлекеттік басқару академиясы менің өмірлік көзқаарсыма қатты әсер етті. Мен өзімнің кәсіби қызметіме маңызды әсер ететін білім мен тәжірибе жинақтадым.
Атап өту керек, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы биыл 25 жылдық мерейтойын тойлап жатыр. Академияның тарихы 1994 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚазКСР КП ОК-ің жанындағы жоғары партия мектебін Мемлекеттік саясаттың ұлттық жоғары мектебі ретінде қайта құру туралы Жарлыққа қол қойған күннен басталады.

 


12/06/2019 45