Ашық есіктер күні

«Дарынды балаларға арналған № 3 гимназия» ММ-де Ашық есіктер күні өтті. Ата-аналар білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбиелеу жұмысымен танысты.

Шара барысында ата-аналар оқушыларды тану үрдісіне жұмылдырудың қаншалықты қиын екенін көріп, ұстаздың тек көмекші екенін түсінді. Қажетті ақпаратты іріктеу, оны белгілі бір жағдайда қолдану, дұрыс шешімін табу – жеке траектория бойынша дамып келе жатқан гимназистердің жұмысы. Бұл ата-аналарға стандартты емес ойлай алатын, қиын мәселелердің шешімін жылдам табатын, креативті идеяларын ұсынатын балаларына  басқа көзбен қарауға мүмкіндік берді.

Оқушылардың «РИТМ» ғылыми қоғамдастығының жұмысы, «Нерв эпохи» әдеби спектаклі, «Патриот», «Тіл жанашырлары» клубтарының  отырыстары, English club «Can money buy you happiness?» дебаты, роботты техника, қытай тілі үйірмелерінің отырыстары, «Шаңырақ» жобасының отбасылық шеберханасы жұмысы ата-аналарға жаңартылған мазмұнның не екенін және оның баларға қалай әсер ететінін көрсетті.


18/02/2019 368