Баянауыл ауданында өрт сөндірілуде

14 шілдеде күннің екінші жартысында басталған өрт ауыздықталды.

Облыстық әкімдікте өткен кеңесте Баянауыл ауданының басшысы Оразгелді Қайыргелдинов өртке қарсы жұмыстардың қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді. Оның айтуынша, сөндіруге 150 адам мен 30 техника жұмылдырылған. Өрт шамамен 40 гектар ауқымын шарпыды.

– Баянауылға Қалқаман, Екібастұз және Майқайыңнан көмек келді, – деп баяндады аудан әкімі. – Бүгін ауданға Өскеменнен тікұшақ ұшып келді. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Павлодар облысының әкімі, желдің қатты соғуынан, әрі таулы ауданда өрттің ерекше жағдай екенін ескере отырып, өрт сөндірілгенге дейін және ауа температурасы төмендегенге дейін тәулік бойғы кезекшілік жүргізуге нұсқау берді. Сонымен қатар, кездесу барысында Болат Бақауов жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар жұмысын сынға алды, себебі Павлодар облысының тұрғындары тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылуды жалғастыруда, осыған байланысты судағы жазатайым оқиғалар орын алуда.

– Суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыста 17 адам суға батып кетті, оның жетеуі – балалар, тек өткен демалыс күндері 6 адам суға кетті, оның ішінде төрт бала бар, – деді аймақ басшысы. – ТЖ департаменті мен қала және аудан әкімдіктері халықтың шомылатын орындарын тексерген жоқ. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Ең күшті дауыс зорайтқыштарды қойып, суға шомылатын адамдарды судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы ескертіп отырыңыздар! Усолкада, құтқару станциясының жанында адамдар «Шомылдыруға тыйым салынады» белгі тұрғанына қарамай, шомылуда, ал полиция қызметкерлері осыған салғырттықпен қарап отыр. Неге олар отырады? Аудан Жағалауы мен “Ертіс” шаңғы базасында да – тура сондай жағдай, тыйым салынатын белгі тұрса да, адамдар суға түсуде, бірақ бұған ешкім назар аударар емес!

Облыс әкімі жергілікті жерлердегі басшыларға бұл мәселені жеке бақылауға алуды талап етті.

 

Суреттерді түсірген  Валерий Бугаев


16/07/2019 174