Баянауылда жаңа өрт ошақтары тіркелмеді

Өткен жексенбі күні орман және дала өрттері орын алған Баянауыл ауданында қазіргі кезде жағдай тұрақты.

Павлодар облысының ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша Баянауыл ұлттық табиғи паркінің де, ауылдық округтердің маңында да ашық от ошақтары анықталған жоқ. Өрт орын алған күндері Өскеменнен көмекке келген МИ-171 тікұшағының экипажы кеше қайтқан болатын.  

 

– Баянауылға Павлодар, Екібастұз Ақсу қалаларынан және жақын маңдағы аудандардан көмекке келген өрт сөндіру техникасы да өзінің тұрақты орындарына қайтарылды, – деді төтеншеліктер. – Оқиға орнында ұлттық парк қызметкерлері мен Баянауыл ауданының өрт сөндірушілері қалды.

Баянауылдағы өрт қаупі жойылғанын орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары да қуаттап отыр. Ведомство басшысы Нариман Жүнісовтың айуынша өрт ошақтары толықтай сөндірілді.

– Әрине, өртті  толықтай жойдық деп айтуға ерте шығар, алайда, өрт қаупі сейілді, – деді ол . – Еш жерде от орындары мен түтіндеу қалмаған кезде ғана өрт толықтай жойылды деп айтуға болады. Қазіргі кезде өрт жалындарын сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Естеріңізге салайық, Баянауыл ауданындағы өрт 22 қыркүйек күні басталған болатын. Өрттің тез жайылуына ауа райының ыстық болуы және қатты жел әсер етті. Аудан бойынша өрт сөндіруге 500-ден астам адам мен 120 бірлік техника жұмылдырылды. 

 

 

 

Павлодар облысы әкіміінң баспасөз ықзметі

 


25/09/2019 33