Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы саласында өнімді өндірумен 462 ауылшаруашылық құрылымдар мен 3251 шаруа қожалықтары айналысады.

Ауылшаруашылық өнімін өндірудің негізгі бағыттары ет, сүт, жұмыртқа, астық, картоп және көкөністер болып табылады.

2019 жылдың қаңтар айы бойынша жалпы өнім көлемі 7,4 млрд. теңге, НКИ – 104,7% құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 0,2 млрд. теңге (100,0%), мал шаруашылығы – 7,2 млрд. теңге (104,9%).

Қаржыландыру.

2019 жылға барлық бюджеттік деңгейлерден 19,0 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде:

республикалық бюджеттен 8,2 млрд. теңге;

облыстық бюджеттен – 10,8 млрд. теңге.

«ҚазАгро» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен 730,8 млн. теңге сомасына несиелер берілді, олардан:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 730,8 млн. теңге:

– «Агротехника» бағдарламасы бойынша – 10,5 млн. теңге (1);

– «Агробизнес» бағдарламасы бойынша – 369,3 млн. теңге (29);

– «Кең-дала» бағдарламасы бойынша – 49,0 млн.теңге (4);

– «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – 302,0 млн. теңге (4).

Өсімдік шаруашылығы.

Облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері қыстың агро іс шараларына-қар тоқтату жұмыстарына кірісті.

Қар тоқтату 1-ші із – 207,0 мың га (52%) алаңда, 2-ші із 47,8 мың га (12%) алаңда жүргізілді.

Мал шаруашылығы.

2019 жылғы 1 ақпанға ІҚМ басының саны – 423,4 мың бас (2018 жылдың ұқсас кезеңіне 104,6%), қойлар – 489,8 мың бас (102,1%), ешкілер –63,7 мың бас (102,1%), шошқалар – 75,2 мың бас (115,8%), жылқылар – 160,3 мың бас (110,5%) және құстар – 1586,1 мың бас (113,6%).

Өндірілген сүт – 15,8 мың тонна (103,5%), тірі салмақтағы ет – 6,5 мың тонна (102,6%) және жұмыртқа – 17,1 млн. дана (123,6%).

2019 жылғы 22 ақпаны бойынша 208,3 тонна ет және ет өнімдері экспортталды.

Қалалар мен аудандар ауыл шаруашылығы бөлімдерінің деректері бойынша мал қыстағы ұйымдастырылып өтуде, барлық категориялы шаруашылықтарда әлсіз және қоңдылығы нашар мал басы жоқ.

Мал шаруашылық нысандар электр қуатымен, тұрақты сумен, жемшөпті тиеу, тасу және үлестіріп-тарату техникасымен қамтамасыз етілді.

Тұрақты электр қуаты жоқ алыс шалғайдағы учаскелер автономды электрстанциялармен қамтамасыз етілген. Қыстау орындарына ірі азықтар, сондай-ақ көмір, отын жеткізілді. Жолдар бар. Учаскелердің мұздануы жоқ.

Қайта өңдеу. Ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді және жергілікті кәсіпорындардың өнімімен нарықты толтыруды қамтамасыз ету үшін 204 дайындаушы пунктер және 276 қайта өңдеуші объектілер жұмыс істейді.

Жылдың басынан 52 ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізілді, 269,2 млн. теңге сомасына өнім сатылды.

Кооперативтер. 121 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтер құрылды, олардан (сүтті бағытта – 32, етті – 67, басқа бағыттарда – 22).

Жұмыс істеп тұрғандар 91 немесе 75 %, соның ішінде сүтті бағыттағы – 26, етті – 46, басқа бағытарда – 19. 


27/11/2018 479