Барлық Павлодар мектептерінде экологиялық сағат өтті

 Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов балалар экологиясы мен туризм орталығындағы эко-сағаттың қатысушысы болды. Балалармен кездесу барысында ол қалаға жаңа экологиялық мектеп керек екенін айтты.

Жалпыұлттық акция аясында Ертіс ауданының 300-ден астам мектептерінде экологиялық сағат өтті. Аймақ басшысы жас туристік станция сабағының қатысушысы болды. Бұған дейін мектеп оқушыларымен бірге көшет отырғызуға қатысқан. Павлодар экологиялық мектебінде көптеген жылдар бойы түрлі өсімдіктер, соның ішінде үлкен ағаштар өсірілді. Бұл жолы өсімдіктердің тек он түрін, соның ішінде, мәжнүн тал, мацудана талдары мен катальпа отырғызылды.

    Қалада мұндай өсімдіктер жоқ, кейде тек жеке аулада көруге болады, – дейді балалар экологиясы және туризм орталығының бөлім меңгерушісі Ахметуали Капашев. – Біз өз мектебімізде өсімдіктердің жерсінуін арнайы қадағалаймыз. Тұқымдар мен көшеттер бізге әкелінеді, кейде біз достардан өскіндерді аламыз.

Көшеттердің біріне куратор тағайындалды, ол – алтыншы сынып оқушысы Маратхан Жанат. Павлодар облысының әкімі бес жылдан кейін мектеп оқушысымен кездесуге уәде берді және ол кездесу міндетті түрде отырғызылған талдың тұсында болуы тиіс.

Биыл барлық мектептердің аумағында 15 мың ағаш отырғызу жоспарлануда, – деді Болат Бақауов экосағатта. Бірақ ең бастысы, оларға – күтім жасау. Өйткені сіздердің мектептеріңізде анар, лимон, кактустар өседі. Осының барлығы сіздердің күтімдеріңіздің арқасында. Егер сіздердің әрқайсыларыңыз ерте жастан ағаш отырғызып, күтім жасай бастаса, онда біздің аймақ жасыл әрі әдемі болады.

Көңіл білдірудің белгісі ретінде аймақ басшысына мектеп бақшасында өсірілген бір себет алма табысталды. Әкім балалармен тәтті тосынсыймен бөлісті. Болат Бақауов балалардың экология және туризм орталығына арналған бөлмелер жеткіліксіз екенін, болашақта Павлодарда жаңа экологиялық мектеп пайда болатынын атап өтті.

 

 

 

 

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев


03/10/2019 179