“Ауыл – ел бесігі” жобасы іске асырылуда

“Ауыл – ел бесігі” Тереңкөл ауданында, сондай-ақ Павлодар облысының Баянауыл, Железин, Ертіс аудандарында жүзеге асырылады.

Осы бағыт бойынша өңірде барлығы 25 жоба жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді. Железинка қаласында орташа жөндеу жұмыстары 15 көшеде жүргізілді. Железин селолық округінің әкімі Бекет Байгиреевтің ақпараты бойынша, барлығы 11,3 км жол жөнделді: асфальт төселді, жол жиектерін нығайтты, 21 жаяу жүргіншілер өткелін жабдықтады, 18 дренаждық құбыр, 56 жол белгілері орнатылды. Осының барлығы бюджетке 207 миллион теңге түсті. Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қ. Әлсейітов атындағы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Уалиолла Ақановтың айтуынша, 1979 жылы салынған МҮ ғимараты толық жаңғыртылды. – Зал 450 орынға есептелген. Онда біз акустиканы толықтай өзгерттік. Сондай-ақ сахна, төбелері мен қабырғалар жөнделді. Жөндеу жұмыстарымен “Турбосервис” ЖШС айналысты. Жұмыстың құны шамамен 90 миллион теңгені құрады. Жаңартылған демалыс орталығының ашылуы Тәуелсіздік күніне жоспарланған. Сонымен қатар, “Балапан” ауылдық балабақшасында ғимараттың қасбеті толығымен қалпына келтірілді және терезелер ауыстырылды. Мердігер “Турбосервис” ЖШС-і 25 миллион теңгенің қасбетін жөндеуге 22 миллион теңге жұмсады, ал үнемделген қаражатқа балабақша ауласында балалар алаңын салды. Сондай – ақ, “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасы аясында Тереңкөл ауылында жалпы орта білім беретін мектептің жылу трассасы жөнделді. А. Текенова атындағы жергілікті балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің стадионы қайта жаңартылды. Сонымен қатар, ескі мешіт ғимаратында күрделі жөндеу жүргізілді. Таяуда бұл жерде интернат өз есігін айқара ашады, онда Тереккөл ауданының шалғай ауылдарынан 20 жоғары сынып оқушылары тұрақты тұратын болады. Мектеп директоры Евгения Мартыненконың айтуынша, нысанды Тәуелсіздік күніне дейін тапсыру жоспарланып отыр. Жобаның құны-52 миллион теңге. – Құрылыс жұмыстары аяқталды, – дейді Евгения Мартыненко. – Жабдықтар мен жиһаз сатып алу қалды. Интернатта шалғайдағы ауылдардың 10-11 сынып оқушылары тұратын болады. Жобаның мақсаты – оқушыларды ҰБТ тапсыруға дайындау.

 

    “Ауыл – ел бесігі” жобасы Ертіс және Баянауыл аудандарында да сәтті жүріп жатыр. Екі ауданда да аудан орталықтарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ертіс ауданында орталық аудандық аурухананың бірінші қабатына күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, мұнда ішкі су құбыры жөнделді. Баянауылда З. Ақишева атындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігер ұйым ескі терезелер мен есіктерді толығымен ауыстырды, қасбетті бояды, кіреберіс тобын нығайтты. Орталық аудандық аурухананың стационар ғимаратындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Мұнда пластикалық терезелер орнатылды, жұмсақ шатырды қатты жабынға ауыстырылды, кафель төселді, электр сымдарын, сыртқы және ішкі есіктерді ауыстырды.

 

 

 

 

 

 

 

Айбек Жұматовтың фотосы

 


26/11/2019 129