Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы базасында 5 оқу бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту жүргізілуде

 

Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы базасында 5 оқу бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту жүргізілуде: Базалық сандық дағдылар, Ашық үкімет, Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер, Электрондық сауда және онлайн қызметтердің гипермаркеті POST.KZ және Сандық қауіпсіздік дағдылары.

Облыстың қалалары мен аудандарында оқытуды жүргізу үшін аудиториялардың (орта жалпы білім беретін мектептер мен кітапханалар базасында) және жаттықтырушылардың (информатика мұғалімдері) қажетті саны анықталды.

А. ж. 15 мамырында БАҚ, газеттерде, интернет ресурстарда және радиода курстарды танымал ету бойынша жұмыс қайта басталды.

Халықты оқыту жоспар-кестеге сәйкес 17 маусымнан тамыз айына дейін қалалар мен аудандардың жалпы білім беретін орта мектептерінің базасында өтеді. Ағымдағы жылы 5000 адамды тегін оқыту жоспарлануда.

 

 

 

* Анықтамалық: Павлодар қ.-1200 адам, Екібастұз қ.-1000 адам, Ақсу қ.-800 адам және аудандарда 200 адам.

 Анықтамалық: Аудиториялар саны-72; тренерлер саны-101;


05/06/2019 41