«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшіліктер лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарды бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы бекітілген № 111 бұйрығымен енгізілген өзгертулерлерді ескере отырып) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына келесі талаптар белгіленеді:

D-4 санаты үшін:

жоғары білім;                                                   

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

D-4

116 579

157 282

 

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көшесі, 49, 425-кабинет, анықтама үшін телефон: 8(7182) 65-10-49 электрондық пошта: eszhanova.ao@pavlodar.gov.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Инфрақұрылымды дамытуды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі бас маманы, санаты «D-4», лауазым индексі (5-01-04)

Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдар, облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің, облыс әкімі мен оның бірінші орынбасары құжаттарының, тапсырмаларының, бұрыштамаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімі мен оның бірінші орынбасарының қызметін ұйымдық және ақпараттық-талдамалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс, еңбек заңнамасын қамтамасыз ету, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының нақты даму индексін мониторингілеу бөлігінді өнеркәсіп бойынша жедел басқаруды қабылдайды; Құзыреті бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды бақылайды.   Облыс әкімдігінің мәжілістеріне және облыс әкімі мен оның бірінші орынбасарының қатысуымен өтетін басқа да іс-шараларға анықтамалық және талдамалық материалдар дайындайды. Өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін  жергілікті атқарушы органдардың уақытында және сапалы орындауына бақылауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (машина жасау және/немесе құрылыс және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе көлік құрылысы); жаратылыстану ғылымдары (механика); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика).

 

  1. Павлодар облысы әкімі аппараты индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі бас маманы, санаты «D-4», лауазым индексі (6-01-03)

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің, облыс әкімі мен оның орынбасарлары, облыс әкімі аппараты басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауды және орындауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерінің және министрліктер мен ведомстволар хат-хабарларының орындалуын бақылау, Индустриализация картасының, облыстың кәсіпкерлікті қолдау картасының, инвестицияларды тарту, инновацияларды дамыту және енгізу, ӘЭА дамыту  жобаларын жүзеге асыру, «Бизнестің жол картасы 2020» жобасы шеңберінде, шағын және орта бизнес, сауда және туризм, сыртқы экономикалық қызметті дамыту және қолдауды іске асыру мәселелері бойынша, облыс әкімдігінің мәжілістеріне және облыс әкімі мен оның орынбасарының қатысуымен өтетін басқа да іс-шараларға анықтамалық және талдамалық материалдар дайындау бөлігінде облыс әкімінің орынбасарын ұйымдастыру және ақпараттық-талдамалық жағынан қамтамасыз ету; жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстық комиссиялардың отырыстарын, жұмыс мәжілістерін дайындайды; жетекшілік ететін мемлекеттік органдар бойынша есептер мен жұмыс жоспарларын дайындайды.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Білімі жоғары: техникалық ғылымдары мен технологиялар (машина жасау және/немесе автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе аспап жасау және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе көлік құрылысы); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе экономика және/немесе әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе маркетинг); жаратылыстану ғылымдары (механика).

 

  1. Павлодар облысы әкімі аппараты әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы, санаты «D-4», лауазым индексі (8-01-04)

Функционалдық міндеттері: Білім беру, жастар саясаты мәселелері, тілдерді дамыту, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласының мәселелері бойынша облыс әкімдігінің мәжілісіне мәселелердің және облыс әкімі мен оның орынбасарының қатысуымен өтетін басқа да іс-шаралардың дайындалуына бақылау жасайды; республикалық бюджеттен – білім беру саласын бақылау жөніндегі департаменті, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департемнтімен, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық филиалымен; облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің әзірлеуіне және оларды облыстың жергілікті атқарушы органдарының орындауына бақылау жасайды; өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің мәжілісіне және облыс әкімі мен оның орынбасарының қатысуымен өтетін басқа да іс-шараларға жетекшілік ететін мәселелер бойынша материалдар дайындайды; бас маманның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлардың, кеңестердің, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың өткізілуін ұйымдастыруға қатысады; өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын уақытында және сапалы дайындауына бақылау жасайды; бас маманның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарайды.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Білімі жоғары: білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті* және/немесе тарих және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе информатика және/немесе география және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе алғашқы әскери дайындық және/немесе дефектология және/немесе музыкалық білім және/немесе дене шынықтыру және спорт және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті* және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану және/немесе химия және/немесе өсімдіктану); құқық (құқықтану); гуманитарлық ғылымдары (мәдениеттану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе статистика және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе саясаттану және/немесе экономика және/немесе психология және/немесе әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе әлемдік экономика және/немесе қоғамдық байланыс және/немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету).

 

  1. Павлодар облысы әкімі аппараты агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі бас маманы, санаты «D-4», лауазым индексі (10-01-03)

Функционалдық міндеттері: Облыс әкiмi орынбасарының қызметiн: ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, қоршаған ортаны және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi республикалық және облыстық бағдарламалардың iске асырылуын бақылау бөлігінде ұйымдастырушылық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; облыс әкiмдiгiнің мәжiлiстерiне және облыс әкiмiнiң, оның орын-басарларының қатысуымен өтетiн басқа iс-шараларға ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi, бағалар мониторингi, нарықтардың қызмет етуi мәселелерi бойынша анықтамалық және талдамалық материалдар дайындайды; ауылдық аумақтардың дамуына және баға саясатына талдау жүргізеді; облыстағы баға жағдайына талдау және бақылау жасауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық ак-тiлерiнiң, министрлiктер мен ведомстволардан келген қызметтiк хат-хабарлардың орындалуына бақылау жасайды; өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі, әкімі мен оның орынбасарларының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзірлеуге қатысады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Білімі жоғары: ауыл шаруашылық ғылымдары (жеміс-көкөніс шаруашылығы және/немесе агрономия және/немесе топырақтану және агрохимия және/немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы және/немесе аңшылықтану және аң шаруашылығы және/немесе балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау және/немесе су ресурстары және суды пайдалану және/немесе аграрлық техника және технология және/немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қоргау және/немесе ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету және/немесе өсімдік қорғау және карантин); техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе пайдалы қазбаларды байыту және/немесе машина жасау және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша)); мал дәрігерлігі (зоотехния және/немесе мал дәрігерлік медицина және/немесе мал дәрігерлік тазалық сақтау); құқық (құқықтану).

 

  1. Павлодар облысы әкімі аппараты хаттамалық-ұйымдастыру және аумақтық жұмыс бөлімінің бас маманы, санаты D-4, (лауазым индексі – 11-01-08).

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімінің жұмыс кестесін дайындау; ҚР Үкіметінің селекторлық отырысына құжаттар дайындау (тізім, отыру схемасы, қатысуды растау); Аппараттық кеңестің, облыс әкіміндегі кеңестердің құжаттарын дайындау (тізім, отыру схемасы); Облыс әкімінің қатысуымен өткізілетін іс-шараларды дайындау (ұйымдастыру іс-шаралары); Облыстың қалалары мен аудандарындағы күнделікті жағдай туралы жедел ақпарат дайындау; ҚР ПӘ және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ТЖ бойынша күнделікті жедел ақпарат дайындау; Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды тұлғаларының Павлодар облысына жұмыс сапарларының материалдарын дайындау; ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторының және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторының облысқа жұмыс сапарларының материалдарын дайындау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: ауыл шаруашылық ғылымдары (жеміс-көкөніс шаруашылығы және/немесе агрономия және/немесе топырақтану және агрохимия және/немесе аңшылықтану және аң шаруашылығы және/немесе балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау және/немесе су ресурстары және суды пайдалану және/немесе аграрлық техника және технология және/немесе орман ресурстары және орман шаруашылығы және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қорғау және/немесе ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету және/немесе өсімдік қорғау және карантин); техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе машина жасау және/немесе авиациялық техника мен технологиялар және/немесе автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе мұнайгаз ісі және/немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы және/немесе геодозия және картография және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе аспап жасау және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе техникалық физика және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе ағаш өңдеу  және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша) және/немесе жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы және/немесе азық- түлік өнімдерінің технологиясы және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе көлік құрылысы); мал дәрігерлігі (зоотехния және/немесе мал дәрігерлік медицина және/немесе мал дәрігерлік тазалық сақтау); әскери ісі және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі және/немесе ақпараттық қауіпсіздік жүйелері); білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе тарих және/немесе физика және/немесе математика және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе информатика және/немесе география және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе алғашқы әскери дайындық және/немесе дефектология және/немесе дене шынықтыру және спорт және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану және/немесе химия және/немесе өсімдіктану және/немесе шет тілі: екі шет тілдер); қызметтер (кітапхана ісі және/немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және/немесе әлеуметтік жұмыс және/немесе мәдени-тынығу жүмысы және/немесе кадастр және/немесе бағалау және/немесе мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі және/немесе туризм ); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар және/немесе философия және/немесе тарих және/немесе мәдениеттану және/немесе дінтану және/немесе аударма іс және/немесе археология және этнология); құқық (халықаралық құқық және/немесе кеден ісі және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе журналистика және/немесе есеп және аудит және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе саясаттану және/немесе экономика және/немесе психология және/немесе әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе қоғамдық байланыс және/немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету); жаратылыстану ғылымдары (өсімдіктану және/немесе механика және/немесе математика және/немесе экология және/немесе метеорология).

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің                                  5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде бекітілген қызмет тізімі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электронды мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзіміне сәйкес тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Азаматтар конқурсқа қатысу шығындарын (әнгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттарды есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурстық комиссия шешiмi бойынша шағымдана алады.

 

Жүктеу:«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшіліктер лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру


12/07/2019 7