Беделді жеңіс

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Щучинск қ.) 2019 жылғы 30 қаңтар – 1 ақпан күндері 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалары конкурсының республикалық кезеңі өтті. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен қатысқан 400-дан астам жас ізденушілердің ішінде Павлодар облысының 23 оқушысы болды. Жас дарындарымыз математика, информатика, физика, техника, психология, химия, биология, экология, әдебиет, тіл білімі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану бойынша 17 жоба ұсынды.

Екінші жыл қатарынан Павлодар облысының командасы 100% қатысу сапасын көрсетуде. Биылғы конкурста біздің балалар 10 бірінші, 3 екінші, 4 үшінші жүлделі орындарды жеңіп алды.  

Жеңімпаз атағына ие болғандар: «орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 5, 7 сынып оқушылары Сулейменова Альвина, Сулейменова Адия; «математика және информатика» секциясында Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Лозинский Андрей; «медицина және психология» секциясында дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 2 сынып оқушысы Дворецкий Гордей, Павлодар ауданы Чернорецк №1 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Сарсенова Дильназ; «физика және техника» секциясында дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 5 сынып оқушылары Баженов Мансур, Сапаров Мирас; «валеология және экология» секциясында дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 6 сынып оқушысы Исенова Айша, Павлодар қ. №16 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Тусупаева Айжан, Павлодар қ. №29 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Тутунбаева Мелек; «тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясында Ақтоғай ауданы Қараоба орта мектебінің 5 сынып оқушылары Еркебаев Бислам мен Еркебаев Бибарс, Павлодар қ. №21 орта мектебінің 2 сынып оқушысы Пархомчук Мариям.

ІІ орынды «орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 3 сынып оқушылары Бостекпаева Зарина, Ибраев Асанали; «математика және информатика» секциясында дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Абенов Бауыржан; «биология және химия» секциясында Павлодар қ. №21 орта мектебінің 2 сынып оқушысы Турий-Ладыко Платон жеңіп алды.

ІІІ орын иегерлері: «қазақ тілі мен әдебиеті» секциясында Екібастұз қ. С.Торайғыров ат. №22 гимназия-мектебінің 4 сынып оқушылары Муратжанов Ерасыл, Рашит Әділ; Екібастұз қ. №25 қазақ қыздар гимназиясының 7 сынып оқушылары Алпысбаева Ильназ, Туякова Арайлым; «физика және техника» секциясында Павлодар қ. №39 орта мектебінің 3 сынып оқушысы Ястребов Илья; «биология және химия» секциясында Павлодар қ. №21 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Абубакаров Мухаммед.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру

 оқу-әдістемелік орталығы


04/02/2019 158