Азаматтық альянс үйі ашылды

Облыс орталығында үкіметтік емес ұйымдар секторының өкілдері үшін Азаматтық альянс үйі ашылды. Салтанатты шараға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысты.

Үкіметтік емес ұйымдардың кеңселері бұрынғы «Жігер» клубы орналасқан ғимаратта ашылды. Жаңа орында оннан астам қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Олардың қатарында облыстық ҮЕҰ ғана емес, сонымен қатар, халықаралық ұйымдардың филиалдары да бар. Альянс үйінде 12 кабинет, мәжіліс залы және коворкинг орталық бар.

– Мұнда түрлі бағыттар мен идеялар бойынша жұмыс істейтін ұйымдар бар, – деді аймақ басшысы қоғам белсенділерімен кездесу барысында. – Әрбір ұйым өзінің тың жобаларымен таң қалдырады. Бәріміздің ортақ құлшынысымыз туған өңірді көркейтуге бағытталуы тиіс.

Азаматтық альянс өкілдері обылс әкіміне өзара ынытамақтастық үшін алғыс айтып, қоғамдық жұмыстарын белсендіруге уәде берді.

Фото Валерий Бугаевтікі  


26/11/2018 169